ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

 

І -ТАРАУ.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ  ЖҮЙЕСІ                                    (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

 

    1. Жаңа  заман  қарсаңындағы  халықаралық  қатынастар ...........................9 - 14
    2. Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және

       дамуы  ............................................................................................................14-38

    1. ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы  халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

 

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ   ҚАТЫНАСТАРДЫҢ  ВЕНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

 

2.1  Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45

2.2  Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43

2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

 

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ  ҒАСЫРДЫҢ  АЯҒЫ – ХХ  ҒАСЫРДЫҢ  БАСЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

 

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы  халықаралық қатынастар..............53-56

3.2. ХІХ ғасырдың аяғы  – ХХ ғасырдың басындағы державалардың  әлемді отарлық бөлісу үшін  күресі.................................................................................57-63

3.3. Бірінші дүниежүзілік  соғыс қарсаңындағы және соғыс  кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

 

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Тақырыптың  өзектілігі. Адамзаттың өмірінде барған сайын халықаралық қатынастардың ролінің өсуі бүгінгі күн оқиғаларына ғана емес, сонымен бірге ХVІІ – ХІХ ғасырлардағы халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихындағы маңызды оқиғаларға деген үлкен қызығушылықты туғызады. Кез келген мемлекеттің көптеген елдермен сыртқы саяси байланыстарының барған сайын кеңеюі ел мамандарынан сыртқы саяси қызметтің түрлі саласындағы терең білімділікті қажет етеді.

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі.  Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды. Сол кезден бері халықаралық қатынастар әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты дамып отырды. Жаңа дәуірде халықаралық қатынастар жаңа кезеңге аяқ басты. Жаңа дәуірде егеменді мемлекеттер пайда болып, гүлденді. Олар Европаның және басқа дүние бөлігінің бет-бейнесін анықтады. Мемлекетаралық қатынастарға түрлі қоғамдық факторлар: идеологиялық, экономикалық, ішкі саяси, т,б, да әсер етті. Өркениет дамып, прогресс болған сайын халықаралық қатынастар да жаңа сапаға ие болды. Әлемдік сауданың өрлеуі, транспорт және байланыстың дамуы, мемлекеттік мүдде, табиғи шекара, ұлттық егемендік, ұлттар құқығы, және т.б. концепциялардың қалыптасуы мен таралуы халықаралық қатынастардың дамуына әсер етті.

1648 жылдан бастау алатын  халықаралық қатынастардың Вестфальдік  жүйесі  әр кезеңдегі өзгерістермен  ХХ ғасырдың соңындағы КСРО-ның  ыдырауы мен «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуына дейін өмір сүрді.  

Батыс Европада пайда  болған жаңа өркениеттің қалыптасуының  маңызды шарты, ең алдымен Европа мен Америка елдерінің арасындағы күрделі келіспеушіліктер мен жанжалдарға  қарамастан, олардың арасындағы материалдық және рухани құндылықтардың кеңінен алмасудың дамуы болды.  Жаңа замандағы халықаралық қатынастар либерализм идеяларының таралуында, капитализмнің дамуында және индустрияланудың табысқа жетуінде маңызды роль атқарды. Олар өзгеріп отырған екі үрдістің ара қатынасымен анықталды, бір жағынан, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өсуі, екінші жағынан, олардың дамуының әркелкілігі мен ерекшелігіне байланысты жанжалдық жағдайы.

ХVІІ – ХІХ ғасырларда халықаралық қатынастардың жүйесі қалыптаса бастады, ол өз өрісіне барған сайын Европа құрлығының басты аймақтарын және шоғырланудың түрлі дәрежесіндегі Батыс жартышар, Таяу Шығыс, Африка, Азия мен Океания елдерін тарты, Европа, әсіресе, оның батыс елдері, бұл жүйенің орталығы ретінде болды. Бірте-бірте дамудың ішкі және сыртқы факторының өзара әрекеті күрделене түсті, әлемдік ауқым ала бастаған жүйенің шеңберінде үлкен (ұлы) және кіші мемлекеттердің, метрополия мен отарлардың жіктелісі күшейе түсті.

Келісімдерден, конвенциялардан және екіжақты және көпжақты байланыстардың басқа да формаларынан көрініс тапқан халықаралық құқықтың негіздері қалыптаса бастады. Мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асыру мен аймақтық, жалпыевропалық және әлемдік мәселелерді шешуде олардың  күштерін реттеудің маңызды тетігі ретінде дипломатиялық қызметтің маңызы арта түсті; дипломатияның нормалары мен принциптерін бірыңғайластырылды.

Тақырыптың  тарихнамасы. Кеңестік тарих ғылымның қалыптасуының алғашқы күнінен бастап Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы зерттеле бастады. Патшалық Ресей кезіндегі сыртқы істер министрлігінің архивінен алынған құпия құжаттардан құралған жинақ негізінде құпия дипломатияның сырлары, жасырын беттері ашылды [1, 32-33 б.].

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген халықаралық қатынастардың  Веналық жүйесінің оқиғалары туралы академик Е.В.Тарленің 1939 жылы шыққан «Талейран» деген еңбегінде буржуазиялық дипломатияның ұстазы (мэтрі), принципсіздігі бойынша оған ешкім жетпес Талейранның өмірін, қызметін, бейнесін аша отырып, сонымен бірге оның дипломат ретіндегі көрнекті қабілеттері де көрсетіледі [2, 3 б.].

Қырым соғысын терең  зерттеген Е.В.Тарленің 1941-1943 жылдары  жарық көрген «Қырым соғысы» [3, 3 б.]  деген екі томдық еңбегінде орасан зор архив және баспасөз материалдарын қолдана отырып, академик ХІХ ғасырдың ортасында Европа мен Кіші Азияда қалыптасқан халықаралық қайшылықтардың түйінін көрсетеді. Батыс державаларының және Ресейдің таяу Шығыстағы агрессиялық жоспарларын дәлелдей отырып, тарихшы олардың бұл аудандағы экономикалық позицияларын қарастыру барыснда Ангия мен Австрияның саясаты мен Ресейдің саясатының арасындағы үлкен алшақтықтың бар екенін көрсетеді.

Сонымен бірге Тарленің еңбегінде қарсыласушы тараптардың  арасындағы дипломатиялық күресті, онда Англия мен Франция жеңіп  шығуын да көрсетеді. Олардың расындағы келіспеушіліктер де назардан тыс қалмаған. Автор соғыс қимылдарын суреттеуге үлкен мән берген. Тарле бұл соғыстың Ресейдің ішкі үлкен өзгерістерінің жүргізілуіне ықпал еткен алғы шарт болғандығына да тоқталған. Алайда Ресей мен европалық мемлекеттердің ішкі жағдайларын терең талдаудың жетіспеушілігі, ресми Ресей мен халықтық Ресейдің арасындағы анық бөлінушілік, майдан мен тылдың арасындағы байланыстың көрсетілмеуі бұл көрнекті тарихи еңбектің кемшіліктері болып табылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның қарсаңындағы кезеңнің құжаттарын қамтитын тақырыптық жинақтарды басып шығаруға меңгерушісі М.Н.Покровский болған Орталық архив кірісті. 1931 жылдан бастап шыға бастаған дипломатиялық құжаттардың көптомдық басылымының жарық көруі сыртқы саясаттың тарихын зерттеуді одан әрі ынталандырды. Халықаралық қатынастар тарихы бойынша публикацияларды ұйымдастыруда М.Н.Покровскийдің еңбегі ерекше. «Империализм дәуіріндегі халықаралық қатынастар. Патша және  Уақытша үкіметтердің архивінен алынған құжаттар. 1878-1917.3-серия, 1914-1917» деген құжаттар жинағында келтірілген М.Н.Покровскийдің пікірі Ресейдегі революцияға дейінгі билеуші топтардың саястын әшерелеуге арнап, негізгі күшті орыс империализміне қарсы бағыттап, Германияның агрессиялық ұмтылыстарын жете бағаламады. Бұл Покровскийдің еңбектеріндегі біржақтылықты көрсетті [1, 33 б.].

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі  халықаралық қатынастар тарихына қалам  тартқан ғалымдардың бірі академик Е.В.Тарле. М.Н.Покровскийдің пікіріне керісінше ғалым соғысты тұтандырудағы Германияның шешуші ролін көрсетіп, Антанта елдерінің агрессиялық саясатын кемітіп көрсетуге тырысты. Соғысқа дейінгі кеңестік тарихнамаға тән болған бұл үрдіс, тек қана оның еңбектеріне ғана емес, сонымен бірге ол басшылық еткен «Анналы» журналында жарияланған мақалалардан да көрінді.

Жаңа дәуірдегі халықаралық  қатынастар саласындағы кеңестік тарихнаманың табыстарының қорытындылары «Сыртқы  саясат кітапханасы» деген сериямен 1941-1945 жылдары шыққан «Дипломатия  тарихының» бірінші және екінші томдарында қорытындыланды. Жинақ ХVІ ғасырдан 1919 жылы Версаль келісіміне дейінгі кезеңдегі жалпытарихи процестегі дипломатияның орнын, сол кезеңдегі халықаралық қайшылықтардың негізгі тізбегін көрсетуге, түрлі елдердің дипломатиялық қызметінің әдістері мен қабылдауларын, басты тұлғаларды анықтауға арналған. Бұл жинақтан қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты да деректер мен материалдарды табуға болады.

Жаңа дәуір  қарсаңы мен Отызжылдық соғыс кезіндегі халықаралық қатынастарға кеңестік тарихнамада Ю.И.Ивониннің «Жаңа дәуірдегі европалық дипломатияның бастаулары», О.Л. Ванштейннің «Ресей және Отызжылдық соғыс» , Б.Ф.Поршневтің «Отызжылдық соғыс және оған Швеция мен Москва мемлекетінің кірісуі»  және оның «Франция, Ағылшын революциясы және XVII ғасырдың ортасындағы европалық саясат» еңбектері [1, 215 б.] арналған.

Академик Е.В.Тарленің 1965 жылы жарық көрген «Батыс европалық  мемлекеттердің отарлық саясатының очерктері ( ХV ғ. аяғы – ХІХ ғ. басы)» деген еңбегі отарлық империялардың құрылуынан бастап, төрт ғасырға жуық уақыт ішіндегі ірі европалық отарлық державалардың қалыптасуы мен дамуын сипаттайды.

ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы Ресейдің халықаралық қатынастардағы ролі және оның сыртқы саясатының мәселелері «Ресейдің сыртқы саясатындағы шығыс мәселесі (ХVІІІ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы)» , В.В.Дегоевтің «Ресейдің сыртқы саясаты және халықаралық жүйелер. 1700 – 1918 жж.», «Ресейдің сыртқы саясатының тарихы. ХVІІІ ғасыр», Н.Н.Молчановтың «І Петр дипломатиясы», А.В. Игнатьев пен Л.Н.Нежинскийдің «Ресей және қаратеңіздік бұғаздар (ХVІІІ – ХХ ғасырлар)», Н.Н.Яковлевтің «Жетіжылдық соғыс қарсаңындағы Европа» атты еңбектерінде қаралған. Бұл еңбектерден Ресейдің сыртқы саясатын қарастыра отырып, сол дәуірдегі халықаралық қатынастардың даму ерекшеліктерін және басты европалық державалардың сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы мәліметтерді алуға болады.

Европадағы наполеондық  соғыстардан кейінгі жағдай, Қасиетті одақтың реакциялық мәні және Вена конгресіндегі ұлы державалардың  арасындағы герман мәселесіне байланысты туған қайшылықтар Л.А.Зактың құжаттар көптеп келітірілген «Англия және герман мәселесі», (М.,1963) «Монархтар халықтарға қарсы» (М.,1966) деген кітаптарында қарастырылады. Наполеонды жеңген елдер арасындағы күрделі қайшылықтарды, Ресей мен Ұлыбритания және Францияның арасындағы қатынастарды талдауға В.Г.Сироткиннің «Екі дипломатияның дуэлі» (М.,1966), В.Н.Виноградовтың «Ұлыбритания және Балкан: Вена конгресінен Қырым соғысына дейін» (М.,1985), ХІХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы орыс-француз қатынастарын зерттеуге О.В.Орликтің «Ресей және 1830 жылғы француз революциясы» (М.,1968), «Алдыңғы қатарлы Ресей және ХІХ ғасырдың І-жартысындағы революциялық Франция» (М.,1973)  деген еңбектері арналған. Алайда осы кезеңдегі орыс-прусс, орыс-австрия, австро-прусс қатынастары туралы және жалпы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қатынастар туралы терең зерттеулер жоқ [1, 216 б.].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де КСРО-да да, шетелдерде де архив құжаттарын жариялау кеңейді, бұл халықаралық қатынастар тарихы тарихнамасының деректік базасының дамуына біраз ықпал етті.  Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ірі дердавалардың арасындағы қатынастар туралы  П.В. Жоговтың «Германия және Австро-Венгрия дипломатиясы және бірінші Балкан соғысы 1912-1913 жж.» (М.,1969), И.И.Астафьевтің «Орыс-герман дипломатиялық қатынастары 1905-1911 жж.» (М.,1972), О.В. Серованың «Үштік одақтан Антантаға қарай: Итальяндық сыртқы саясат және ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы дипломатия» (М.,1983), А.С.Аветянның «Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы орыс-герман дипломатиялық қатынастары. 1910-1914.» (М.,1985),  И.В. Алексеевтің  «Шын жүректік келісім жанталасы: царизм, буржуазия және олардың Антантадағы одақтастары. 1914-1917» (Л.,1990) еңбектерін атауға болады.

Балкан мәселесі, Балкандағы европалық мемлекеттердің қайшылықтарының, мүдделерінің тоғысуы мен бәсекелестігі мәселелеріне көптеген авторлар көңіл аударды. Бұл бағыттағы еңбектердің ішінде  И.С.Галкиннің «1905-1912 жылдардағы Европалық Түркия халықтарының азаттық қозғалысына қатысты европалық державалардың дипломатиясы» атты монографиясы өзінің бай мазмұнымен ерекшеленеді. Еңбекте Ресейдің сыртқы саясаты Архивінен алынған құжаттар негізінде Балкан түбегіндегі Осман империясы халықтарының тарихы және Ұлыбританияның, Австро-Венгрияның, Ресейдің, Францияның, Германияның осы аймақтағы өз ықпалын кеңейтуге бағытталған белсенді саясаты көрсетіледі [1, 215-216 б.]. Балкан мәселесіне, итальян-түрік соғысына В.А.Жебокритскийдің «1912-1913 жылдардағы Балкан соғыстары және Болгария», Е.К. Вяземский  мен С.И. Данченконың «Ресей және Балкан. ХҮІІІ ғасырдың аяғы – 1918», З.П. Яхимовичтің «1911-1912 жылдардағы итальян-түрік соғысы» деген зерттеулері арналған.

Осылайша,  жаңа дәуірдегі  халықаралық қатынастар тарихы кеңестік тарихнаманың көңілін өзіне ерекше аударды.

ХХ ғасырдың 90-жылдары  басталған тарихи оқиғаларды қайта  қараумен байланысты жаңа тарих кезеңіндегі  халықаралық қатынастар тарихының  көптеген мәселелері жаңадан зертеле  бастады, халықаралық қатынастар тарихы тарихнамасының деректік базасы кеңейді. Тақырыпқа байланысты мәселелерге Л.И.Ивонина мен А.Ю.Прокопьевтің «Отызжылдық соғыстың дипломатиясы», Л.И.Ивонинаның «Дипломатия және революция: Екі ағылшын революциясы және ХVІІ ғасырдағы европалық саясат» еңбектері, Н.В.Поповтың «Әулеттік некелер және ерте жаңа дәуірдегі Батыс Европадағы «некелік дипломатия» // Новая и новейшая история журналының 1998 жылғы 6-нөміріндегі мақаласы арналды. 1994 жылы шыққан ресейлік тарихшылардың «Бірінші дүниежүзілік соғыс. Тарихтың даулы мәселелері» деген ұжымдық еңбекте соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, соғыстың себептері, түрткісі, барысы және т.б.  көптеген мәселелері қамтылған.

Диплом жұмысының мақсаты – Жаңа замандағы халықаралық қатынастардың дамуын қарастыру болып табылады. Диплом жұмысында Жаңа замандағы халықаралық қатынастардың дамуы кезеңдерге бөліп қарастырылады. Осыған мақсатқа байланысты жұмыстың мынадай міндеттері белгіленді:

- халықаралық  қатынастардың  Вестфаль  жүйесін қарастыру үшін оның құрылу қарсаңындағы халықаралық қатынастарға сипаттама бере отырып, Вестфаль жүйесінің құрылуын көрсету;                                  

- ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы  халықаралық қатынастардағы өзгерістердің динамикасына талдау жасау;

- халықаралық   қатынастардың  Веналық жүйесінің құрылуын, одан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастардың дамуын және жүйенің күйреуін  қарастыру;

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар