Мінездеме

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 20:17, доклад

Краткое описание

Мінездемені мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның әкімшілігі түрлі жағдайларға байланысты өзінің жұмыскеріне береді. Мінездеме А4 форматты қағазға жазылады. Құжатта жұмыскердің қызметі мен қоғамдық жұмыстарға қатысына пікір жазылып, оның моральдік және іскерлік сипатына баға беріледі. Мінездеменің реквизиттері: мәтіннің тақырыбы, құжат түрінің атауы, дата, мәтін, қол, мөр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

минездеме.docx

— 18.44 Кб (Скачать документ)

Мінездемені мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның әкімшілігі түрлі жағдайларға байланысты өзінің жұмыскеріне береді. Мінездеме А4 форматты қағазға жазылады. Құжатта жұмыскердің қызметі мен қоғамдық жұмыстарға қатысына пікір жазылып, оның моральдік және іскерлік сипатына баға беріледі.

 Мінездеменің реквизиттері: мәтіннің тақырыбы, құжат түрінің атауы, дата, мәтін, қол, мөр.

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме корытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін және т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш" т.б. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1) тақырыбы;

2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

3) негізгі мәтін;

4) қорытынды;

5) мінездемені талап етуші ұйымның аты;

6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;

7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

8) қосымша (егер болса).

 

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай  үлкен әріптермен жазылады.

Аттестациялық мінездеме Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)- Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады. Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады.

Мінездемеде құжат берілетін адамның толық аты-жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жұмысқа, оқуға қабілеті, мекеменің қоғамдық өміріне қатысы және т.б.), моралдық қасиеттері жан-жақты көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшіліктер мен жетімсіз қасиеттері де аталуға тиіс.

Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға, магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1.    Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

-          аты-жөні;

-          ұлты;

-          әскери қызметке қатысы;

-          отбасы жағдайы;

-          білімі;

-          лауазымы;

-          туған жылы;

-          тұған жері;

-          азаматтығы;

2.    Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.

3.    Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

4.    Мінездеме қайда берілді.

5.    Мекеме басшысының қолы.

6.    Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.

 

Үлгі:

Студент Оразов Омар Жарасұлы университеттің филология факультетінде 4 курста оқиды. Ол университетке БҰТ барысынды 82 балл жинап, мемлекеттік грант негізінде өз қалауынша түскен. Оқу жылдары барысында өзін білімді де тәрбиелі жан екенін таныта білді.

Ұлты – қазақ. Жасы 20-да. О. Ж. Оразов 1985 жылы Алматы облысының Көксу ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген. Мектепте қабырға газетінің редакторы болған. Спортпен шұғылданған. I разрядты волейболшы.

Университетте де өзін белсенді студент ретінде көрсете білді. Жолдастарының арасында беделі жоғары.

Мінездеме әскери комиссариатқа тапсыру үшін берілді.

Мекеме басшысы                                                                  /аты-жөні, қолы/

Айы, күні, жылы

 


Информация о работе Мінездеме