Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Жеткіншектік жасында  отбасына, жалпы, ата-аналарына деген  қарым-қатынас келесі бағыттарда өзгереді:

1. Ересектердің әрекет  түрлеріне және бағдарларына, құндылықтарына қарсы ықпал мен сын, күдік көрініс табады;

2. Отбасымен эмоционалдық байланыстар әлсірейді;

3. Бағдар алу мен  сәйкестену үлгісі ретіндегі  ата-аналары екінші орынға түседі;

4. Жалпы алғанда отбасы  ықпалы төмендейді, бірақ та, негізінен,  ол маңызды референттік топ болып қалады.

Кіші жеткіншектік жаста ересектермен қарым-қатынас жүйесіндегі өз орнына қанағаттанбаушылықтың орнын толтыру жолдары мынадай болады:

- қалаған қарым-қатынас құндылықтарын төмендетуге деген талпыныс;

- орнын ауыстыратын қызметке деген талпыныс;

- қиял-ғажайып бейнелер әлеміне ену;

- агрессия немесе қарым-қатынастан бұлтару түріндегі фрустрация.

Ересек жеткіншектер үшін ересектерге деген теріс  қатынастарының келесі оппозиция реакциясы (жағымсыз сипаттағы көрнекі әрекеттер), бас тарту реакциясы (талаптарға бағынбау), оқшаулау реакциясы (жағымсыз байланыстардан қашуға талпыныс) секілді түрлері тән.

Жеткіншектің жалпы  уәждемесі қарым-қатынаспен араласады. Мұнда даулар туындайды, құндылықтарды қайта бағалау жүзеге асырылады, өзін-өзі қалыптастыруға деген ұмтылысты мойындау қанағаттандырылады. Қарым-қатынастағы доминантты қажеттілік келесі түрде тұжырымдалады: «Қарым-қатынас жасауға үйрену», «бір бірін жақсы түсінуге үйрену». Құрдастары қауіпсіздік пен қолдау көзі ретінде қарастырылады. Құрдастармен қарым-қатынас уәждемелерінің келесі динамикасы байқалады: 12-13 жаста жеткіншек құрдастарының ортасында белгілі бір орынды алғаны маңызды. Жас жеткіншектердің қарым-қатынастары оқу мен мінез-құлық үрдістері айналасына шоғырланады - жақсы оқитын және өзін дұрыс ұстайтын жеткіншек құрбылары арасындағы көшбасшы болып табылады, жағымды бейне жетекші болып саналады. 14-15 жаста ұжымдағы автономияға ұмтылыс және құрдастарының көз алдында жеке тұлғасының құндылықтарын тану ізденісі басым болады. Қарым-қатынас мазмұны тұлғалық қарым-қатынасқа, жеке тұлғалылыққа бағытталады – «қызықты», «күшті», «ерекше» тұлға неғұрлым тартымды болады. Көптеген жеткіншектерде өз ортасында елеулі болудың фрустрациялы қажеттілігі болады.

Дамудың әлеуметтік жағдаяты, бірінші кезекте, жоғары сынып оқушысының дербес өмір табалдырығына аяқ басу алдында тұруымен сипатталады. Оның алдында еңбек қызметі жолына шығу және өмірдегі өз орнын табу мүмкіндігі күтіп тұр. Осыған байланысты жоғары сынып оқушысына қойылатын талаптар мен олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы жүзеге асатын жағдайлар өзгереді: ол еңбек етуге, отбасылық өмірге, азаматтық міндеттерін орындауға дайын болуы тиіс. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық дамуының негізінде

кәсіби өзін-өзі тануы  тұрады. Жасөспірім кезеңі мәні білім беру жүйесі мен есею жүйесінің ажырауы, алшақтауы болып табылатын дағдарыстың болуымен сипатталады. Жеткіншек жасымен салыстырғанда жасөспірім жасы өзін-өзі бақылау мен өзіндік реттеу деңгейінің артуымен сипатталады. Сондай-ақ, бұл кезеңге өсіп келе жатқан адамға шексіз көңіл көтеруден мұңаюға дейін өзгеретін көңіл-күдің өзгергіштігі және кезекпен болатын кереғар сапалар қатарының үйлесімділігі тән.

Жастың жағымсыз факторларының  бірі оның жасына тән емес мінез-құлықта көрінетін инфантильдік болып табылады. Бұл - қатерлі фактор болып табылатын өте аңқау және балаға тән мінез-құлық. Кейде ата-аналар баласын әлі есейіп үлгереді, әзірше балалық шақта бола тұрсын деп те ойлайды. Ал адам болса есейе келе, жауапкершілікті өзі арқаламай, оны басқаларға жүктей отырып, өмірге қадам басады.

Ересектермен қарым-қатынас  аса күрделі қалыптасады. Жоғары сынып оқушылары ересектермен, ата-аналарымен қарым-қатынасты өздері үшін маңызды деп есептейді. Олармен қарым-қатынастағы қалаулы тақырыптар: болашақ мамандықты таңдау, қоршаған ортамен қарым-қатынас, оқу істері, мо-

раль мәселелері, өзі туралы және өзінің өткені, қазіргі кезі және болашағы туралы (өзін-өзі билеудің түрлі аспектілері). Бұл жастағы ересектермен, соның ішінде мұғаліммен сенімді қарым-қатынастың болмауы - жоғары сынып оқушыларының басынан кешіретін алаңдаушылықтың басты себептерінің бірі болып табылады. Олар өздерінің жеке істеріне араласқанды, әсіресе мәжбүрлегенді ұнатпайды, бірақ көмек әдепті түрде болса, оған риза болады. Аталмыш жастағы алаңдаушылықтың негізі болып табылатын жағдайлардың үш түрі белгілі:

1) мектеппен, мұғалімдермен  қарым-қатынасқа байланысты жағдайлар;

2) өзі туралы ұғымды  өзектілендіретін жағдайлар;

3) қарым-қатынас жағдайлары.

Осылайша, тәуелсіздікке  деген ашық ұмтылыста ата-аналарымен терең байланыс және олардың тарапынан психологиялық қолдауға деген қажеттілік сақталады.

Жеткіншек жасының психологиялық ерекшеліктері:

1. Жеткіншек жасының  қарама-қайшылығы, баланың ересектердің жауапкершіліктерін мойындарына алмай, ересек мәртебесі мен ересектердің мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне ұмтылуынан көрінеді;

2. Жеткіншек ата-анасының  бағасы мен өмірлік тәжірибесінің дұрыстығын түсініп тұрса да, оны жиі қабылдаудан бас тартады. Ол өзінің жеке бірегей және қайталанбас тәжірибесін алып, өз қатесін жіберіп, осы жіберген қатесі арқылы үйренгісі келеді;

3. Аталған жас үшін  өзінің жеткіншектер ортасындағы  жеке еңбегін мойындауға ұмтылысы сипатты;

4. Жеткіншек жеке басының  мәселесінің және уайымының бірегейлігіне нық сенеді, бұл жалғыздық пен жабырқаулық сезімін тудырады;

5. Жеке басының жалғыздығымен  күресе отырып, мәселенің күрделілігін сезінген жеткіншек өзі сияқтыларды іздей бастайды. Осылайша, жастар жиыны құрылады және ересектер әлеміне пара-пар жеткіншектердің субмәдениеті қалыптасады;

6. Жастар ортасындағы  жеткіншекте «Біз-тұжырымдамасы»  қалыптасады. Бір жағынан, бұл  топты жұмылдыратын нәрсе: ортақ  мақсаттар, мүдделер, міндеттер. Екінші жағынан, айналасындағы әлем «өзіміздікі» мен «басқалардікіне» бөлінеді, ал бұл топтар арасындағы қарым-қатынастар кейде тым қарама-қайшылықты болады.

7. Жеткіншектің «Біз-тұжырымдамасының»  қалыптасуы жеткіншек өмірінде  референттік топтың немесе топтардың пайда болуына көпір болып табылады. (Жеткіншек қабылдайтын және түсінетін және ол үшін маңызды болып табылатын пікірді бөлісетін топ референттік топ деп аталады);

8. Оқу қызметі мен  мектеп басты және ең маңызды  міндет болудан қалады. Құрдастарымен интимдік-тұлғалық қарым-қатынас жетекші қызметке айналады;

9. Жеткіншек жасында  нақты ойлау логикалылықпен ауыстырылатындықтан,  ақыл-ой жұмысының өнімділігі  төмендейді;

10. Жеткіншек үшін логикалық  ойлау механизмі сыншылдықтың  өсуімен түсіндіріледі. Ол ересектердің қағидатын сеніммен қабылдамайды, ол дәлелдер мен негіздемелерді талап етеді;

11. Сыншылдықтың өсуі  толық негативизмге әкеледі. Көбіне  бұл негативизм жеткіншек үшін даулы, стрессті және эмоционалды жағдайларда қолданылады. Тек 20% жеткіншектерде ғана негативизмнің дағдарысты көріністері толығымен жоқ;

12. Жеткіншектік жасы  үшін жеке тұлғаны іздеуге,  өзін-өзі зерттеу және өзін-өзі талдау бағыты сипатты болады. Жеткіншек өз ойын білдіргісі келеді, тіпті өзіне өзі білдірсе де (күнделіктер);

13. Бұл кезеңде басқалар  мен өзін-өзі терең түсінуге  мүмкіндік беретін, әлеуметтік қатынастардың іштей игерілген тәжірибесі ретінде өзіндік сана-сезімнің өсуі жүзеге асады;

14. Есеюдің бастамасы  сыртқы механизм (еліктеу механизмі)  бойынша жүзеге асырылады. Мен ересек секілді боламын – ойын – ересектердің сыртқы қасиеттерін, мәнерін, әдеттерін, мінез-құлық мәнерін, яғни есеюдің сыртқы атрибутикаларын көшіру. Бұл мағынада оған идеал болатын тұлға ерекше мәнге ие болады;

15. Жеткіншек жастардың  қосалқы мәдениетінде қабылданған сәнге және идеалдарға ілесуге ұмтылады: салмақ, бой, бұлшық еттер және т.б. Олардың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары орасан зор әсер етеді;

16. Бала мәні бойынша  емес, түрі бойынша нәпсіліктің  ересек тәптәурынына еліктейді, сол себепті де, қыздар арасында «Еліктіру өнері» немесе «Қалай батыл әйел болуға болады» секілді әдебиеттер кең тараған. Қыздар үшін еліктеу үлгісі отбасында қалыптасатын құндылықтар жүйесіне байланысты. Мұның «сұлу» болуы міндетті емес, бұл ерлер таптаурынына неғұрлым жақын «бизнес вумэн» стилі болуы да мүмкін. Ол әрқашанда тамаша, естен тандырарлықтай көрінеді, оның «мұндай ақымақтықтармен» ісі жоқ;

17. Ерлердің идеалы  көбіне күшті насихаттайтын, төзімді,  батыл, нағыз достық құндылығын уағыздайтын супер батыр болады, яғни қазіргі заман батыры;

18. Егер мәнді ересек  жеткіншекті өзінің басты көмекшісі  ретінде бағаласа, бұл оның өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде карастырылады.

Қылмыстың тікелей объектісі  — кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.

Қылмыстың жәбірленушісі - 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда әртүрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды  қылмыстың тікелей орындаушысы  немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі занда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.

Субъектінің болашақта  кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.

Кәмелетке толмағандар  үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қараниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.

Жоғарыда көрсетілген  тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке  толмағандар қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің  іс-әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық  ретінде сараланады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-тің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әртүрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.

Қылмыстың субъектісі заңда  тура атап көрсетілгендей кәмелетке  толмаған адамды қылмыстық іске тартқан  жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке  толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.

Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу  жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған, нақ  сол әрекет — осы қылмыстың  ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы). Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың коғамға қауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес шешіледі. Педагог деп тәрбие немесе оку процесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер  өзіне жүктелген өзге де адамдарға  қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің  тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмең тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген — жақын-туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.

Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш  қолданып немесе оны қолданамын деп  қорқытып жасалған әрекеттер (131-баптың 3-тармағы) — осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру аркылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп қорқыту — өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жанынды қинаймын, өртеймін деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы