Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 22:09, дипломная работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Содержание

КIРIСПЕ 3
1 АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты 7
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі 9
1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдары 22
2 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 29
2.1 2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау 29
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен 38
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі 46
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 61
ТIРКЕМЕЛЕР 67

Прикрепленные файлы: 1 файл

адамгершiлiк мәдениеттерiн.doc

— 403.00 Кб (Скачать документ)


 Бастауыш  сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру

  • МАЗМҰНЫ
  • Кiрiспе 

    3

    1

    Адамгершiлiк  мӘдениетi ұғымының ғылыми – теориялық  негіздері

     

    7

    1.1

    Адамгершілік  ұғымының теориялық сипаты

    7

    1.2

    Адамгершiлiк  мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

     

    9

    1.3

    Дүниетану пәнінде  адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың  тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдары

     

    22

    2

     2-сынып оқушыларының адамгершілік мӘдениеттерін қалыптастыру

     

     

    29

    2.1

    2- сыныптағы  дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау

    29

    2.2

    Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы  озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен

     

     

    38

    2.3

    Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі

     

     

    46

    Қорытынды

    58

    Әдебиеттер  тiзiмi

    61

    Тiркемелер

    67

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кiрiспе


     

     Егемендi  елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң  бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен  өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

    Оқушының жан-жақты  дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

    Ғалым-педагог  Л.В.Занков «Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет»- дейдi [9,32].

    Көрнектi психолог Л.С. Выготский: «Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту»- деп тұжырымдайды [11]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

    Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар  даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм  мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк  тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.

    Бастауыш сынып  оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас  бала - жас шыбық тәрiздi қалай  исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады  деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

    Қазiргi қоғамдағы  әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске  бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде  Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық  адасудан арылуда.

    Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын, санасын сауықтыруға  мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан  бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң  мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:

      • Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.
      • Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
      • бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
      • оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;

    Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы  балаларға адамгершiлiк – рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал  құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.

    Алайда оқыту  мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде  болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң  адамгершiлiк эталоны болып қала бередi [ 26,42].

    Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.

    Сондықтан менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру» деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.

    Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.

    Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру үрдiсi.

    Зерттеу пәнi - бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.

    Зерттеу мiндеттерi:

    - адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;

    - «адамгершiлiк мәдениетi» ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;

    - бастауыш мектептің (дүниетану пәні бойынша) бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау;

    - бастауыш сынып оқушыларының (дүниетану пәні арқылы) адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

    Зерттеу болжамы. Егер, бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту негізінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда дүниетану пәні оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені дүниетану пәнінің оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.

    Зерттеу әдiстерi:

    1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
    2. Педагогикалық бақылау.
    3. Педагогикалық эксперимент.
    4. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
    5. Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.

              Зерттеу базасы. Қарақия ауданы, Бостандық ауылындағы  Қарақұдық орта мектебінің екінші сыныбы.

    Диплом жұмысының  құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды  және әдебиеттер тiзiмi мен тiркемелерден тұрады.  
    1 Адамгершiлiк мӘдениетi ұғымының ғылыми-теориялық негіздері

      1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

    Адамгершiлiк  мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң  өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң  мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

    Адамзат тарихында  адамгершiлiкке байланысты пайда  болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

     Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын  қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн  қатынастар аз емес, өте көп.  Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында  қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

     Адамның  адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты  ардақтау, әр уақытта жақсылық  жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

    Батырлық, ерлiк  көрсету дегенiмiз - адамның жан  дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

    Әр адамның  бойында жастайынан мынадай қасиеттер  қалыптасуы керек. Олар:

    Отансүйгiштiк.

    Халқымыз кiр  жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн  мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

    Қазақ елi –  бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны  қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен  ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен  сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз «Отан – от басынан басталады» деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.

    Әдептiлiк. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. «Әдептiлiк - әдемiлiк» дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.

    Бауырмалдық. Халқымыздың бауырмалдығы «Бала бауыр еттен жаралған» деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.

    Қайырымдылық. «Қазақтардың» – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: «(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет» [20,387].

     

     

    1.2 Адамгершiлiк  мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық  – психологиялық әдебиеттерде  зерттелуі

     «Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi»- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

    Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру