Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

  -Лар аффиксі уақытқа қатысты сөздерге жалғанғанда көптік мағынаны білдірмейді, мезгіл үстеу мәнін білдіреді. Бұндай сөздердің мағынасында шамамен, дәл емес деген сема байқалады. Түркі тілдерінде -лар аффиксі арқылы үстеу тұлғасын білдіру қазіргі өзбек тілінде кездеседі. Мысалы, Сахар+лар+ы ерте туруб хаққа йансам – ертеңгісін ерте тұрып, хаққа жалбарынсам (14б.2), Кечә намаз күндуз+ләр+і сайим болдум – Түнде намаз оқып, күндіз ораза тұтушы болдым (25а.5). т.б.

 -Лар аффиксі сан есіммен келген сөздерге жалғанғанда, көптік мән беруден гөрі, стильдік мақсатты көздеген. Мысалы, Бу әләмда менің төрт дәфтарым бар – Бұл әлемде менің төрт дәптерім бар (10а.2). Кечә күндуз уч йуз алтмыш тамур батар аңа – Кешке-күндіз үш жүз алпыс тамыр батар саған (113а.3) т.б.

Сөздердің тіркесі арқылы көптік мән беру «Диуани хикмет» тілінде де кездеседі. Айталық, сан есім мен зат есім ешқандай қосымшасыз тіркесіп, көптік мән береді. Мысалы, Бу аламда мәні төрт дәфтарым бар – бұл жалғанда менің төрт дәптерім бар (10а.3), Мәні төрт дәфтәрім аламға сығмас – менің төрт дәптерім ғаламға сыймас (10а.8) т.б..

Кейде –лар аффиксі жинақтық мән беретін сөздерге жалғанып, белгісіз көптікті (неопределенное множество) білдірген. Белгісіз көптікті немесе жинақтаушы көптікті білдіру үшін «Диуани хикмет» тілінде барча, һәмма, көп, бу дегенн сияқты есімдіктер жиналған. Мысалы, Башым кетсә бу йол+лар+дан қайтарым йоқ – басымды алса да, бұл жолдан (дін жолынан) қайтпаймын (18б.9) т.б.

-Лар көптік жалғауы есімшеге жалғанып сөзді заттандырып, көптік мағынаға ие болуы хикмет тіліндегі мынадай мысалдарда байқалады: Қамуғ дүний йыққан+лар+ны хәлін көрдүм – Дүниеге қамыққандардың хәлін көрдім (17а.4), Ернәләрның  сухбатында дәйім болмай – Ергендердің сұхбатында үнемі болмай (43а.5) т.б.

Негізінен «Диуани хикмет» тілінде есімше мен сын есімдер көптік жалғауынсыз да заттық мәнге ие болған. Ал оларға –лар, -ләр аффиксінің жалғануы заттық мәнін күшейте түсу үшін қолданылған тәсіл болған. Мысалы, Құл мән дебан хақ әмріні тутмаған+лар  - құлмын деп, бірақ хақ әмірін ұстанбағандар (101б.5) т.б. Қудратыны көруб ибрат алмаған+лар – құдіретін көріп тұрып, одан ғибрат алмағандар (101б.6).

-Лар аффиксінің көптік мәнді білдіретін сөздерге жалғануы стильдік мақсатты көздейді. «Диуани хикмет» тілінде бұл ереже мынадай мысалдарда байқалады: Ол дәрийаға чомдым ажаб таш+лар+ы бар – ол дәрияға шомылдым, сондай ғажап тастары бар (100.б9), Замана+лар ахир болды хойуң кетті – Замандар өтті, өңің кетті (16б.2) т.б..

Кейде  -лар аффиксі қазіргі кейбір түркі тілдері секілді (өзбек, түрік т.б.) етістік түбірге жалғанып, ІІІ жақ жіктеу есімдігінің не көпше, не жекеше формаларын білдірген. Мысалы, Тынмай рауан болурлар санссыз такбир айтулар – Тынбай рауан болғандар, сансыз тәкпір айтқандар (87а.3), Мухиб қуллар махбубына айрылулар – Ғашық құлдар махаббатпен қауышады (84б.9) т.б.

-Дек теңеу жұрнағымен келгенде, түбірге –лар, -лер көптік жалғауы жалғанып қолданылады. Демек, «Диуани хихметте» теңеу тудыратын қосымшалар көптік жалғауымен қабаттаса қолданылып, стильдік мақсат көздеген. Мысалы, Хақ дидарын марданлар дек көрсә болмас – Хақ дидарын көре алмас (43а.10), Бустандағы булбуллар дек уәлә болса – Бустандағы бұлбұлдардай ессіз ғашық болса (96а.10) т.б.

Кейде –лар аффиксі жалғанып, кейде жалғанбай қолданған зат есімдер де кездеседі. Мысалы, чоллар кезіб – шөл кезіп, қанлар йутуб – қан жұтып және қан йутмаса – қан жұтпаса. Мынадай тіркестер автордың өлең өлшеміне, ырғақ, ұйқас шарттарының роліне байланысты берілуі мүмкін немесе автордың субъективті көзқарасын, ішкі ойын айқындап көрсету мақсатында жұмсалуы мүмкін[2,14].

 Содай-ақ «Диуани хикмет» тілінде араб тіліндегі көптіктің бұрыс көптік, деп аталатын тұлғасы кездеседі. Оның саны аса көпте емес, бірлі-жарым тұстарда кездеседі. Мысалы, машайиқ (шайх), халайиқ (халық), мәләйик (мелек). Айта кететін жайт, араб тілінде көптік мән беретін қосымша арқылы жасалған сөздерге түркі тіліндегі көптік мән беретін қосымшаның қабаттаса жалғануы кездеседі. Мысалы, Он алтымда жүмлә әруах үлүш берді – Он алтымда барлық әруақ үлес берді (12а.2), Малаиклар зәнжир салыб алыб йүргәй  - періштелер шынжыр салып, алып жүргей (82а.2) т.б.

Сонымен, қорыта келгенде Қ.А.Яссауидың «Диуани хикмет» туындысында көптік жалғауларының қолданысы туралы мынадай:

- Көптік жалғаулары дене мүшелерін білдіретін атауларға жалғанып, жұптық мәнін және авторлық субъективті көзқарасын білдірген. Ал уақытты білдіретін сөздерге жалғанып, көпттік жалғаулары көптік мән емес, үстеудің белгілі бір тұлғасын жасап тұр;

- араб тілінің «бұрыс көптік» тұлғасы арқылы жасалған сөздердің үстіне –лар, -ләр көптік жалғаулары қабаттасып қолданылған.

Сонымен, «Диуани-хикмет» шығармасында қоданылған көптік жалғаулады топтастырса:

- көптік жалғауының ІІІ жақ жедел өткен шақта жіктелген етістікке жалғануы жиі байқалады (келділер, бардылар). Бұл орта ғасыр ескерткіштерінің тіліне тән тілдік тәсіл болған. Тәсіл қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде, мысалы өзбек, түрік тілдерінде жиі кездесіп, қимыл іс-әрекетті орындаушылардың көптігін білдіреді. Алайда, мұндай қолданыс қазіргі қазақ тілінде кездеспейді;

- -лар, -лер көптік жалғауы көптік мән берумен қатар, жинақтық ұғымын да білдірген. Көптік жалғаулары дене мүшелерін білдіретін атауларға жалғанып, жұптық мәнін және автордық субъективті көзқарасын білдірген (көзләрім, тілләрім). Қазақ тілінде мұндай қолданыс тек жыраулар поэзиясында көрініс тапқан;

- уақытты білдіретін сөздерге жалғанып, көптік жалғаулары көптік мәнін емес, үстеудің белгілі бір тұлғасын жасап тұр (сахарлары, кечалары). Мұндай қолданыс қазіргі қазақ тілінде кездеспейді;

- араб тілінің «бұрыс көптік» тұлғасы арқылы жасалған сөздердің үстіне -лар, -лер көптік жалғаулары қабаттасып қолданылған (машайықтар, халайықтар, әруақтар). Бұндай тәсіл – қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де қалыптасқан құбылыс;

- көптік мән беретін сөздердің құрамында көптік жалғауы өлең өлшемі, ырғақ, ұйқас секілді шарттарды орындау үшін қолданылған (чөлләр кезіб – чөл кезіб, қанлар йұтты – қан йұтты). Қазіргі қазақ тілінде мұндай қолданыс кездеспейді[2,18];

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар

 

Түркологияда қосымша ұғымы «аффикс» деген терминмен белгіленеді де, ол көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп, «аффикс» деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикасында қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ

мәнінде бірдей жұмсалады. Бұнымен бірге «аффикс» термині мағынасы мен қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруі (словоизменительный), сөз тудырушы (словообразующий), форма тудырушы (формаобразующий) болып та бөлініп отырады. Ал «мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық морфема есебінде де қызмет ете береді[3,82]. Жұрнақтар мен жалғаулардың бір-бірінен ажыратарлық шеті олардың мағыналары мен қызметтерінен айқындалатындығы көрсетіліп, атап айтқанда, жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздердің аралығындағы әрқилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды білдірмейді, тек өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар үстеумен ғана тынады, делініп жүрсе де [3,26-29], кейде «сөз тудыратын морфемалар (қосымшалар)» сөз түрлендіретін морфемалар (қосымшалар) және сөз жалғастыратын морфемалар (қосымшалар) болып бөлініп, соған лайық әрқайсысы «сөз тудырушы, сөз түрлендірушілер, сөз жалғастырушылар болып[4,174]» жеке терминдерге, ие болып жүктелу үлгісі бар. Ал Ы.Маманов «қазақ тіліндегі қосымшаларды орыс тілінің үлгісімен сөз түрлендіруші (словоизменение), сөз тудырушы (слово образование) және форма тудырушы (формаобразование)» деп үшке бөліп қарастырудан гөрі қазақ тілінің материалы «оларды жаңа мағыналы сөз тудыру және сөздің граматикалық формасын тудыру қызметіне сәйкес сөз тудырушы және форма тудырушы деп көрсетіп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологилсақ: ялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады», - деп көрсетіп, сөз түрлендіруші (кейде форма тудырушы) жұрнақтар мен жалғаулар деп аталатын қосымшалар түрін бір топқа енгізіп, қасиет қызметтері бірдей тұлғалар деп қарайды [3,49].

Жұрнақ пен жалғаулардың салыстырмалы ерекшеліктеріне тоқтасақ:

  • Қосымша морфемалардың ең басты граммматикалық белгісі – мағыналық және тұлғалық дербестігінің болмауы.
  • Жалғаулардың қолданыс жиілігі жұрнақтарға қарағанда жоғары. Жалғаулар белгілі бір  табына жататын сөздердің бәріне талғамай жалғана беретін болса, жұрнақтар өздері жалғанатын сөздерді талғайды. Мысалы, етістіктердің бәрі де жіктеледі, яғни жіктік жалғауымен түрленеді, ал зат есімдер септеледі, көптеледі, тәуелденеді, сонымен бірге осы жалғаулар заттанған басқа сөз таптарына да жалғана береді.
  • Жұрнақтар кез келген сөзге талғамай жалғана алмайды. Мысалы, -шы,  -ші жұрнағы кәсіпті, мамандықты атайтын зат есмідерді, атауларды тудырып, сөз талғайды. Етістіктен туынды зат есімдер тудыратын  -ыш, -іш қосымшалары да етістік атаулының бәріне талғаусыз жалғанбайды. Тек адамның ішкі сезімін, эмоциясын білдіретін етістіктерге жалғанады: сүйін-ші, күйін-іш, т.б.
  • Сөз тудырушы қосымшалардың негізігі ерекшекшелігі сөздің лексикалық мағынасын өзгерте алатын қасиетінің болуы. Жұрнақтардың жалғануы нәтижесінде пайда болған туынды сөздер бірбүтін лексикалық единицаға айналады, жаңа сөз жасалады.
  • Жалғаулар мен түбірлердің мағыналары (бірі – лексикалық, бірі – грамматикалық) бір-бірімен жымдасып, бір-бірінен ажырағысыз күйде кірігіп кетпейді, сондықтан жалғаулардың қосалық тілдік элемент екені байқалып тұрады.[5,32-33]

Қайткен күнде де қазақ тіл білімінде қосымшаларды белгілі бір түрлерге жіктеуде негіз болатын қасиеттері қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-сипаты, қолданыстық қызметі, жүктеу жүйесі толық айқындалды деуге болмайды. Қосымшалардың қазақ тілі грамматикасында көрсетіп жүрген айырым белгілері, мағыналық, қызметтік түрлері оның сөз құрамының бір морфемалық бөлігі ретінде, әсіресе семантикалық мәні мен грамматикалық-тұлғалық, қызметтік дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретінде ерекшеліктері қажетті сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардың өз ішіндегі құрылымдық-мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік ерекшеліктерін, соларға байланысты тілдің граммматикалық құрылысын, оның сырын айқындап, соған байланысты жіктелу түрін толық таныта алмайды. Өйткені «аффикс» деген термин де, қосымшада бұл тілдік құбылыстың сипатын саралай алмайды.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы зат есімнің жекелік және көптік түрін көрсетеді: «Зат есімде екі айырым бар: 1) жекелік, 2) көптік.

Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата, дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ, шелек.

Көптік айырыс: нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сырнайлар, кернейлер, ашулар, шынылар, қаздар, құнандар, аяқтар, шелектер» (жети екжузбур). Ғалымның мұндағы «жекелік, көптік айрыс» деген терминін қазіргі қолданыстағы «жекеше, көпше түр» деп түсінеміз және көпше түрдің  (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) жұрнақтары арқылы берілетіндігін аңғарамыз[6,201].

Зат есімнің жекелік – көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұл жекелік мағынағы көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, «Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы – одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.

Сөз атауының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға (даралауға) болатын біртектес заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның сипатын (атын) білдіріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздеріде біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін заттардың аттары (су, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма, жүн т.б.), ру, халық, ұлт, украин, француз, қыпшақ, найман, үйсін, т.б.), әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат, аттары (көбелек, құрт-құмырысқа, шіркей, қоңыз, түлкі, қой, қоян, т.б.), өсімдік аттары (шөп, арпа, сұлы, көде, жусан, мақта, бидай, тары, т.б.), қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, дін, мәдениет, әдебиет, астрономия, ботаника, т.б.), адамның ішкі құрылысының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (алданыш, ермек, қуаныш, ақыл, достық, ізгілік, кәрілік, жалқаулық, білірлік, түс, еріншектік, жүріс т.б.), жатады. Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады[18,83].

Информация о работе Көптік жалғаулары