Рефераты по литературе

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру

01 Июля 2013, реферат

Осы бірлікті оқу процесінде жүзеге асырудың ең ұтымды, ең тиімді жолы – тіл сабақтарында көркем мәтіндермен кешенді жұмыс жүргізу. Тілдік қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта қалыптастыру екендігі негізделген жаңа білім жүйесінде осы оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық сипаттары айқын көрсетілген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген басты тенденциялармен сабақтасатын соны бағыт – ана тілін мәтін арқылы меңгерту. Әдіскер – ғалымдар мәтін арқылы оқытудың артықшылықтары ретінде білімді күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын төмендегідей мәселелерді атайды.

Қазақ тілін оқыту

13 Ноября 2013, реферат

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Қазақ тілінің қазіргі жағдайы

25 Февраля 2015, реферат

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.

Қазақ тіліндегі семантикалық валенттіліктің қалыптасуы

18 Сентября 2013, доклад

Халықтың тілі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бірақ бұл тілдің түбегейлі өзгеріп кетуіне немесе жойылуына әкеп соқпайды. Тек әр кезеңде тілдегі кей сөздердің қолданыс аясы тарылып немесе белсенді түрде қолданылып, сөздік қорға өзгерістер енгізіп отырады. Тіл жүйесінде бұдан өзге де түрлі құбылыстардың жүзеге асуы мүмкін. Соның негізінде тіл ғылымында, өз кезегінде, сырын ашуды талап ететін мәселелелер де пайда болады. Сондай мәселелердің бірі – қазақ тіліндегі сөз семантикасы мен сөздердің семантикалық валенттілігі. Қазақ тіл білімінде валенттілік, оның тілдік болмысы жекелеген ғылыми зерттеулерде түрлі тілдік құбылыстарға қатысты қарастырылғанымен, әзірге жан-жақты зерттеу нысанына алынбай жүргендігі белгілі. Дегенмен валенттілік құбылысы, оның тіл жүйесіндегі сипаты Еуропа тіл білімінде, оның ішінде неміс, француз тілдерінде елеулі түрде зерттелген.

Қазақ хандығының құрылуы

20 Апреля 2013, реферат

Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады.

Қазақ әдебиеті тарихының

22 Мая 2013, доклад

"Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томы кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті дамуының үшінші кезеңін (1956-1980) қамтиды. Бұл кітап 7,8-томдарда қарастырылған әдеби қозғалысты ғылыми жинақтаудың жалғасы болып табылады. Кеңес әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің басты ерекшелігі - жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы. Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби процестің ұлғаюы негізінде әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының барлық түрі тең дамып, олардың тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша күшпен толыққан ұлт әдебиетінде талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен әдебиетті байытты.

Қазақтың қайталанбас ақыны - Мағжан Жұмабаев

06 Декабря 2015, реферат

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті.

Қалмақан халық жүрегінде

07 Апреля 2013, статья

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі, халқымыздың рухани мәдениетін жаңа сапалы биікке көтеруге мол үлес қосып, артына елеулі қазына қалдырған қаламгер Қалмақан Әбдіқадыров әдебиетке өмірінің қырық жылдай уақытын арнады. Оның шығармашылық тағдыры ұлттық мәдениетіміздің алдыңғы буын өкілдерінің тағдырымен ұқсас. Өйткені олар ең алдымен халықтың ауыз әдебиетінен сусындап көңіл көкжиегін кеңейткен еді.

Қасым Аманжолов

01 Ноября 2013, доклад

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген.1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдағаннан соң Оралдаға педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып "Леніншіл жас" газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Лениградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп, "Екпенді құрылыс" газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді

Үздіксіз білім беруде оқу –тәрбие үдерісін технологияландыру

07 Апреля 2014, реферат

Бүгінгі Қазақстан – жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту ісі жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Уақыт талабына сай мектептің дамуы инновациялық үрдістерді енгізумен анықталады. Тиімсіз оқыту әдістерін жаңа тиімді әдістермен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын артыруға болады. Қалай болғанда да заман ағымына ілесу - ұлы мұрат.

Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары

24 Ноября 2015, реферат

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді.

Ә.Кекілбаев шығармашылығы

02 Января 2014, реферат

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

Әбіш Кекілбаев

30 Марта 2014, реферат

Ә.Кекілбаев тарихи қал-жағдайды емес, олардың себеп-салдарын, адамның жан дүниесі мен психологиясына әсер ететінін көрсетуге айырықша назар аударады.
Жазушы үшін маңыздысы — тізбектелген оқиғалар емес, ата-бабаларының не көксеп, не аңсағаны, нені қадір-қасиет тұтып, қастерлегені.

Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

18 Февраля 2013, реферат

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

21 Февраля 2015, курсовая работа

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері

10 Декабря 2013, реферат

1.Образ және көркем образ.
2.Көркем образдың жасалу жолдары.
3. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері

Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқытудың әдістемелік ерекшелігі

05 Мая 2013, реферат

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961)

16 Февраля 2014, реферат

Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік - Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты басқа да белгілі әдебиет және мәдениет қайраткерлерімен танысады.

“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы

04 Мая 2014, реферат

А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады («Айқап», 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды.
Қазақ жазуының орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз болды. Оның қажеттігі мен рөлі ғана дәлелденіп қойған жоқ, алғашқы ережелері іспеттес тәртіп жүйесін ұсынды. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы болған «Қазақ» газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле мәселесіне келгенде, «Айқап» пен «Қазақ» газеттері қарама-қарсы екі түрлі бағытта болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ», әрине, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады.