Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Адам кәмелетке толған сәттен бастап заңды өкілдің міндеті тоқтатылады, бұл туралы қылмыстық қудалау органдары қаулы шығарады, ал сот өз отырысының хаттамасына тиісті мәлімет енгізеді. Мұндай жағдайларда, бұрын заңды өкілдері болған адамдардан олардың келісімімен куә ретінде кәмелетке толмағанның жалпы психологиялық мінездемесіне, сондай-ақ тұрмыстық және оны тәрбиелеу жағдайларына қатысты мәселелер бойынша жауап алуға болады.

Істің мән-жайларын және кәмелетке толмағанның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын ескере отырып, оларды ата-анасының, қорғаншылар мен қамқоршылардың немесе басқа да сенімді адамдардың, сондай-ақ өзі тұрған арнайы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру жөніндегі бұлтартпау шарасын кеңірек қолданған жөн. Бірақ мұндайда кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе басқа адамдардың қарауына беру олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болатынын ескеру қажет.

Егер кәмелетке толмаған айыпкерді өмір сүру және тәрбие алу  жағдайларына байланысты бұрын тұрған жерінде қалдыруға болмаса, онда ол ҚІЖК-нің 490-бабына сәйкес прокурордың санкциясын алған тергеушінің қаулысы немесе соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесіне орналастырылуы мүмкін.

Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша  сот отырысын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде ҚІЖК-нің 300-бабында көрсетілген мәселелермен қатар кәмелетке толмағанды қамауға алудың негізділігін жан-жақты тексеріп, мұндай шараның тек ерекше жағдайларда, ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда, ҚІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негіздер болғанда ғана қолданыла алатынын ескергендері жөн.

Мұндайда ҚІЖК-нің 491-бабының 4-бөлігіне орай осы кодекстің 153-бабында  белгіленген алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмағанды қамауда ұстаудың мерзімі алты айдан  аспауға тиіс.

Тергеу органдары жоғарыда аталған талаптарды орындамаса және кәмелетке толмағанды негізсіз қамауға алған жағдайда, сот оның бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе бұзуға міндетті.

Іс жөніндегі дәлелдемелерді, оның ішінде кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің істі алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын зерделеген кезде, соттар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәмелетке толмағанды оның заңды өкілі арқылы шақыруға және ұзақтығы үзіліссіз екі сағаттан артық емес, ал күніне төрт сағаттан артпайтын жауапты тәуліктің күндізгі уақытында алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтың міндетті түрде қатысуымен алуға міндеттейтін ҚІЖК-нің 484 және 485-баптарының талаптарының орындалғанын тексеруге міндетті.

Заңның бұл талаптарын орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қылмыс жасағанына сезіктенуге немесе оған айып тағуға жеткілікті негіз бола тұра, одан куә ретінде жауап алу кәмелетке толмағанның жауаптарын дәлелдер ретінде тануға жол бермейді.

Қылмыстық іс жүргізуші  органдар іске қатысушы педагогтар мен  психологтарға ҚІЖК-нің 84-бабында көрсетілген мамандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті, себебі олар бұл жағдайда мамандар болып табылады.

Соттар қоғамдық қауіптілігі  кішігірім қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандарға, егер ҚК-нің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы оларды түзеу немесе қайта тәрбиелеу мүмкін болса, қылмыстық жаза қолдану жағдайларын болдырмаулары тиіс.

ҚК-нің 81-бабына орай тәрбиелік  әсері бар мәжбүрлеу шараларын  қолданумен кәмелетке толмағандарды жазадан босату үшін:

а) кәмелетке толмағанның  қылмысты бірінші рет жасауы;

б) қылмыстың онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа санатқа  жатуы;

в) кәмелетке толмағанды тәрбиелік әсері бар шараларды  қолдану жолымен түзеу мүмкіндігі болуы қажет.

