Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат

Краткое описание

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дандай Ыскак енбеги.docx

— 114.94 Кб (Скачать документ)

М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1926)  атты зерттеуі осылай аталғанымен де әдебиеттің тарихы шын мәнінде ауыз әдебиетінен басталған. С. Сейфуллиннің  «Ескі әдебиет нұсқалары» (1931) мен «Қазақ әдебиеті» (1932) еңбектерінде де ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының ара жігі ашылмай, бірге араласып жүрді. Бұлай болуының екі түрлі себебі болды: оның біріншісі – әдебиет туралы ғылымның әлі балаңдығы болса, екіншісі – қазақ әдебиеті тарихының әлі жете зерттелінбеуі еді.

Фольклор мен  әдебиет тарихының ара жігін  ашып алу мәселесі қазақ әдебиетінің  тарихын зерттеу барысында біртіндеп  жүзеге асты. Мысалы, Халел Досмұхамедов қазақтың ауыз әдебиетіне арналған еңбегін  «Қазақтың халық әдебиеті» (1928, орыс тілінде) атап, тек қана фольклорлық  мұраны жанрларға жіктеп, зерттеді. Одан кейінгі еңбектерде фольклортану мен әдебиеттің тарихы әдебиеттану  ғылымының дербес, жеке-жеке салалары болып қалыптасты. Қазіргі қазақ  фольклористикасын әбден кемеліне келген, әлемдік деңгейдегі ғылым  саласы деп бағалауға тұрарлық.

Әдебиет пен фольклористика бір бірінен еншісін  алған соң да кей туындыларды қайсысына жатқызамыз деген мәселе көп уақыттарға дейін шешімін таппай келді. Авторы белгісіз, ауызша шығарылып, ауызша тараған, ел арасында түрлі нұсқалары қатар жүрген әдеби үлгілердің барлығы да фольклорға  жатқызылып, аузша жырлап, өлеңдері бізге ғасырлардың қойнауынан ауыздан-ауызға көшіп жеткен ақын-жыраулар ауыз әдебиетінің өкілдері атанды да олардың әдебиет тарихына кіру-кірмеуінің өзі дау туғызды. Осындай себептермен алпысыншы жылдары жарық көрген үш томдық академиялық «Қазақ әдебиетінің тарихы» ХУ111 ғасырда жасаған Бұқардан басталып, оған дейін жасаған ақын-жыраулардың барлығы ауыз әдебиеті өкілдеріне жатқызылған.  Жетпісінші жылдарға дейін қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан басталады деген пікір үстемдік құрып келді.

Әдебиеттің тарихын  қай кезден бастау керектігі жайлы  ұзаққа созылған пікірталас барысында  Б. Кенжебаевтың қазақ әдебиеті қазақ  хандығы құрылған ХУ ғасырдан бастау алады деген ұстанымы өміршеңдік танытты. «Түркі ұлыстарынан шыққан тұңғыш оқымысты, әдебиетшілер өздері қай ру, қай ұлыстан шықпасын, өз шығармаларын сол кездің ортақ  әдеби тілінде, өз тұсындағы барлық түркі елдер тайпасы қолданған  тілде, көне таңба үлгілерінде жазған. Сондықтан, ерте дәуірге жататын  кейбір жазба деректер мен көне ескерткіштер, әдеби еңбектер қазіргі Орта Азия мен Қазақстан елдеріне ортақ мұра болып танылады» (Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967, 17-бет) – деген пікір қазақ ғалымдарының негізгі ұстанымына айнала бастады.

Одан кейін еуропалық  және қазақ ғалымдарының зерттеулеріне  сүйене отырып, қазақ әдебиетінің  тарихы ары қарай тағы да он жылға  тереңдеп, У-У111 ғасырлардағы Орхон, Енисей, Талас жазбаларына дейін созылды. Қазақ әдебиеті тарихының белгілі  зерттеушісі профессор Ханғали  Сүйіншәлиевтің  1967 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты зерттеуінде әдебиеттің бастаулары көне дәуірлерде жатқандығын айтса, тоқсаныншы жылдарда жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихында» У-У11 ғасырлардағы сына жазуларынан бастаған. Екі мыңыншы жылдары шыққан он томдықта қазақ әдебиетінің тарихын көне грек тарихшысы Герододоттың деректеріне сүйене отырып, біздің жыл санауымызға дейін үш мың жылдай бұрын өмір сүрген сақтардың қаһармандық дастандарынан бастаған ( Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 2-том, Алматы, 2006, 17-бет).

Соңғы зерттеулерде қазақ әдебиетінің тарихы тереңдей түскен. И. Нұрахмет қазақ әдебиетінің  тарихына қатысты соңғы зерттеулерге сүйене отырып, мүлдем жаңаша пікір  білдіреді. Ол қазақ әдебиетінің  тарихын Орхон-Енисей жазбаларынан емес, одан да арыдан бастауды ұсынады. Иманғазы «қытай деректерінде кездесетін сақ, ғұн, үйсін-қаңлы, түрік патшалықтар  дәуірінің әдебиетіне тиісті нұсқалар мен басқа ұлттар тілінде жазылған әдеби үлгілер түркі халықтарына  ортақ әдебиеттің бастау көздерінің бірі болып саналу керек» (Нұрахметұлы  И. Қазақ әдебиетінің төркіні  мен тарихын дәуірлеу (Заманымызға  дейінгі Х ғасырдан заманымыздың ХУ111 ғасырына дейін). Автореферат. 2005, 20-бет)—дейді.

Қазір кейбір зерттеушілер қазақ әдебиетінің тарихын біздің дәуірімізден бес мың жыл бұрынғы  шумер ескерткіштеріндегі жазбалардан  бастап жүр. Ал шумерлердің кезінде  аса дамыған өркениетті ел болғандығын  соңғы зерттеулер дәлелдеп отыр.

Қазақ әдебиетінің  тарихы қай кезден басталады, қазақ  хандығы құрылып, жеке ұлт, мемлекет болып, тарих сахнасына шыққан ХУ ғасырдан ба, әлде, қазақтың құрамына кірген ру-тайпалардың арыда жатқан терең  тарихынан ба деген сауалдарға келгенде, әлі де түркілік тұрғыдан, қазаққа  қатысы жағынан салыстыра отырып, ғылыми жағынан зерттей, нақтылай  түсуді қажет ететін тұстары баршылық.

Әдебиетті дәуірлеу жолдары. Әдебиеттің тарихын жазу барысында, оны жасау жолдары қандай, оны дәуірлерге бөлгенде, қандай ұстанымдар басшылыққа алынады, қандай талаптар қойылады  деген ыңғайдағы біраз сауалдар  туындайды. Қазір әдебиет тарихын дәуірлеудің негізгі үш жолы белгілі:

1. Хронологиялық.

2.  Азаматтық тарихпен орайлас.

3. Әдебиеттің өзіндік  көркемдік дамуына қарай.

Осылардың ішінде көбірек  қолданылып жүргені – алғашқы  екеуі. Өйткені, әдебиет дегеніміз, халық тарихының көркем бейнесі, бейнелі шежіресі. Сондықтан да халық  бар жерде оның тарихы бар десек, оның ажырамас бір бөлігі ретінде  белгілі бір оқиғаның, болмаса  қайраткердің өмірде болғандығын көркем бейнелеп, иллюстрациямен дәлелдей түсетін  әдебиетінің болуы да – заңдылық.  Сол себептерден де  әдебиет тарихын дәуірлеуді  қолға алған кездерден бастап, оның шегараларын жылдармен, немесе ғасырлармен  анықтап отырған дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы, Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967) іштей «Ерте дәуір әдебиеті» және «Х1Х ғасыр әдебиетіне» бөлінсе, «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997) «Ежелгі әдебиет», «ХУ-ХУ111 ғасырлардағы әдебиет», «ХУ111 ғасыр әдебиеті», «Х1Х ғасыр әдебиеті» болып, дәуірленген. Соңғы он томдықтың 4-ші томы «Х1Х ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850)»,  5-ші томы «Х1Х ғасырдың екінші жартысы (1850-1900), 6-шы том «ХХ ғасырдың басы (1900-1916)» аталған.

Шуваш әдебиетінің  тарихын зерттеушілер оны бұлғар (У111-Х111ғғ.), Алтынорда–Қазан (Х1У-ХУ1ғғ.) және орыс мемлекетінің құрамындағы (ХУ1-ХУ111) дәуірлерге бөлген (Қараңыз:Дореволюционная  чувашская литература. Тексты. 1 том. Чубаксары, 1984, 464-бет).   Орыс әдебиеттану ғылымы да әдебиет тарихын дәуірлерге бөлгенде, негізінен осы ұстанымды басшылыққа алып келе жатыр десек болады. Мысалы, КСРО Ғылым Академиясының Ленинград бөлімшесі шығарған төрт томдық «Орыс әдебиетінің тарихы» (История русской литературы. Ленинград, 1980) әдебиет кезеңдерін осы принциппен жүйелеген. Ертедегі орыс әдебиетіне (Древнерусская литература. Том редакторы академик Д. С. Лихачев пен Г. П. Макогенко) арналған бірінші том хронология бойынша, «Х-ХУ111 ғасырлардағы орыс әдебиеті», «ХУ111 ғасырдағы орыс әдебиеті» бөлімдеріне бөлініп, ары қарай тағы да іштей тарауларға жіктелінген.  В. Кусковтың «Ертедегі орыс әдебиеті» (История древнерусской литературы,1989) ертедегі орыс әдебиетінің пайда болуы, Киев Русінің әдебиеті (Х1-Х11 ғғ.), феодальдық дәуірдегі әдебиет (Х11-Х111 ғғ.), орыс халқының монгол-татар басқыншыларына қарсы күресі және орталықтанған мемлекеттің пайда бола бастауы (Х111-ХУғ.), бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің әдебиеті (ХУ-ХУ1), орыс ұлтының қалыптаса бастауы кезіндегі әдебиет (ХУ11ғ.) бөлімдеріне бөлінген. Осындай жүйені В. В. Кусков пен Н. И. Прокофьевтің «Ежелгі орыс әдебиеті» (История древнерусской литературы. 1987), Н. К. Гудзийдің «Ертедегі орыс әдебиеті» (История древней русской литературы. 2002) секілді еңбектерден де көреміз.

КСРО Ғылым Академиясы А. М.  Горький атындағы Әлем әдебиеті институты шығарған төрт томдық «Орыс совет әдебиетінің тарихы» (История русской советской литературы, 1967-1968)  әдебиетті арнайы дәуірлерге бөлмей, оны тек жылдармен ғана көрсеткен. Мысалы, 1-ші томы 1917-1929, 2-ші томы 1930-1941, 3-ші томы 1941-1953, 4-ші томы 1954-1965 жылдарды қамтыған. Ал 1974 жылы жарық көрген «Орыс совет әдебиетінің тарихында» осы кездің әдебиетін дәуірлегенде, жылдармен де, сол дәуірдің тарихи атымен де жіктепті: «Революция және Азамат соғысы дәуіріндегі әдебиет», «Жиырмасыншы жылдар әдебиеті», «Отызыншы жылдар әдебиеті», «Ұлы Отан соғысындағы әдебиет», «Соғыстан кейінгі әдебиет», «Елуінші-алпысыншы  жылдардағы әдебиет».

Орыс ғалымдары  жазған шетел әдебиетінің тарихы да негізінен хронология бойынша  дәуірленіп жүр. Мысалы, В. А. Луков әлемдік  әдебиеттің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі: «Ежелгі Шығыс әдебиеті», «Антикалық әдебиет», «Орта ғасырлар әдебиеті», «Қайта өрлеу алдындағы  әдебиет», «Қайта өрлеу дәуіріндегі  әдебиет», «Қайта өрлеу дәуірінен  ХУ11 ғасырға өту», «ХУ11 ғасыр әдебиеті» (В. А. Луков. История литературы. Зарубежная литература от истоков до наших дней. Москва, 2003).   С. Д. Артамонов, З. Т. Гражданская, Р. М. Самариннің «История зарубежной литературы ХУ11-ХУ111 в. В.» (1973) еңбегінде осы дәуірдің әдебиетін «ХУ11 век. Литература Испании, Франции, Англии», «ХУ111 век. Литература Англии и Франции», «ХУ11-ХУ111 века. Литература Германии, Италии, Польши, Болгарии, Чехии, Румынии, Венгрии. Южнославянская литература» жүйесімен баяндаған. 1973 жылы жоғары оқу орындарына оқу құралы ретінде шыққан «Зарубежная литература ХХ века» «История зарубежной литературы 1871-1917 гг.» және «История зарубежной литературы 1917-1970 гг.» болып, үлкен екі бөлімге жіктелген.  Бұларда негізінен хронологиялық жүйе басшылыққа алынған.

Әдебиет тарихын  дәуірлеудің алғашқы екі түрі жеке-жеке де, бірігіп те қолданылып жүр. Екі томдық «Қазақ әдебиетінің  қысқаша тарихында» (1-ші кітап 2001; 2-ші кітап 2002)  ұлттық әдебиетіміздің ғасырлар бойы жүріп өткен жолы «Ертедегі көшпелі тайпалар әдебиеті», «Ежелгі түрік әдебиеті (У1)», «Қазақтың төл әдебиеті (ХУ-ХУ111)», «Х1Х ғасыр әдебиеті», «ХХ ғасыр басындағы әдебиет», «Кеңес дәуіріндегі әдебиет» болып көрсетілген. Мұндағы 4,5-ші бөлімдердің атауы хронологиялық принципке сүйенсе, 1,2,3 және 6-шы бөлімдердің тақырыбы қазақ халқының азаматтық тарихын еске түсіреді.

КСРО Ғылым Академиясы М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының ғалымдары  шығарған «Древнегреческая литературная критика» (1975) атты ұжымдық еңбекте осы кездің әдеби сынын іштей кезеңдерге жіктегенде, хронологияны және сол дәуірдің тарихи атауын қатар пайдаланған. Мысалы, «Литературная критика классической и эллинистической эпох» бөлімі іштей «Ранний период греческой литературной критики», «К истории литературной критики  в классической Греций У-1У вв.»  деген ыңғайда жүйеленген.  Бұл жерде авторлар дәуірлерге бөлгенде, сол заманның, сол кез әдебиетінің  басты сыйпатын айшықтайтын эпитет тектес атауларды қолданып, оған келмесе,  жай ғана уақытымен айқындап отырғандығы көрінеді. Қалай болғанда да дәуірге бөлгенде, сол дәуір әдебиетінің өзіндік сыпатты ерекшелігі бірінші кезекте ескеріліп, оның аталуы соған сай кеп тұруы керек.

Әдебиет тарихын  дәуірлеудің үшінші жолы – әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін, сапалық  даму жолдарын басшылыққа алып отыру. Әдеби мұраны зерттеудің алғашқы  кезеңдерінде оның қай кездерде жазылғанын, авторы кім екендігін анықтау, шығарманың өмірге келуінің алғы шарттары, обьективтік, субьективтік себептері секілді  толып жатқан жақтарын ашу алдыңғы  орынға шығып, яғни, әдебиеттің әлеуметтік қырларын ашуға көбірек мән беріледі де оның көркемдік қырларына түрлі  себептермен тереңдей алмай жататындығын байқау қиын емес. Әдебиеттану ғылымы қоғамдық ғылымдардың аясында бірге  дамып, әбден бұғанасы бекіп, кемеліне келген кезде барып, ғылыммен қаруланып, әдебиет атты әлемнің ішіне кіріп, оның әсемдік әлемін көре алады.

Әдебиетті зәулім сарайға  теңесек, ол алыстан мұнартып көрінеді. Жақындай түссек барып, сыртқы жарқыраған көркін көріп, қандай дүние екендігін  білуге құмарта түсеміз.Алдымен, авторы кім екенін, содан кейін қай  кезде, қандай мақсатпен, қалай салынғанын, тағдыры қалай болғанын хабардар болғаннан соң, сарайдың ішінде не барын  білгіміз келеді. Ішіне кіріп, таныса бастағасын бұл сарайдың өзгеше екендігіне көз жетеді. Сырттан көрінбейтін, ішіне кіргенде ғана куәсі болатын  көркем көріністер алдыңыздан шығады.

Әдебиет те солай. Алдымен, әдебиеттің қоғамдық, рухани өмірдегі ізі, орны, атқарған қызметі  жайлы деректер біртіндеп жиналып, содан кейін барып, солардың көмегі арқасында «ішкі» жағына үңіліп,  оны әдебиет қылып тұрған көркемдіктің қалың қатпарларында жатқан сұлулықтың не бір сырларын  ашуға ұмтылыс басталады.

Әдебиеттің дамуы  дегеніміз, оның көркемдік жағынан  жетіле түсуі дейтін болсақ, оны  көркемдік тұрғыдан өсу үстінде  көрсету – аса маңызды. Әдебиеттің тарихын хронологиялық жүйеде түзгеннің  өзінде де дәлелденілуі тиіс негізгі  мәселе осы болмақ. Сол себепті  де әдебиет тарихын зерттеушілердің  бұл жағдайды ылғи да басты назарда  ұстап отырғандығы байқалады. Әдебиетті  дәуірлерге бөлгенде, негізгі ұстаным  ретінде тарихилық басшылыққа алынғанымен  де оған қосымша көркемдік дамуды да қатар қолданып отырады. Мысалы, В. А. Луков шетел әдебиетінің  ХУ11-Х1Х ғасырлардағы тарихын барокко, классицизм, сентиментализм, предромантизм, романтизм, реализм, натурализм, символизм, модернизм, т. б. тарауларында да арнайы қарастырған.

Тіпті соңғы зерттеулерде әдебиеттің тарихын көркемдік әдістің  дамуымен, орын ауыстырып отыруымен  түсіндіретін концепция күшейіп  келеді. Орыс ғалымы С. С. Аверинцев  осы тұрғыдан келіп, «мәдениеттің рефлекстілігі  мен дәстүрлілігі» терминін енгізіп, әлем әдебиетінің тарихын үлкен  үш дәуірге бөледі. Оның біріншісі  «рефлексіз, дәстүрлі» әдебиетке  ежелгі, У ғасырға дейінгі  уақытты жатқызған. Бұл кездің әдебиеті бүгінгі күнгі түсінігіміздей, әдебиеттің қисынына келмейді; көркем туынды ретінде пікір туғызып, талданылып жатпаған. Екіншісі У ғасырдан риторика, поэтика, грамматика  пайда бола бастаған кезеңді қамтыса, үшіншісі осы кезден бүгінгі күнге дейін созылады. Екіншісінде әдебиет «рефлексті, дәстүрлі» болса, соңғы дәуірде рефлекстілік сақталып, сыртқы әсерлердің салдарынан әдебиеттегі дәстүр жалғастығы бұзыла бастайды. Әдебиет тарихын бұлайша жүйелеуден әдебиет деуге әлі келе бермейтін, элементтері жетілу, қалыптаса бастаған кезін, әдебиеттің қалыптасып, онымен  бірге сөз өнерінің пайда болған және қазіргі жаһандану жағдайындағы  дәуірлерін көреміз.

Информация о работе Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені