Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат

Краткое описание

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дандай Ыскак енбеги.docx

— 114.94 Кб (Скачать документ)

Әдебиет тарихын  жасау ісін арғы дәуірлерге бармай, бер жағындағы социалистік реализм  әдісіне негізделген қазақ кеңес  әдебиетінен бастаған «Қазақ совет  әдебиетінің очеркі» (1958) елуінші  жылдардағы әдебиеттану ғылымының  елеулі еңбегі ретінде бағаланды. Осы  кітаптың негізімен «Очерк истории  казахской советской литературы» (1960) жазылды. Мұнда да іштей дәуірлерге бөлу жоқ. Бұларда қазақ кеңес  әдебиетінің С. Сейфуллиннен басталған  жеке өкілдерінің шығармашылықтарын  көрсетуге мән берілген. Соғысқа  дейінгі дәуір (1930-1941), соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі дәуір әдебиеттері  және проза, поэзия, драматургия, сын  салалалары жеке тарауларда шолынған. Кітаптың әдебиет тарихының очеркі аталуы да бұл еңбектің ғылыми негізді  тарих болуға таласпайтындығын байқатты. Шынына келгенде, бұл очерк те, мұның  алдында шыққан қос томдық та көп  томдық көлемді әдебиет тарихын  жасауға жасалып жатқан дайындықтардың бірі  болатын.

Алпысыншы жылдары  үш томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960-1967) шығуы  қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы табысына айналды. Республика Ғылым Академиясы ғалымдарының көп жылдық ұжымдық ізденістерінің нәтижесі-   үш томдықтың біріншісі ауыз әдебиетіне, екіншісі әдебиет тарихына, үшіншісі кеңес әдебиетіне арналған.   Әр том қалың-қалың екі кітаптан тұрады.

Фольклорға арналған бірінші томның алғашқы кітабы дәстүрлі ауыз әдебиетіне, екіншісі кеңестік кезге   арналғанынан сол кездегі фольклортанудың өресін байқауға болады.  Ауыз әдебиетіне арналған алғашқы томның бірінші кітабына жалпы ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар мен оның даму жолдары, түрлері, жанрлары хақындағы шолулармен бірге тұрмыс-салт жырлары, айтыс, лирикалық өлеңдер, жұмбақ пен жаңылтпаштар, батылар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи өлеңдер мен үлгілі сөздерге  жеке-жеке тараулар арналған. «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш –  Баян сұлу»,  «Қыз Жібек» сияқты эпостық жырларды талдауға едәуір орын берілген.

Бірінші кітаптың жалпы  редакциясын М. Әуезов басқарса, кеңестік дәуірдегі фольклорға арналған екінші кітаптың жазылуына М. Қаратаев басшылық жасаған. Мұнда да кеңестік дәуірдегі  ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін  айқындаған шолулық тараумен бірге  Жамбыл Жабаевтың, Иса Байзақовтың, Нұрпейіс Байғаниннің, Омар Шипиннің, Нартай Бекежановтың, Кенен Әзірбаевтың, т. б. ақындардың шығармашылықтарына арналған тараулар бар. Бұл ақындардың шығармашылықтары кейінгі зерттеулерде авторлық әдебиеттің өкілдері ретінде қарастырылып жүр.

Қазақ әдебиетінің 1917 жылғы төңкеріске дейінгі тарихына арналған екінші томның бірінші кітабының  редакциясын Қ. Жұмалиев басқарған. ХУ111 – Х1Х ғасырлардағы қазақ  әдебиетіне арналған кітапта Бұхар  жыраудан бергі әдебиеттен негізгі  мағлұматтар шолу түрінде берілген. Осы кездерде жасаған көптеген ақындық, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілдерінің  поэзиялық туындылары өзіне лайықты  бағасын ала алмай, өлең өрнектерінің өзіндік кестелері ашылмай қалған. Десек те мұндай міндеттерді авторлардың  алға қоймағандығы байқалады; бұлар  феодальдық дәуірдің ақындары, сондықтан  да олардың бізге қажеті шамалы деген  пиғыл да қылаң беріп қалады. Кітапта  бұқарашылдық бағыттағы С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, Жаяу Мұса Байжанұлының, М.Байзақовтың, Ы. Шөрековтің, С. Көбеевтің, Т. Ізтілеуовтің, Б. Өтетілеуовтің шығармашылықтарын  арнайы бөлімдерде талдап, олардағы әлеуметтік теңсіздікті жырлаған тұстарына  назар аударады.

Екінші томның екінші кітабы (редакциясын басқарған Ы. Дүйсенбаев) ХХ ғасырдың бас кезіндегі  қазақ даласында жүріп өткен  өзгерістерді, әдеби өмірді шолумен  басталып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған халық поэзиясын талдаумен  жалғасады. Абайдан бастап,  осы кездегі қазақ әдебиетінің  үлкенді-кішілі Ақылбай Құнанбаев, Мағауия Құнанбаев, Сүйінбай Аронұлы, Шәңгерей Бөкеев, Біржан Қожағұлұлы, Ыбырай Алтынсарин, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сияқты өкілдеріне жеке тараулар арналған.

Көптомдықтың екінші томының екі кітабында да сол  кездерде қоғамдық ғылымдарда үстемдік құрған екі түрлі мәденит туралы ілімнің салдарынан қазір «зар заман» әдебиеті, ұлт-азаттық бағыттағы  әдебиет аталып жүрген әдеби ағымдарға  тоқталмаған.  Сол себепті де осы дәуірдің өзіндік әдеби сыпаты тұтас күйінде ашылмай қалған.

Қазақ әдебиетінің  кеңестік дәуіріне арналған үшінші томының  алғашқы кітабы кеңес әдебиетінің  тууы, қалыптасуы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жай-күйі жайлы шолумен  басталып, қазақ кеңес әдебиетінің  көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов  сияқты ірі өкілдеріне жеке тараулар арналған. Екінші кітапта «Ұлы Отан соғысынан кейінгі (1946-1956)»,  «Қазіргі дәуір әдебиеті (1956-1966)» шолуларынан соң, Ғ. Мүсіреповтің,                     А. Тоқмағамбетовтің, Ғ. Мұстафиннің, Т. Жароковтың,                       Ә. Тәжібаевтың, Ғ. Ормановтың Қ. Аманжоловтың өнерпаздық жолдарын талдаған шығармашылық портреттерге орын берілген.

Алты кітаптан тұратын  үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы»  академиялық басылым болғандықтан да әр томның соңында библиография мен әдеби шежіренің орын алуы еңбектің ғылымилық сыпатын арттырып тұр.

Көп ұзамай-ақ көп  томдық қазақ әдебиетінің тарихы орыс тілінде де жарық көрді. Орыс тілінде шыққан үш томдықтың («История казахской литературы») біріншісі («Казахский фольклор», 1968) ауыз әдебиетіне арналды. Бұл жердегі басты өзгешелік  алты томдықта ауыз әдебиетіне екі  том арналса, мұнда бір томдықпен  шектелген. Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіне арнайы тарау  бөлінбеген. Осы кездегі айтыс қана жеке тарауда сөз болып, оны жаңа дәуірде Жамбыл сияқты халық ақындары дамыта түскендігін тілге тиек еткен.

Екінші том (1978) қазақ  әдебиетінің тарихына арналған. Редакциясын  Ы. Дүйсенбаев басқарған кітаптың кіріспесінде шын мәніндегі қазақ әдебиетінің  басы  ХУ111 ғасырда жасаған Бұқар жырау дегенімен де іс жүзінде ХУ ғасырдағы Асан Қайғылардан бастаған. Кітап негізінен қазақ тіліндегі томның ізімен жазылғанымен де азын-аулақ өзгерістер де бар. Мысалы, мұнда Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы хақындағы тараулар жоқ.

Кеңестік кезеңдегі  қазақ әдебиеті  «Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы (1917-1929)», «Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті», «Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі әдебиет», «Соғыстан кейінгі кездегі әдебиет (1946-1955)», «Қазіргі қазақ әдебиеті (1956-1968)»  аталған дәуірлерге бөлініп, үшінші томда (1971) қарастырылған. Социалистік реализм әдісіне негізделген жаңа тұрпатты әдебиеттің көш басшысы С. Сейфуллиннен бастап, оның бірсыпыра көрнекті өкілдерінің шығармашылықтарымен таныстырған.  Қазақ тіліндегі томнан айырмашылығы мұнда «Қазақтың әдеби тілі туралы», «Қазақ әдебиетінің интернациональдық байланыстары хақында», «Қазақстандық орыс жазушыларының шығармашылығы» тараулары жаңадан қосылған.

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші  ғалымдарының қатысуымен қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл «Қазақ әдебиеті тарихының» академиялық көптомдықтары  қазақ әдебиеттану ғылымының  биіктей бастаған өресін байқатқан  елеулі еңбек ретінде бағаланды. Десек те академиялық зерттеулерге қойылатын биік талаптар тұрғысынан келгенде, сол кездегі саяси өмірдің, идеологияның  әсерінен, әдебиеттану ғылымы басшылыққа алған әдіснамалық негіздерінен туындаған зерттеу әдістерінің әлсіздігігінен, жетілмегендігінен туындаған бірсыпыра жетіспеушіліктерді байқау қиын емес.

Әдебиет тарихының  басты міндеті өзі қамтып отырған  дәуірді барынша толығырақ қамтып, оның басты даму жолдарын, негізгі  бағыттарын көрсетуге тиіс болса, бұл  көптомдықтар мұндай биік талаптарға тұтастай жауап бере бермейді. Таптық ілімге негізделген екі түрлі  мәдениет  концепциясына сүйенудің барысында тек бұқарашыл бағыттағы әдебиет қана қамтылып, біржақтылыққа ұрынған. Қазақтың аса бай ауыз әдебиеті мен әдеби мұрасы, оның аса көрнекті өкілдері осындай себептермен «Қазақ әдебиетінің тарихына» енбей  қалған.

Әдебиет тарихын  жасаудағы аса бір маңызды  мәселе – әдебиет тарихын қай  кезден бастау туралы. Қазақ әдебиетінің  тарихына арналған жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы алғашқы зерттеулерде (А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті», т. б.) фольклорлық  пен әдеби мұраның ара жігі ашылмай, араласып бірге жүрді; әдебиеттің тарихы ауыз әдебиетінен басталған. Ал осыдан отыз жылдай кейін жазылған әдебиет тарихында көп ілгерілеу  бар болғанымен де әлі де шешімін  таба қоймаған кейбір мәселелер де байқалады. Мысалы, Жамбыл Жабаев, Иса  Байзақов, О. Шипин, К. Әзірбаев сияқты ақындардың шығармашылықтары ауыз әдебиеті үлгілері қатарында қарастырылған; әдебиеттің тарихын ХУ111 ғасырдан, әдебиет  тарихының көрнекті өкілдерінің  шығармашылықтарын талдауды іс жүзінде  Сұлтанмахмұт Торайғыровтан бастаған.

Осы кезге дейінгі  әдеби зерттеулердің тағы басты  бір кемшілігі әдебиеттің көркемдік қасиеттерін ашудың орнына көбіне әлеуметтік жақтарына назар аударып, идеялық тұрғыдан бағалаушылықтың өріс алуы, соның бірден-бір әмбебап зерттеушілік құралға айналуы болды. Осы бір жағдайдан қазақ және орыс тілдерінде шыққан  «Қазақ әдебиетінің тарихының» көптомдықтары да тыс қала алмады.

Қазір заман өзгерді. Сол заманмен бірге адам да өзгерді; адамның сана-сезімі өсіп, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын жаңа ұрпақ  келді; ғылым дамып рухани құндылықтар  өзгере бастады. Осының барлығы әдебиеттану  ғылымының алдына жаңа міндеттер  қойды. Қазақ әдебиетінің тарихын  зерттеушілер оның тарихы тым арыда, тарихтың түпсіз тереңдерінде жатқандығын  анықтай түсті. Қазақ әдебиетінің  тарихын жаңаша бағамдап, жаңа сөз  айтқан іргелі зерттеулердің бірі-Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғалымдарының күшімен шыққан екі  томдық «Қазақ әдебиетінің қысқаша  тарихы» болды.

«Қазақ әдебиетінің  тарихының» бірінші кітабы (2001) «Ертедегі  көшпелі тайпалар тарихы» бөлімімен  ашылған. Мұнда ертедегі  қытай жазба деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиеті туралы сөзді біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1У ғасырдағы түркілік тайпалардың сөз өнеріне қатысты мұраларынан бастаған. Осы дәуірлерде өмір сүрген көптеген түркілік ақындардың аттары анықталып, өлеңдері сөз болған.

Екі томдықтың қазақ  әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөлуінде де бұрынғы жүйеден өзгешелік  бар. Х1Х ғасырға дейінгі әдебиет  «Ертедегі көшпелі тайпалар тарихы», «Ежелгі түрік әдебиеті (У1-ХУ)», «Қазақтың  төл әдебиеті (ХУ-ХУ111)», «Х1Х ғасыр  әдебиеті», «Жаңа жазба әдебиет» бөлімдеріне жіктелген. Ал ХХ ғасырдағы  қазақ әдебиеті жиырмасыншы ғасыр  басындағы әдебиет және кеңес  дәуіріндегі әдебиет болып бөлінген. Шетелдегі қазақ әдебиетіне жеке тарау арналған.

Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан да қазақ  әдебиетінің тарихын түгел қамтуды  алдына міндет етіп қоймаған сияқты. Сонымен  бірге әлі де зерттей, нақтылай түсуді қажет ететін тұстары, пікір таластыратын жерлері де жоқ емес. Десек те толыққанды қазақ әдебиетінің тарихын  жасау жолындағы ізденістерде екі  томдық «Қазақ әдебиеті тарихының қысқаша  тарихы» өзіндік бағыты, өзіндік  жүйесі бар, жаңаша пікірлер айтқан елеулі еңбек болды.

Тәуелсіздік кезінде  қазақ әдебиеттану ғылымының  жетістіктеріне сүйене отырып, бүгінгі  күннің рухына, талаптарына сай келетін  көп томдық әдебиет тарихын жасау  міндеті күн тәртібінен түспеді. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары қолға алған  бұл аса ауқымды да маңызды  жұмысты екі мыңыншы жылдары  жарық көрген он томдық «Қазақ әдебиетінің  тарихы» атқарып шықты.

Кеңестік кезеңде  шыққан үш томдық алты кітаптан тұратын  «Қазақ әдебиетінің тарихы»  (1960-1967) академиялық басылым болғанымен, коммунистік идеологияның қалпымен жазылғандықтан да әдебиет тарихын түгел қамтуға мүмкіндіктері шектеулі болғандығы белгілі. Ал жаңадан шыққан он томдықтың басты құндылығы – мұнда қазақ халқының ғасырлар бойғы рухани дамуында жинақтаған әдеби мұрасының тұңғыш рет тұтастай ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, ұлттық мүдде, көзқарас тұрғысынан саралануы болды.

Он томдықтың  біріншісі қазақ фольклорына  арналған. «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының сыртқы мұқабасына «фольклорлық кезеңі» деген анықтамалық  беріліп, титульды бетінде «Қазақ фольклорының тарихы» деп көрсетілген. Жалпы  редакциясын С. Қасқабасов басқарған  ауыз әдебиетіне арналған кітапта біраз  жаңалықтар байқалады. Соның ең бастысы  бұрынғы зерттеулерде қазақ ауыз әдебиеті негізінен жанрлық жүйе бойынша зерттелініп келсе, мұнда  алғаш рет қазақ фольклоры  хронологиялық принциппен даму үстінде  тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ауыз әдебиеті ескі замандарда адамдардың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері барысында пайда  болып, даму барысында формалық, мазмұндық  жағынан жетіле түсіп, ұлт руханиятының асыл қазынасына айналған жолдары көрініс  тапқан.

Қазақ фольклорының тарихы үш дәуірге жіктелген: «Ежелгі  заманғы рухани мәдениет», «Орта  ғасырлардағы фольклор», «Жаңа дәуірдегі  фольклор».  Әр бөлім іштей тағы да тарауларға бөлінеді. Бірінші бөлімде «Еңбек фольклоры», «Ғұрыптық фольклор», «Байырғы фольклор» тараулары орын алған. Әр тарау тағы да іштей жанрлық жағынан түрленген.

Қазақ фольклористикасына арналған томның басты жаңалығы –  оны хронологиялық тұрғыдан даму үстінде қарастыруы ғана емес, сонымен  бірге оларды тағы да тақырыптық жағынан  бөліп,  іштей жанрларға жіктеуі. «Ғұрыптық фольклор» аталған  екінші тарау маусымдық, отбасылық, магиялық болып, олар ары қарай жанрлық түрлерге бөлінген. Еңбекте бұрын жеке жанр ретінде аталмай, зерттеу нысанына айналмай келген ауыз әдебиетінің бірсыпыра түрлері еңбекте зерттеу нысанына айналған. Мысалы, отбасылық ғұрып фольклоры үйлену, балалар, жерлеу ғұрып фольклоры, ал магиялық арбау, жалбарыну, алғыс, бата,  қарғыс, ант, бәдік, бақсы сарыны болып жіктелген. Ал «Байырғы фольклордың» миф, хикая, этиологиялық ертегі, қиял-ғажайып ертегі, көне эпос, жұмбақ түрлері ажыратылған.

Осы сияқты «Орта  ғасырлардағы фольклордың» жіктелуі де бұрынғылардан өзгешелеу. Бұл бөлім  «Түркі жазбаларындағы фольклор» және «Қазақ хандығы кезіндегі фольклордан»  құралған. Мұның алғашқысында түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті жайлы әңгіме қозғалған. Біздің осы уақытқа дейін қазақ халқының ауыз әдебиеті деп келгеніміздің  дені қазақ хандығы кезінде туған фольклор екендігіне кітапты оқи отыра көз жетеді.

Информация о работе Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені