Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

          _________________________________________________ институты

          _________________________________________________ кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Магистранттың тегі, аты, әкесінің аты

 

Болатұлы Фархат

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  ТАҚЫРЫБЫ

 

Кәмелетке толмағандарды  қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық  құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

 

 

Мамандығы: _______________________________________________________

           (классификатор бойынша мамандық шифры мен атауы, мамандануы)

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі: _______________        _______________________________

                                             (қолы)                               (аты-жөні, ғыылми дәрежесі, ғылыми атағы)

 

 

 

Қорғауға жіберілді: «______» _____________________________ 200____ж.

 

Кафедра меңгерушісі: _____________     ________________________________

                                              (қолы)                               (аты-жөні, ғыылми дәрежесі, ғылыми атағы)

 

 

 

Астана 20____

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

 

1 тарау

 

1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6

1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11

 

2 тарау

 

2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17

2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22

2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30

 

Қорытынды ................................................................................................................40

 

Пайдаланылған дереккөздер  тізімі..........................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.

Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің  орны өте үлкендігі жұмыста нақты  аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.

Қоғам үшін қауіпті адам, ол – қылмыскер. Қылмысқа жақын кісі, өзінің жеке басының мақсатын іске асыруды көздеп жүреді. Ол сол жолда тіпті ештенеден тайынбайды. Біреуді жәбірлейді, әлдебіреудің қанын төгеді, тонайды, ұрлық жасайды, бопсалаумен айналысады. Бұл ретте қылмыс табиғатын, мәнін түсіну қиынға соғады. Сондықтан да ол заң тұрғысынан алғанда әрқашанда жеке іс ретінде қаралады. Себебі әр қылмыстың себеп-салдары, нәтижесі, тіпті көздеген мақсаты да бір-біріне ұқсамасы белгілі. Қылмыс табиғатының астында көп себеп бар – кек алу, өшпенділік, есе қайтару, пайда табу, тағысын тағылар. Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.

Еліміздегі жасөспірімдер қылмысының белең алуы сананы сан-саққа жүгіртіп, ойды мазалайды. Жүрекке салмақ салатын сұрақтарға жауапты ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарауынан, отбасындағы келеңсіз жағдайлардан, тұрмыс-тіршіліктің нашарлығынан, аяқасты жағдайларға душар болуынан, жанашырының жоқтығынан, дұрыс тәрбие көрмеуі сияқтытағы да басқа мәселелерден іздеген жөн тәрізді.

Жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы. Агрессия психиканың жағыдайымен туындауы мүмкін. Психиканың осындай жағдайды тудыруға жалпы әлеуметтік жағдайдан, рухани жетіспеушілігінен, порнографияны, қатыгездік пен зорлыққа бас ұруды насихаттайтын ойын-сауық бизнесінің, баспа, кино және видеоөнімдерінің дамуына байланысты әдепсіз мінез-құлықтың модельдерінің таратылуынан тәуелді болады, осы өз кезекте жезөкшеліктің және әдепсіз өмір салтының дамуына әсер етеді.

Сонымен қатар нашар ата-аналар, олардың әлеуметтік статусының төмендігінің әсер ететіндігі туралы айтса да болады. Бір бала толық емес отбасында немесе балалар үйінде тәрбиеленсе, екіншісі жайсыз отбасында тәрбиеленген кездер де қатты әсер етеді. Бірақ, бұл дәлелдер жеткіліксіз, себебі балалар үйінен беделді адамдар да шығуы мүмкін, ал жайлы отбасынан баршаға белгілі, үнемі тәртіпті іс азаматтар да шыға бермейді. Оған күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар арқылы біліп отырмыз. Сонымен бірге ата-анасы, ұстазы және қоршаған адамдар жеткіншектің әрекетінің қай деңгейде екенін байқап, түзетпеген, кері шегінген балаға қол ұшын бермегені салдарына байланысты мәселенің бастауы осы болып саналады

Этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек.

Жеткіншектер  көбіне ұрлық, тонау, қарулы шабуыл сияқты мүліктік қылмыстар жасайды, кейбір өмір мен денсаулыққа қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға барады. Кәмелетке толмағандар арасында негізінен ересектерге тән мынадай қылмыс түрлері көбірек тарауда: қару мен есірткі затты сату, сутенерлік, қарулы шабуыл, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғу, компьютерлік қылмыстар, ұрланған затты сату, өз ортасында рэкет жасау.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар біздің қоғамның немқұрайлы қарауының, өз ата-аналарының қолы тимеуінің құрбаны. Панасыздық-біздің өміріміздің шындығына айналды. Панасыздар-ол педагогикалық бақылаудан тыс қалған, қамқорсыз және өздерінің қоғамдық көрінісіне, денсаулығына зиянды жағдайда тұратын кәмелетке толмағандар.

Кәмелетке толмағандардың себептері мен жағдайлары – олар қылмыстылықты және жалпы қылмысты тудыратын әлеуметтік жағымсыз көріністер мен процесстер. Сонда-ақ, психологтар айтқандай, жасөспірімдер құқыққа қарсы қылықтар арқылы өздерінің серіктерінң арасында өз-өзін бекітеді, егер басқа ойын-сауықтар шаршатып жіберсе, басқа да сезімділікті іздейді. Ұрлықтың себебі бөтеннің қымбат заттарына қызығушылық болуы мүмкін. Балалар негізінен жақсы және жаман қылықтардың арасындағы шекараны көрмейді. Моральдық тұрақсыздылығында түбегейлі қалу қажет.

Мысалы, егер кәмелетке  толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:

1) жеке бастың айналасындағылардың  құқыққа қарсы және бейморальдық  іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);

2) бұрындары биморальдық  іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;

3) адамның қоғамдағы  орнын; 

4) өз іс-қимылын теріс  бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың  әлеуметтік-психологиялық тетіктерін  пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Кәмелетке толмағандар  қылмысының мәселесі әрдайым көпшіліктің  назарын аудартып, осы қауіпті  қылмыстың алдын алу шараларын  және күресу жолдарын іздестіруге барлық әлем қауымдастығының алаңдатушылығын туғызады. Жас ұрпақ әлеуметтік дамудың табиғи қоры болып таблатындықтан, ал кәмелетке толмағанның қылмыстық заңды бұзуы тек тәрбие берудегі кемшіліктерді көрсетіп қана қоймай, едәуір дәрежеде жалпы қылмыстың болжану сипаты ретінде байқалады. Біздің мемлекеттің қоғамдық өмірінің барлық саласын реформалау жағдайында билік пен басқару органдары алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі жас ұрпақты тәрбиелеу, балалар бақылаусыздығы мен кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыспен күресуде тиімді шаралар қабылдау. 

Сүрініп кетіп, тағдырын бүлдіріп алған жасөспірімдерді  тәрбиелеуге мемлекет тарапынан  барлық жағдай жасалуда. Салауатты  өмір салтын қалыптастыру үрдісіне орай, тәрбиеленушілердің спортпен шұғылдануға  мүмкіншіліктері бар. Тар қапаста  бостандықтың қадірін түсініп, қасиетін сезінгендер Аллаға құлшылық етіп, имандылыққа бас бұруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, құқықтық мемлекет негізін қалыптастыруда. Жаңа ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси , әлуметтік және экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшандығына Қазақстан жастарының қал- жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде . Яғни, жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі. Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз болып отыр. Тұтас алғанда қазіргі қазақ жастарын бүгінгі қоғамдық және экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесіне жарым – жартылай бейімделген, тұрақсыз статусқа не әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.

Біздің елімізде жүгізілген сынақ  нәтижесі бойынша Қазақстанда он бес миллионнан аса адам тұрады екен , ал соның ішінде жастар мен жасөспірімдер  саны үш миллионға жуық, ал бұл халықтың жиырма пайызы. Олай болса, жастар арсындағы  маскүнемдікпен нашақорлықтың және бопсалау , қарақшылық, тонау , ұрлық сияқты қылмыстардың күннен -күнге өршуі қаншалықты дәрежеде қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті. Статискалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ меншікке қарсы қылмыстардың ішінде қорқытып алушылық , қарақшылық, тонау, ұрлық қылмыстары отыз пайызға өскен.

Кәмелетке толмаған қылмыскер жайлы айтатын болсақ, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балалар арасында қылмыс көбейе түсуде. Оның көбі ұрлық, тонау, қарақшылық секілді мүліктік тұрғыдағы қылмыстар. Сонымен қатар, жиі кездесетіні бұзақылық болып отыр. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде бөлек тармақ арналған. Бұл кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктеріне, әлеуметтік деңгейінің жетіспеуіне, психофизикалық жас жағының жетіспеуіне, мораль туралы пікірінің төмендігіне, мінез-құлқының ерекшеліктеріне, жасы үлкен адамдардың және формальды емес лидерлардың ықпалына түсуіне байланысты.

Бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін,  оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін ескерген жөн. Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, кәмелетке толмағандар қылмыс, қылмыскер деген ұғымдарға онша мән-бере бермейді. Көбіне сот үстінде балалықпен жасалған іс екендігін айтып қынжылады. Сондықтан тәрбие мәселесіне қатты көңіл аударуымыз керек. Бос уақыттарында әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасағанымыз дұрыс.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы