Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат

Краткое описание

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дандай Ыскак енбеги.docx

— 114.94 Кб (Скачать документ)

Табиғат пен қоғамның ортақ заңдылықтарын ашуға көмектесетін жалпыға ортақ философиялық әдіснама бар да,  жекелеген ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ғана қолданылатын ұстанымдар мен тәсілдердің жиынтығынан тұратын әдіснама тағы бар екен. Бұлардың арақатынасын жалпының жекеге, немесе жекенің жалпыға қарым-қатынасы түрінде де түсінуге болады.

Әдебиетті зерттеу  барысында басшылыққа алынып отыратын негізгі қағидаларды, идеяларды  ұстанымдар (принциптер) дейміз. Әдеби  зерттеу ұстанымдары ғылыми ізденістердің  жүрер бағытын, таным процесінде қолданылар әдіс-амалдарды алдын-ала  анықтап, оның нәтижелі болуын алдын-ала  қамтамасыз етіп отырады.

Зерттеу ұстанымдары  да көркем әдебиеттің, оның ғылымының  дамуымен бірге өсіп, жетіліп отырған. Әдебиеттану ғылымының тарихи кезеңдерінде әртүрлі зерттеу ұстанымдарын басшылыққа алған түлі ғылыми мектептердің болғандығы белгілі. Қазіргі қолданылып жүрген әдебиетті зерттеу ұстанымдары  ұзақ уақыттар бойғы ғылыми ізденістердің  барысында сұрыпталып, сыннан өтіп, қалыптасқан, орныққан қағидалар.

Зерттеу ұстанымы ғылыми ізденістің алдына қойған негізгі мақсатын айқындайтын – әдіснамадағы ең негізгі  мәселе. Сондықтан да зерттеу жұмыстарының жемісті болуы онда басшылыққа алынған  ғылыми ұстанымдардың орынды қолданылуына тікелей байланысты. Қандай әдістердің қолданылғандығы белгілі бір  дәрежеде зерттеу жұмыстарының сапасын  да аңғарта алады. Мұның өзі әдебиетші  ғалымнан ғылыми ұстанымдарды   толық меңгеріп, оларды қажетіне қарай оңтайлы пайдалана білуін талап етеді.

Алдына қойған мақсатын айқындайтын нақтылы ғылыми ұстанымсыз  зерттеу жұмыстарының нәтижелі болуы екіталай; барар жағы  белгісіз, жел қалай соқса, солай қарай ғана ығатын ескексіз қайық секілді. Бір істі қолға алған адамның оны қалай атқаруын қамдастыратыны секілді, зерттеуші де болашақ атқарылар жұмыстарын жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Бұған бұл ретте алдымен көмекке келетін – ғылыми ұстанымдар. Әдебиеттің тарихын зерттегенде, ғылыми ізденістердің жүрер жолын, барар бағытын сызып, шамшырақтай көрсетіп отыратын аса маңызды ұстаным-тархшылдық принципі.

Тарихшылдық табиғат пен қоғамдық ғылым салаларында зерттеу бағытын айқындаушы негізгі ұстаным болып табылады. Өйткені, табиғат пен қоғамда барлығы да бір-бірімен байланыста, даму үстінде. Оның осындай ерекшеліктерін ескермей, ғылыми шындыққа жету неғайбыл.

Кең мағынасындағы  тарихшылдық заттар мен құбылыстарды пайда болу, даму, тарихи байланыстары үстінде танып білуді мақсат етеді. Әдебиет қоғамдық құбылысқа жататындықтан  да бұл принцип әдеби зерттеулерде де аса маңызды рөл атқарады.

Зерттеліп отырған  әдебиетте белгілі бір дәуірдің қоғамдық тарихи шындығы қаншалықты көрініс тапқандығын анықтау  барысында сол кезеңге қатысты  тарихи мағлұматтар кеңінен пайдаланылады. Демек, тарихи құбылысты бейнелеген әдебиетті тарихи тұрғыдан қарастыру  – оны шынайы танып білудің  бірден бір шарты.

«Әрбір өнер туындысы өз дәуіріне, тарихи заманына, суреткердің  қоғамға қатынастарына орай қаралуы  тиіс: оның өмірін,т. б. қарастыру шығарманың жасалуын түсіндіруге қызмет етеді»             (В. Г. Белинский. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-том, М., 1948, 361-бет). А. Бушмин тарихшылдық әдеби құбылыстардың ішкі-сыртқы себеп-салдарлық байланыстарын, оның генезисін, дамуын нақтылы тарихи жағдайда талдап, ашып беру деп біледі (А. Бушмин. Методологические вопросы литературоведческих исследований. Ленинград, 1969, 123-бет).

Сонымен, тарихшылдық  өткен дәуірлерде жасалынған әдебиетке  сол кездегі тарихи факторлардың әсер-ықпалын анықтауға, сол арқылы барып, оған обьективті баға беруді қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әдебиетті зерттеудің әдіснамалық негізін құрайды. Тарихшылдық  ұстанымы бойынша, әдеби үдеріс (процесс) даму үстіндегі жанды құбылыс, қазіргі  әдебиет өткендегі әдебиеттің жалғасы, бүгінгі көрінісі ретінде қарастырылады.

Тарихшылдық принципі қатып қалған стандарт емес. Ол әдебиеттің, ғылымның дамуымен бірге жетіліп  отыратындықтан да қолданғанда, шығармашылық  шеберлікті қажет етеді. Ол әрбір зерттеушінің дүниетанымына, білім-ғылым дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан да осы ұстанымды дұрыс қолданбаудың, болмаса, қолдануға өресі жетпегендіктен де бір әдеби дәуір, не сол дәуірдің көрнекті өкілі жайлы түрліше пікірлердің болуы – жиі кездесетін жағдай. Мысалы, арыға бармай-ақ, күні кешегі кеңестік дәуірде жасаған С. Сейфуллиннің, С. Мұқановтың шығармашылықтары хақында түрліше пікірлер айтылып келеді. Әдебиет тарихынан мұндайларды көптеп келтіруге болады. Кей жағдайларда мұндай пікіралысулардың аяғы пікірталастарға, әдеби-ғылыми дау-дамайларға ұласып жатады.  Бұл жердегі басты мәселе тікелей өмірлік дүниетанымға, тарихшылдық  ұстанымын қолдану ерекшеліктеріне тікелей байланысты болса керек. Керек десеңіз, қазіргі плюрализм заманында түрліше пікірлердің болуы заңды құбылыс сияқты да көрінеді.

Бұл ұстаным зерттеушіден жан-жақты білімдарлықты, қарастырып отырған әдеби дәуірге қатысты  материалдарды толықтай игеруді  қажет етеді.  Көркем әдебиеттің даму жолдарын зерделегенде, өмірде жиі кездесетін уақытша ғана көрініс беріп, қате пікірлерге бастайтын жалған фактілердің шылауында кетпей, негізгі даму жолдарын айқындайтын типтік құбылыстарды дөп басып, сұрыптап ала білуі, солардың негізінде толымды тұжырымдар жасап, ғылыми қорытындыларға келуі  керек.

Көркем әдебиет  қоғамдық өмірдің асыл сөзбен апталып, көркем кестеленген бейнесі дейтін болсақ, сол өмір шындығы көркем шындыққа қалай айналды, қаламгер не айтпақ болды  деген сауалдарға жауап беруге бастап апаратын бірден-бір жолбасшы осы – тарихшылдық. Сондықтан да өткен замандардағы әдеби мұраларды зерттегенде, олардың идеялық, көркемдік құндылықтарын ашу  тарихшылдық ұстанымынсыз мүмкін емес деуге болады. Тіпті, ғылыми негізді әдебиет тарихын жасау тікелей осы тарихшылдық ұстанымының оңтайлы да сауатты қолданылуына тікелей байланысты дер едік.

Сонымен, әдебиет  тарихын зерттеу барысында тарихшылдық  принципін ұстанып отыру дегеніміз, әрбір әдебиет қайраткеріне, дәуірге  баға бергенде, сол дәуірдің аясында, өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып барып бағалау болмақ.  Сонда ғана әдебиет тарихының шынайы тарихын жасауға болады.

Тарихшылдық ұстанымы шындық категориясымен тікелей байланысты.  Ғылымның мақсаты – шындыққа жету болса, әдебиеттану ғылымы өмір шындығының көркем шындыққа айналу заңдылықтарын зерттеп, әдебиеттің шындығын айтуға ұмтылады.

Біз күнде әдеби  өмірде  көріп жүргеннің, болып жатқанның, оларға беріліп жатқан  бағалардың  бәрі шындық па, жалпы  өмір шындығы деген не, көркем шындық деген не, екеуінің ара қатынасы қандай деген сауалдар төңірегінде де ойланарлық мәселелер жеткілікті. Біреуді «классик қаламгер» деп мақтап, енді біреуін «халтуршик» деп, даттап жатамыз. Шындығында солай ма? Қым-қуыт, қым-қиғаш оқиғаларға толы өмірдің шыны қайсы, жалғаны қайсы екендігін анықтауға, дұрыс бағытта болуына ғалымның білім дәрежесі, өмірлік  тәжірибесі, басшылыққа алған ғылыми ұстанымы көмектеседі.

Күнделікті тіршілікте өмір шындығы деп танығанымыз  ертеңгі күні басқаша болып кетуі  мүмкін. М. Горький айтқандай, «көрінген  фактінің бәрі әлі шындық емес, ол –  әлі піспеген шындық. Оны ой қазанында  қайнатып, нағыз шындықты таза күйінде  қорытып ала білу керек. Фактіні  сыртындағы қауыздарынан тазартып, оның ішіндегі негізгі мәнін білдіретін жақтарын айырып алу  оңайға соқпайды»             (М. Горький. О литературе. М., 1953, 563-бет).

Ғылымның дамуы  абсолютті шындықты танып білу бағытында тоқтаусыз жүріп отырады. Шындыққа жету жолында оның адасуы да, шамасы жетпей жатуы да мүмкін. Өйткені,  шындықтың жолы – ауыр, «тар жол, тайғақ кешулі», қауіпті жол. Өмірде таза алтынның кездеспейтіні сияқты, «таза шындық» та сирек; «жалған шындық» пен «шын шындық» бір-бірімен жағаласып, араласып, қатар өмір сүріп жатады. Оның қайсысы қайсы екендігін ажырату қиын. Көрер көзге екеуі де бірдей. Көкірегінде көзі бар бірлі-жарымды парасатты азаматтар болмаса, бүгінгі өмір шындығымен  тіршілігін жасап жүрген адамға бұларды ажырата білу оңайға түспейді.

«Бәріне де уақыт  – сыншы» – дейді дана халық. Шындық уақытқа, сол уақыттағы саяси-әлеуметтік жағдайға тікелей тәуелді. Сол кезде  үстемдік құрып тұрған саяси құрылыс  өмір шындығын да саясиландырып, өңін айналдырып, өз мүддесіне қызмет еткізеді. Уақыт өткен сайын шындық  үстін қымтаған өз дәуірінің уақытынша қабыршықтарынан арыла түседі десек те небір тарихи дәуірлерден өтіп, бізге жетемін дегенше, сол бір аласапыран замандардың шаң-тозаңдарына тағы көміліп қалатындары да, оны аршып алудың көптеген қиындықтар туғызатыны да болады.

Шындықтың уақтылы  танылуы үшін қолайлы қоғамдық-мәдени орта керек.  Сондықтан да қайсы бір шындықтың  ашылуы үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет болып, жарыққа шығар күнін күтіп жатып қалуы да жиі кездеседі. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші жағынан тарихтың еншісіне айналған әдеби құбылыстың  шындығын танып білу процесіне зерттеуші өмір сүріп отырған дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайы, яғни өмір сүріп отырған дәуірдің қажетсінуі де да әсер етіп, бұл үдеріс созыла түсуі де  мүмкін. Десек те шындықтың ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір салтанат құратындығы хақ.

Түрлі себептерден  шындығы айтылмай келе жатқан жағдайлар  әдебиет тарихында да баршылық. Жеке бір ұлттың, не болмаса, мемлекеттің, аймақтың ыңғайына орай жазылған  «жалған тарихтар» – өкінішке орай, өмірде кездесіп тұратын фактілер.  Осы тұрғыдан келгенде, әдебиет тарихын жасау барысында ойланып шешетін біраз мәселелер бар. Бұл әсіресе ұлт-азаттық әдебиет өкілдеріне тікелей қатысты. Ұлт-азаттық бағыттағы ағым белгілі бір халықтың ұлттық тұрғыдан рухани өсіп-өркендеуіне айтарлықтай еңбек сіңірген әдебиетінің жарқын беттерінен саналса, басқалар үшін олай емес, керісінше, тіпті кейбір көрші халықтар үшін жау көрінуі де заңды. Осындай себептерден қазақ халқының азаттығын, ұлт-азаттық күрестерде ерен ерліктер жасап, керек десеңіз, өмірін қиған халық қаһармандарын жырлаған не бір ауыз әдебиетінің үлгілері, тарихи жырлар, ақын-жыраулар егеменді ел болсақ та күні бүгінге дейін өзіне лайықты бағасын ала алмай келеді. Мұндай жағдайлар басқа да кейбір ұлттық әдебиет тарихын жазу барысында да кездеседі.

Бұл айтқанымыз ұлттық әдебиеттің тарихына қатысты десек  те осы мәселе ұлыстық, болмаса әлемдік  әдебиеттің тарихын жазу барысында  қалай шешімін табуы керек  деген мәселе ойлантпай қоймайды.  Сонда арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін, барлығына да бірдей, ойынан шығатын әдебиет тарихын жасаудың ортақ жолы қайда жатыр? Біздіңше, ондай жол бар. Мұндағы басты мәселе әдіснамалық негізді, яғни «тарих» қай тұрғыда жазылуы керек дегенді шешуге келіп тіреледі. Біздің ойымызша, ұлттық әдебиеттің тарихы ұлттық мүдде тұрғысынан жазылуы керек. Өйткені ол белгілі бір ұлтқа қызмет етеді. Сол сияқты ұлыстың әдебиет тарихы ұлыстық, әлемдік әдебиеттің тарихы жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан жасалғаны жөн. Бұл жерде мәселеге кең ауқымда келіп, ұлттық әдебиеттің әлемдік әдебиеттің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылғаны лазым.

Адамзат тарихына көз  жіберсек, негізінен халықтардың  бір-бірімен тату көршілік қарым-қатынастарда өмір сүргенін көреміз. Десек те олардың  арасында түсінісбеушіліктердің де орын алып, олардың аяғы жауласуға  дейін барып отырғандығы –  тағы да шындық. Қоғамдық өмірдің көркем шежіресі әдебиетте негізінен адамдардың, халықтардың арасындағы достық, адамгершілік қасиеттері көбірек жырланып отырған. Сонымен бірге көрші халықтардың  арасындағы кейбір түсінісбеушіліктердің  салдарынан туындаған жауласушылықтардың да  орын алуы, олардың әдебиетте көрініс беріп отыруы да заңды. Мұндай шығармалар көбіне ел қорғау тақырыбына,  халық басына қатер төнген қиын-қыстау кездерде ерліктің асқан үлгісін көрсетіп, ұлттық мақтанышқа айналған ерлердің ерлігін жырлауға арналып, жұрт сүйіп оқитын рухани құндылыққа айналады.

Әрине, ортақ әдебиет  тарихын жасау барысында кездесетін мұндай шығармаларды, ұлтқа өлшеусіз қызмет еткен әдебиет қайраткерлерін  халықтар арасындағы достыққа нұқсан келтіреді деп, шындықты аттап кетуге болмайды. Оның ұлт өміріндегі ерекше рөлі аталып өтумен бірге онда  басқа халықтарға қарсы күрес суреттелуінің обьективтік, субьективтік себептері де түсіндірілуі қажет. Қалай дегенде де ортақ әдебиет тарихын жазу барысында   онда халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарға қылау түсіретін жағдайларға жол берілмей, керісінше жер басып жүрген жұмыр басты  барлық халықтардың алға қойған арман-мақсаттары бір, ол –бақытты өмір сүру; оған тек достық, бір-бірін құрметтеушілік, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды бойға сіңіру арқылы ғана жетуге болады  деген гуманистік идеялар негізгі лейтмотив болуы керек.

Бұл жерде ұлттық пен адамзаттық категорияларын анықтай  түсудің қажеттілігі сезіледі. Жалпы, ұлттық пен жалпыадамзаттық ұғымдары бір-біріне қарсы ұғымдар емес, керісінше, біртұтас дүниенің түрлі жағдайлардағы  көрінісі. Ұлттық құндылықтар- жалпы  адамзаттық рухани құндылықтардың құрамдас бір бөлігі. Демек, әлемдік құндылықтардың құрамына  ұлттық әдебиеттер де кіретіндіктен әлем әдебиеті деп жүргеніміздің өзі – ұлттық әдебиеттердің жиынтығы. Сондықтан да ортақ әдебиеттің тарихын жасау барысында барлық ұлттық әдебиеттердің ішіндегі жалпы адамзаттық идеалдардың жырлану мәселелеріне ерекше мән беріліп отырғаны жөн. Сонда ғана ортақ әдебиет тарихы ортақ идеалдарды жырлаған әдебиеттің шындығын айтып, халықтар арасында гуманистік идеалдардың салтанат құруына қызмет ететін болады.

Сонымен бірге әр уақыттың, әр дәуірдің өз шындығы тағы бар. Мысалы, кеңес өкіметі жылдарындағы мен қазіргі тәуелсіз ел кезіндегі  өмір шындығының арасындағы айырма –   жер мен көктей. Осы кездерде жазылған көп томдық «Қазақ әдебиетінің тарихтарын» шын мәніндегі толық қанды ғылыми негізді еңбек деуге келе бермейді. Бұларда қазақ әдебиетінің тарих көшінде жүріп өткен жолдарының соқпақтары сайрап жатқанымен де сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдайдың ықпалымен әдеби өмір шындығы кері бағаланған. Қазақ әдебиетінің  А. Байтұрсынов, М. Дулатов,                     М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Ж. Көпеев секілді классиктері «ұлтшыл», «байшыл», «халыққа жат» саналып, әдебиет тарихынан алынып тасталынуы сол кездің саяси шындығы болатын.

Информация о работе Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені