Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 12:39, реферат

Краткое описание

1.Образ және көркем образ.
2.Көркем образдың жасалу жолдары.
3. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мамандандыру лекциялар.docx

— 47.31 Кб (Скачать документ)

ТАҚЫРЫБЫ : Әдебиеттегі  көркем образ және образдылық мәселелері  
 
Жоспары : 
 
1.Образ және көркем образ. 
 
2.Көркем образдың жасалу жолдары. 
 
3. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері 
 
 
Мәселен образ деген не? 
 
Образ – бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.  
 
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал - әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.  
 
Образдың екі мәні бар : тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, “Шығыс алауланып келеді” деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл – тар көлеммен – ақ жасалған образ.  
 
Образдың кең мағынасы деп., әдебиеттің, қала берді, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз. Демен, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны образ жүйесімен бейнелейді. Демен, әдебиеттер көркемдік образдар жүйесі арқылы ғана өмір таниды.  
 
Чернышевский әдебиетті “өмір оқулығы”, Горький, “адам тану ғылымы” деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені – ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да – содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе – адам образы, дңегенді анықтай т үседі.  
 
Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. – барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы кошті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.  
 
Адамның образы қалай және неден жасалады? 
 
Адамның образы харектерден тұрады, характер - әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер – образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді.  
 
Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің пікірін тыңдалық.  
 
Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Біз оны әлі түсінбегенісп келеміз.  
 
Ал “характер” дегеніміз – бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бығыты тек әрекетпен ғана айқындалады.  
 
“Кейіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс” “Ұлы характердің абыройы – олар “кінәлі” болады” (Лаврецкий).  
 
“Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демен, характер әрекеттен шығады да, соның дмауымен өседі. “Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы таңдандырып тұратын құбылыс шығады” (Гете).  
 
Бұл не деген сөз? Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. “Характер дегініміз – жетілдіре тәрбиелеген ырық” (Р. Эмерсен).  
 
Характер қай уақытта дараланады? 
 
Ол өзінгші бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек Тагіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалаған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі – бір, “содан көшіреді” деген кінәдан тазаланбайды.  
 
Сөйтіп, “нағыз образ” деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда, “Жан – жақты жетілген образ” дейді.  
 
 
Әдебиеттер: 

  1.  
    Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.23-42 б.
  2.  
    Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 45—69 б.
  3.  
    Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
  4.  
    Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.35-59 б.
  5.  
    Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

 
 
9- ЛЕКЦИЯ.  
 
 
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем шығарма.  
 
Жоспары : 
 
1.Мазмұн туралы ұғым. 
 
2.Көркемдік түр.  
 
3.Көркемдік деталь. 
 
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.  
 
“Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнала емес, - дейді Гете, - жалпы кітіп най ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр”.  
 
Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркемшығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана – көркем шығарма. Ал мұндай “ақылды, жақсы шығармлар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала – жансар кітаптар шаш етектен” (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысынан тануға, бағалауға, “көбіктен толқынды” дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.  
 
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.  
 
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.  
 
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір – бірінен айрылмас байланыста, бірлікте ; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.  
 
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні ; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.  
 
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны ; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.  
 
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанджа ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Жалғыз – ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішінні мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.  
 
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.  
 
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не ? 
 
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана – шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмңр де, пішін – осы шындық тұтатырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармендар өмірі екенін түсіну қиын емес.  
 
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай бболып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.  
 
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді : шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қанынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.  
 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-52 б. 
 
2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 92—135 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.83-91 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996. 
 
 
10- ЛЕКЦИЯ.  
 
 
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі. 
 
Жоспары : 
 
1.Мазмұн мен пішін бірлігі. 
 
2.Тақырып пен идея. 
 
3.Идеяның түрлері. 
 
 
Әдеби шығарма туралы әңгімен тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.  
 
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал “тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде ; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып ала шығы біл”. Демек, тақырып табу – бір күннің не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады.  
 
Сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, жазушының шындық бомыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік.  
 
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді ; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі “Әдебиетші – таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді”.  
 
Осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.  
 
Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге айдарса, қайда бағыттаса, сол – идея ! 
 
Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес.  
 
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай – ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.  
 
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Бұл жайтты байыптап қарасақ, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы з бетімен жеке – жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайтынын, қайта өзі солардан тұтасып құралатынын, керісінше, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейтінін, қайта толықтыратынын аңғару қиын емес. Әрбір көркем шығарманың жалпы “өнер туындысында азаматтық правосы бар өзекті мәселесі” (Короленко) – негізгі идеясы, міне, осылай қалыптасады.  
 
Тенденция – орасан мәндес нәрсе. Тенденция – шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип Бұлар жоқ жерде пафос жоқ, ал пафоссыз шығарма – отсыз, жалынсыз нәрсе. Өмірдегі опасыздық жайлы жазғанда Гоголь оны әрқашан өзіне “нағыз жан түршігер зәбір берген қас дұшпан кейпінде суреттеуге бар күшін салған”. Суреткер табиғатындағы бұл секілді мызғымас, мықты тенденцияны Бальзак бас ұра қадірлеп, “жазушыны жазушы ететін қастерлі нәрсе – принципке жан – тәнімен берілу” деп білген. Ал Белинский болса “поэтикалық идея - силлогизм де, догмат та, ереже де емес, жанды құштарлық, жалынды пафос” екенін ашып айтқан.  
 
Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі ; обьективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойыдағыдай жиақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға обьективтік идея керағар кеп, қарама – қарсы шығуы да мүмкін.  
 
Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны. Ал әдеби шығарма мазмұнды болуы үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болу қажет. Көркем творчество суреткердің өмір тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс. Ол үшін қаламгер өмірмен қоян – қолтық араласып, жиі – жиі сапарға шығып, халықтың қалың ортасына сіңіп кетуге тиіс.  
 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-72 б. 
 
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 80—95 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-79 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996. 
 
 
11- ЛЕКЦИЯ.  
 
ТАҚЫРЫБЫ :Көркем образдың түрлері.  
 
Жоспары : 
 
1.Образ және көркем образ. 
 
2. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері. 
 
 
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.  
 
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі : эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрге : юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ. Т.б. Осылардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.  
 
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің ақырғы тарауында арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік әдіс тұрғысын анықтағандығы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігене ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.  
 
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлеренің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның “әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры” боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр.  
 
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында ; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын – соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық – тәрбиелік мәні де, қоғамдық - өзгертушілік күші де айырықша үлкен.  
 
Көркемдік әдіс секілді, әдебиеттің тегі туралы мәселені де біз осы еңбектің үшінші бөлімінде таратып талдамақпыз. Бұл жолы, жалғыз – ақ, осынау әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан анықтағандағы образдың үш түріне, бұл үшеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.  
 
Эпикалық образ – кескін – кейпін, мінез – құлқы, іс - әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп – көп амал – тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр – түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан – жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.  
 
Лирикалық образ – сыршыл, өлең – жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан – жақты ашылған адамның сыртқы кескін – кейпі де, қым – қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс - әрекеті мен қимыл – харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез – құлқы, жан – тынысы айырықша әсем айшық табады.  
 
Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас – басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемілік туралы ілімде бірнеше (комедия және трагедия, геройка және фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама – қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны ; геройка аса бір асыл, аяулы қасиеттерден туса, фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әрқайсысына лайық геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдың юморлық және сатиралық түрлері жасалады.  
 
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер ; юмор - өмірдегі кісі күлерлі құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әншейін жеңіл – желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.  
 
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып – сілкіейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.  
 
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқаұқсас арманында бедерленген бейне ; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.  
 
Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегідердегі адам бейнелерінің көбінде қиял – ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін куәландырса керек.  
 
Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңы, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жаңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.  
 
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.  
 
 
Әдебиеттер: 

  1.  
    Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-52 б.

 
2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш.  А. 1989. 92—135 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.83-91 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.  
 
Шаңбаев А. 1996. 
 
 
12 ЛЕКЦИЯ.  
 
 
ТАҚЫРЫБЫ : Өнердегі типтендіру процесі 
 
Жоспары :  
 
1.Өнердегі типтік мәселе. 
 
2.Тип және прототип. 
 
3.Типтік бейне ерекшелігі. 
 
 
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейі пкердің болмыс-бітіміндебір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады.  
 
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип - әрі әбден жинақталғағн, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының”бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында.  
 
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі – тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып қарасақ, ол аса - күрделі мәселе. әбден дарраланған, бүкіл ішкі -тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбайда – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен кіллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеууметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы.  
 
Типтік образ жасаудың осы шарттары, түптеп келгенде, көркем әдебиеттет ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшелікетерінен құралады да , тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік – тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай иен Дәркембай солай жасалған.  
 
Демек, тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанымен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бедерлі бейнелері деп білген жөн. 
 
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.  
 
Демек, типтендіру – мөлшерлі “сфераға” енетін өлшеулі “формулаға” көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдщеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмрдегі жанды дерегіне арап бағалайды.  
 
Ол – ол ма, әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңгі жоқ, бүгіннің өзінде тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер алынуы мүмкін.  
 
“Образ” – деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші көркем сөз мағанасында, екінші – адам образы - тип мағанасында.  
 
Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп. те айтамыз.  
 
Екінші “адам образы”- тип мағанасында қолданамыз. Бұрын образ деп. ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды.  
 
Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қана қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен орнтасы дәл келетін көп адамдарға тән іс әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең коректі, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп, көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне, адам образы – тип деп. осыны айтамыз. 
 
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материялды жинақтаудан әдеби тұлған ы даралауға дейін барады.  
 
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.  
 
Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шынндығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал “образ –эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалғанадам өмірінің әсем суреті”. Образ жасау – тек таланттыға тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы - тип” дейді Белинский.  
 
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі “инемен құдық қазғандай” қиын әрекет. Суреткерлік, шеберлік те осы әрекет үстінде көрінбек.  
 
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы “қисын”емес, тірі мүсін – прототип.  
 
Ә р жазушының творчестволық лабараториясын зерттеген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау, яки әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді. М. Әуезов эпопеясының әр типінің өмірде моделі – прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, Сәкені – Сәкеннен туды. Ғ . Мүсіреповтың Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал Х. Есенжановтың трилогиясындағы типтер ше? Бәрінің негізінде прототип жатыр. Задында, прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің, шындықты шынайылаудың құралы секілді.  
 
Дәл осы себептен болуға тиіс, қылқалам шеберлері мен сөз зергерлерінің бірқатары өздері өнерде жасамақ болған типтерге өмірден әдейі прототипін іздеген. Мәселен, Леонардо до Винчи Иуданың прототипін іздеп, Флоренцияның түкпір-түкпірін түгел тінтіп шыққан. Федотовтың “Майор құдалығына”, Репиннің “Бурлактарына” прототиптер іздеуі де осыған ұқсас. Ибсен суретшіге қандай керек болса, драматурга да сондай керек екенін айтқан. Лесков көркем шығарма жазбас бұрын өзінің әрқашан “жан дүниесімен көз тартып, көңіл ұйытар тірі кісілер” іздеп жұретінін мойындаған. 
 
Мұндай әрекет реализмге дейін шынында да сирек ұшырасады: классицизм мен романтизм өкілдері прототипті көп пайдалана қоймаған. Типтің түп нұсқасын протиптен табу – шыншыл суреткерге тән мінез. Бұл ретте, Грибоедовтың “Ақылдан қайғысындағы” шыншылдық сыры тіпті қызық: комедияға типтер галереясынан Мәскеудің әр ақсүйегі өзін тауып ала берген. Чеховтың “Желіккен жеңгейіндегі” прототипке негізделген типтің нан ымдылығы мен шынайылылығы автордв әжептеуір дауға қалдырулы: “Сіз мынадай қызық көрдіңіз бе, - деп жазды Чехов 1892 жылы Авиловаға, - мен білетін бір 42 жастағы әйел “Желіккен жеңгей дегі” ”  
 
 
Әдебиеттер: 

  1.  
    Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.43-52 б.

 
2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш.  А. 1989. 92—135 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.83-91 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.  
 
Шаңбаев А. 1996. 
 
 
13 ЛЕКЦИЯ.  
 
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем шығарманың құрылысы. 
 
Жоспары :  
 
1.Көркем шығарманың құрылысы. 
 
2.Тартыс, конфликт. 
 
3.Сюжеттен тыс элементтер. 
 
 
Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беру де шеуші роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетн образы – типі – ұнамды ұнамды образдардың рух бкрерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың Жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлк трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғизаңдылықпен мүлтксіз шебер қиюласуы - композийияның ісі.  
 
Егер ол болмаса, бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әлдемі пейзаж, портрет тер де, үздік жасалғант әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді.  
 
Көркем шығармалардың құрылысы тек түрге ғана байланысты емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе. Шығармаларда суреттелетін оқиғалар, олардың бөлшектерін, адамдардың іс-амалдарын жігін таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты бхолса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмірге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл – тек сюжетті шығармаларға ғана емес, сюжетсіз лирикалық өлеңдерге тән қасиет. Лирикалық өлеңдердің әр алуан түрлері мазмұнның керек етуінен туады.  
 
Өмірдегі шындықты шынайы әдеби шығармаға айналдыру, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық – көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан, бір таң қаларлық нәрсе, осыларды әркім ір күйге түсіреді : сюжетті біреулер оқиға, бірулер құбылысқа, бірулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер жүйеге, бірулер архитектоникаға, біреулер конструкцияға сайып жатады. Сөз жоқ, бұлардың қайсыбірінде сюжеттік, қайсыбірінде композициялық сипаттар бар екені рас, бірақ осылардыі бірінен соң бірін туындатып, ой мен ұғымды осынша қиындатудың қажеті қанша ? 
 
Айталық, фабула! Мұның не нәрсе екені баяғы Аристотель заманынан бері жұрттың бәріне мәлім : бұл (латынша fibula - әңгімелеу, баяндау, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу, мазмұндау.  
 
Композиция (латынша composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе : ол - әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.  
 
Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, жазушы, ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу.  
 
Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, таныстыруларды пролог деп атайды. Мысал үшін, А. С. Пушкиннің “Мыс салт аттысы”, “Кавказ тұтқыны”, С. Мұқановтың “Сұлушашы” т. б. поэмалардың прологтарын атауға болады.  
 
С. Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасы қазақтың ескі өмірін, ескі дәуірдегі әлеуметтік теңсіздікті, сүйегіне қолы жетпеген жастардың бастарында болған қайғылы халдерді суреттеуге арналады.  
 
Пролог негізінде қысқс жазылады. Бірақ кейде едәуір ұзақ та болуы мүмкін. Ол автордың айтайын деген ой-пікірлерімен байланысты. 
 
Шығармада суреттелінген оқиғалар әбден әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қортынды сөзін эпилог дейді. Пролог тәрізді эпилогтың да шығарманың құрылысымен тікелей байланысы жоқ. Роман, әңгіме, поэмаларда суреттелген адамдардың бірнеше жылдар өткеннен кейінгі тіршілік іс-әрекеттерінен ақпар береді. Кім қайда, не істеп жүр деген сұрақтарға жауап ретінде, автор олардың қазіргі жайларын баяндайды.  
 
Эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысты болмаса да, идеясы жағынган байланысты. Егер пролог та шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларды дұрыс ұғынуға бағыт сілтесе, эпилогта сол көркем шығармадағы автордың образ арқылы айтайын деген ой-пікірлерінің дұрыстығы дәлелденеді. Мысалы үшін С. Көбеевтың “Қалың мал”, Тургеневтың “Әкелер мен балалар” атты романдарындағы эпилогтарды алуға болады.  
 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б. 
 
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-92 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996. 
 
 
14 ЛЕКЦИЯ.  
 
 
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері 
 
Жоспары :  

  1.  
    Портреттік тәсіл және оның түрлері. 
  2.  
    Психологиялық портрет сыры. 
  3.  
    Әдеби мінездеудің түрлері. 

 
(тура және жанама  мінездеу.) 

  1.  
    Кейіпкер тілі.

 
Образдардың жасалу жолдары әр алуан: портрет, мінездеу, адамның күініш-сүйініштері  суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу. Бұлар бір-бірімен  нық байланысты. Шығармалардың құрылысында  бірі ол жерде, бірі бұл жерде, келсе  де, жиынтығында кейіпкерлердің 
 
Бейнесін айқындап, олармен ерекше көзге түсерлік образ – тип – дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.  
 
Портрет – қатысушылардың кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын суреттеу. Мысалы, М. Әуезовтың «Шатқалаң»деген әңгімесінде Айшаның келбеті былай суреттеледі:  
 
«Айша ақырын күліп қояды. Бэұл орта бойлы толық етті, жұмыр, тұтас бітокен қайратты әйел еді. Денесі - жұмысқа піскен сом дене. Бұл пішіні де ерекшелеу келген, кесектеу пішілген қалпымен айрықша саналы, өзінше сұлу біткен пішін. Ақшыл сұрғылт бетінде күнге күйгендіктен араласқан жұқалау қызғылт бар. Әдемі қара көздері мейірімді, ойлы көз сияқты. Әсіресе биіктеу келген, түзу біткен мұрны мұның дөңгелек жүзіне жарастығын, келісімін толықтырып тұрған тәрізді.» 
 
Осы үзіндінің өзінен-ақ Айшаның қандай адам екенін, оны автор қай жағынан алып көқрсеткен екені мәлім. Айшаның сыртқы суретінің өзінен-ақ өте мейірімді, саналы, қарауға да көрікті жәнееңбекке шыныққан, қолынан іс келетін адам екендігікөрініп қалады. Жазушы Айшаның портретін бергенде оқушылары оны ұнатқандай, оған сүйсінгендей етіп суреттеген.  
 
Жазушы қаһарманның портретін кейде кең түрде бір жерде тоқтап суреттейді, кейде қаһарманның амалын, басында болған күйініш-сүйінішін жазып отырып біртіндеп, портреттің әр бөлшегін әр жердекөрсету әдісімен жасайды. Портрет (франсузша - portrait) деген термин әдебиеттегі портретті салыстыруды керек етеді. Шынында, әдебиетте адамның не басқа нәрсенің келбетіне икең тоқталып, суретін бұлжытпай қойған портреттер көп. Бірақ әдебиеттегі портрет пен живописьтегі портреттің үлкен айырмасы бар. (Живописьтегі портрет қимылсыз, қозғалыссыз, ал жазушы адамды қимыл, қозғалыста етіп суреттейді(ол қаһарманның жүріс-тұрысын, дауысын және қалай сөйлейтінін де суреттейді.). 
 
Жазушы адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады. Живописьтің портрет жасаудағы құралы басқаша.  
 
Әдеби образдың түрлі адамға айналу процесі – адам айтып түгесе алмас ұзақ әңгіме.  
 
Мінез адамның ішкі бітімі болғанда, тип сом тұлғасы екені мәлім. Осылардың нақтылану сырының нақтылану тәсілдері бар.  
 
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.  
 
Тек мінез жағына ғана назар аударатын болсақ, осының өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Бірі – тура мінездеу. Мысалы, Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен терде» Ақбаланың әкесін, яки Еламанның қайын атасын былай мінездейді: «Сүйеу – ел ішінде сыйымсыз,тік бақай, тентек шал. Өз үйінде де жыландай ысқырып отыратын болғасын қатын балалары оның қай жағынан шығып қаларын білмей, қыпылдасып болатын. Бір ғажабы, осы қытымыр, қатал шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын балықшы деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы кеөріп, әлде шынымен жек көріп, кекетіп отырғанын айыру қиын.» Сұйеудің осы мінез құлқы трилогияның өн бойында жқалып қояды. 
 
Тағы бір тәсіл - жанама мінездеу. Мұнда әлгідей төтеден сипаттау болмайды, жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның  
 
Қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.  
 
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу арқылы ғана жасалмайды, типті тұлғалауға қажетті өзге тәсілдер де түгел осы мақсатта қызмет атқарып жатады. Адамның әлде бір күйініш-сүйінішін немесе кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу… - осылардың бәрі, әдебиеттегі дамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек. 
 
Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің тілі монолог және диалог түрінде кезщдеседі. Монолог - бір адамның сөзі. 
 
Шығармаларда қатысушы бірнеуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді монолог дейміз.  
 
Диалог – екі не бірнеше адамдардың кезектесіп ссөйлесулері.  
 
Диалог драмалық шығармалардың негізгі құралы. Драмалық шығармалар монолог пен диалогтан құралады. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б. 
 
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-92 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996. 
 
 
15 ЛЕКЦИЯ.  
 
ТАҚЫРЫБЫ : Композиция және сюжет. 
 
Жоспары :  
 
1.Көркем шығармадағы сюжет. 
 
2.Композиция, оның ерекшелігі. 
 
3.Сюжеттің түрлері. 
 
4.Композициялық бүтіндік мәселесі. 
 
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты : сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі кшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет – сюжет болу үшін оның барлық кезең – кезеңі түп – түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік.  
 
Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірліген түсіне тұра олардың бір – бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.  
 
Қандай өзгешелік ? 
 
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.  
 
Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық : 
 
Өзіңдей ұяңсың сен ар – ұяттың 
 
Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.  
 
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,  
 
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.  
 
Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,  
 
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып: 
 
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,  
 
Жазылып жүрегіме автогрф.  
 
(С. Мауленов).  
 
Шабытты жыр, сұлу сыр!.... Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай!.... Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйіне, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. Тек осындай ішкі әсемдіктен ғана мынадай саф таза сезім, шабыт пен сырға толы жыр туады. Содан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар : өзі өлеңге айналдырып отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар – ұятқа, болмыс – бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан сезімді кеудеде лапылдаған жалынға теңеуі өзіңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гармония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет – ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Артық кеткен, шашау шыққан ештеңе жоқ. Өлең жұп – жұмыр. Осының бәрі – ұтымды тұтасқан композицияның әсері.  
 
Бұл айтып отырғанымыз, чғни композицияның барлық шығармаларда түгел болатыны – оның сюжеттен бір өзгешелігі десек, екіншіден, композицииия сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.  
 
Сюжеттің басталуы (латынша exspositio – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті ; мұнда әдеби қаһармандар өзара өарым – қатынасқа көшпес бұрынғы хал – жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады.  
 
Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттің басы ; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.  
 
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым – қатынасынан, қимыл - әрекетінен туған түрліше жағдайларда (французша situs), шиелістерге (латынша intrigart) байланысты. Шығарманың фабуласы да бірінен – бірі туатын әр алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық оқиға да жоқ. Ал шебер өрбіп, өріле өрістеп бара жатқан сюжет оқырманды да қызықтыра тартып, үйіріп, жетелеп отырады.  
 
Шарықтау шегі (латынша calmen - шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы ; адамдар арасындағы қимыл - әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері ; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Бұл тұста образдар да айырықша анық танылып, адам мінездері жан – жақты ашылады. Шығарма сюжетін күллі кезең – кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.  
 
Шешім (орысша развяска) – шығарма сюжетінің де шешуіші кезеңдерінің бірі ; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі”; адамдар арасындағы қарама – қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі ; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже ; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал – күйі ; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.  
 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б. 
 
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б. 
 
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 
 
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-92 б. 
 
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

Информация о работе Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері