Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп-шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді. Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Ол әлсіздерді кешірмейді. Барлығын бір ортақ ұғымға, түсініктерге ұйыстырады. «Баланы көше тәрбиелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі – өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы да қиындау. Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар жағында отырғандар аз емес. Олардың тағдыры мен өмірі не себепті солай болды? Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас. Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Осыған байланысты «неге» деген сұрақ туындайды. Өйткені жасы кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда, олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың табиғатына көп әсерін тигізуде. Кеңестік кезеңде «Аула клубтары» деген болды. Ол балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жоспарланатын. Қазір ондай орталықтар жоқтың қасы. Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста. Мектеп – әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болып жатқаны барлығна белгілі. Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-бірі пышақтап кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы – ойлантарлық мәселе. «Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс органдар қайда» деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір инспектордан бөлініп жатады. Бірақ та инспектордың назарынан тыс қаншама дүниелер жасалуы мүмкін. Мың сан оқушыны ол күндіз-түні жұмыс істесе де, бақылауында ұстай алмасы анық. Әйтеуір инспектордың мектеп өміріне атсалысып жүргенінің өзі біраз қылмыстың болдырмауына сеп болары ақиқат. Баланың тағдыры, баланың психологиясы бір қалыпты емес. Ол азғыруға көп ұшырайды. Бір өзі шешім қабылдап қылмысқа барған баланы аз жолықтырасың. Олар қылмысқа көбінде топ болып барады екен. Бірен-сараны болмаса, балалардың біраз бөлігі үшін өз араларындағы абырой беделі бәрінен жоғары болмақ. Сол жолда ол неге болса да баруға дайын тұруы мүмкін. Қылмыстың шеті осы жерден басталады. Бұл күнде көп кездесетін қылмыстардың ішінде мүліктік қылмыс, қарақшылық тәрізді қылмыстар аталады. Күнделікті көріп жүргеніміз – оқушылардың қолындағы ұялы телефондардың әртүрлі болып келетіндігі. Жағдайы жақсы бай баласы қымбат ұялы телефон ұстайды. Ал материалдық жағдайы одан төмен отбасының баласы ұялы телефонның арзанын ұстайды. Осындай теңсіздіктер қылмыстық себептерді туындатады.

Сонымен қатар жасы кәмелетке толмағандар өзімен қатарлас балалардың әдемі, бағалы ұялы телефон ұстап жүргенін көреді. Сөйтіп, «онда неге бар, менде неге жоқ» деген түсінік пайда болады. Ол оны қылмыс деп те есептемейді. Қылмыс жасағаны жөнінде кейбіреулерінен сұрағанда «біз бұған қылмыс деп қарамадық» деп жауап береді. Тағы бір топқа үлкендердің ықпалы әсер еткен. Әйтпесе өзін қоршаған айналасының ықпалына ұшырайды. «Досымызға жәрдем берейік, соған ақша қажет болып тұр», «бір жерге қарыз болып қалыпты» деген желеумен қылмысқа бой ұрады. Сөйтеді де ең оңай сатылатын – ұялы телефонды ұрлайды немесе біреуден тартып алады. Оны 5-10 мыңға сатып, пайдаланатын кездері болады. Балалардың мұндай қылмыс жасауына көбінесе өмірлік қағидасының қалыптаспағаны әсер етеді. Ауылда өсті. Тоғызыншы сыныпты бітіреді, қалаға келіп колледжге түседі. Еліктеп, басқалар сияқты ұялы телефон ұстағысы келеді, жақсы киінгісі келеді. Ол үшін ақша қажет. Оны қалай табуды білмейді. Сөйтіп жүргенде жанындағы біреулер «гоп-стоп» жасадық та, мына ұялы телефонды алдық» деп әлгі баланы қызықтырады. Оған «мен солай неге жасамаймын» деген ой келеді. Содан кейін барады да біреуден тартып алады. Ашық тартып алған соң Қылмыстық кодекстің 178-бабына, ал топ болып жасаса, осы баптың 2-бөлімі, яғни топ болып тонауға жатады. Ал егер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданам деп қорқытса, Қылмыстық кодекстің 179-бабымен қарақшылық қылмысқа өтіп кетеді. Қарақшылыққа өтетін себебі, олардың біреуінің қолында пышақ болады, не болмаса жарақат түсіруге бейімделген заттары болады.

Бұдан түсінгеніміз, қылмысқа баратын әрбір баланың серіктестері, азғырушылары, қылмыс жасауға итермелейтін сыртқы күштер де болады екен. Әр баланың  психикасы әртүрлі. Оған біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Әлеуметтік ахуалы, ішкі жан дүниесі дағдарысқа ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Қарап тұрсаңыз, сан мың тағдыр, есепсіз көп мәселелер. Қазіргі кезде жас жеткіншектің әлі қалыптасып үлгермеген психикасына зорлық-зомбылық көрініске толы фильмдер, түрлі ақпараттар әсер етіп отырғанын мамандар айтып жүр.

Қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандарға ҚР Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінде жауаптылық көзделген. ҚК 78-бабымен , қылмыс жасаған кезге  қарай жасы он төртке толған, бірақ  он сегізге толмаған адамдар кәмелетке  толмағандар деп анықталады . Кәметке толмағандардың қылмыстық ісін қарау барысында сот олардың жасын (күні, айы, туған жылын) нақты анықтауы қажет.

Қылмыстық құқық бойынша  жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір жағдайларда бірқатар қылмыстар  үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан белгіленген. Аталған қылмыстардың тізімі ҚК 15-бабында көзделген. 14 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Заңмен анықталғандай 14 жасқа толған адам, өзінің жасаған әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады. Бірақ, адам психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалауы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс- әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес (ҚК 15-бабы 3- бөлігі).

Қылмыстық кодекстің 78- бабы 2- бөлігі, қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар  мәжбүрлеу шаралары қолдануы мүмкін екендігі туралы белгіленген.Соттық тәжірибеден тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың үш шартын қолданудың негіздері белгіленген:

а) қоғамға қауіпті  әрекет жасаған адамның кәмелетке толмауы; 
б) қылмыстық әрекетінде кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстардың қамтылуы; 
в) адамның қылмыстық жазаны өтеусіз –ақ түзелуіне мүмкіндіктерінің болуы.

Кәмелетке толмаған адамдарға  тәрбиелік әсері бар мынадай  мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін:

а) ескерту;

б) ата – аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в) келтірілген зиянда қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс – тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағандарға  арнаулы тәрбие немесе емдеу - тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері  бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы да мүмкін. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 3- бөлігіне сәйкес, жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез – құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар, сондай – ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды , әрі тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды үздіксіз жүгізіп отыруды, сонымен қоса қоршаған дүниенің заңдылығын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетіп отыруды қажет етуде. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталатынын ескере отырып, жас ұрпақ мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгеніміз абзал. Жастар проблемасын асқындармай, алдын алған елде ғана кемел келешек болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәмелетке толмағандар деген кімдер? Бұл терминді этимологиялық тұрғыдан - «кәмелеттік» жасқа толмаған адам деп түсіндіруге болады. Яғни, белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдерде кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде – кәмелеттік жас 21 жас болып табылады. Кәмелетке толмаған деп 18 жасқа толмаған баланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелетке толмаған деп айтуға бола ма? «Кәмелетке толмаған» деген ұғым көп жағдайда заң терминологиясында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан басталады, Польшада - 13 жастан. Ресей мен Қазақстанда 14 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп «қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады» . Осындай анықтамаға сәйкес, кәмелетке толмаған деп, 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы айтуға болады. Алайда 14 жасқа толмаған балалар да құқық бұзушылық жасайды. Егер бала 11-12 жаста болса және ол құқық бұзушылықты жасаса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ бұл жағдайда ол кәмелетке толмаған деп есептелуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда кәмелетке толмаған деген кім? «Кәмелетке толмаған» санатына 14 тен 18 дейінгі жас аралығы жатады, ал бұл жас ауқымы екі жас кезеңдерінің – жеткіншек (орта мектеп) және жасөспірім (жоғары мектеп) жасының ауысуымен сипатталады.

Әдебиетте адам өміріндегі бұл жас кезеңі түрлі атаулармен сипатталады: жеткіншектік, өтпелі кезең, пубертальды, пубертантты кезең, жасөспірім, жыныстық жетілу жасының қолайсыз фазасы, екінші рет кіндік кесу жасы. Түрлі атаулар жеткіншектің өміріндегі болатын өзгерістердің алуан жақтарын көрсетеді.

Жеткіншек кезеңінің  биологиялық мағынасы пубертантты  кезең немесе жетілу кезеңі ретінде  анықталады. Қалыпты физикалық пубертанттылық кезеңінің басталуының төменгі шегі 11-12 жасқа, жоғарғы шегі 17-18 жасқа жатады. Дәстүрлі түрде (Ш. Бюлерден кейін) пубертант кезеңінің екі басты фазасын атап өтуге болады – теріс фаза және позитивті фаза (жастық шақ).

12-14 жаста көптеген  балалардың психологиялық дамуында  «жеткіншек дағдарысы» деген атпен белгілі өтпелі сәт басталады. Жеткіншек дағдарысының белгілері:

 тіл алмаушылық дүмпуі,

 дөрекілік,

 қырсықтық;

 тұйықтық;

 дәлелсіз ересектерге қарсы тұру;

 мұғалімдерге қатысты теріс қылық;

 ересектердің ескертулерін елемеу;

 құрбыларының арасына сіңісе алмау жағдайын қатты уайымдау,

 белгісіз жарқын болашаққа деген үміт;

  өз тәуелсіздігін көрсететін, материалдық мүдделерге жақындығын көрсететін дөрекі қимыл.

Көптеген психологтардың пікірінше, жеткіншек дағдарысы жеткіншектердің өзін жеке тұлға ретінде тану қабілеті мен қажеттілігінің туындауы сипатты белгісі болып табылатын, өзін-өзі танудың жаңа деңгейінің пайда болуына байланысты. Бұл жеткіншектің өзін өзі қалыптастыру, өзін-өзі таныту және өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылысынан көрініс табады. Өзіндік сана-сезімді дамыту механизмі рефлексия болып табыла ды. Жеткіншектер өздерінің теріс мінездерінің теріс бітістеріне сыни көзбен қарайды, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастар жасау мен достасуға кедергі келтіретін мінез бітістері үшін уайымдайды. Мінез құлықтарының теріс сипаттары туралы мұғалімдердің ескертулерінен кейін бұл күйзелістер күшейе түседі. Бұл ашу-ыза мен кикілжіңдерге әкеліп соғады.

Дамудың әлеуметтік жағдаяты тәуелді балалық шақтан дербес және жауапты ересек өміріне өту кезеңін білдіреді. Жеткіншек балалық шақ пен ересектілік арасындағы аралықты алады. Жеткіншек – сәби емес, бірақ әлі де ересек емес. Бұл аралық ұстаным бірқатар келеңсіздіктерге әкеліп соғады. Жеткіншек кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаяты алдыңғы кезеңдегі жетекші оқу қызметі ересектер әлеміндегі және қоғамдық қатынастар құрылымындағы өз орнын анықтауға, әлеуметтік өзін-өзі анықтауына бағытталған қызметпен ауыстырылады.

Жеткіншек жасының негізгі  орталық жаңа түзілімдері:

- Өзін-өзі қалыптастыру қажеттілігі;

- Өзіндік сана-сезімді дамыту;

- «Біз» -тұжырымдамасының қалыптасуы;

- Референттік топты  қалыптастыру;

- Ересектік сезімі;

- Ата-аналарының эмансипациясы;

- Оқуға деген жаңа  қатынас;

- Құндылықтарды қайта  бағалау;

- Автономды мораль.

Сонымен қатар біз  жас өспірімдер тұлғасының бағыттылығын да атап көрсетеміз:

- Ізгілік бағыттылығы – жеткіншектің өзіне және қоғамға деген қатынасы жағымды;

- Өзімшілдік бағыттылығы – қоғамға қарағанда оның өзі неғұрлым мәнді болып табылады;

- Торығушылық бағыттылығы – ол өзі үшін ешқандай құны жоқ;

- Өзіне-өзі қол жұмсаушылық бағыттылығы – қоғам да, өз тұлғасы да өзі үшін ешқандай құндылыққа ие емес;

- Жеткіншектік жаста түрлі қызығушылықтар пайда болуы;

- «менмендік доминантасы» – жеткіншектің өз тұлғасына деген қызығушылығы;

- «қашықтық доминантасы» – жеткіншектің өзі үшін жақын, ағымдағы, бүгінгіге қарағанда, неғұрлым субъективті жарамды, кең, үлкен ауқымды белгілеуі;

- «жігер доминантасы» - кей кездері қырсықтық, бұзықтық, тәрбиелік беделге қарсы күрес  түрінде көрінетін және оның  қарсылыққа, жеңіп шығуға, жігерлікке  деген қызығушылығы;

«қиялшылдық доминантасы» - белгісіздікке, тәуелділікке, қызықты оқиғаларға, батырлыққа деген қызығушылығы.

Есею кезеңіндегі ата-аналарымен өзара қарым-қатынас аясы маңызды болып қалады және тұлғаның қалыптасуына күшті ықпал етеді. Ересек жеткіншектер алғаш рет «ата-аналарына басқа қырынан таниды» және оларға тым жоғары талаптар қоя бастайды. Жеткіншектер ата-аналарын өздерінің қазіргі күні мен болашағын қамтамасыз етуші адамдар ретінде қабылдайды. Осыған байланысты жеткіншектер өздерінің ата-аналарына деген қарым-қатынастарына, әкесінің әлеуметтік мәртбесі мен анасымен өзара түсіністігіне өте эмоционалды және қызығушылықпен қарайды. Алайда өзара қарым-қатынас үрдісі бір жақты бағыттылыққа ие – жеткіншектер ата-аналарының көңіл аударуын, түсіністікпен қарауын, ынталандыруды талап етеді. Ата-аналар

жеке мәселелерін «өздері  шешсін», жеткіншек мұндай шешімдердің табыстылығын ғана бағалайды. Ата-аналарын түсінуге, бірдеңе беруге, «өзімен ой бөлісуге» деген дайындығы жоқ. Көп жағдайларда, өз белсенділігін түсіре отырып, тек ата-анадан «алу» ғана емес, «беру» бағдары да болады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы