Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

ҚІЖК-нің 396-бабының 2-бөлігіне, 460-бабының 1-бөлігіне және 492-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды  өкілдері соттың үкімдері мен қаулыларына  апелляциялық және қадағалау тәртібінде шағымдануға құқылы екендері түсіндірілсін.

Заңды өкілдің  апелляциялық (қадағалау) арызы оның іске қатысуы тоқтатылғанша берілсе, арыз қаралған кезде ондағы мүдделі  адамның кәмелетке толғанына  қарамастан, барлық жағдайларда қаралуға тиісті.

Ата-аналардың  және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Жас ұрпақ қоғамдағы болашағы мол, екпінді әлеуметтік топ. Жастар қандай болса, белгілі дәрежеде біздің бүгініміз де, ертеңіміз де соған сәйкес болады. Сондықтан да бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алар шақ келді.

Құқықбұзушылықпен күресте  ең маңызды іс – оның алдын алу, одан сақтандыру екені белгілі. Осыған орай, жастардың психикалық және физикалық  тұрғыдан сау – саламат болуына, олардың сыртқы әлеммен өзара қарым – қатынасы барысында және кәмелетке толмағандар жасайтын қоғамға қауіпті әрекеттерге қатасты қолданылатын құқықтық нормаларды насихаттауға бағытталған арнайы бағдарламаны қабылдау аса қажет –ақ. Әрі аталмыш бағдарлама аясында біз мынадай іс – шаралардың жүзеге асырылғанын қалар едік:

  • жастарды мәдени, рухани өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалаптастыру;

- «Балаларға көмек көрсету орталығын» ашу, әрі мұндай орталықтарда қамқорлықсыз қалған балаларды, жетім балаларды, қараусыз қалған және қайыршылықпен айналысатын балаларды, әр түрлі себептермен күнелтуге қаржысы жоқ балаларды жан- жақты қамқорлыққа алу және тиісті тәлім – тәрбиені қамтамасыз ету;

- ұйымдастырушылық бағытында республикалық, амақтық, облыстық , және ауданаралық жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу шараларының бағдарламалары қабылданып, оларда кәмелетке толмағандар тұлғасы ерекшеліктерін қылмыстың алдын – алуда ескерілуі нақтылы түрде қаралу;

- кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеуметтік және әлеуметтік -педагогикалық қызметтердің бөлімшелерін ашу;

- бұрын сотталып , рақымшылық алған, берекесіз отбасыларынан шыққан жасөспірімдердің мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау, олар үшін еңбекке бейімдеу орталықтарын құру;

- міндетті квоталарды белгілеу жолымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу жүйесінен қалаптастыру;

- жастарға арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, жастардың еңбек биржасын, әлеуметтік - психологиялық көмек орталықтарын, норкологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспалар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтандыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын көптеп құру;

- оқу орындарында психо – педагогикалық қызметтер құру, сонымен бірге олардың типтік ережелерін жасау;

- балаларды қорғау мәселесі жалпы әлеуметтік қорғау проблемасынан ажыратылуы тиіс.

Сонымен, ұсынылған шаралар, біздің пікірімізше, жасөспірімдердің құқықтық санасын жоғары деңгейге көтеруге, қоғамның ұмытыла бастаған моральдық құндылықтарын қайта қалпына келтіруге, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыруға, барлық мүдделі ұйымдардың жұмысын ұйлестіруге көмектеседі. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын – алу, оларды тәрбиелеу, сондай – ақ ата – аналардың бала тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін жоғарлату, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау сияқты мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Сондықтан да қылмыспен  күресу үшін және оның алдын алу  үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар  жасалынуы аса қажет. Өйткені  қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты бөлек қарастырады. Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, адам физиологиясының даму процессі осы аралықты қамтиды.

Әр адам үшін, әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы аса қажет екендігі, әлеуметтік ұстаным арқылы, адамда қандай да бір із қалдыруға, бір қасиетті дамытып, ал екінші бір қасиетін жойып жіберуге болатындығы дәлелденген. Адамның әсіресе жас өспірімдердің мінез-құлқының бұзылуы негізінен ситуациялық-кримогендік типке байланысты болады. Ал, ситуациялық-криминогендік тип тармағының, мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипатталатындығын; қарама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет ететіндігін; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, өнегелік және құқықтық ситуациясына байланысты (қылмыстық құрамда болу, басқа адамдармен қақтығыс, т.б.) екендігін; бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылатындығын; Мұндай адамды қылмыстылыққа оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал қылмыстық жағдай оның заңды жалғасы болып саналатындығын.

Адамның санасы мен іс-қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтері, егер бола қалған күннің өзінде, шамалы ғана болатындығын; әлеуметтік орта мен адамның жеке басының күрделі ситуацияда, оның ішінде адамның оған даярлықсыздығы жағдайында өзара дұрыс әрекеттеспеуі де едәуір маңызды рөл атқаратындығын; бұл тип тармағының өкілдері қылмысты сол адамның кінәсінен туындамаған, ол қылмысты кездейсоқ жағдайда жасайтындығын; аталған адамның (кездейсоқ қылмыскерге қарағанда) бұл ситуацияларда өзінің және басқа адамның құқыққа қарсы, тіптен қылмыстық іс-қимылын ақтай алатындығы белгілі.

Сонымен қатар, құқық  бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін келеңсіз әлеуметтік жағдайларды экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени-тәрбие салаларында, сондай-ақ әлеуметтік қатынастар саласында көруге болады. Мысалы, экономика саласында ол: жұмыссыздық, дағдарыс, өндіру мен тұтыну арасындағы қайшылық, еңбек түрлері, нысандары және жағдайлары арасындағы айырмашылықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің әртүрлілігі және т.б. Енді әр бір салада қандай жағдайлар әсер ететіндігін қысқаша көрсетіп кетуге болады.

Саяси салада: сыбайлас жемқорлық; билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар; демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар; заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т.б.

Әлеуметтік қатынастар саласында: отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы; жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы; әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т.б.

Идеологиялық салада: білім беру және тәрбиені ұйымдастыру  жұмыстарындағы қайшылықтар; қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар; қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі; әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т.б.

Мәдени-тәрбие саласында: білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің  беделінің түсуі; құндылық бағдарының өзгеруі; мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру; қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т.б.

Осы аталғандарға орай бүгінгі жағдайға тоқтала келе, елдің экономикалық жағдайының жалпы нашарлауы, нәтижесінде соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық сипаттағы келеңсіз процестер орын алды, әлеуметтік институт болып табылатын отбасының керегесі босады, балалардың өмірі мен денсаулығына дұрыс қамқорлық болмағандығы, реформа кезінде Қазақстан халқының өмір деңгейі 30%-қа төмендеді (бұрын да онша жоғары емес еді), табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз отбасылар саны көбейді. Қазіргі кезде балалардың 10%-на жуығы кедей отбасыларында тұратындығы айтылады. Бұл мән-жайлар жасөспірімдердің мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауына, ақыл-естерінің ауытқуларының пайда болуына әсер етіп отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарасақ, 2006 жылдың өзінде жүйке-психикалық ауру балалардың саны артып, 45% құрап отыр. Ал, экономикалық жағдайдың нашарлауынан отбасыларына әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі ұдайы азаюда. Төлемақының көтерілуінен ондай қызмет көрсетуді пайдалану қиынға түсті. Жұпыны отбасыларының балалары (олар көпшілік) өздері қызығатын клубтарға, спорт секцияларына бару, сауықтыру лагерьлерінде демалу, сауықтыру орындарында емделу мүмкіндігінен айырылды. Нәтижесінде олардың қолы бос уақыты қылмыстық сипат ала бастады, тіптен, криминологиялық әдебиетте «бос уақыттағы қылмыстылық» термині пайда болды. Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, барлық «бос уақыттағы» құқық бұзушылықтың 80%-нан астамы 16 сағат пен 24 сағат аралығында жасалады екен. Ата-ананың әлеуметтік қауқарсыздығы, әдепсіз өмір салты, маскүнемдік, әсіресе әйелдердің ішімдікке салынуы балалардың қауіпті ортаға түсу мүмкіндігін арттырды. Соттар жылына ата-ана құқығынан айыру туралы 23 мыңдай іс қарайды екен. Қамқоршы органдарға да соншалық іс түседі. Қазақстан Республикасы ІІМ есебіне жүгінсек, соңғы 6 жыл көлемінде Республика аумағында қылмыстың 42%-ын жасөспірімдер жасап отыр. Отбасыларында, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында, балалар үйлері мен интернаттарда, жабық арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінде балаларға қатыгездік көрсету, ар-намысын таптау, психикалық және тәндік зорлық-зомбылық жасау жиі кездеседі (барлық балалар жарақатының 70%-ы отбасында, тұрмыста болған). Қатыгездікке шыдай алмай жылына 2 мыңдай бала өзіне өзі қол жұмсаған, 30 мыңға жуығы өз үйінен, 6 мыңдайы балалар үйінен және мектеп-интернаттардан кетіп қалады. Шамамен 5-7 мың жасөспірім қылмыстық озбырлықтың құрбанына айналады. Ішкі істер органдары жыл сайын 5 мыңнан аса балаға іздеу жариялайды. Балалардың жүріс-тұрысын ата-аналардың бақыламауы, оларды өз бетімен жіберуі, нені қызықтайтынын, қалай оқитындығын білмеу және т.б. немқұрайдылық педагогика тұрғысынан алғанда «қиын» баланың қалыптасуына жағдай тудырады, ол алғашында ұсақтан бастап (карта ойнау, ішімдіктің, есірткінің дәмін тату, ұрлық және т.б.), кейін елеулі құқық бұзушылыққа барады. Ішкі істер органдарының әсіресе, бұрын жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктер. Бұл, ең алдымен, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің құқық бұзушы жасөспірімдерді, қолайсыз отбасыларын дер кезінде анықтау жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер; криминалдық полицияның жедел тобының кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тез ашып, жастардың қылмыстық тобын ыдырату жөніндегі жұмысында орын алып отырған кемшіліктер; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ерте бастан болдырмауға бағытталған іс-шараларды жоспарлаудағы кемшіліктер; ішкі істер органдарының мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланысының нашарлығы. Беделі бар қылмыскерлерге еліктеу, солардай болуға ұмтылу, олардың өмір салтына қызығу кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына қалайда теріс ықпалын тигізетіндіндігі жұмыста ашық айтылады.

Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген:

1) отбасындағы байланыстың  нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан  ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы;

2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту;

3) қалаларда мінез-құлқы  қоғамға жат адамдардың өзара  байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері  зор;

4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы;

5) тұрған жерді тез  ауыстырып, сол қала аумағында  басқа жерге оңай жинала салу  мүмкіндігі;

6) тұрған жері мен  бос уақытын өткізетін жер  аралығының алшақтығы, мұндай  жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады;

7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай;

8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті;

9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды;

10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды;

11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.

Осыған байланысты, бүгінгі  таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам  өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Қылмыстылықтың жекелеген  түрлерін өзінше бөлек-бөлек қарағанда  қылмыстылықтың күрделі, жүйелік-құрылымдық әлеуметтік құбылыс ретінде бүтіндігін, оның әрбір түрлерінің диалектикалық  өзара байланыстары мен өзара әрекеттестігін әрқашанда есте сақтау керек. Дәл осы жүйелік-құрылымдық тәсіл «қылмыстылық көрініс сипаттамасын» реттеуге және оның өзіндік детерминологиясының нақты тетіктерін ашуға мүмкіндік береді.

Қылмыстылықтың жекелеген  түрлерінің криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшеліктерін ескермеу – онымен күресте мақсатты және нақты тәсілдерді қамтамасыз етпеу деген сөз. Сонымен қатар, қылмысты жасаудағы қылмыскердің мінез құлқын да жетік талдап өту аса қажет. Қылмыскердің жас ерекшелігіне, оның өскен ортасына, әлеуметтік жағдайына қарай. Мысалы, кіші және ересек жастағы жасөспірім арасында ортақ ұқсастықтар көп және ол аралықты бозбалалық шаққа өту кезеңі дейді. Кәмелетке толмаған 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік тәжірибенің жетімсіздігі, жоғары сезімдік, қозғыштық, еліктеуге бейімділік, көзқарасы мен мінез-құлқындағы қарама-қайшылық пен тұрақсыздық, сырт адамның ықпалына икемделгіштік, сырт көзге ересек көріну ниеті тән. Олар тіпті өзін ересек етіп көрсету үшін жұрт көзінше темекі шегіп, ішімдік ішуге, жанжалға, ұрысқа араласуға дайын. Ондай балалардың көпшілігі ата-аналарымен бірлесіп шешетін мәселелерді өз бетінше, үлкендердің келісімінсіз шешуге тырысады (мектепті тастап кету, өзінше бір жұмысқа тұру, өзінің жеке заттарын сатып жіберу немесе басқа зат сатып алу). Ал, жасөспірімдік кезеңнің табалдырығын аттаған 11 жастағы бала мен бозбалалық кезеңге ауыса бастаған 15 жастағы жасөспірімнің физикалық және психикалық жағынан, ал соған байланысты әлеуметтік сана тұрғысынан ерекшеленетінін, аңғаруға болады. Кіші жастағы жасөспірімдік кезең ол балалық шақтан ересек шаққа көшу мерзімінде бала ағзасының мінез-құлық, әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін физиологиялық өзгерістер процесі жүреді. Бұл жас аралығында бала мінез-құлқында көріне бастайтын өзгерістерге байланысты дисгармония (үйлесімсіздік) кезең деп атауға болады. Міне осындай талдаулар арқылы, қылмыстың алдын алуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы көрсетіледі.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы