Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат

Краткое описание

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дандай Ыскак енбеги.docx

— 114.94 Кб (Скачать документ)

Бұл,  әрине, еуропалық әдебиеттің тәжірибелеріне сүйене отырып, түйілген пікір болса керек. Өйткені, дәл осылайша дәуірлеу қазақ әдебиетіне қолдануға келе бермейтін сияқты. Бір жағынан, Еуразияның кең даласында сайран салып, теңдесі жоқ көшпелілер мәдениетін жасаған, екінші жағынан, Сыр бойында, Жетісуда, Алтайда гүлденген қалалар тұрғызып, мәдениеті өркендеп, әлемдік білім-ғылымға айтарлықтай үлес қосқан ғұламалар шыққан   қазақтың әдебиеті оның ғылымы пайда болмай тұрып-ақ халықтық эстетика негізінде одан көп ғасырлар бұрын өмірге келгендігін айта кеткен лазым.

Әдебиеттің тарихына осы рефлекс, дәстүр жағынан келетін  болсақ, қазақ және басқа да түркі  халықтарына ортақ деп жүрген ежелгі дәуірдегі Орхон-Енисей сияқты сына жазуларынан бастап, одан арғы кездердегі әдеби мұра деп жүргеніміздің  барлығы да көркем әдебиетке қойылар  талаптардың үдесінен шыға бермейді. Анықтаңқырай айтқанда, бұлардың көркемдік  сыпатынан гөрі құжаттық, тарихилық, танымдық қызметі басым. Десек те бұлар – әдебиеттің бастауларында  тұрған құнды мұралар.

Әдебиет тарихын  зерттеушілер (Д. С. Лихачев, И. П. Еремин, В. В. Кусков, Н. И. Прокофьев, Н. К. Гудзий, т. б.) орыс әдебиетінің төл тарихын  Х ғасырдағы түрлі шежірелерден, князьдардың бір біріне жазған хаттарынан, шіркеу жазбаларынан  бастап жүр. Қазақ әдебиетінің бастаулары бұдан да ары кездерден, біздің жыл санауымыздан бұрынғы У-Х ғасырларда жатқандығын соңғы зерттеулер анықтап отыр. Қытай, араб, парсы мұрағаттарында сақталынып қалған сақтар, ғұндар туралы жазбалар осы «рефлекссіз, дәстүрлі» әдебиет дәуіріне жатады. Бұлар – ұлыстың өзін сақтап қалуы үшін отан сүйгіштік рухта тәрбие беру, ел бірлігін сақтаған, елді жаудан қорғаған ерлердің ерлігін ертеңгі ұрпаққа жеткізу,  үлгі ету мақсатымен жазылған тарихи маңызы аса құнды мұралар. Сондықтан да бұларды зерттегенде, көркемдік жағынан гөрі тарихи танымдық, дидактикалық, тәрбиелік қызметтеріне көбірек мән берілгені жөн.

Ал қазақ хандығы  құрылған кезден бермен қарайғы жыраулық, ақындық өнер де еуропалық әдебиетті  дәуірлеу өлшемдеріне сия бермейді. Арғы дәуір түгілі, ХУ-ХУ11 ғасырлардың  өзінде де бізде әдебиет болғанымен де оның хатқа түскен негізгі заңдылықтары, теориясы болған жоқ. ХУ ғасырдан бастап қазақтың төл әдебиеті өмір сүрді  десек, оның ғылымы осыдан төрт ғасырдай кейін ғана (Шоқанның мақалалары) пайда  бола бастады. Сына, түрлі құжаттық жазбалар әлі әдеби тұрғыдан пісіп  жетілмеген болса,  одан кейінгі орта ғасырлық жазба әдебиет танымдық, дидактикалық бағытымен қатар көркемдік  сипат ала түсті десек, қазақ хандығы құрылғаннан бергі дәуірдегі төл әдебиет сөз  өнеріне  қойылатын жоғары талаптар үдесінен көрінді. Енді бұрынғыдай әдебиет атқарып келген танымдық, дидактикалық қызметтермен бірге халықтың эстетикалық қажеттілігін өтеу міндеті де алға шықты. Осы кездерде қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән ұлттық поэзиясы өмірге келді. Бірақ та бұл ешқандай да әдебиет туралы ғылымның көмегінсіз, халықтың ғасырлар бойғы дамуы барысында қалыптасқан эстетикалық талғамынан өтіп барып, ұлттық дәстүр ізімен жасалынған рухани інжу-маржандар болатын. Сондықтан да әдебиетті дәуірлеу мәселесінде шетелдік ғалымдардың жетістіктерін пайдалану барысында оған сын көзімен қарап, ойланарлық тұстары да баршылық  екені әрдәйім есте болғаны абзал.

Әдебиет тарихының  ертедегі кездерінде оның көркемдік  сыпатынан гөрі тарихи құжаттық жағы басым болғандықтан да оны әдеби  әдістердің дамуы тұрғысынан жүйелеуге  келе бермейді. Егер, қазақ әдебиетін  көркемдік тәсілдің ауысуы бойынша, дәуірлеуге тырыссақ, онда ХУ ғасырдағы  жыраулық дәстүрдегі ұлттық поэзиямыздан бастап, қазақ әдебиетін әдеби  әдістердің дамуы тұрғысынан көркемдік  дәуірлерге бөлуге болады. Қазақ хандығы  кезінен бастап, бүгінгі күнге  дейін қазақ әдебиеті негізінен  реализм, сыншыл реализм, социалистік  реализм әдістерімен жазылыпты. Ара-тұра натурализм, романтизм, символизм, формализм сияқты измдерді де шет-пұшпақтап  байқап көрді. Социализмнен көз жазып, тәуелсіздікке қарай бет алғалы  бері қайтадан жандана түскен ұлттық дәстүр  мен қазір Батыста «мода» болып тұрған түрлі модернизм, постмодернизмдердің «дәмін татып», әлі бір тоқтамға келе алмай, тоқыраудан шыға алмай жатқан секілді.

Әдебиет теоретигі  Н. А. Гуляев әдебиетті көркемдік  әдіс, ағым, стиль тұрғысынан зерттеп, оның гуманистік реализм, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализм, ХХ ғасыр  әдебиеті мен өнеріндегі реалистік  емес ағымдар, натурализм, модернизм, социалистік  реализм даму сатыларынан өткендігін дәлелдейді (Н. А. Гуляев. Теория литературы. Москва, 1985). Бір теориялық еңбекте  бүкіл әдебиеттің тарихы антикалық  әдебиет, орта ғасырлар және қайта өрлеу  дәуірінің әдебиеті, барокко, классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм, декаденс – модернизм, социалистік реализм, жаппай әдебиет дамуы үстінде  зерттелінеді (Основы литературоведения. Под общей редакцией В. П. Мещерякова. Москва,2003). Тағы бір топ ғалымдар әдеби өмірді көркемдік әдіс, әдеби  бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, көркем бейнелеу ұстанымдарының дамуы  үстінде қарастырып, осылардың ішінде көркемдік әдістің классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм, символизм, акмеизм, футуризм секілді сатыларын атайды (Введение в литературоведение. Под  общей редакцией            Л. М. Крупчанова. Москва, 2005).

Н. Л. Лейдерманның  ХХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихын дәуірлерге бөлуіжаңашылдығымен ерекшеленеді. Ғалымның тарихи хронологиядан гөрі әдебиеттің «ішкі» даму жақтарына, сол дәуірдің мәдени-әдеби өмірінде болған өзгерістерден туындаған әдебиеттегі көркемдік жаңалықтарға көбірек назар аударғаны байқалады. Ол өткен ғасырдағы кеңес әдебиетін  төмендегіше дәуірлеуді ұсынады:

1).  1890-1920-жылдардың соңы. Бұл кезде түрлі әдеби ағымдардың арасындағы күрес күшейе түсті.

2). 1930-жылдардың басы  – 1950-жылдардың ортасы. Іштей  «отызыншы жылдар», «Ұлы Отан  соғысы кезеңі», «соғыстан кейінгі  алғашқы он жылдыққа» бөлініп,  «соцреализмнің шығармашылық әдіс, әдеби ағым ретінде үстемдік  құруы», оған қарсылық ретінде  түрлі әдеби ағымдардың көріне  бастауымен сыпаталады.

3). 1950-жылдардың ортасы  мен 1980-жылдардың ортасы. Бұл кезді  «алпысыншы жылдар» (1954-1968),  «жетпісінші жылдар», социалистік мәдениеттің дағдарысы, социалистік реализм әдісі негіздерінің шайқалып, реалистік дәстүрдің жандана түсуі, модернистік, авангардтық ағымдардың туа бастауы құрайды.

4). 1980-жылдардың ортасынан  бастап, бүгінгі күнге дейін. Бұл  дәуір қоғамда жаппай рухани  дағдарыстың өріс алып, орыс постмодернизмінің  туып, дамуымен, өмірді бейнелеудің  жаңа тәсілдерін (постреализм, натуралдық  сентиментализм) іздеумен ерекшеленеді (Лейдерман Н. Л. Периодизация  русской литературы ХХ века  и текущий литературный процесс.  Материалы международной научно-практической  конференций «Современная русская  литература: проблемы изучения и  преподования». Пермь, 2003).

Профессор Өмірхан  Әбдиманұлының «ХХ ғасыр бас  кезіндегі қазақ әдебиеті» (2002) атты монографиялық көлемді зерттеуінде  осы дәуір әдебиетін іштей  тағы да  діни –ағартушылық, ағартушы-демократтық, ұлт-азатшыл бағыттарға жіктеген. Бұл жерде зерттеуші осы кезді үш бағыттағы  біртұтас үдеріс ретінде қарастырып, әдебиеттің өзіне ғана тән көркемдік дамуын басты назарда ұстаған. Ғалым ғасыр басындағы әдебиетті ғылыми тұрғыдан саралағанда, қоғамдық-саяси өмірдің салдарынан туындаған ұлттық әдебиеттегі сапалық өзгерістерге қарай жіктеуі, әдебиетті идеялық-көркемдік бірлікте қарастыруы оңтайлы шыққан.

Әдебиеттің өзін-өзі  теориялық тұрғыдан танытатын құрамдас бір бөлігі санайтын әдебиеттің сыны тарихының жасалуында негізінен  осы соңғы көркемдік әдіс жүйесінің   басшылыққа алынатындығы байқалады. Өйткені, әдеби сын дегеніміз, белгілі бір әдеби әдістің, болмаса әдеби ағымның, не әдеби  мектептің көркемдік принциптерінің орнығуы үшін күрес құралы болғандықтан да белгілі бір дәуір сыны сол дәуірдегі көркемдік жүйемен тікелей байланысты. Сол себепті де әдеби сынның жүріп өткен жолдарынан әдебиеттің көркемдік әдіс жағынан дамуы да айқын көрінеді. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезіндегі (1900-1917)  орыс әдеби сынын Н. А. Трифонов «Революциялық пролетарлық сынның қалыптасуы», «Сыншыл реализм әдебиеті», «Реализмнен декадентікке», «Модерн-декаденттік әдебиет» (символизм, акмеизм, футуризм), «Декаденттікті жою жолында» тарауларына бөліп қарастырған (Русская литература ХХ века. Дооктябрьский период. Хрестоматия. Составил Н. А. Трифонов. Москва, 1971).

В. И. Кулешов ХУ111-Х1Х  ғасырлардағы  орыс әдеби сынының тарихын  былайша түзген: классикалық сын (Ломоносов, Тредиаковский, Сумароков, Державин, т.б.), сентиментал сын (Карамзин, Дмитриев), сатиралық сипаттағы, немесе, ағартушылық реализм (Крылов, Фонвизин, Радищев), сындағы ескі бағыттың құлдырауы және эклектикалық теорияның пайда болуы (Мерзляков), романтизмнің алғашқы элементтері (Жуковский, Батюшков), азаматтық, революциялық романтизм бағдарламасы (Бестужев, Кюхельбекер, т.б.), демократиялық романтизм (Н. Полевой, Кс. Полевой), реалистік сын табалдырығында (Надеждин), сыншыл реализмде орыстың революциялық-демократиялық тұғырнамасының жасалуы (Белинский, Майков, Герцен, Некрасов), сындағы реализмге қарсы бағыт (Булгарин, Аксаков, Дружинин, т. б.), сыншыл реализмдегі революциялық-демократиялық тұғырнаманың жетіле түсуі (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Салтыков-Щедрин), сындағы консервативті-романтикалық және реакцияшыл-либеральдық бағыттар (Григорьев, Суворин, т. б.), реалистік сынның ішіндегі ағымдар (Михайловский, Тургенов, Гончаров, Островский, Короленко), орыстық «натурализм» теориясы (Боборыкин), сындағы антиреалистік, декаденттік ағымдар (Волынский, Мережковский, Брюсов, т. б.), социалистік реализм сынының алғашқы қайраткерлері (Плеханов, Луначарский, Воровский, Горький, т. б.) (В. И. Кулешов. История русской литературы. Москва, 1972).

КСРО Ғылым Академиясы А. М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институты шығарған тоғыз томдық  «Әлем әдебиетінің тарихы» ( История всемирной литературы. В девяти томах. Издательства «Наука», 1983-1994) орыс әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы аса ірі табысы ретінде бағаланды. Авторлар құрамында С. С. Аверинцев, Н. И. Балашов, Г. Б. Бердников, И. С. Брагинский,  Ю. Б. Виппер, М. Л. Гаспаров, Н. И. Конрад, Д. С. Лихачев,Г. И. Ломидзе, Ю. М. Лотман, Е. М. Метлинский, А. Д. Михайлов, Б. И. Пуришев,  Э. Р. Тенишев, М. Б. Храпченко, Е. П. Челышев, т. б.  секілді танымал әдебиеттанушылар бар бұл аса ірі академиялық іргелі зерттеуде әдебиет тарихын зерттеудің, дәуірлерге бөлудің көптеген әдіснамалық мәселелері теориялық және практикалық жағынан қалайша шешімін тапқандығы назар аударарлық.

Әлем әдебиеті тарихын  жазушылар оны дәуірлерге жіктегенде негізінен тарихи-хронологиялық  ұстанымды басшылыққа алып, мәселеге типологиялық тұрғыдан келіп отырған. Бұл деген – әдебиет тарихын  дәуірлеуде оның үш түрін де, яғни хронологиялық, тарихи және көркемдік даму түрлерін ретіне қарай қатар қолдану деген  сөз. Тараулардың тақырыптарының өзінен-ақ осы үш түрлі ұстанымның үйлесім  тауып қолданылғандығы  көрінеді. Көптомдықта әдебиетті дәуірлерге бөлгенде негізінен тарихи-хронологияның басшылыққа алынып, ішкі тараушаларында көркемдік дамуға назар көбірек аударылып отырған.

Әр том шамамен  бір әдеби дәуірге арналған.  1-том әдебиеттің пайда бола бастаған ерте, фольклорлық бастауларынан жаңа заманға дейін, 2-том жаңа дәуір басталуынан Х111-Х1У ғасырдың басына дейін, 3-том Х111ғасырдың соңы мен Х1У ғасырдың басынан ХУ1 ғасырға дейін, 4-том ХУ11 ғасырды, 5-том ХУ111 ғасырды, 6-том Ұлы Француз революциясынан Х1Х ғасырдың ортасына дейін, 7-том Х1Х ғасырдың екінші жарымы, 8-том 1890-жылдардан 1917-жылға шейін, 9-том Октябрь революциясынан екінші жер жүзілік соғыс аяқталғанға дейін  уақыттарды қамтыған.

Бұлайша дәуірлеудің  астарында әлемдік тарихта, әдеби  дамуда үлкен өзгерістер, серпілістер   әкелген ұлы тарихи оқиғалар, кезеңдер жатыр. Яғни, әдебиетті дәуірлеу тарихи-хронологиялық негізде жүргізілген. Әдебиеттің тарихын бұлайша кезеңдерге бөлу әдебиетті қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени даму аясында біртұтас процесс ретінде қарастыруға мүмкіндіктер туғызған. Десек те әдебиетті тек тарихи оқиғалардың ыңғайында қарап, оның өнер туындысы екендігі ескерілмесе, онда әдебиет тарихы азаматтық тарихтың жай ғана жалаң иллюстрациясы ғана болып шыққан болар еді. Сондықтан да авторлар бұлай болып шықпауы үшін тарихи-хронологияны көркемдік даму тарихымен ұштастырып отырған.  Мысалы, 6-шы томдағы Х1Х ғасырдың бірінші жарымындағы орыс әдебиетіне арналған тарау «Х1Х ғасырдың бірінші жарымындағы әдебиет», «Ғасыр басындағы әдеби ағымдар», «Орыс романтизмінің ерекшеліктері. Декабристер әдебиеті»,  «20-шы жылдардың екінші жарымы мен 30-шы жылдардағы проза мен драматургия», «Натуральдық мектеп» аталған шолу сыпатты тараушалармен бірге Карамзин, Жуковский, Батюшков, Крылов, Грибоедов, Пушкин, Баратынский, Тютчев, Кольцов, Гоголь, Белинскиий   хақындағы шығармашылық портреттермен толыға түскен. Мұның өзі сол кез әдбиетін тұтас күйінде де,  көрнекті қайраткерлері арқылы да тануға мүмкіндіктер ашқан.

Десек те  «Әлем әдебиеті тарихында» қазақ, түркі әдебиеттеріне қатысты берілген материалдар көңіл көншітпейді. Бүкіл тоғыз томдықтан «Ертедегі түркі әдебиеті» (И. В. Стеблева. Древняя тюркоязычная литература. 2-том, көлемі-7 бет), «Орта Азия әдебиеттері» (И. С. Брагинский, У. Кәрімов, А. Қаюмов, С. Дурдиев, М. Овезгелдиев. Литературы Средней Азии. 4-том, көлемі – 5 бет), «Орта Азия және Қазақстан әдебиеттері» (Х. Короглы. Введение; А. Каюмов. Узбекская литература; С. Каррыев. Туркменская литератра; Н. Смирнова. Казахская литература. 5-том, көлемі – 10 бет), «Орта Азия және Қазақстан әдебиеттері» (Литературы Средней Азии и Казахстана. З. Османова. Введение; И. Дюсенбаев.Казахская литература ; А. Хайтметов. Узбекская литература; С. Каррыев. Туркменская литератра. 6-том, көлемі – 10 бет),  «Орта Азия және Қазақстан халықтарының әдебиеті» (Литературы народов Средней Азии и Казахстана. З. Османова. Введение; З. Ахметов. Казахская литература; С. Каррыев. Туркменская литература; А. Абдугафуров, А. Джалалов. Узбекская литература. 7-том, көлемі – 7 бет), «Орта Азия және Қазақстан әдебиеті» (З. Османова. Введение; Э. Каримов. Узбекская литература; С. Карыев. Туркменская литература; З. Ахметов, А. Дербисалин, Ш. Сатбаева. Казахская литература; К. Асаналиев. Киргизская литература. 8-том, көлемі – 10 бет) және Х1У-ХУ11 ғасырлардағы әдебиетке арналған 3-томдағы түрік, өзбек әдебиеттеріне, қырғыздың «Манас», ортаазиялық «Алпамыс», қарақалпақтың «Қырық қыз» эпостарына, ноғайлы жырларына, Қорқыт, Көрұлы аңыздарына арналған тарауларға ғана орын беріліпті. Сонда бүкіл түркі тектес халықтардың (түріктерден басқа) әдебиеттеріне 69-ақ бет берілген.

Кеңестік империяның соңғы жылдарында жазылған «Әлем  әдебиетінің тарихындағы» мұндай өрескел   кемшіліктерді сол кездерде қоғамдық, мәдени өмірдің барлық салаларында салтанат құрып тұрған отаршылдық саясаттың, еуропацентризмнің салқыны демеске лаж жоқ. Ал есесіне тәуелсіз ел ретінде түрік әдебиетіне үшіншіден бастап, әр томда жеке тарау берілгенін құптасақ та, оның жалпы түркілік әдебиеттен бөлек қарастырылуы ойлантады. Х111 ғасырға дейінгі түркі халықтарының әдебиеті бірге қамтылған да, одан кейінгі томдарда түрікпен бірге  өзбек әдебиеті де бөлек қарастырылған. Оның үстіне Орта Азия әдебиетіне жатады деп, тәжік әдебиетін де түркілік топқа қосып жіберген. Ал Ресей құрамындағы татар, башқұрт, шуваш секілді түркі тектес халықтардың әдебиеттері де осы томдардан өзіне лайықты орнын алуға хақысы бар еді. Өкінішке орай, олай болмаған: тек кеңестік дәуірдегі Еділ және Жайық бойындағы халықтардың әдебиетіне берілген 7, 8- томдардағы қысқа ғана  7 беттік  шолумен ғана шектеліпті.

Бұл жерде қазақ  әдебиетіне қатысты айтпай кетуге болмайтын  тағы бір мәселе бар. Ол – қазақ  әдебиеті осы әлемдік әдебиеттің тарихына арналған іргелі еңбекте өзіндік  болмысымен көрініп, өзіне лайықты  орнын ала алды ма деген сауал. Біздіңше, ала алған жоқ. Олай дейтініміз, бұл еңбек социалистік релизм салтанат құрып тұрған кеңестік кезеңде  жазылды да, әдебиеттің ұлттық болмысын ашып көрсетуге мүмкіндіктері шектеулі, басқа әдебиеттердің өткендегі  тарихына деген көзқарас салқындау  болды. Осындай себептермен басқаларды былай қойғанның өзінде, әлемдік  әдебиет классиктерінің қатарында  тұруы тиіс Абай, Мағжан сияқты қазақтың ұлттық әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлері бұл  томдарда жоқ. Қазақ әдебиетінің ешбір елде қайталанбас өзіндік ерекшелігі саналатын жыраулық поэзияны, ақындық өнерді былай қойғанда, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық бағыттағы тұтас бір дәуірдің әдебиеті де түсіп қалған.

Информация о работе Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені