Халықаралық стандарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 13:45, контрольная работа

Краткое описание

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы дәнді дақылдардың түсімін арттырып, дер кезінде ысырапсыз жинап, шығынсыз сақтау және ұтымды өңдеу мен тиімді пайдалану болып табылады.
Дәнді дақылдардан өндірілетін нан, жарма, макарон т.б тағамдық азықтар адам тамағының ең маңызды құрам бөлігі екендігі белгілі. Асатықтан неше түрлі жем және механикалық шикізаттар да алынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 22.58 Кб (Скачать документ)

                                                         КІРІСПЕ

 

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету  мәселесін шешудің басты жолы дәнді дақылдардың  түсімін арттырып, дер кезінде ысырапсыз жинап, шығынсыз сақтау және ұтымды өңдеу  мен тиімді пайдалану болып табылады.

Дәнді дақылдардан өндірілетін  нан, жарма, макарон т.б  тағамдық азықтар адам тамағының ең маңызды  құрам бөлігі екендігі белгілі. Асатықтан  неше түрлі жем және механикалық  шикізаттар да алынады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Қазақстанның егемендікке  ие бола беруінің басты шарттарының  бірі – кең-байтақ еліміздің (Республикамыздың) астық  өндірудегі ұшан теңіз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыра отыра, азық-тулік  пен жем қорларын молайру  және экспорт ресурстарын арттыру. Бул міндет  дәнді дақылдар егісінің құнарлылығын арттыру, егіннің шығымдылыгын өсіру,   жинап алынған астықтын сапасы мен одан өндірілетін өнімнің тиімділігін  жақсарту, сақтау мен  өндеу барысында шығынға жол бермеу есебінен ған орындалады.

Алайда, астық  өнімдерінің  бүкіл әлем көлемінде таршылығына  қарамастан,оның едәуір бөлігі,өкінішке орай,халық мүддесіне жетпей қалып  қояды.

         Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10-15%-ке жуығы шығып болып, тіпті сақтаулы өнімдердің біразының сапасы  курт  төмендеп, кейде түгелдей бүлініп,пайдалануға  жарамай қалуға дейін барады.

Астық қорын сақтаудың  өте жауапты да күрделі іс екендігін  көп ғасырлық тәржіребе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын,көптеген астық қабылдау және өндеу кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге  асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.

Астықты шығынсыз сақтауды және оның сапасын арттыруды қамтамыз етуде кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының маңыздылығымен қатар, сол  техникалық жабдықтарды дұрыс пайдланып,өндіріске  алдыңғы қатардағы ұтымды техникалық шараларды өндіретін,сақтау мен  өндеу процесстерінің экономикалық тиімділігін көздейтін білікті  мамндардың орны,ролі орасан зор.

Қазақ тілінде тұңғыш жарық  көріп отырған «Астық сақтау технологиясы»  оқулығынының басты мақсаты болашақ  мамандардың астық сақтауды ұйымдастырудың ғылыми негіздері мен практикалық  жолдарын толық меңгеруіне мүмкіндік  жасап, көмекші болу.

         Оқулық бұрынғы одай  көлемінде кең тараған орыс тіліндегі басылған белгілі оқулықтармен және оқу бағдарламалары мен жоспарларына негізделіп, сәйкестендіріліп жазылған. Оқулықта әртүрлі кезде жүргізілген ғылыми жұмыстардн мәліметтер қарастырылып,астық сақтау технологиясы ғылыми негіздері мен жеңа бағыттарына талдау жасалып қорытылды. Сонымен қатар астық зиянкестерінің сипаттамасына және оларға қарсы күрес жүргізу шараларына жеткізілікті көңіл бөлінеді. Кітантың көлемі шағын болғандықтан  астық сақтау тарихына шолу , құрамаөжем, тұқымдық қор сақтау ерекшеліктерін, астық өнімдерін босату барасындағы есептеу сияқты мәселелерді егжей-тегжейлі  қарастыру мүмкіншілігі болмай ,тек қысқаша деректер берумен шектелінді.

     Кітап туралы  және оны жетілдіруге бағытталған  сын пікірлерді оқулық авторы  ризашылықпен қабыл алатындығын  білдіреді.

 

Астық сақтау және оның сапасын арттыру саласындағы  келесі   міндеттер

Астық,тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер колхоз бен совхоздар  да, селекциялық станцияларда және басқа да  шаруашылықтарда, элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында, ұн, жарма, нән өндірісі,крахмал, өсімдік  майлар, сыра, спирт фабрикзауыттарында  сақталады.

Мемлекеттік астық қорын  шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен  және өндеу, оны тиімді пайдалануды  ұйымдастыру мен халық шаруашылығының  барлық салаларын астық өнімдерімен  қамтамасыз ету, сол астық қабылдайтын,оның өнімдерін шығаратын мекемелерге  жүктелген. Онымен қоса бұл мекемелер дәнді бұршақты және майлы дақылдар мен жем шөптедің сортты тұқымдарын да қабылдап, өндеп өндіріске өткізіп отырады.

Халықты нан өнімдерімен  қалтқысыз қамтамасыз ету мәселесі елде ұн қорының жеткілікті, мол  болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес құнды тамақ  өнімдері де жеткілікті болуға тиіс. Сондықтан астық пен оның өнімдерін бастап дұрыс сақтау маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.

Астық сапасының төменеуі, тіпті оның бұзылып кетуінің басты  себептерінен бейхабар болу, сақтаудың  ғылыми негіздерін  білмеу орны толмөс шығынға әкеліп соғады, ауылшаруашылығы  өндірісінің  дәнді дақылдардың  өнімділігін арттырудағы,оның жалпы  түсімділігін көбейтудегі жетістіктерін  жоққа шығарады.

Астық сақтау ғылымы дәнді  дақылдардың ерекшеліктерін, олардың  сапасына физикалық,химиялық,биологиялық,технологиялық  факторлердің тигізетін әсерін зерттейды.

Астық жиымындағы орын алатын заңдылықтарды, құбыластарды бәлу астықты  сақтауды ғылыми  негізде ұйымдастырып,оның сапасын арттыру мүмкіндіктерін іске асырудың кепілі.

Астық жіне оның өнімдерін  сақтауды дұрыс ұйымдастыру үшін ұшан теніз де күрделі материалдық  техникалық базаның және осы саладағы ғылыми негіздерді жетік меңгерген  мамандарды орны  бөлек екендңгңн  баса айта кеткеніміз жөн.

Астық сақтауды ойдағындай ұйымдастырудың күрделіләгін оның физикалық, физиологиялық, биохимиялық және технологиялық ерекшіліктерінің салдарында.

Астық дәні тірі организм деп танылады. Осы тұрғыдан  қарағанда қоршаған ортаға тікелей байланысты әртүрлі құбылыстар дән торшығындағы (клеткасындағы) зат алмасу процестеріне дұрыс әсерін тигізумен қатар, оның сапасын төмендетіп, едәуір шығынға да әкеп соғатының білген жөн.

Астықтын сапасы микроорганизмдердің  және шыбын шіркей, құрт құмырсқа секілді жәндіктер мен зиянкестер топтарының іс әрекет, тіршілігінің салдары нәтіжесінен де төмендейді.

Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты болатын шығындарды азайту  ол заттарды қоршаған ортаның  әсерінен қорғау дәннің  торшығындағы зат алмасуды бәсендетудің кепілі.

Бұл мәселе  астықты сақтауға дайындауды әртүрлі әдістерімен  тиянақты жағдай жасау арқылы щешіледі. Ол үшін астық арналған қоймалар. Элеваторлар әртүрлі дәнді дақылдарды ерекшіліктеріне  сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз  етіледі.

Астық сақтау саласындағы  көптеген мәселелер мен міндеттерді  мына төмендегіше топтастыруға болар  еді.

Бірінші міндет  астық  өнімдерін шығынсыз сақтауға тырысу. Негізі сан мен салмақ жіне сапа жағынан болатын шығындарды белгілі ғалым Л.А. Трисвяткий механикалық  және биологиялық деп екі топқа бөледі.

Биологиялық шығындарды дәннің тыныс (дем) алуы, өнуі кезіндегі орын алатын, микроорганизмдер, шыбын шіркей және кенелердің өсіп өну тіршілігі, өзіндік қызынуы және кеміргіштер мен  құстардың жеп құрту салдарынан болатын сан мен сапа жоғалтуы  жатады да, ал механикалық шығындарға тасымалдау, өндеу барасында орын алатын астықтың төгіліп шашылуы, дәннің зақымдануы жатады.

Бұның ішінде дәннің тыныс  алу барсындағы және  астықты  тасымалдау кезіндегі орын алатын сан  салмақ кемуі  ғана амалсыздықтан  болатын шығындар  есебіне жатады. Сондықтан шығынның бұл түрлерін  есепке алу мақсатымен астық  сақтау мен тасымалдау барысындағы табиғи да орынды азаю, кему мөлшері бекітілген. Егер астық сақтауды дұрыс орынды ұйымдастырған жағдайда бұл аталған щығын түрлері  жыл бойына астық қорына небәрі 0,3….0,4%-іне ғана жетеді.

Ал, төгіліп-шашылуға, құс-кеміргіштер, шыбын-шіркей мен жәндіктердің тіршілігіне байланысты, сонымен қатар астықтың, дәннің өзіндігінен қызуына, микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол берудің салдарынан болатын шығындарды, әрине, ешқандай себептермен ақтауға болмайда.