Тәрбиелік әсері бар  мәжбүрлеу шараларын қолдану  туралы шешімді сот қана және істі басты сот талқылауында қарап, айыптау  үкімін шығарған кезде ғана қабылдауы  мүмкін.

Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, немесе арнаулы мемлекеттік органның қадағалауына тапсыру, сондай-ақ бос уақытын шектеу және тәртібіне ерекше талап белгілеу сияқты тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралар, соттың пікірінше, оның түзелуіне немесе қайта тәрбиеленуіне қажет мерзімге немесе ол он сегіз жасқа толғанша қолданыла алады. Бұл жөнінде үкімде көрсетілуге тиіс.

Қандай да болмасын жағдайда, сонымен қатар, егер кәмелетке толмағандар  тәрбиелік әсері бар шараларды  қолдану мерзімі ішінде олардан  жалтарып немесе жаңа қылмыс жасағанда  да тәрбиелік әсері бар шараларды  қылмыстық жазаға ауыстыру мүмкіндігі заңда көрсетілмегені түсіндірілсін.

ҚК-тің 77-бабының екінші бөлігіне сәйкес тәрбиелік әсері  бар шаралар қолданылған кәмелетке  толмағандардың соттылығы жоқ деп  танылады.

Кәмелетке толмағандарға  жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жағдайлардан басқа олардың тұрмыс және тәрбие алу жағдайларын (отбасындағы сәтсіз жағдай, ата-ананың, басқа туысқандардың жасөспірімдерге дөрекілікпен, кейде қатыгездікпен қарауы және т.б.), психикалық дамуы деңгейін, жеке басының ерекшеліктерін (психикасының бұзылуы, сабырсыздық, қызбалық және т.б.), қылмыс жасаудың себептерін (тентектік, "елмен бірге", қызғанушылық, кек алушылық және т.б.), жасөспірімге ересек адамдардың әсер етуін ескеруге міндетті.

ҚК-нің 53-бабына сәйкес айыптының кәмелетке толмауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылатынын соттардың ескергені жөн.

Кәмелетке толмағанға қатысты  үкім қабылдаған кезде соттар ҚІЖК-нің 371 және 494-баптарында көрсетілген мәселелерді  шешуге тиісті.

Мұндайда сот үкімде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, кәмелетке толмағанға оның түзелуі және қайта тәрбиеленуі қоғамнан шеттетусіз мүмкін болмаған жағдайда ғана бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы.

Кәмелетке толмағандарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау фактілерін жою қажет.

Егер кәмелетке толмағанға бас бостандығынан айыру жазасы ҚК-нің 53-бабының 4-бөлігінде және 56-бабының 2-3-бөліктерінде көрсетілген ережелер ескеріле отырып тағайындалса, онда жазаның неғұрлым ауыр түрі мерзімінің немесе мөлшерінің жартысы және төрттен үш бөлігі тиісінше кәмелетке толмағанға аяқталған қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасы 10 немесе 12 жылдан бастап есептелуі тиіс.

Егер адам бірнеше қылмыс жасап, олардың бірі 18 жасқа толғанша, ал басқалары кәмелетке толғаннан кейін жасалса, сот жазаны қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындаған кезде ҚК-нің 79-бабының талаптарын ескере отырып, әуелі он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстары үшін, ал содан соң кәмелетке толғаннан кейін жасаған қылмыстары үшін түпкілікті жазаны ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша тағайындайды.

ҚК-нің 79-бабының 1-бөлігінің  мазмұнына орай мүлікті тәркілеу ретіндегі қосымша жаза кәмелетке  толмағандарға тағайындалмайды.

Егер ҚК-нің ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы  мүлікті тәркілеуді міндетті қосымша  жаза ретінде көздесе, онда соттар оның қолданылмауын, ҚК-нің 79-бабына сілтеме  жасай отырып, үкімде дәлелдеулері қажет.

ҚК-нің 13-бабының 4-бөлігіне сәйкес он сегіз жасқа дейін жасалған қылмыстар үшін соттылықтар қылмыстардың қайталануын тану кезінде ескерілмейтіні түсіндірілсін.

Кәмелетке толмағандарды  қылмыстық әрекеттерге немесе қоғамға  қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту  туралы істерді тергеген және қараған  кезде бұл қылмыстардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет.

Мұндайда қылмыстық  жауаптылық, егер айыпты адам осындай  қылмысқа тартылған адамның кәмелетке  толмағанын анық білген жағдайда ғана туындайтынын басшылыққа алу қажет.

Кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тарту деп қылмысқа тартушы адамның кәмелетке толмағанның қылмысқа қатысуға ынтасын (ниетін, ұмтылысын) және дайындығын қалыптастыру жөніндегі мақсатты әрекеттерін тану қажет. Мұндайда ересек адамның әрекеттері белсенді болуы тиіс және психикалық немесе денесіне зиян келтірумен (ұру, көндіру, қауіп туғызу және қорқыту, ақша беру, алдау, кек алу, қызғану және өзге де ұждансыз сезімін қоздыру, жауапсыздыққа сендіріп, қылмысты жасаудың орны мен тәсілін немесе оның іздерін жасыру туралы кеңес беру, жасаған әрекеттер үшін ақы төлеуге немесе ұрланған заттарды сатуға көмектесуге уәде беру және т.б.) ұштасуы мүмкін.

Тергеу органдары және соттар кәмелетке толмағанды қылмыстық  немесе өзге қоғамға қарсы әрекеттерге  тарту мақсатында ересектердің қандай нақты әрекеттер жасағанын көрсетуге міндетті.

Ересек адамның кәмелетке  толмағанға психикалық немесе денесіне зиян келтірмей, қылмыс жасау туралы өздігінен жәй ұсыныс айтуы кәмелетке  толмағанды қылмыстық әрекетке тарту  болып табылмайды.

ҚК-нің 131 және 132-баптарымен көзделген қылмыстар, кәмелетке толмағанның ересек адамның ықпалымен қылмыстарды қасақана жасау ниеті пайда болған кезде, қылмысты немесе қоғамға қарсы өзге де әрекеттерді жасауға тарту сәтінен бастап аяқталды деп есептеледі.

ҚК-нің 131-бабының 3-бөлігінде және 132-бабының 3-бөлігінде көзделген кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тарту кезінде күш қолдану деп кәмелетке толмағанның денесін ауыртумен, денсаулығына жеңіл және орташа дәрежедегі зиян келтірумен байланысты ұрып-соғуды, өзге де күш қолдану әрекеттерін түсінген жөн.

Егер кәмелетке толмағанды қылмыстық немесе қоғамға жат  өзге әрекетке тарту оның денсаулығына ауыр зардап келтірумен немесе дербес қылмыс құрамын құрайтын өзге әрекеттермен ұштасса, онда бұл әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша дәрежелеу қажет.

Кәмелетке толмағанды қылмысқа тартқан және оған қатысқан ересек адамның әрекеттері жасөспіріммен  бірге нақтылы қылмысқа қоса қатысқаны  және оны қылмыстық әрекетке тартқаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің баптарының жиынтығы бойынша дәрежеленетіні түсіндірілсін. Мұндайда қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толмаған адаммен бірге жасалған қылмысты адамдар тобымен жасалған деп дәрежелеуге болмайды. Мұндай жағдайда ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық әрекетке тартқан ересек адамды қылмысты орындаушы деп тану қажет.

Қылмыстық істегі азаматтық  талап арызды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің (бұдан әрі - АК) 926-бабына сәйкес 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген (оның ішінде моральдық) зиян үшін жалпы негізде жауапкершілікке тартылатынын басшылыққа алулары тиіс.

Егер 14-тен 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі болмаған жағдайда, зиянды толық немесе оның жетіспеген бөлігін, егер зиянның өздерінің кінәсінен туындамағанын дәлелдей алмаса, оның ата-анасы (асырап алушылары) немесе қамқоршылары толық өтеулері тиіс.

Зиян келтірген адам он сегіз жасқа толғаннан кейін немесе оның кәмелетке толғанша зиянды өтеу үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі пайда болса, не ол құқық қабілеттілігін кәмелетке толғанша иеленсе, ата-ананың (асырап алушылардың) қамқоршының және тиісті мекеменің кәмелетке толмағандардың келтірген зиянын өтеу жөніндегі міндеті тоқтатылады (АҚ-тің 17-бабының 2-тармағы).

Егер зиян бірнеше  адамның біріккен қылмыстық әрекеттерінің  салдарынан туындаса, онда сотталғандардың  ересектері де, кәмелетке толмағандары да жеткілікті еңбекақысы мен мүлкі  болған жағдайда, АК-нің 932-бабына сәйкес ортақ материалдық жауапкершілікке тартылады. АК-нің осы бабының екінші бөлігіне сәйкес сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүддесі үшін бірігіп зиян келтірген адамдарға үлестік жауапкершілік жүктей алады.

Заңда көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмаған сотталушылардың келтірген зияны үшін жауапкершілікке тартылатын азаматтар мен ұйымдар оны үлес бойынша өтейді.

Кәмелетке толмағанды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шешу үшін ҚК-нің 84-бабымен жазаны өтеудің қысқартылған мерзімдері белгіленгеніне соттардың назары аударылсын.

Егер адам қылмыс жасағаны үшін он сегіз жасқа толғанға дейін  сотталып, оны мерзімінен бұрын босату шарттары он сегіз жасқа толғаннан  кейін туындаса, онда бұл мәселені шешкен кезде ҚК-нің 84-бабының ережелері қолданылады.

Айыпкердің, сотталушының қылмыстық жауапкершілікке тартылған  кезде немесе үкім орындалған кезде  кәмелетке толған-толмағанына қарамастан, ҚК-нің 85-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға  қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуі және айыптау үкімін орындау мерзімі ҚК-нің 69 және 75-баптарында көрсетілген ересек адамдар үшін белгіленген мерзімдердің жартысын құрайтынын ескерген жөн.

Соттар ҚІЖК-нің 387-бабының  талаптарын бұлжытпай орындаулары тиіс, әрбір іс бойынша жасөспірімдердің қылмыс жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауы, олар алатын тәрбиедегі, әкімшілік органдар мен лауазымды адамдардың кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың тәртібін қадағалауды жүзеге асырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға, сондай-ақ сот ісін жүргізуде жол берілген заң бұзушылықтарға көңіл аударуы және осындай фактілер бойынша жеке қаулылар шығаруы тиіс.

Соттарға кәмелетке  толмағандардың қылмыстары туралы істерді  қарауды тәжірибесі мол білікті  судьяларға тапсыру; қажетті жағдайларда кәмелетке толмағандарға қатысты істерді жеке өндіріске бөлу туралы және сот талқылауының жариялылығын шектеу жөніндегі мәселелерді шешу; шартты соттау және бас бостандығынан айырумен және тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты емес жаза тағайындалған жағдайда бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органдарға хабарлау және оларға сотталушының тәртібін қадағалауды жүзеге асыруды жүктеу ұсынылсын.

Кәмелетке толмағандарды  негізсіз соттау немесе олардың әрекеттерін дұрыс дәрежелемеу фактілерін болдырмау үшін соттар апелляциялық (қадағалау) шағымдарын және наразылықтарды қараған кезде оларға тағайындалған жаза мөлшерінің сәйкестілігіне және әділдігіне ерекше көңіл бөлуге, әрбір заңды бұзушылық реттеріне назар аударуға және олқылықтарды уақытылы жоюға шара қолданулары тиіс.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы