Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

С.Исаевтың қой, түйе сияқты сөздер жекеше  (-лар, -лерсіз) формада қолданылуы жалпылық мәнді білдіргенмен, көптік жалғауы арқылы қолданылғанда бірінің орнына бірі алмасып қолданылуының себебі не деген заңды сұрақтың жауабын іздейді.

Түркі тілдерінде қой жекеше, қойлар көптік формада деген түсініктің әбден орныққанын, оның ішінде өзбек, қарақалпақ тілі грамматикаларында зат есімдер түбір күйінде тұрып көптік мағына беруін ситуация, контексте байланыстылығын өз пікірінің яғни көптік жалғауы сан-мөлшер категориясы бола алмайтындығын дәлелдейді. Н.К.Дмитриевтің, И.Н.Кононовтың көптік мағына сан-мөлшер категориясын аңғартпайтындығын сөз ете отырып, сан мөлшерлік категорияға ұқсатуын орыс тілінің әсерінен туған топшылау екенін де нақты мысалдармен дәлелдейді. Ол пікірді тағы былай қорытындылайды –лар, -лер жалғау жалғанған зат есімдер көпше форма болып қана береді. Бұл көптік форма гарамматикалық категория құруға қатыспайтын болғандықтан зат есім басқа мәнді шырай формасы көпше, есімше формасы сияқты фунуциялық форма жасаушы қосымшаға жату керектігін көрсетеді. Егер хабарлы сөйлемдердің бірінде –лар көптік жалғауымен де жалғауынсыз да келуі тек стильдік реңке ғана ие бола алатындығында екендігін айтқан[1,140].

Көптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық рөліде ерекше екенін мынадай айғақтардан көруге болады.

Көптік жалғау (-лар) бір сөйлемде біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау, бір жағынан, сөздерді бір-бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағынан оларды сараландырып, айқын, ашық етіп ажыратып айту үшін қолданылады. Мысалы, Бастары жалаңбас, ауыздарын қалың мұрт, беттерін ұзын тығыз сары сақал басқан үлкендер балаларға әлі де аса суық түсті көрінеді (М.Ә.) деген сөйлемдегі үлкендерді бастауышқа тікелей қатысы жоқ, бірақ баяндауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып өзгертсек... (үлкендер балаға...суық көрінеді), балаларға емес, бір балаға ғана деген мағынада туады да, сөйлемнің жалпы түсінігіне, құрлысына, өзге стильне нұқсан келмейді. Ал егер сол үлкендер деген сөзге (бастауышқа) тікелей қатысы бар көптік мағынадағы бастарын, ауыздарын, беттерін деген сөздерді көптік жалғауынсыз (мысалы: басы жалаңбас, аузын қалың мұрт, бетін ұзын ... сақал басқан үлкендер...) қолдансақ, сөйлемнің стильне де, айтылған ойды саралап түсінуге де едәуір нұқсан келеді. Демек, сол үлкендерінің әрқайсысының басы...аузы...беті... деген сараланған айқын түсінік болмайды. Сондай-ақ, Аттар қайқаңдап, тізелерін бүгіп, ағаш ерлер ескі төсектей сықырлайды (Ғ.М.) деген сөйлемдегі аттар, тізелер, ерлер дегенн сөздерді автор жекеше формада қолданса, жалпы ұғым өзгермегенімен, дара түсінігіміз азды-көпті басқаша болар еді. Ол ерекшелік  мысалы, аттар... тізелерін бүгіп...., дегенмен аттар.... тізесін.... бүгіп дегенді салыстырғанда, айқынырақ білінеді. Ендеше, бұл айтылғандардан сөйлемдегі бір-біріне қатысты сөздердің көптік жалғауда қолданылуы олардың әрі грамматикалық жағынан қиылысуларына, әрі стилистикалық жағынан айқындалып саралануына керекті дәнекер болады деген қорытынды туады. Оны кеңірек те, тереңірек те бағдарлау үшін мынадай мысалдарды талдап көрелік.

