Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:32, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. Яғни:
1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
3) адамның қоғамдағы орнын;
4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 тарау
1.1 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.................................................................................................................6
1.2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының пайда болу негіздері................11
2 тарау
2.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың негізгі себептері.....................................................................................................................17
2.2 Кәмелетке толмағандар қылмысының қауіптілігінің ерекшеліктері.............................................................................................................22
2.3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың жолдары......................................................................................................................30
Қорытынды ................................................................................................................40
Пайдаланылған дереккөздер тізімі..........................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген  кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға  байланысты әрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көрсетілген қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 10-бабының 4, 5-тармақтарында берілген.

Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары  елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әртүрлі жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл әрине ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.

Қылмыстың тікелей объектісі  кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс  дамып, тәрбиеленуі болып табылады.

Объективтік жағынан  қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.

Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.

Есірткілік немесе есеңгірететін  заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады.

Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі  спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге  тартуды осы қылмыстың объективтік  жағынын бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде колдан жасалған осындай заттарда жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.

Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі — қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға  орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының  болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әртүрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.

Кәмелетке толмаған адамды коғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға  тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық  емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам. ҚК-тің 132-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы).

Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген  ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше ҚК-тің 131-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерін өзінше бөлек-бөлек қарағанда қылмыстылықтың күрделі, жүйелік-құрылымдық әлеуметтік құбылыс ретінде бүтіндігін, оның әрбір түрлерінің диалектикалық өзара байланыстары мен өзара әрекеттестігін әрқашанда есте сақтау керек. Дәл осы жүйелік-құрылымдық тәсіл «қылмыстылық көрініс сипаттамасын» реттеуге және оның өзіндік детерминологиясының нақты тетіктерін ашуға мүмкіндік береді. Криминологиялық оқулықтарда және монографияларда қылмыстылықтың түрлерінің криминологиялық сипаттамасы қаралады. Олардың кейбіреулері жиі кездеседі және олар жалпы қылмыстылыққа елеулі ықпал етеді. Ал кейбіреулері аса көп таралмаса да, не қоғамға аса қауіпті, не едәуір ерекшеліктерге ие. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің детерминациясы мен себептілігі, айта келгенде, мемлекет, қоғам деңгейінде олар үшін ортақ құбылыстармен және процестермен анықталатынын ескеру керек. Бұл процестер мен құбылыстар өздерінің әртүрлі әрекеттестігінде қылмыстылықтың сан қилы түрлерін тудыруы мүмкін. Мысалы, адам өлтіру, әйел зорлау, ұрлық көптеген криминологиялық параметрлер бойынша парақорлықтан, алаяқтықтан, абайсызда жасалған қылмыстардан және басқалардан өзгеше. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшеліктерін ескермеу – онымен күресте мақсатты және нақты тәсілдерді қамтамасыз етпеу деген сөз. Сонымен қатар, қылмысты жасаудағы қылмыскердің мінез құлқын да жетік талдап өту аса қажет. Қылмыскердің жас ерекшелігіне, оның өскен ортасына, әлеуметтік жағдайына қарай. Мысалы, кіші және ересек жастағы жасөспірім арасында ортақ ұқсастықтар көп және ол аралықты бозбалалық шаққа өту кезеңі дейді. Кәмелетке толмаған 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік тәжірибенің жетімсіздігі, жоғары сезімдік, қозғыштық, еліктеуге бейімділік, көзқарасы мен мінез-құлқындағы қарама-қайшылық пен тұрақсыздық, сырт адамның ықпалына икемделгіштік, сырт көзге ересек көріну ниеті тән. Олар тіпті өзін ересек етіп көрсету үшін жұрт көзінше темекі шегіп, ішімдік ішуге, жанжалға, ұрысқа араласуға дайын. Ондай балалардың көпшілігі ата-аналарымен бірлесіп шешетін мәселелерді өз бетінше, үлкендердің келісімінсіз шешуге тырысады (мектепті тастап кету, өзінше бір жұмысқа тұру, өзінің жеке заттарын сатып жіберу немесе басқа зат сатып алу). Ал, жасөспірімдік кезеңнің табалдырығын аттаған 11 жастағы бала мен бозбалалық кезеңге ауыса бастаған 15 жастағы жасөспірімнің физикалық және психикалық жағынан, ал соған байланысты әлеуметтік сана тұрғысынан ерекшеленетінін, аңғаруға болады. Кіші жастағы жасөспірімдік кезең ол балалық шақтан ересек шаққа көшу мерзімінде бала ағзасының мінез-құлық, әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін физиологиялық өзгерістер процесі жүреді. Бұл жас аралығында бала мінез-құлқында көріне бастайтын өзгерістерге байланысты дисгармония (үйлесімсіздік) кезең деп атауға болады. Міне осындай талдаулар арқылы, қылмыстың алдын алуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы криминалдық жағдайға байланысты қылмыстық заңнаманың кәмелетке толмағандар жеке тұлғасының қалыптасуына бөлген көңілі өсті.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар арасында кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту қылмысының көптігі мәселесі көп ойландырып толғандырады.

Қылмыстық заңнаманың теориясы мен практикасы қылмыстық іске тартудың екі түрін анықтап отыр: нақтыланбаған, бұл жерде ересек адам қылмыстық  өмірдің насихатын жүргізуге  бағтталған әрекеттер жасауы, қылмыстың  жақтаушыларын тарту, бұл қылмыскерлердің  қатарын толтыру үшін және кәмелетке толмағанды нақты қылмыс жасауына тартуға бағытталмаған; нақтыланған, бұл жерде ересек дайындаған қылмысты жасауға орындаушы немесе қатысуышы ретінде жасөспірімді тарту, немесе кәмелетке толмаған адамның нақты қылмысты әрекет жасау туралы дербес  ойын қалыптастыру. Қылмыстық іске тартудың нақтыланған түрінің қиындықтары бар, өйткені ересек адамның әрекеттерінде кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тартуынан басқа қылмыстың басқа құрамдарының белгілері бар.

Осы қылмыстарды  дұрыс саралау үшін ҚР Жоғарғы сотының Пленумы арнайы қаулы қабылдады.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі N 6 нормативтік қаулысы және оған ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. N 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістеріне сәйкес осы қылмыстарды саралаудың келесі тәртібі анықталған

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен оларды қылмыстық  және қоғамға жат әрекеттерге тарту туралы істер жөніндегі сот практикасын жинақтаудың қорытындыларын талқылап, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін және оларға қатысты сот ісін жүргізудің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарының дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот ісін жүргізуге  қатысты заңмен бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау, осы  санаттағы істерді уақытылы және сапалы қарау қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.

Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық басталатын жас  шамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 15-бабында  көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізуші  органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті. Бұл орайда адамның белгілі жасқа толуы ол туған күні емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі.

Адамның жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе ол құжаттар күмән тудыратын болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 241-бабының 2-тармағына сәйкес сараптама тағайындау қажет. Мұндайда сараптамашылар белгілеген жылдың соңғы күні туған күн болып есептеледі. Сараптамашылар жастың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін жылдар санымен белгілесе (мысалы, 14-тен 15-ке дейін), онда сараптама ұсынған жастың ең төменгі мөлшері есепке алынуы қажет.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы және оған жаза тағайындау туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін ҚІЖК-нің 117 және 481-баптарында көрсетілген мән-жайлардың елеулі маңызы бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның иланушылығы, ашушаңдығы, тәуелділігі, сөзуарлыққа, бастамашылыққа, қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтап алу қажет. Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп отырған адамдардан және басқа да адамдардан жауап алып, оның денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген жөн.

Кәмелетке толмағанның  ақыл-есінің кенже қалуы туралы жорамалға  негіз болатын мәліметтер болған жағдайда, оның психикалық жетілуін анықтау үшін міндетті түрде жан-жақтылы психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады.

Егер мұндайда кәмелетке  толмағанның, психикасының бұзылуына  байланысты емес, психикалық дамуы  жағынан артта қалуы салдарынан онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағаны не оған ие бола алмағаны анықталса, онда ол ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігінің ережелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған кезде осындай психикалық дамуы жағынан артта қалуы оған жаза тағайындалғанда ескерілуі қажет.

ҚІЖК-нің 71-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына және 486-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанның қылмыстары туралы істер бойынша кәмелетке  толмағанды ұстау немесе қамауға алу кезінен бастап немесе одан сезікті немесе айыпталушы ретінде бірінші жауап алынған кезден бастап қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады. Қылмыстық істі жүргізуші орган ҚІЖК-нің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанның қорғаушыдан бас тартуын, оның себептеріне қарамастан, қабылдауға тиіс емес.

Егер іс тергелген  немесе сотта қаралған кезде сезікті, айыпкер, сотталушы кәмелетке толған жағдайда, қылмыстық істі жүргізуші  орган ҚІЖК-нің 73-бабының талаптарын қатаң сақтай отырып, оның қорғаушыдан бас тартуын қабылдауға құқылы.

Қылмыстық қудалау органдары  және соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігінің  және ҚІЖК-нің 28-бабының талабына сәйкес, барлық жағдайларда кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің, сотталушының білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

Алдын ала тергеу барысында  кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің қорғалу құқығы бұзылғаны анықталған болса, соттар іс бойынша жиналған дәлелдемелерге баға берген кезде заңдылық пен сот ісін жүргізудің принциптері бұзылған деп есептесе, онда ҚІЖК-нің 9, 116, 128-баптарын басшылыққа алып, заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда, істегі материалдардың кейбір дәлелдемелерінің күші болмаған деп танығаны жөн.

Кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі істерге міндетті түрде қорғаушының қатысуы туралы заң талаптарының сақталмауы - ҚІЖК-нің 415-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық болып саналып, оны үкімнің бұзылуына әкеліп соқтыратын жағдай деп қарау қажет.

Қорғаушының іске қатысуы  алдын ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің, сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде ҚІЖК-нің 7-бабының 22-тармағында көрсетілген адамдар ғана бола алады.

Егер кәмелетке толмаған адамның ата-анасы болмаса және ол жалғыз тұрса немесе оны басқа  біреу асыраса, бірақ ол тиісті түрде  оның қорғаншысы немесе қамқоршысы болып  тағайындалмаса, онда ҚІЖК-нің 487-бабының 1-бөлігіне сәйкес іске міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатыстырылуы тиіс.

Заңды өкіл немесе қорғаншы және қамқоршы органның өкілі кәмелетке  толмаған сезіктіден немесе айыпкерден бірінші рет жауап алған сәттен бастап іске қатыстырылуы тиіс, бұл туралы тергеуші ҚІЖК-нің 487-бабының 3-бөлігінде көрсетілген олардың құқықтарын түсіндіре отырып, қаулы шығарады.

Туысқандық, қорғаншылық  пен қамқоршылықты жүзеге асыру  және олардың асырауында болу фактілері  заңмен бекітілген тәртіп бойынша расталуы қажет.

Қылмыстық істі жүргізуші  орган кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің қатысуымен жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерге заңды  өкілді өздерінің процессуалдық  құқықтарын жүзеге асыруы үшін қатыстыруға  құқылы.

Заңды өкіл сот талқылауы аяқталғанша сот отырысының залында болады. Сот оның ҚІЖК-нің 492-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықтарын сот отырысының дайындық бөлігінде түсіндіруге міндетті.

Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің, сотталушының заңды өкілдерінің  бірі қорғаушы міндетін атқарған жағдайда, қылмыстық іс жүргізуші орган іске оның басқа заңды өкілін қатыстыруға, ал ондайлар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілін міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

Информация о работе Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту: қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы