Шерхан Мұртаза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 17:47, реферат

Краткое описание

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысы ,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген.Ш.Мұртаза — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).1950жылы қазақ орта мектебін бітірген соң Мәскеудегі Полиграфия институтының редакциялық баспалық факультетіне оқуға түсіп,3-курста М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып,1955жылы бітіріп шығады. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқардыкейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл