Шерхан Мұртаза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 14:40, реферат

Краткое описание

Шерхан Мұртаза 28.09. 1932 жылы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Жазушы, қоғам қайраткері, 1984 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болды. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы,

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шерхан Мұртаза.docx

— 52.35 Кб (Скачать документ)

 

Шерхан Мұртаза

     Шерхан Мұртаза 28.09. 1932 жылы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Жазушы, қоғам қайраткері, 1984 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болды. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады.

     Шерхан Мұртаза  «Қызыл жебе» атты бес кітаптан  тұратын роман-эпопеяның авторы. «Қара маржан» романы үшін  республикалық Мемлекеттік сыйлық  берілген.

     Бұдан басқа  «Мылтықсыз майдан», «41-жылғы  келіншек», «Интернаттың наны»,  «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың  баласы», «Бұлтсыз күнгі найзағай»  т.б. повестері мен әңгімелері  оқырмандардан оң бағасын алған.

     «Сталинге  хат», «Бесеудің хаты», «Есек саудасы», «Жалғызүйлік зіл-зала», «Домалақ  ана», «Ноқтаға басы сыймаған»  пьесаларының авторы.

     Шыңғыс Айтматовтың  «Ботагөз», «Қош, Гүлсары», «Боранды  бекет», «Теңіз жағалай жүгірген  тарғыл төбет», «Жанпида» роман,  повестерін орысшадан қазақшалаған.

     «Ай мен  Айша» романының бірінші кітабы  «Жалын» баспасынан 1997 жылы жарық  көрген. «Ай мен айшаның» бірінші  және екінші кітабы біріктіріліп, оқырмандар назарыны ұсынылды.

     Сексеннің сеңгіріне келген қаламгер өзінің бүгінгі бар байлығы – кітаптары екенін айтады. Ал біз Шерағаңдай рухы биік өр тұлғаның ең үлкен байлығы жазушының шығармаларын сүйетін оқырмандары, қоғам қайраткерінің қайраткерлік болмысын таныған ел-жұрты, қайтпас-қайсар мінезін сүйген әріптестері, өзі тәрбиелеп шығарған сүйікті шәкірттері, ең бастысы, ұлттық рухтың иесін пір тұтатын Алаш халқы екенін айтқымыз келеді. Шерхан Мұртазаны халқы ерекше құрметтейді. Оны ерекше құрметтейтін де жөні бар. Ол ең алдымен, өзінің творчествосына адал болды. Ол ең алдымен, өзінің кәсібіне, журналистикасына адал болды. Ол ең алдымен, өзі тәрбиелеген шәкірттеріне адал болды.  
     Шерағаңды көптің ерекше құрметтеуінің сыры – бәлкім қиын-қыстау күндерде жұтылып кетпей аман қалғанының тәубәсі болар. «Ай мен Айша» романын оқыған әрбір адам Шерағаңның бүкіл болмыс-бітімін таниды. Естеріңізде болса, сол романда мынандай жан жылытар сюжеттер бар еді ғой.  
«...Жүрісін сәл баяулатқаны болмаса, пойыз бұл бекетке тоқтамайды екен.  
Есігін қанша тоқылдатқанмен есікті ашқан кондуктор болған жоқ. Ерсілі-қарсылы жалауын бұлғаған қызыл фуражкені көрмей, құлақ жара тағы бір шыңғырып ап, пойыз арсылдап ала жөнелді.  
...Айша екеуміз бір тепкішекке әзер дегенде ілініп, бір-бір қолымызбен қапшық ұстап, екінші қолымызбен тұтқыштан қатып қармап қалыппыз.  
Пойыз зымырап келеді.  
Бетімізге бетіміз тиіп тұрса да, Айшаның айқайы маған әрең естіледі.  
– Мықтап ұста тұтқадан! Қолың шығып кетпесін!  
Өзіме де жан керек, әрине, мықтап ұстаймын ғой!  
Атаңа нәлет кондуктор есікті ашпай қойды.  
Қар аралас қатты жел беттен сабалап келеді. Шапалақтап келеді.  
Аппақ қарлы даламен пойыз жүйткіп келеді. Есіктің сыртында вагонға ілініп, салбырап біз келеміз. Қолымыз қарысып қалған. Қимылдауға қорқамыз.  
Айша:  
– Маймаққа шейін шыда-а-а! Қолың шығып кетпесі-і-і-ін!  
Осылай жан сауғалап келе жатқанда, шыңғырып кеп, пойыз Тескентау түннеліне сүңгіді де кетті. Пойыз доңғалақтарының сарыны кілт өзгерді – жаңғырығып қатты естілді. Құлақ тұнды. Ащы түтін тұманнан әрі. Жан-жағым қап-қараңғы. Тұтқадан ұстаған оң қолымның саусақтары жазылып кеткендей көрінді.  
Апа-а-а! – деген жан даусым шықты білем.  
Айша маған бақырайып қарап қапты!  
Айшаны тұңғыш рет «апа» дедім.  
Айша да шыңғырды:  
Барсха-а-ан!  
Дәл осы сәтте дүние жарқ ете қалды.  
Сөйтсем, пойыз Тескентау түннелінен шыға келген екен!  
Айналам аппақ болып кетті!»...  
Сол бір күнгі осы бір қорқынышты сәтті есіме алсам, әлі күнге жүрегім тіксінеді деп ағынан жарылады Шерхан аға өз естеліктерінде. Пойыздың есігіне қатып қалған жұдырықтай баланың әлсіз саусақтары әлгі есіктен ажырап кеткенде, не боларын кім білсін?! Сол бір сұрапыл сәтте Ана мен Баланы қауіптен аман алып қалған Жаратқан иемнің өзі болар! Әйтеуір, сол бір күндердегі зұлматтан аман қалған, бес жасында әкесін «Халық жауы» деп ұстап кетіп, әкесінің дидарын бір көруді өмір бойы армандап келе жатқан қаламгердің адал болмауға қақы жоқ еді.

 

 

 

Шерханның анасы

 

«Айшаға қарасам: көзінен жас парлап отыр екен. Ай сәулесіне шағылып, жылт-жылт етіп жылғалана аққан жасын көрдім. 
– Неге жылайсың? 
– Ай жарықтық үш үрпек балапанын қырға да сүйреп, ойға да сүйреп, Мұртазаны күткен мен сияқты екен. 
Таңертеңгісін көк шөптің басына мың-миллион асыл моншақ тағылғандай шұғыла шашты. 
– Шық қалың түсіпті ғой,– дедім. 
Айша ойланып тұрып: 
– Шық емес ол,– деді. 
– Сен де жыладың. Бұл Ай мен Айшаның көз жасы. 
– Біз сияқты жетім-жесірлерді Ай жарықтық аяйды. Адамдар байқамайды. 
– Сәлден кейін кеуіп кетеді. Сенің көз жасың да құрғайды. 
– Айтқаның келсін, ұлым! – деп Айша мені аймалап бетімнен сүйді». 
Шерхан Мұртазаның анасы дегенде, есіме қаламгердің «Ай мен Айшасы» түсті. Айшаның бойында – 37-нің зобалаңында күйеуінен айырылып жесір қалған, аштық пен жоқтықта шиеттей балаларын ер жеткізген қазақ аналарының қайсарлығы, ақыл-парасаты бар. Айшаның өмірін оқып, Шерхан-Барсханның қандай анадан туғанын түсінесіз.

 

 

Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АЙША БЕЙНЕСІ

Автор: 

Ләззат Омарқұлова, Анастасия  Рединская (Тараз, Қазақстан)

Қазіргі замандағы әдебиетте  әжелер мен аналар жайында қалам  тартқан жазушылар ішінде Шерханның  алатын орны ерекше. «Оның шығармаларындағы басты ерекшелік: адам баласының  жан күйзелісін, ыза мен кектен тығырыққа тірелер шарасыз күйін  аса шебер сүйреттеуі; қазақы мінез-құлық  пен табиғат көріністерінің адам жанымен астасып қаз-қалпында сөзбен бейнеленуі. Жазушы шығармаларында философиялық тұжырымдар жасамайды немесе ұнамсыз  құлықтарды шымшылап әзіл-оспақтың астына алмайды, кейіпкерлерін көркемсурет  галереясындағы көріністей көз алдыңнан тізбектейді».[1.81 б.]

Қылышынан қаны тамған сонау  заманда ұлтымызға Тұрар тұлғасының жаңа қырларын Шерхан дер кезінде  таныта білді. Тұрардың қайта оралуына Шерханның «Қызыл жебе» романы жол салып берді десек қателеспеспіз.

Қалың қазаққа Тұрар есімін мәшһүр еткен соң да оның заманға  лайық шығармалары шыға бастады. Солардың бірі – жазушының өз анасы  жайында «Ай мен Айша» шығармасы.

Жазушының өзінен «Ай мен  Айшада» Ай образын жасаудағы  себебіңіз не?» деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: «...Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз... Ол, енді, біржағынан тағдырдың  ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына  ұқсас.

Гейнеде бір өлең бар. Генрих Гейне деген ақында ай туралы әдемі  бір сонеті бар. Мағынасы былай: Күнге  ғашық ай, сұлу, күн де оған ғашық  сияқты көрінеді. Шүпірлеген көп бала тараған. Ол – жұлдыздар. күндердің  күнінде арасынан әлдебір қара мысық  өтті ме, әлдеқандай сызат бітті  ме, екеуі содан екі жақта. Бірі – шығыс жақта, бірі батыста. Күн  шықса ай батады. Ай шықса күн  батып кетеді. Өмірбақи бір-біріне жолыға алмайды, осынау мұңлы сарыны бар. Ал адам баласының тағдырын алсақ, ері  жаңағы трепрессияға ұшырап, не болмаса  майданға кетіп келмей қалғандардың көбісі солай. Балалар қалды. Ері  жоқ бір-біріне жете алмаған дүние. Жалпы, дүниенің философиясы сол. Ай деген арман болса, күн деген  қиял болса, соны қуасың да жүресің. Қашан  жетесің, белгісіз, соған байланысты алынған ат». [2.127-128 б.]

«Ш.Мұртазаның «Ай мен  Айша» романы әуелі «Жалын» журналында (1995,№5-12) жарық көріп, әдебиет сүйер  қауымнан жақсы бағасын алды. Бұл  өмірбаяндық шығарма. Ол: «Сен қайдан келдің ?- дегенде бір данышпан: - Мен Балалықтың елінен келдім,- деген  екен», - деп басталады. Ендеше, біздің автор да сол балалыққа саяхат жасап, кіндік қаны тамған, балалық  шағы өткен сол туған еліне  сапар шегеді.

«Түсімде ылғи балалық  шағымды көремін.

Түсімде күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.

Түсімде ылғи туған үйімді көремін.

Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза сирек кіреді, өйткені  ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана» - деген лирикалық  кейіпкер дүниенің төрт бұрышын араласа  да, қандай сұлу табиғат, бай елде болса  да, ол үшін Ақсу-Жабағылының орны бөлек».[3.656-657б.]

Бұл романын ата-бабасының, Айшаның аруағына сиына отырып бастайды. Жарын халық жауы деп айдап  алып кеткен соң, үш баласын жетілдіру  мен заман тауқыметі өз басына қалған ана өмірі көркем суреттелген. Өмірінде талай қиыншылық пен  азапты көргенмен ана жүрегі болашақтан тек жақсылықтан үміт күтеді. Бала Шерханды балалары үшін отқа түскен анасы  алдындағы қарыздан қалай құтылам  деген ой ертеден-ақ мазалаған еді:

«Ал мен болсам жатып аламын да ойланамын: анасы үшін о дүниедегі  балалар отқа түсе жаздағанда, бұ дүниедегі  біз сияқты пәндалар не бітіріп жүрміз ? Не жақсылық жасадық анамызға ?!

Мен паркке бара жатқанда, Қазыбек  би көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысында бір мәшке итті машина басып кетті. Жаңадан күшіктеген екен. Күшіктері  арыққа төселген құбырдың ішінде қалған. Машина соларды таптап кетеді-ау деп, ана сорлы моторлы тажалға  қарсы ұмтылған.

- Ана сүтін ақ ішкен  адал ұлға, Дүниенің төрт бұрышы  болар тұлға!- дер еді Айша...

Ана қарызынан қалай құтыламыз?!»[4. 99 б.]

Айша балаларына әрі ана, әрі әке, әрі әже болған нар  адам болған.

«Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір  түндері – Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда –санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты».[4.32 б.]

«Ізбайша, Әзиза, Айшалар  – құдай қосқан қосағынан ерте айырылып, өмірдің бар тақсіретін тартқан тауқыметі көп, балалары үшін жанын отқа да, суға да салған итжанды  аналар.

Романға нәр берген бір  жетістік – ұлттық характерге мән  беру. Қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктер жазушы кейіпкерлерінің  бойынан көптеп кездеседі. Қазақ  әйелдерінің ата-ене, өзінен жасы үлкен  қайынаға, абысынымен бірге қайын  сіңлі, қайын інілердің атын атамай, оларға ат қоюы, не болмаса бас әріпін өзгертіп айтуы –ұлттық әдет-ғұрыпымыздың бір нышаны. Айшаның ата-бабадан  қалған керегені отқа жақпай сақтауы, елден кетерде бүкіл аруақтан кешірім сұрап, шаңырақпен қимай  қоштасуы, «Мына иесіз қалып бара жатқан шаңыраққа бас-көз болып  жүрерсің» деп, иесіз үйді көршісі  Баянға тапсыруы – кие тұтқан шаңырақты  қандай жұт келсе де, көздің қарашығындай сақтау біздің ұлтымызға тән қасиет екендігін көрсетеді. Үйдің оты  сөнуін шаңырақтың шайқалуына балайтын қазақтың от анасын қадірлеуі –  бес жасар Барысханның ойнап  келіп, жетілік шамға түкіріп, отты өшіре жаздағаны үшін оңбай жазалануы  арқылы бейнеленген.

Көркем шығармаға аңыз-әңгімелерді, ертегілерді енгізу – қазақ прозасының табысы. Ал «Қоңыраулы еліктер», «Жалаңаш қасқыр» аңыздарына жан бітіріп  тірілту арқылы ізгілікке тәрбиелеуге  көңіл бөлу – жазушы жетістігі. Ұзақ түнді қысқартып, аш құрсақ балаларды  алдандыру үшін айтқан Айшаның аңыздары, ертегілері – атадан балаға жалғасып келе жатқан рухани мұрамыз. Оның ата-бабалары, туған жер, тарих туралы әңгімелері болашақ жазушыға таусылмас қазына болғаны рас. Бұл романда көп  кітап оқып, көп білгендіктен «молда»  атанған Мұртаза мен әңгімешіл, ақынжанды Айшадан туған Барысханның  Махамбеттің «Қызғыш құсына»  еліктеп шығарған тырнақ алдысы да сол тұстағы зұлматтың тепкісін әшкерелегендей.

Шығарманың шешімі – Айшаны елден безуі. Оны елден, туған  жерден, ата-баба қонысынан бездірген  Тасбет пен Жуанқұл. Олар- кешегі Рысқұлды елден бездірген Дауылбай мен  Саймасайдың жалғасы».[3. 658-659 б.]

Бал балалықтың дәмін татып  үлгермеген бұл шығармалардың авторлары  үшін аналары мен әжесінің аяулы  алақаны жанға дауа, тәнге шипа болғаны шығармаларынан-ақ көрініп  тұр. Адам өміріндегі ең тәтті кез  осы балалық шақ болса, оны  еске ала шығарма жазбаған жазушы кем-кем шығар. Ұрпағына осы кезеңде  қазақи тәрбиені үлестірген ана мен  әжеден айналарсың. Мүмкін бұл әрекетті уақытысында жасағандықтан, қазақтың маңдайына біткен әдебиеттің майданында өз орны бар азаматтары бүгінгі дәрежеге жеткен шығар.

Әдебиет:

  1. Оңғарсынова Ф. Шераға 60 жаста. Жұлдыз тағдырлы жазушы. Алматы. Атамұра. 1993.
  2. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы: Санат. 2000.
  3. Қазақ әдебиеті тарихы. ІХ том. ред. басқ. С. Қирабаев. Алматы. 2005.
  4. Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: Қазығұрт. 2002.

 

Шерхан Мұртазаның негізгі көркем туындылары Кеңес дәуірі тұсында жазылды. Қазақстан отаршылдықтың зардабынан ресми түрде азаттық алған кезде жазушы егде тартып қалған болатын. Соған қарамастан ол тәуелсіздік кезеңінде шығармашылығына жаңаша өң беріп, қалам сілтесінен жаңыла қоймаған жазушылардың қатарынан табылды. Көркем ойлау жүйесінде жаңаша бетбұрыстар мен тың серпіндердің туындауы Қазақ елінің тәуелсіздік алуына тікелей байланысты болғандығы анық. Бұл шағын мақалада жазушының тәуелсіздік жылдары жазған жекелеген еңбектеріне ғана тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Нұрдәулет АҚЫШ,

жазушы, филология ғылымдарының докторы

Осы кезең ішіндегі туындыларының ең қомақтысы – «Ай мен Айша» атты мемуарлық романы. Осы туындыны оқып шыққаннан кейін оқырманның ең бірінші түйетін ойы – жазушының балалық шағындағы оқиғалардың қоюлығы, бастан кешкен жайларының, өмір соқпағында ұшырасқан адамдар қатарының соншалықты молдығы. Өмір кеңістігіне енді ғана қадам басқан жас баланың алдынан ұшырасып, тағдырына араласқан әр бір адаммен болған қарым-қатынас өз алдына дара бір сюжеттің туындауына, бұрынғы айтылып келе жатқандарға ұқсамайтын жаңаша ойдың түйінделуіне себепші.

