Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 11:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 84 вопроса по дисциплине "Педагогика".

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 177.45 Кб (Скачать документ)

 

35) Студенттердің ғылыми жұмыстарын  даярлау кезеңдері

Студенттердің ғылыми жұмыстарын даярлау кезеңдері орындалатын  жұмыстаң мақсаты іспеттес.Жоспарлау  арқылы орындалатын жұмыстың мазмұнын, зерттелу барысын басқара отырып зерттеу дағдысын қалыптастырады.Негізгі  кезеңдері олар: зерттелетін құбылыстарды тұжырымдау, бастапқы гипотезаны анықтау,зерттеу  жоспарын жасау,мәліметтер жинап, тәртіпке келтіру, ғылыми түсіндірмелер жасап  оны тексеру.

 

36.Педагогикалық  зерттеу жұмыстары

Педагогикалық зерттеу жұмыстарын жобалау кезеңдері мен жүргізу  технологиясы: ғылымда және практикада зерттеліп отырған мәселенің  жағдайымен танысып, оның нәтижесін  қорытып және практикаға ендіру. Педагогикалық  зерттеу  әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын  қағидасымен, оның зерттейтін  дүниесінің құрылымы мен  негізі туралы түсінігімен, жалпы  методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен  міндеттерімен  байланысты анықталады. Педагогикалық  зерттеу  әдістері 2 бөлінеді:Эмприкалық және теориялық

Эмприкалық  зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
  • педагогикалық тәжірибені жалпылау;
  • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
  • сауалнама жургізу;
  • интервью жүргізу;
  • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
  • жобалық әдістер;
  • тестілеу;
  • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
  • шкалалау т.б.

Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:

анализ;

  • синтез;
  • индукция;
  • дедукция;
  • модельдеу;
  • ой эксперименті;
  • формализация әдісі т.б.

 

 

37. Ғылыми баяндама - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар, симпозиумде) жасалатын баяндама. Ғылыми баяндаманы әзірлеу технологиясы: баяндама тақырыбының өзектілігін талқылау; мақсатын құру; қажетті әднбиеттермен танысу; мазмұнын құру; баяндаманы оқуға жаттығу; даярлық жүргізу;

 

38.Педагогикалық  мәдениет және педагогикалық  шеберліктің өзара байланысы Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

 

39. Мұғалімнің  тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін  жетілдіру жолдары

Мұғалім тұлғасы деген оның –

  • Адами және заманауи кең дүниетанымы, өз ой-пікірінің болуы;
  • Қоғам өміріне белсенді көзқарасы мен іс-әрекеті;
  • Кең де терең білім-мәдениеті;
  • Ізденгіштігі, шығармашылдығы;
  • Ірі мінезділігі, жігер-ыждахаттылығы.

Мұғалімнің  кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: “Кәсіптік қызығушылық педагогкалық қызметті  бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің  жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады”. Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге  мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Педагогикалық- психологиялық деңгейін көтеру.
  2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу.

3.Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға  ынталандыру, қажетті жағдайлар  туғызу, педагогтарды ақпараттық  жағынан қамтамасыз ету.

4.Авторлық бағдарламалар,  курстар, құралдар, мақалалар ізденістер  жасауға ұмтылдыру, қызықтыру,  ынталандыру және ондай мұғалімдерге  қолдау көрсету.

5.Педагогтардың жұмысында  еңбекті ғылыми ұйымдастыруда  әр мұғалімнің күнделікті ісіне  енгізу.

 

40. Мұғалімнің  сыртқы мәдениеті туралы баяндаңыз.

Мұғалімнің сыртқы мәдениеті  дегенде педагогикалық адепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген  қөзқарасында жатыр. Педагогикалық  әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп  есептеуге болады. Мұғалім жұмысында  педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен  тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың  тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде  ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі  ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін  мұғалімдер оларға дауыс көтеріп  сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

 

41)Ұстаздық қызметте  қажетті негізгі дағдылар мен  іскерліктер

   Мектеп –ұлттық  мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие  ордасы,Сондықтан ұстаздық қызметте  қажетті негізгі дағдылар мен  іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік  қажет. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім  қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

 

42)Мұғалімнің сөйлеу  мәдениетінің маңыздылығы

«Сөйлеу мәдениеті дегеніміз  – ауызша сөйлеудің жалпы тіл  мәдениетіне қойылатын талаптармен  қатар өзіне тән формалардың  сақталуы болып табылады. Бұл нормада  сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік. 
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: 
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу; 
Бақылай, қадағалай алу; 
Назарды басқа жаққа аудара алу; 
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу; 
жүзіне қарап оқи алу; 
Оқушылармен байланыс  жасай алу;

 

43 Мұғалімнің өзін-өзі   басқаруы,бақылау қабілетінің  маңызыБасқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

 

44Педагог мамандығының  пайда болуы мен қалыптасуы

Педагогика бұл-адамзат  ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты  білімге дайындау немесе тәрбиелеу  мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында  қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген  ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда  пайда болған дейді. Педагогика деген  сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен  шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген  сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы  ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі  жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал  жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы  ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы  ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық  түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық  ұғымдарды қарастырайық. 
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. 
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. 
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. 
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. 
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. 
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада

 

45 Мұғалімнің кәсіби Педагогикалық  іс – әрекетіні,мақсаты. 
Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы тал аптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады. 
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққанДиалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді. 
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген: 
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің

 ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин); 
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен

 жету мүмкін емес (Ю.  К. Бабанский); 
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми

 түрде ұйымдастыру  мүмкін емес (И.П. Радченко); 
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті

 ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков); 
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"