Екінші міндет - астық  өнімдерін сапасын төмендетпей  сақтауды қамтамасыз ету. Кей кездерде іс жүзінде жиірек кездесіп орын алатын астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық сақтаудың ғылыми тұрғыдағы тәртіп-ережелерін (режимдерін) бұзудың және керекті күтімнің жоқтығының тікелей салдары деп білу керек. Мұндай шығындардың алдын алмаса зор зиян, эарарға әкеліп соғады.

Астық өнімдері сапасыныц  төмендеуінің тағы бір себебі -олардың  өте ұзақ мерзімде сақталуы. Әрбір заттың (тауардың), әсіресе дәннің, қандай қолайлы жағдайда сақталғанымен жеке өзіне тән"ұзақ мерзімдік" не «ұзақ уақыттылық»қасиеті бар. Аталған  мерзім өткен соң ол зат ескіре ("қартая") бастайды да, оның адам қажетіне керектілігі мен тұтынушылық көрсеткіштері төмендейді. Мысал үшін ұн мен жарманың кейбір түрлері 1-2 жыл сақталған  кейін-ақ тағамдық сапасының, ал тұқымдық  дәннің 2-4 жылдан соң егіндік шығымдық  қасиетінің, қабілетінің нашарлай бастайтының айтуга болар еді.  Бұлардан гөрі дәнді астық пен бұршақ дақылдары сақтауга едәуір шыдамды болып келеді. Олардың технологиялық құндылығы 7 - 15 жыл өткен соң төмендей  бастайды.

 Сонымен, табиғи ескіру  құбылыстарына байланысты қоймада  сақтаулы астың қорын оқтын-  оқтын алмастырып,  тұру  қажеттілігі  естен шығармау керек. Оның бер жағында астақ өнімдерін, сапасын төмендетіп алмай тұрып, тиісті мекемелерге  таратып, өткізіп отырады. Сайып келгенде, астақты сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасын ету міндетті шарт  білу керек.

Үшінші міндет - сақтау барысында  астық өнімдерінің сапасын арттырып жақсарта беру. Бұл мәселені шещудің жолы әртурлі технологиялық тәс ілдерді тиімді қолданып, дәнді дақылдардың мүлтіксіз сақталуын және сақталуға деген төзімділігін (берітілігің) арттыра түсу.

Төртінші міндет - өнімнің  сан мен сапасын мүлтіксіз  сақтауы барысында еңбек пен  қаржы шығындарын мейлінше азайтып  кеміте түсу.

Астық қабылдау мекемелерінің  озат тәжірибесіне көз жүгіртіп, талдайтын  болсақ өнімдерді сақтауга байланысты шығындарды азайтудың басты жолдары  мыналар екендігін ұғу қиын емес. Жеңілдірілген  техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану, өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізу, еңбекті ғылыми негізде  ұйымдастыру мекемелердегі мамандар мен жұмыскерлердің  мамандық шеберлігін үнемі арттырып отыру.

Астықты тиімді сақтауды және оның сапасын арттыра түсуді қамтамасыз ететін технологиялың тәс ілдерге  мына төмендегі шараларды жатқызуға  болады:

      1) Астықты  түрлі қоспалардан айырып тазарту;

      2) Астықты кепіру.  Оны дән ылғалдығын керекті мөлшерге дейін азайту, төмендету үшін қолданады;

      3) Астықты белгілі бір температуралық  жағдайда, деңгейде сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен, салқындатып отыру;                    

      4) Астық  пен оның өнімдерін шыбын-шіркей, кене секілді зиянкестер мен жәндіктерден, кеміргіштер мен құстардан қорғауды дер кезінде ұйымдастыру;

      5)  Халық шаруашалығының әртүрлі саласында арнаулы мақсатпен пайдалану үшін ірі- ірі астық қорларын /партияларың/ дайындау.     

Әрине, астық, дәнді дақылды  астық сақтауға және олардың өнімдерін  тиімді байлануға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру тек жоғарыда атап көрсетілген  тәсілдермен ғана шектеледі десек, ол аз айтқаныз. Ауыл шаруашылығы жүйесінде астықты, дәнді баптау да қаншама қыруар істер атқарылатынын да айту жөн. Біз  астықты қабылдау, одан керекті өнімдер алу мекемелеріндегі басты-басты технологиялық тәсілдердін ғана атап көрсеттік.

Жоғарыда  көрсетілген  күрделі міндеттерді орындап, астықты  сақтау, тиімді өңдеу мәселелерін  ұтымды шешіп, халықты сапалы дән  мен нан өнімдерімен қамтамасыз  етуде технолог атты   мамандардың  орны мен жауапкершілігі  бөлек  екендігін атап айтқанымыз келеді. Технолог әрі жетекші ұйымдастарушы (менеджер) әрі жан-жақты білімдар, әсіресе техникалық және биотехнологиялық  ілімдер негіздерін толық меңгерген  инженер (бакалавр) маман  болуы тиіс.


Информация о работе Халықаралық стандарттар