Мемуарлық дилогияның басында бас кейіпкер Барсхан әлі кішкентай, бірінші кітаптың соңына қарай небәрі он жасқа жаңа келеді. Ал бұл жастағы баланың қоғамдық өмірге, ірі тартыстарға араласуға мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, оның енді ғана тәй-тәй басталған алғашқы қадамдары үлкен эпикалық фабулаларға негіз бола алмайтыны белгілі. Бірінші кітаптағы жекелеген сюжеттердің тез алмасып жататын қысқалығы, тіпті жекелеген эпизодтық штрихтардың көбірек орын алып кететіндігі де сондықтан. Жас кейіпкердің жадында сақталып қалған жекелеген көріністер мен шағын оқиғалардың өзі-ақ сол замандағы өмір суреттерін шынайылықпен көз алдыңа әкелері сөзсіз.

Кейіпкерлердің едәуір бөлігі тек қана эпизодтық деңгейде. Бір-ақ рет көрініп, кейін жоқ болып кетіп жатады. Мәселен, Барсханды мектепке қабылдатқан Ноха секілді.

Жоқ жерден жала жабылған әкесі Мұртазаның айдалып кетіп, сол қалпы қайтып оралмауы, шырылдаған шиеттей үш баламен тірідей жесір қалған шешесі Айшаның ауыр тағдыры, отағасынан айырылған жартыкеш шаңырақтың бірінен кейін бірі таусылып бітпес озбырлыққа ұшырауы, қабырғалары қайысып, қаншама тауқымет тартса да, суға кеткен тал қармайдының кебімен күресіп бағуы, жеңілістерден құралған жылдар тізбегі – адамды қай жағынан да мейлінше қажытып, шаршатып жіберетін ауыр ахуалдар, үлкен сынақтар. Анасы Айша да, әлі бұғанасы қатып, буыны бекімеген Барсхан да ел қатарлы ауа жұтып, тыныс алу үшін ғана жандарын жалдап күресіп бағады. Таразы басы тең емес шатқаяқтаған күресте олардың жеңістерінен гөрі жеңілістері көп.

Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасының» бас кейіпкері Барсхан – кітаптың соңына қарай он төртке жаңа толған жеткіншек қана. Соған қарамастан, оның моральдық қырының жекелеген сипаттары әжептәуір ашылған. Жалпы жер тіреп қалған қорғанышы жоқ міскін жандарға қол ұшын бергісі келіп, әйтеуір бір әрекет жасап қалуы – Барсханның адами-моральдық пішінін аша түсетін штрихтар. Өзі ызақор да намысшыл болып өскен оның мінез-құлқындағы келесі бір қыры – осындай мейірбандылығы. Бірақ, өкінішке орай, қайырымдылық жолындағы ұмтылысы үнемі дерлік кедергіге ұшырап отырады. Сүлеймен, Зибаш секілді науқастарға малдың ағарғанын жеткізіп бергісі келген әрекеттері сәтсіздікпен аяқталса, соғыс мүгедегі Шолақ Сияқұлға қол ұшын бермек болуы да нәтижесіз қалады. Осы арада «Бір кем дүние» жинағында Сапарқұл есімімен жүрген соғыс мүгедегі осы Сияқұлдың түптұлғасы (прототип) болар деп жобалауға негіз бар сияқты.

Соғыстан бір қолын беріп, шолақ болып оралған бұл мүгедек жанның не бір ордені, орден тұрмақ медалі де жоқ. Бала Барсханның «Аға, сізге орден бермеді-ау» (157-б.) деп сұрап қалуы аңғалдықтан болғанымен, астарында ащы шындық жатқаны сөзсіз. Отанды қорғау үшін сонау жердің түбіне барып, неше рет ажалмен бетпе бет кездескен, ақыр соңында оң қолын түбімен беріп, екінші топтағы мүгедек болып оралған жауынгердің өкімет тарапынан мүлде елеусіз қалуы сол кездегі Кеңес өкіметінің саясатынан да хабар беретін, сөйтіп социалистік қоғам мен жеке адам арасында орын алған қайшылықты жағдай турасында белгілі бір ой түюге жетелейтін ахуал екендігі анық. Соның бірі – Ұлы Отан соғысына қатысты үнемі қайталанып, құлаққа сіңісті болып келген «Ешкім де, ештеңе де ұмтылмайды» деген ұранның өмірде оңайлықпен іске аса бермейтін әшейін жалаң декларация болып шығуы.

Информация о работе Шерхан Мұртаза