Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 11:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 84 вопроса по дисциплине "Педагогика".

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 177.45 Кб (Скачать документ)

 

25. Ғылымаралық  баяндауда дау-дамай жайлы түснік

Адам баласының ілгері дамуы немесе кері кетуінің алғы шарты  ретінде қарама-қайшылықтардың әр түрлі  үлгіде көрініс беріп отыратындығы қоғамдық ғылымдарда жиі аталады.Осындай  қарама-қайшылықтардың бір көрінісі дау(конфликт)-әлеуметтік феномен түрінде  қарастырылады.Конфликті латынның «қарама-қарсытұру », «қарсы күресу»  етістігінен шыққан.Дау (конфликт) ұғымына  әр түрлі ғылым саласында түрліше  анықтамалар беріледі. 
Дау-деп әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісу шегіне жеткен жағдайындағы әр түрлі әлеуметтік бірліктердің қақтығыстарын атайды.Педагогика ғылымының социология саласындағы жинақталған білім қорынан дауларды шешудегі дауларды елемеу, жарыс әдістері, келісімге келу, ынтымақтастық, жүйенің ұйымдастырушылық құрлысын өзгерту, іштей келіспеушілік әдістері. 
Психологиялық дау деп шамасы жағынан бірдей, бірақ қарама –қарсы күштердің,мүдделердің,ұстанымдардың ,өзара әрекеттесетін оппенттердің немесе субъектілердің пікірлерінің, көзқарастарының үйлеспеуін атайды.

«Басқа пәле –тілден».Тіл  арқылы байланысу,қарым-қатынас жасау  –адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық.Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққада қолданатынымыз жасырын емес.Кейде «аңдамай сөйлеп,ауырмай  өлеміз».Қызбалыққа салынып, былапыт  сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып  жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын ,әрине  біледі.Әйтседе осы жаман әдеттен  адамдар айығып кеткен жоқ.Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып,теріс  ықпал етіп барады. 
Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-ьірі сыбап,былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады. 
Ғалымдардың айтуыша, дөрекі былапыт, балағат сөздер (арнайы баламасы боқтық деген сөз )қай халықтың этномәдениетіде де бар екен.

 

26)Педагогикалық  дау-дамай педагогикалық әрекет  жүйесіндегі табиғи құбылыс

Педагогикалық дау дамайға  тұлғаарлық дау дамай,яғни тәрбиеші мен тәрбиеленушідің (мұғалім мен  оқушы,ата-ана мен бала)арасындағы және топаралық, егер дау дамай мұғалім  мен сынып арасында болса.Дау  дамай шығуына түрлі себептер әсер етеді.Бұл себептер барлық тұлғааралық  дау дамайларға сәйкес,ұқсас болып  келеді. Қоғамдық рөл позицияларына, мақсаттарына,әр түрлі қызығушылықтарына  байланысты. мұғалім мен оқушы  арасындағы дау дамай,көбінесе ниеттердің әр түрлі болуына байланысты. Мысалы,мұғалім  сабақ түсіндіріп тұр, ал сол уақытта  екі оқушы өз жеке тақырыптарына  сөйлеп отыр. Мұғалім өз баяндамасын, өз мақсатына жету объектісі деп  санаса, оқушылар оған мән бермей,керісінше  мұғалім олардың мақсаттарына, яғни әңгімелесуге бөгет болып тұр деп санайды. Бұл жерде ниеттердің айырмашылығы айқын көрінеді. Кейде бұл проблемалар бір бірін түсінбеушілікте,дөрекі сөйлеу,мұғалімнің беделі оқушыдан жоғары болғандықтан,мұғалімнің кейде оқушыдың жанына қатты тиер ескертулер болғаннан туындайды.

 

27)Дау-дамайдың  түрлері және олар туралы дабыл

Дау-дамай (конфликт) - әрқилы мұддеге  бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы. Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді. Мұндай байланыстардың субъекттеріне  тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді: тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топ- тар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар. Дау-дамайлы жағдайлар  қатынасқа түскен тараптардың болмысқа деген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған сипат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді.

Дау дамайды 3топқа бөлуге болады:

Жүйелі(системалық) түрдегі дау  дамайлар,яғни негізінде білімнің жүйе ретінде қарасытырғанда, жүйедегі қайшылықтар  жатады; экономикалық, саяси, этникалық, рухани болып);

Процеске байланысты (процессуальді) дау дамай,педагогикалық конфликтер, негізінен білім беру үдерісінде пайда болатын қайшылықтар.

Нәтижелі дау дамай, (шынайы және идеалды нәтижелерінің бас негіз  қайшылықтарынан туады).

Дау дамай оқу процесінде 4субъекті ерекше  бөлуге болады. Олар мұғалім, оқушы,ата ана және админстратор. Дау дамайлар оқушы мен оқушы,оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата на, ата ана мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім, оқушы мен администратор арасында болады.

 

28) Дау-дамайдың  туу салдары және оларды шешу  жолдары

Дау дамайды шешу жолдары. Ең алдымен  бұл жағдайға анализ жасап, бұл проблема не үшін туындағанын тауып, түсіну керек. Оқушылармен сөйлесіп, ақыл айтып, не болғанын проблемаға қатысқан адамадырдан  сұрап, проблеманын басты себебін  айқындау. Оқушы мен мұғалім арасындағы дау дамайды шешкенде, баланың  жас ерекшелігін ескеру керек. Қарым  қатынасты  жақсарту, оқушымен сөйлескенде  тек сөздеге ғана емес, интонацияға, мимикаға назар аудару.

Баланың мінезінің ерекшеліктеріне  мән беру керек. Агрессияға агрессиясыз  жауап қайтару.Оқушының өзі не сезіп  тұрғанын айтқызу, мұқият тыңдап,түсінушілікпен қарау.Мұғалім позитвті эмоциялар  көрсетіп, бұл қиыншылықты шешуге ниеттін айқын балаға көресетуі  керек.

 

29)Студент тұлғасы.  Белгілі жас мөлшеріндегі адам  және тұлға ретінде сипаттама 

Студентедің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы  олардың кәсіби қабілеттерінің ары  қарайғы дамуының негізі екенін көреміз. 
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген қызығушылық, оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты әрекеттерді жүзеге асырады. Оларда білімге деген қызығушылық тереңдей түсіп, тек оқу пәнінің ғана заңдылықтарын емес, сонымен қатар ғылымның, кәсіби құзіреттіліктің негізіне бет бұрады. 
Оқу-танымдық мотив-теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әлбетте ғылыми жұмыстарға араласу, зерттеу әдістерінің әртүрлерін қолдану қызықтырады. Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігін жоғарылату жолдары еліктететіндіктен, олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру және оның мәдениеті туралы әдебиеттер қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында процессуальді және нәтижелі оқу мотивациясының бірлігінің пайда болуы туралы сөз қозғауға болады  

Егер студентті 18 – 20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса,бұл кезең студенттің өнегелі

және эстетикалық сезімдерінің  активті дамуына, мінез -  құлқының қалыптасуымен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. Бұл жаста «экономикалық белсенділік»

 басталады. Демографтардың  пайымдауынша, осы кезеңде  адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға құлшынысы басталады. Бір жағынан мотивацияны түрлендіруі, барлық бағалы бағыттар жүйесін құру болса, екінші жағынан мамандыққа үйрену жолындағы арнайы қабілеттіліктерді қарқынды ұйымдас

тырады. Бұл жас негізінен  мінез – құлық пен ақыл – ойдың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес келеді

Студенттің  әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын және оқудың табыстылығы

на әсер ететін факторларды  екі категорияға бөлуге болады: оқу орнына студентпен бірге келгендер және оқу процессі кезінде пайда болғандар – оларды басқаруға болады.

Бірінші  катергорияға мыналарды жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға деген

қарым-қатынас, оқу орнының  мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші курс студентінің «мен қайда келдім» және «қоршаған ортам қандай»  екендігін түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады.  
Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп,  екінші топтағы факторлар шешуші рольді  атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б.

 

30)Жоғарғы оқу  орнындағы оқу ерекшеліктері

Жоғарғы оқу орны, мектептен  өзгеше. Бұл жерде студент өзінің келешектегі мамандығына дайындалады. Курстан курсқа сабақ тапсырмалары көбейіп, күрделене түседі. ЖОО өзінің режимімен, оқу процесінің басқа  формаларв мен тапсырмалармен мектпетен  өзгеше. Студент өзіндік  жұмыстар жасап, өзін өзі тәрбилейді. Тек қана оқымай, көптеген түрлі конференцияларға қатысып, зерттеу жұмыстарын өткізуге мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарында  тҽрбие саналы түрде жҥргізіледі. Студент тек жоғары білім ғана емес,

сонымен бірге жоғары деңгейдегі тәрбие үлгілерін де университет қабырғасынан көреді.

Бүгінгі студенттер – кешегі мектеп оқушылары, ал ертеңгі мемлекет басқарудың тұтқасын өз қолдарына алатын болашақ мамандар. Сондықтан болашақ маман тҽрбиесі - өте күрделі және өте жауапкершілігі мол іс-әрекет. Жоғары білім – халық мәдениетін мұра тұтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік институт. Жоғары мектептегі қҧндылықтар: білім алушы, білім алушының көңіл-күйі. Оқу ордасына, оқуға жҽне ұстаздарға деген сенім мен ықыласы. жауапкершілігі мол іс-әрекет. Жоғары оқу орнының айырмашылығы да артықшылығы да жоғары сапалы білімді, жоғары мҽдениетті маман даярлауында

болғандықтан,жоғары оқу  орнындағы тҽрбие жұмысы – кәсіби бағдар беру, кҽсіпке

бейімдеу, кәсіптің қыр-сырына үңілдіру арқылы адамзаттық жҽне ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып болашақ маманның базалық (тірек) мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

 

 

 

 

31) Студенттердің оқу еңбегінің  мәдениеті туралы түсінік

   Студенттердің оқу  еңбегінің мәдениеті – студенттің  өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары  және жасап жатқандарының бәрін  түгел қамтиды. Жай ғана сауат  ашудан және тазалық ережелерін  сақтаудан бастап, өмірдің асқан  үлгілі шығармаларын жасағанға  дейінгі ұғымды қамтып жатқан  – студент мәдениет саласының  өрісі кең. Оның дәрежесі мен  сипаты оқу орнындағы қоғамдық  өмірдің жағдайларына байланысты  өзгеріп отырады. Мәдениетті тұлғалық  сипатта қарастырғанда, бірнеше  елеулі түсініктерге тоқтала  кету қажет, олардың ішіндегі  маңыздылары: студенттің мәдени  әрекет,студенттің мәдени ортасы, оқу еңбегі барысында қолданатын  мәдени игіліктер мен қажеттіліктер  және мәдени ұйымдар мен ұжымдар.  Қазіргі таңда студент үшін  мәдени игіліктерді толассыз  жасау нәтижесінде өзінің де  мәдени деңгейін көтереді. Осы  әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы  күші ретінде ғылым оның талап-мұқтаждарын,  мәдени қажеттіліктерді бөліп  қарастырады. Осылардың қатарына  біз мынандай қажеттіліктерді  жатқызамыз: оқудың мәні мен мағынасын  іздеу, өмірден өз орнын табуға  ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм,  гумандылық және тағы басқалары. 

 

32) Студенттердің оқу жұмысының  әртүрлі формаларында оқу әрекетін  ұйымдастыру

    Студенттердің  оқу жұмысының әртүрлі формаларында  яғни реферат жазу, шығармашылық  тапсырыс, курстық диплом, диплом  және конкурстық жұмыс, ғылыми-практикалық  конференцияда баяндама,мақала,тезис,хабарлама,  олимпиада және сайыстар. Бұл  жұмыстар болашақ мұғалімнің  ұстаздық кәсіби маман ретінде  даярлау ретінде ықпалы зор.  Ал сайысқа қатысулар ұтымдылықты  сондай-ақ болашақ маманның кәсіби  біліктілігін арттырады. Студенттердің  оқу жұмыстары жобалау кезеңдерінен  өтіп жүргізу технологиялары  арқылы іске асады.Яғни пратикада  зерттеліп отырған жағдайымен  таныстырылып, нәтижесін қорытындылап,қолданысқа  енгізу. Ғылыми баяндаманы ұйымдастыру  ең алдымен баяндаманың өзектілігін  талқылау, мақсатын құру,баяндаманы  оқуға жаттығу, даярлық жүргізу.  Тундайтын проблемаларды зерттеу  жоспарын құруда оған даярлық  және баяндама әзірлеу кезеңінің  технологиясын тәжірибе жүзінде  қарастыру.

 

33) Бірінші курс студенттерінің  оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру  маңыздылығы

    Қазіргі кезде  жоғары оқу орнында 1 курс студенттердің  жалпы және арнайы дағды, білік,  білімдер жүйесін қамтамасыз  етіп қоймай, білімді өз бетімен  игеру қажеттілігін және оқу  еңбегінің мәдениетін меңгеру  маңыздылығын қалыптастыруды қамтамасыз  ету керек. Сонымен қатар қазіргі  уақытта ғылыми-техникалық апараттар  ағыныны орасан зор болуы оны  оқытуды қысқа мерзмінде оқу  бағдарламасына сыйдырып, студенттер  санасына жеткізуде қиындықтар  туғызады.Сол себепті студент  өзіндік жұмыстар жасаудың аясын  кеңейту керек. Өз бетімен жұмыс  оқытушы студентті сабақтағы  және сабақтан тыс уақыттағы  әрекетін ұйымдастыратын оқытудың  дидактикалық құралы болып келеді. Сыртқы өзіндік жұмыс оқытуды  құралы ретінде әр түрлі тапсырмалар  түрінде берілсе, ішкі өзіндік  жұмыс студенттердің ойына оқу  енетін танымды және практикалы  тапсырмалар түрінде өрнектеледі.  Студенттердің оқу жұмысының  әртүрлі формаларында оқу әрекетін  ұйымдастыруда  өзіндік жұмыстын  қабылдау орасан зор маңызға  ие. Студенттерінің оқу еңбегінің  мәдениетін меңгеру маңыздылығы  ол математикалы ойлауды дамытады, танымды қызыушылыққа және білуге  құмарлыққа трбиелейді, қажетт білік  пен дағдыны қалыптастырады, материалды  саналы мегеруін көрсетеді, оқу  жұмыстарынрын орындауда жауапкершлік  сезімін, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа  жне мақсата жетудегі шыдамдылыққа  тәрбиелейді. 

 

34) Студенттердің ғылыми зерттеу  жұмыстарының мәні,міндеттері,формаларын  өзектілеу мәселелері

Студенттердің ғылыми зерттеу  жұмыстары – болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері:зерттеу обьектісін анықтау, жоспар жасау, қоғамдық құбылысты  таным-білу,ақиқаттылығын атап көрсету, қоғамдақ құбылыстардың байланыс формаларының арасындағы байланыс беріктігін анықтап  алу.Іс-жүзінде,тәжирибеде тексерілуі;,қолданылатын ұғым айқын болып теорияға қайшылықтартуғызбауы;.Жинақталған  әрі зерттелетін құбылыстың тікелей  мәліметтеріне қатысты болуы  тиіс.Формалары: реферат жазу, шығармашылық тапсырыс, курстық диплом, диплом және конкурстық жұмыс, ғылыми-практикалық  конференцияда баяндама,мақала,тезис,хабарлама, олимпиада және сайыстар. Бұл жұмыстар болашақ мұғалімнің ұстаздық кәсіби маман ретінде даярлау ретінде  ықпалы зор. Ал сайысқа қатысулар  ұтымдылықты сондай-ақ болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырады.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"