Әмір темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 22:39, реферат

Краткое описание

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, о

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әмір Темір реферат.docx

— 78.06 Кб (Скачать документ)

ӘМІР ТЕМІР 
 

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

 

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды

АҚСАҚ ТЕМІР ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР.

ғұлама бір кісі түс көріп жатқанда Ахмет Иассауи аян беріпті: «Сенің шәкірттеріңнің ішінде дінді қатты сыйлайтын әрі келешекте ел билеуші болатын бір бала бар»- депті. «Мен оны қалай білемін?»- дегенде: «Балалардың бәрін жинап алып, торғайдың балапанын алдыр, оны ешкімге көрсетпей өлтір деп бүйыр, сонда білесің»,- депті. Ертесіне медресеге келген ұстаз қырық шәкіртін жинап алып: «Барлығың барып, бір-бір шымшықтың балапанын әкеліңдер», – деп бұйырады. Балалар жүгіріп кетіп, бір кезде бір-бір балапаннан алып келеді. Ұстаз оларға: «Енді осы балапандарды ешкім көрмейтін жерге апарып, бәрін өлтірін келіңдер»,- деп бүйырады. Барлығы қайта жүгіріп кетеді де, ешкім көрмейдіау деген жерге барып, балапандардың мойындарын бұрап жұлып, ұстаздарының айтқандарын орындайды. Ішінде бір бала ғана балапанды өлтірмей қайта әкеледі. «Сен неге өлтірмедің?» деген сүраққа, «Ешкімге көрсетпе дедіңіз ғой, ешкім көрмегенмен, құдай көрін тұр,өлтіре алмадым» – деп жауап беріпті. Сонда ұстаз келешек ел билеушінің осы екенін білген екен. Ұстазы оған ерекше көңіл бөліп жүріпті.

Күндердің күнінде Ақсақ Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде, Ахмет Иассауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», – деген. Сонда Ақсақ Темір: «Мен сені қайдан табамын?» – дегенде, «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын»,- деген екен. Сонымен, Ақсақ Темір бел байлап, Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да, кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында үйықтап кетіп, кімнің бұзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында үйқы қысады, үйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, үйықтамау үшін түз сеуіп қояды. Сонымен, бір кезде караса, үлкен көк өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Ақсақ Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан Бабтың аруағы, соған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің»,- депті. «Мен оны калай табамын?» – дегенде, «Мен өзім жол сілтеп отырамын» – деп жауап береді. Сонымен, ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сонда жетін үйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: «Міне, енді сәті болды, енді менің басыма ғимаратыңды салдыра бер»,- дейді. Сонымен Түрікстанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін (кесенесін) салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүрін жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп,көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей калады. Сол кезден бастап Ақсақ Темір жорыққа шығар кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет Иассауидің басына зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып, осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық арасында шу шықпасын деп, білдірмей «Әмір науқас» деп жол жүрін кетеді. Сол жолда Отырардан бері жайғасқан Темір бекетіне келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді. Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан «Темір Арлан» деген жерге барғанда, халың Ақсақ Темірдің қайтыс болғанын біліпті, сыр ашылған көрінеді. Міне, «Темірлан» аталуы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі. Ол Темір арқылы лаң шықты деген ұғымды білдіреді. Бұған қосымша, парсы тілінде ақсақ дегенді «ланг» немесе «ләң» дейді, содан қалған «Темірлан» аталуы да мүмкін ғой. «Темірләң», ягни Ақсақ Темір, қалай болғанда да, осы әңімелердің бір шетінде шындық жатқаны ақиқат.

Сталиннің Ақсақ Темір әруағын мазалауы. Ақсақ Темір әруағының қарғысы. 1941-1945 ж.ж. 2-ші дүниежүзілік соғыстың басталуы

 

Әруақ өзіне қастандық жасаған адамнан өшін алып, оны жазалуға дейін бара алады. Әруақтың өзіне керекті істерді адамға жасату үшін қандай әрекеттерге баратынын төменгі мысалдан көре аламыз.

 

1941 жылдың наурызында екінші дүниежілік соғыстың жалыны Кеңес үкіметінің батыс шекарасына жақындап қалады. Барлық зауыттар, өндіріс орындары соғыс өндірісіне айналды. Бүкіл орталық газеттер, радио мен жарнамаларда жан-жақтан қоршаған жаулардан Социалистік Отанды қорғау керек, елімізге еңіреп тұрған ерлер қажет деген ұран айқайлап тұрды.

 

Сталиннің тікелей басшылығымен өткен ғасырлардағы тарихта аты қалған ұлы адамдардың тізімі жасалып, «Жизнь замечательных людей» атты кітаптар сериясы басыла бастады, ол тізімге керемет адамдардың қайсысын кіргізу керектігін Сталиннің өзі шешетін.

 

Солардың бірі 1937 жылы тізімге енген, өзі пір тұтатын, өзінің Сталин деген фамилиясын осыған орай алған (Сталь – қазақша мағынасы болат темір. Сталиннің өзі де бір аяғының башпайлары алтау болғандықтан сылтып басатын) , оң аяғынан сылтып басып жүрген, дүниені дүр сілкіндірген жаһангер, атақты қолбасшы, Әмір Темір (1333-1405жж.) еді. Ол 26 жасында шайқаста аяғынан жараланып – «Ақсақ Темір» аталады. Иран, Үндістан, Кавказ еліне жорық жасаған. Жорықтарында мұсылман қағидасына қарама-қайшы болатын, әруақтармен тіл табыса алатын әулие сопыларын, көріпкелдерін бірге алып жүретін, сопылары шайқас алдында дұға оқып, жаудың бетін қайтаратын.

 

1391 жылы Алтын Орда  ханы Тоқтамыспен шайқасар алдында сопы жаудың алдына «Жау қашты», – деп ұсақ тастарды лақтырып еді, шайқас басталып, аяғында Темір әскерінен күшті және саны жағынан көп болған Тоқтамыс әскері әруақтардың әсерінен қашып, жеңіліс табады.

 

1405 жылы 18 ақпан айында Ақсақ Темір 72 жасында Қытайға жорыққа бара жатып жолда Отырар қаласында қайтыс болған. Самарқанд қаласында өзінің немересіне салған Гүр-Әмір мазарында жерленген.

 

1941 жылы Сталин Самарқандқа Темір ұрпағына көрме ашу мақсатымен арнайы экспедиция жұмсайды, ол экспедиция жаз басталысымен жұмысқа кірісу керек деген бұйрық береді. Экспедицияның міндеті Әмір Темірдің сүйегін тауып, оның Ақсақ Темірдің сүйегі екенін дәлелдеп, бас сүйегінің бедерінен бейнесін көрсету болды.

 

1941 жылы мамыр айының соңына таман Самарқандта экспедиция жұмысын бастау үшін бәрі де әзір болды. Экспедицияның төрағасы болып, академик Қарниязов сайланды. Мазардағы тас плиталардағы жазу мен өрнектерді оқу үшін әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым Мәскеуден Александр Семенов, бас сүйек арқылы адамның бейнесін қалпына келтірудің ерекше әдісінің авторы, антрополог Михаил Герасимов өзінің көмекшілерімен бірге Ленинградтан шақырылды. Көне аңыздар мен ертегілерді жинақтаушы, Тәжікстаннан келген жазушы Сариддин Айни де экспедицияға қатысты, ол Әмір Темір туралы роман жазуды армандап жүрген болатын.

 

Сондай-ақ экспедицияға арнайы кинохроника түсіру үшін операторлар да бөлінді. Экспедицияның барлық кезеңдерін түгел таспаға түсіру үшін келген үш оператордың бірі жас кинодокументалист Мәлік Каюмов болатын.

 

1941 жылғы маусым айына дейін Әмір Темірдің нақтылы қай жерде жерленгенін ешкім білген жоқ. Гүр-Әмірдің парсы тілінен аударған мағынасы – патша зираты. Көне жазулардың айтуы бойынша осы жерде Ақсақ Темірдің туған-туысқандары: ұлдары, немерелері, шөберелері жерленген.

 

Белгілі шығыстанушы академик Массон 1925 жылы Гүр-Әмір мазары тылсым сәуле жарығымен нұрланып тұратынын айтып, қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат, қаржы сұраған. Бірақ та жас Кеңес үкіметінде зират қазудан да маңызды істер жетерлік болатын. Мазардың құпия тылсымы туралы сөздер халық арасында кеңінен тараған еді.

 

Сталиннің тікелей нұсқауымен зерттеу жұмысы 16 жылдан кейін 1941 жылдың 1-маусымында басталды. Жоспар жасалды: Герасимов Гүр-Әмір мазарынан бастау керектігін және осы зиратта Әмір Темірдің үш ұрпағы жатқанына баса назар аударды. Осылардың ішінде Ақсақ Темір мүрдесі бар ма және де туыстардың өзара ұқсас белгілері бар ма екен деген сұраққа жауап беріп, ғылыми түрде дәлелдеу қажет болды.

 

2-ші маусым күні таңғы сағат 8-де Шаһрухтың бейітін ашудан жұмыс басталып кетті. Шаһрухтың мүрдесі нашар сақталыпты, Герасимов Шаһрухтың бас сүйегін және омыртқасының бір бөлігін ерекше ыждағаттылықпен алды. Қалған сүйектерін мұқият өлшеп, жазып, сызып, бөлек жәшікке салды. Бұған 3 күн уақыт кетті.

 

5-ші  маусым күні Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің зиратын ашты. Ұлықбек Мырза-Мұхаммед астроном, суретші, математик болған. Ұлықбек салған аспан әлемін зерттеуге арналған обсерваторияның биіктігі қазіргі замандағы он қабатты үйдің биіктігімен бірдей болатын. Қазіргі заманда бізге жеткені жер астындағы орасан зор доға, осы аспаптың көмегімен Ұлықбек мыңдаған жұлдыздардың орналасқан аумағын (координаттарын) есептеп анықтаған.

 

Қазіргі заманғы астрономдар өздерінің ашқан жұлдыздарының орналасқан аумағын Ұлықбектің есебімен салыстырады. Ұлықбек күндіз-түні обсерваториядан шықпайтын, ол ғылымды бірінші орынға қойған болатын, сол себепті ислам қағидаларын толық ұстанбаған. Ислам дін басылары ғалым Ұлықбекті сиқыршы, бақсы, көріпкел деп айыптап, басын шаптыртқызған. Герасимов көрді ашқанда Ұлықбектің шабылған басы денесінен бөлек жатқанын көреді, басының шабылғанын қылыш табының ізі дәйектеп береді. Зерттеушілердің бұл мүрденің Ұлықбек екеніне күмәндары болмады. Ұлықбектің мүрдесімен екі жұма бойы жұмыс істеді, киноға, фотоға түсірді, мүрде жақсы сақталған екен.

 

Гүр-Әмірдегі мүрделерді салыстыру үшін арнайы тізім, кестелер жасалды да, барлық мәліметтер күнделік дәптерге мұқият жазылып отырды, Герасимов Мәскеуге материалдарды жіберу үшін арнайы жәшіктерді дайындады. Мөлшермен Ақсақ Темір мүрдесі жатқан табыт ашылуының уақыты таяды. Экспедиция басталысымен Семенов үшінші табыттың бетіндегі мүрдені және әруақты қорлаудан сақтау үшін көне араб әрпімен жазылған киелі мөр басылған жазуларды оқи бастады, 17-ші маусымда тарихшы Семенов табыт бетіндегі киелі мөр басылған құпия жазудың мағынасын толықтай аударып бітеді.

 

Табыт бетінде Темірдің 16 есімі және Құран аяттары жазылған екен. Жазбада былай делініпті: «Біз бәріміз де о дүниелікпіз, біз де кетеміз. Бізге дейін де ұлы адамдар болған, бізден кейін де бола береді. Егер де кімде-кім дандайсып, көкірек керсе немесе ата-баба әруағының мазасын алса, онда олар ең ауыр жазаға ұшырасын! ».

 

Соңғы «Жазаға ұшырасын! » деген ескерту сөйлемі қатысушылардың зәресін алды. Араларынан кейбіреулері жұмысты тоқтатайық деп қорқынышпен ұсыныс жасады, бірақ жұмысты тоқтату мүмкін емес еді, себебі бұл зерттеудің барысын бүкіл әлем бақылап отырды, дүниежүзі газеттеріне жарияланды және де Иосиф Виссарионовичтің тікелей нұсқауы болатын. Бұл жұмысқа жергілікті ақсақалдар қарсы болды, олар әруақтардың киесі атады деп ескертті, бірақ олардың сөздеріне мән берген адам болған жоқ.

 

Ақсақ Темір табытын ашатын күн де келді, 21 маусым күні таңғы сағат 7-де барлық қатысушылар жиналып, жұмыс басталды. Ә, дегеннен жұмыс жүрмеді, жарты сағаттан кейін тас плитаны көтеретін нде танАқсақ Темір әруағының Сталинді Жазалауы. 1941-45 ж.ж. Соғыстың басталуы

 

 

Сталиннің Ақсақ Темір әруағын мазалауы. Ақсақ Темір әруағының қарғысы. 1941-1945 ж.ж. 2-ші дүниежүзілік соғыстың басталуы

 

 

Әруақ өзіне қастандық жасаған адамнан өшін алып, оны жазалуға дейін бара алады. Әруақтың өзіне керекті істерді адамға жасату үшін қандай әрекеттерге баратынын төменгі мысалдан көре аламыз.

 

1941 жылдың наурызында екінші дүниежілік соғыстың жалыны Кеңес үкіметінің батыс шекарасына жақындап қалады. Барлық зауыттар, өндіріс орындары соғыс өндірісіне айналды. Бүкіл орталық газеттер, радио мен жарнамаларда жан-жақтан қоршаған жаулардан Социалистік Отанды қорғау керек, елімізге еңіреп тұрған ерлер қажет деген ұран айқайлап тұрды.

 

Сталиннің тікелей басшылығымен өткен ғасырлардағы тарихта аты қалған ұлы адамдардың тізімі жасалып, «Жизнь замечательных людей» атты кітаптар сериясы басыла бастады, ол тізімге керемет адамдардың қайсысын кіргізу керектігін Сталиннің өзі шешетін.

Информация о работе Әмір темір