Жігіттер сыртқы киімдерін сыпырып тастап, алақандарына бір түкіріп, қолдарына кетпен алды.(Ғ.М); Текелер бастарын тұқырып, мүйіздерін төсеп тұр.(М.Ә); Бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты.(Б.М). Осындағы жігіттер, текелер, кемпірлер деген сөздерге қатысты көптік формада қолданылған өзге сөздерді қосымшасыз қолданып қарасаңыз, түсініктері де айқын болмайды. Осы айтылған қағидаға бірыңғай мүшелердің кілең көптік формада қолданылуы да дәлел бола алады. Мысалы: Олар иектерін сипайды, жөтеледі, самайларын қасиды.(Ғ.М); Бұлардың шаштары қоңырқай, көздері үлкен, мұрындары көтеріңкі, бой(лар)ы ұзындау, тік біткен.(М.Ә)

Сөйлемнің басты мүшесі ретінде қызмет ететін сөзден бұрын есептік сан есім я сандық ұғым беретін басқа сөз анықтауыш болса немесе сол мүшенің өзі жинақтау саннан болса, оған тікелей қатысы бар сөздер көптік формада қиысып жұмсалады. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстыратын болсақ: Екі салт атты тымақтарын бұлғай бастады.(Ғ.М); Екеуі бастарына үлкен жастық салғызып, папиростарын ауыздарына тістеп, аяқтарын көселте созып жатады.(Ғ.М).

Жалқы есімдер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болған жағдайда оған тікелей қатысы бар өзге мүшелер (сөздер) көптік формада қиысып жұмсалады. Мысалы, Чайков пен Мейрам жастарының үлкен, кішілігіне қараамасатын әзілдесе беретін.(Ғ.М); Назыкеш пен Сейіт көпенді өз аналарындай жақсы көреді.(Ғ.М)

Көптік ұғымның бірден-бір грамматикалық көрсеткіші – көптік жалғау болғанымен оның әртүрлі тәсілдер арқылы жасалуының өзі оның қызметінің сипатына қарай семантикалық, стилистикалық мағынасының сан алуан рөлін көрсетеді[20,134].

 

Мен орманға барғанда,

Неше түрлі гүл ұстап

Қайтушы едім қолыма

Гүлдер түгіл бұл күнде

Шөп дағы жоқ маңымда (А.Мицикевич – Абай). 

 

Осы өлең жолында гүл бір тармақта жекеше формада, екінші тармақта көптік жалғауымен келіп тұр. Бір қарағанда мұнда ешқандай өзгешелік жоқ сияқты болғанмен, стильдік өзгешелік бар екенін аңғаруға болады. Стильдік өзгешелік бірнеше мағынаға құрылған көркем шығарманың грамматикалық құрылысындағы біркелкілік пен бірізділік – сөз, сөйлем құрамындағы нақты бір-бірімен қиысып жатса олар өзара үйлесімділікке негізделеді. Кейде грамматикалық ауытқулар болуы да заңдылыққа, яғни мағыналық өзгешелікке әкеледі. Жоғарыдағы өлең жолдарында бірінші гүл сөзінің жекеше тұлғасы көптік мағынаны да қамтып тұр, ал екінші көптік  -лар жалғауымен келген гүлдер интонацияға ұласып өкініш мағынасын аңғарқандай. Сонда бірінші жекеше гүл көптік мағына ғана аңғартпайды, әрі көңілді еркіндік мағынасын аңғартып тұрғанын байқауға болады. Егер соңғы гүлдердегі –дер көптік жалғауын алып тастасақ өкініштің мағыналық салмағы жеңілдеп, ойға тереңдеу әсер етпейтіндігін де байқауға болады.

Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма –лар, (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) зат есімге жалғанғанда сол сөздің тобы, жинағы ретінде жалпылама ұғымға әкеледі.   Көптік категориясының негізігі қызметін саралау көркем шығарма тілінен де анық байқалады.

 

Мөлдіресіп көздері,

Бір-біріне қарайды.

Қысқа болды сөздері,

Жылы у бойға тарайды.

Жеті айда жоғалсада талай іздер,

Есімнен неге шықсын соңғы сөздер.

Күндіз-түні, жатсам-тұрсам көз алдымда,

       Улаған жүрегімді қара көздер.(М.Ж)

 

Қазақ тілінде сөз атаулының кез-келгені жалпыланған жинақталған ұғымды білдіреді, бір тектес көптеген заттарды жинақтап атап жалпылама ұғымның сипатын бергенімен кейде олар морфологиялық тәсіл арқылы да түрлене алады. Тілде із, сөз, көз сөздері жеке тұрып та, жалпылама ұғымның атауын бергенмен автордың стилистикалық тәсіл мәнерінде басқаша бояуға ие болып тұр. Із, сөз, көз сөздеріне көптік жалғауы жалғанғанда сол заттың көптігін білдіреді. Ал поэзия тіліндегі көптік мағына 8 сандық ұғымды білдірмей, сол сөз арқылы аталатын белгілі бір заттың тобы, жинағы ретінде жалпылама қолданылып тұр.

Автордың өлең жолдарында көптік жалғауды қолдану себебі әр түрлі оқиға, құбылыстың мағыналық стилистикалық қызмет міндетін ашуға жәрдемдеседі.

Біріншіден, деректі-дерексіз зат есімдердің көптігін ғана емес, көлемінің шексіздігін таныту мақсатында қолданылады, екіншіден зат есімдерді уақыт пен  кеңістік ұғымының ұзақтығын меңзей отырып топтап санаға еркін ұғындыру үшін қолданған, әрине ұйқас пен ырғақтық мәнерді тең ұстау үшін яғни өлең өлшемін сақтау қажеттілігінен қолданысқа түсіп отыр. Көптік жалғау (-лар) даралап, жекелеп санауға келмейтін, бір өзі көптік ұғымды айқындап тұратын сөздер тобы, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалмайтын кейбір сөздерге қосылғанда олар өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады.

Сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі – синекдоха. Синекдоханың басты белгісі бүтінің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керсінше алмасып айтылады. Сөз мағынасында, әсіресе ауыспалы мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі  ұлттық сипаты басым болады. Жырдағы «Улаған жүрегімді қара көздер» деген өлең жолдарындағы «көздер» өздерінің тура мағыналарынан басқаша айтылып бүтіннің бөлшегі ретінде адам оның ішінде қыздар деген ұғымды білдіріп тұр. Астарлы мағынадағы бейнелі сөз адам сезімін сәулелендіріп адам болмысының жан дүниесін баурап алатындықтан ол бейнелі сөз ретінде қолданылады. Осындағы синекдоха тілімен сөз мағынасын өзгеру амалдары көркем шығармада көп кездеседі. «Көз» сөзінің жеке мағынада қолданысында бірнеше мағына туып қалыптасқан, атап айтқанда туған, туысқан, ет жақын, тұқым, ұрпақ жалпы көпшілік амалдар т.б. Ал «көз» сөзіне көптік жалғауы -лар қосылып, «көздер» сөзі өлең шумағының мағынасына үңілген сайын әр түрлі мағыналық қызметі байқалады. Егер өлең шумағының толық мағынасын айқындап іздеп, сөздермен бірге көздер, қыздар мағынасында жұмсалып тұр. Өлеңнің соңғы шумағына зер салғанда «Улаған жүрегімді қара көздер» қыздарда емес автордың немесе лириакалық кейіпкерлердің көз алдынан кетпейтін жүрегін улаған қыздың көзі мағынасында деп айтуға болады.

 

Менсінбес жөпшендіні көп маңғаздар,

Тең таппай кекеп, мұқар сансыз паңдар.

Қайырылып қарамасын, «қап» демеймін

Табылды шыраққа көз салар жандар, (М.Ж)

 

деген өлеңдегі сөздің ауыспалы мағынасы әр сөздің қабілетіне байланысты көркем шығармада  -лар сын есімдерге, есімше формасына қосылғанда оларды субстантивтендіруде көптік мағына қосады. «Маңғаздар», «паңдар» сын есімдері – лар көптік жалғауын қосып алып ауыспалы мағынада қолданғаннан оның эмоциялық әсері әр түрлі мақсатта жұмсалады. Жағымсыз соның ішінде менсінбеушілік пен тәкәпарлық, өркөкіректік, кербездік, көкірек көтеру, көзіне ілмеу сияқты мәнді танытып тұрса, «жандар» деген заттық мағына адамдар бірақ олар жағымды мән  тудыру үшін алынған. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінң бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа сөздік құралға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен стильдік байланыста болады.

Мағжан өлең шумақтары өзінің поэзиясында көптік жалғаулықтағы сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою мақсатында да қолданған. «Маңғаздар» мен «паңдар» жағымсыз, жағымды мағына «жандар» сөзі болса оның сыртқы  мағынасына үңілсек салыстырып отырған затты қарама-қарсы зат мағынасы да анық байқалады. Қазақ тілінде антонимдер көбінесе сын есімдерден болады, Мағжан сын есімдерге көптік жалғауын жалғап заттандырып зат есім «жандарды» қарсы қойып суреттеп отыр.

Мағжанның позэиясына көп үңілген сайын сөйлемдегі сөздердің байланысына немесе сөйлемдегі ойға ешбір нұқсан келтірмейтін көптік жалғауы ретінде оқырман қабылдап алатын –лар қосымшалары кездеседі. Автор өзінің «Мағарри сөздері» өлеңінде:

 

Ақылы асқан данышпандар елінде,

Бағаланбай қырын көзбен қаралар

Шетке даңқы, атағы асып кеткенде,

Қарсы болар ауылында ағалар! (М.Ж)

 

Осындағы өлеңнің екінші тармағындағы «қаралар» етістіктің жұрнағы ретінде ла+р мен 4-ші тармақтағы «ағалар» -лар – көптік жалғауы өлшемдес жұрнақтар пайдаланып, ұйқас үшін әрі өлең шумағының мағынасын ашу мақсатында қолданып тұр.

 

Құлыншақтар,

Қозы, лақтар –

Бәрі де ұйқыда (М.Ж)

 

Мағжан дыбысты еркін ойнатып сөзден сурет салған ақын, сондықтан оны суретшіл ақын  деп те атайды. Кейде осы суретшілдіктің сөзбен өрген өлең жолдарында –лар көптік жалғауын пайдаланады.

 

Белдер,

Гүлдер.

Күбір,

Сыбыр,

Думан –

Таң, таң!.. (М.Ж)

 

Интонациялық реңк алып тұрады, әсіресе екпіннің қарқыны бірнеше қарқындылық, әуенділік, әсерлілік күшін көрсету үшін қолданылады. –лар көптік жалғауының ..... өлең ұйқасындағы интонация эмоцияның айқын күшін ..... Бұл әрине қазақ өлеңі үшін табиғи нәрсе болғанымен –лар көптік жалғауы қызметінде де ол әлдеқайда әдемі реңке ие болып тұр.

 –лар көптік жалғауын  таза стильдік мақсатта қолдану  да поэзия тіліне тән.

 

Қызық іздеп,

Қыздар көздеп,

Елдер кезерсің.

Тарлан сүйіп,

Сұлу сүйіп

Үйден безерсің.

Қуып бақыт,

Тілеп тақыт

Жолдар шегерсің

Жүрек – жара

Мен – бейшара

Жастар төгермін (М.Ж).

 

Осындағы көптік жалғауынсыз өзі көптік мағынаға ие бола алатын сөздер ел, жол, жас сияқты атауларға жалғанғанда ол сөз өз мағынасын өзгертіп, яғни қосымша рең мағына қызмет ететіндігін байқауға болады. Жолдар мен елдер, жастар сөзінің көптік жалғауын қабылдағандығының өзіне тән ерекшелігі көзге түседі. Жолдар ұзақтықты аңғарса, елдер елдің көп екендігін емес, көп уақыт, көп жүрерсің, көп көресің деген мағынаны, яғни жолдардың нақты мағынасымен мағыналас мәнге ие болып тұр.

Көптік жалғау көп адамға тән ортақ бола алатын заттардың (адамның, құбылыстың, деректі, днрексіз) атауларына қосылғанда бірнеше зат иесіне ортақтығын жалпылық және уақыт мөлшеріне қатысты реңке ие болады. Көптік жалғау іргелес құрмалас сөйлемдердегі бірнеше сөзге жалғана береді, оның негізі сараландырып айқындап түсіндіру мақсатында жұмсалады. Көптік жалғауының грамматикалық қызметі өзіне тән ерекшеліктерімен қоса семантикалық-стилистикалық мағынасы да әрі терең, әрі бейнелі болып келеді.

Көптік жалғауының қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшеліктер мынадай:

Көптік жалғау (-лар) жалғанатын сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болған жағдайда, олардың әрқайсысы көптік мағынада қолданылады, бірақ  көптік жалғаудың жалғануы мынадай үш түрлі жүйенің бірінде болады[16,27].

а) Көптік жалғау (-лар) бірыңғай мүшенің әрқайсысына түсірілмей жалғанады. Мысалы: Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді.(М.Ә);

ә)  Көптік жалғау (-лар) бірыңғай мүшенің бұрынғыларына жалғанбай, тек соңына ғана жалғанады да, өзгері осы соңғы мүшенің жалғауына ортақтасады. Мысалы: Жүр, арқан, сойылдарыңды ұмытпа.(Ғ.М); Жас қозы, бота, бұзаулар да әлі қораны сағалайды.(М.Ә); Тымақбайдың артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі.(Б.М).

Информация о работе Көптік жалғаулары