Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

Көптік жалғауы (-лар) зат еcімдерге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың көптігін білдіреді. Бірақ бұл көптік мағына дәл санды сандық ұғымды білдірмей, сол сөз аталатын белгілі, бір заттың (құбылыстың, нәрсенің) тобы, жинағы туралы ұғымды жалпылап атайды. Мысалы:

Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары да толық елестеді. (М.Ә)

Кім болса, киімдері , ер-тұрманы ғана жаңа .(М.Ә)

Үлкендер қорыққан Емесбай да, тіпті ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық болып көріне алмады .(М.Ә)

...«Интернационалдың»  әуенiмен аяқтарын сартылдатқан күйi бiр қызарып, бiр бозарған әйелдi кеуделей қағып тықсыра жөнелдi.(Т.С)

Түбiт шарқаттың қолтық астынан қылт-қылт желбiрей шұбатылған ұштары қос қанат сияқты. (Т.С)

Шүкiр, iнi-қарындастарың өсiп қалды, бәрi қолқабысқа жарайды... (Т.С)

Көптік жалғау (-лар) сын есімдерге, есімше формаларына жалғанып, сын есімдерді, есімшелерді әрі субстантивтендіреді, әрі оларға көптік мағына жамайды. Мысалы:

Отырғандар бірі көзі жасаурап бетін басып қалысты.(М.Ә)

Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүлгімей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды.(М.Ә)

Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен.(М.Ә)

 Жоғарыдан өкiл, лауазымды бiреу келсе, басшылар дастарханы түзу деп осы үйге түсiредi.(Т.С)

Саусақтары қалтырап икемге келер емес.(Т.С)

Бұлар құлағын басып, көздерiн жұма қойған. (Т.С)

Мезгіл үстеулерге көптік жалғау жалғанғанда, ол үстеу сөз көптік ұғымда емес, болжалдау мөлшерлеу мағынасын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы:

Қасындағылар аттан түсугеде іркілгендей болатын.(М.Ә)

Олар кешелер Біржан аттаған Барлыбай өзендегі Ұлжан ауылына жиналып жатты.(М.Ә)

Парсы, түрік тілдеріндегі кітаптардан былтырлар өзі оқыған.(М.Ә)

 Күзге салым бiр күнi малды қотанға иiрiп, кешкi шайларын ендi алдарына ала бергенде, сап-сау отырған кiсi аузы бiр жағына қисайып, көзi алайып доп боп домалап түсiптi. (Т.С)

Ұлттық территория дегенiмiз – сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан тiлiн, мәдениетi мен әдет-ғұрпын аялап-әлпештейтiн алтын бесiк. (Т.С)

«Жетпiсiншi жылдарға дейiн Шымкенттегi драма театрдың алдындағы Сәкеннiң үлкен портретiне ертелi-кеш телмiрiп бiр кемпiр отырады екен. (Т.С)

Сан есімдерге жалғанған кқптік жалғау дәл сол санның көптігін бермейді, мөлшер болжал ұғымын білдіреді. Мысалы:

Бұның бірі жиырма бестерге келген келген ақ сұр жігіт екен.(М.Ә)

Ең бастысы, жасып, жаншылған миллиондарға мызғымас, мәңгiлiк боп елестеген дүлей зұлымдыққа қарсы шығуға болатындығына көздерiн жеткiздiңдер. (Т.С)

«Неткен аярлық. Бiр адам, екi адамға сыбырлайтын өсекшiнiң аузы емес, мыңдарға, миллиондарға, бүкiл әлемге бүйтiп өтiрiк айтуға бола ма?!!» (Т.С)

Көптік жалғау –(лар) даралап (бір-бірлеп) санауға болмайтын, көптік формада жұмсалмайтын зат есімдердің, сондай-ақ, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалмайтын кейбір ұғымдардың атттарына қосылғанда, ол сөздер тікелей өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мысалы:

Ортадағы түлкі тымақтылардың бірі - Бөжей.(М.Ә)

 Рас, жаңа құрылыстан емес, қонысын жаңартып сонда көшкен үлкендердің бірінен босаған үй.(М.М)

Осындағы зор мансап, қисапсыз байлыққа жеткен әкім, алпауыттардың барлығы да ақылды, айлакер ғана емес, іскер, білімдар деп ойлайсың ба? (М.М)

Көптік жалғау көп адамға тән ортақ бола алатын заттардың (адамның, нәрсенің) атауларына қосылғанда, сол заттың көп (бірнеше) адамға бірдей (ортақ) екенін білдіреді. Мысалы:

Әкелерін қатты сағынып, еркелеп отырған балалардың үшеуі де Абайдың сөздерін қоспады.(М.Ә) 

Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жәке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырды.(М.Ә) 

Өкініш мол, кейіс аз, тек тентіреп кетпесе де, дәл өздеріндей дәрменсіз, яғни ұрлық, зорлық жасай алмайтын, алдауға, саудаға қыры жоқ, бар байлығы жоғарғы білім, арнайы мамандықпен шектелетін күйеулерімен бірге, жас балаларын қолтығына қысып жүріп, әйтіп-бүйтіп құбатөбел тіршілік жасап жатқан қыздарыма ғана жаным ашиды.(М.М)

Сиырларын екi күнде бiр рет суғарады екен, оның өзiн де жарты-ақ шелектен бередi... (Т.С)

Кейбір жағдайда көптік жалғау көпшілік пайдаланатын қолданатын заттардың (нәрселердің, бұйымдардың, ас-тамақтардың) атауларына қосылғанда, олардың көпке ортық көптің қолдануындағы нәрселер екенін береді.

  • Біздің қыстауларға Ырсай, Мырзатай, Үркер орнапты....(М.Ә)

Алматы маңындағы аудан-ауылдарға дейiн дүрлiгуде.(Т.С)

Жезқазған облыстарының кей жерлерiнде әлдекiмдер үй қабырғаларына, дуалдарға «Олжасқа бостандық берiлсiн!» «Қолыңды тарт, Олжастан!» деген үндеулер жазған. (Т.С)

 Көптік жалғау орын  мекен атауларына қосылғанда, сол  сөздің көптігін білдірмейді, оған  «сол жақ», «сол маңай» (айнала, төңірек) деген сияқты қосымша рең үстейді. Мысалы:

Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.(М.Ә)

Жиын тарамастан бұрын Абай жалғыз бөлініп өз үйлеріне қарай асыға жөнелді.(М.Ә)

Оны-мұныны сылтауратып, достарының үйiнде қонып қалатын болып жүр.(Т.С)

Көптік жалғау жалқы есімдерге (кісі аттары мен жер су аттарына) сондай   - кейбір туыс – жамағат атауларына қосылғанда, сол заттардың көптігін білдірмейді, «сол (кісі) және басқалар» деген сияқты топтау ұғымын білдіреді. Мысалы:

Бұл «Барластар ертең жүреді» деген түнде, ас алдында болған сөз еді.(М.Ә)

Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келіп-еді.(М.Ә)

 Түн бойы ұйықтамаған Байдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдің өз үйінің жанына, осы өлкедегі ең үлкен үй Сүйіндіктің сегіз қанат аппақ үйін әкеліп тіккізген.(М.Ә)

Көптік жалғау туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген  түріне  жалғанғанда, біреудің есімін сый тұту, құрметтеу мағынасын да білдіреді.

Көптік жалғау жалаң сөздерге және дербес сөздерден құралған күрделі сөздерге ғана емес, дербес сөздер мен көмекші сөздерден құралған тіркестерге де қосылады. Ондай да көптік жалғау соңғы көмекші сөзге жалғанады да бүтін тіркес бір сөз ретінде жұмсалады. Мысалы:

Өз ауылының жас жігіттері де шетінен ат үсті төбелеске мойымайтын, «іздегенге сұраған» дейтін Қожақан сияқтылар еді.(М.Ә)

Сол сияқты көптік жалғау кейде зат есімнен басқа сөз таптарына (мысалы, сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, т.б.) жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, субстантивтендіріп тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсіндіріле бермейді. «Көптік жалғаудың бұл жердегі қызметі, яғни басқа сөз таптарына жалғанып,оны заттандыруды жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деу  жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр[4,454]. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас; Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (Абай), т.б. Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарына жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.

Қазақ тілінде көптік мағына болса да, көптік жалғаудың жалғанбайтын да орындары бар. Көптік жалғау бірыңғай мүшелердің кейде соңғы сөзіне жалғанады. Мысалы: 

- Ынша Алла .. –  деп, көп атқамінер, старшын, ұлықтар алдында алғыс айтып, фатиха беріп еді... .(М.Ә)

Жекеше, көпше мағынаға тәуелсіз қарайтын абстракт, дерексіз зат атауларына да көптік жалғау жалғанбайды. Егер ондай сөздерге көптік жалғау жалғанса онда сөздерге көптік жалғау сол сөз білдіретін заттың көптігін емес, басқа стильдік мән үстейді; айталық заттың әр түрлігін немесе соған қатысты екінші бір басқа заттардың көптігін білдіреді: достықтары, күлкілері, адамгершіліктері және т.б. Бұл жерде көптік жалғау достықтың, күлкінің, адамгершіліктің көптігін емес, достықтың, күлкінің әр түрлілігін немесе достыққа, күлкіге, адамгершілікке қатысты адамдардың көптігін білдіреді.

Көптік мән бір кездегі екілі ұғымның көрсеткіші болған –ыз, -із, -з және І жақ жіктік жалғау тұлғасы –қ, -к қосымшасы арқылы да беріледі. Мысалы:

Тағдыр бізді қоспады. Тым құрыса осы жолы сау келсең... уаз кешкен болар ем.(М.Ә)  

Осындағы біз жіктеу есімдігінің құрамындағы  -з қосымшасы көптік мағынаны білдіріп тұр. Бірақ, бұл қосымша бүгінгі күні барлық сөздердің құрамында көптік мағынаны білдірмейді. Ал, -қ, -к формалары бардық, келдік формасында кездесіп, көптік мағынаны білдіреді. Көне түркі тілінде көптік ұғымның -т, -д қосымшасы арқылы берілуі қазақ тілінде жоқ, тек ондай тұлға көптік мәнен айырылып қалған күйде кейбір сөздің құрамында кездесуі мүмкін: алпауыт, т.б.

П.М.Мелиоранский «Күлтегін ескерткішінде кейбір сөздер құрамында кездесетін –т қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды дейтін пікір айтады. Бірсыпыра зерттеушілер сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы –т-ны да көптік жалғау деп қарайды. Осы ізбен кете берсек, қазақ тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі  -т да осы жалғау деп қаралу қажет. Өйткені қазақ тілінде оның сауға дейтін  -т-сыз айтылатын да варианты бар».

Қазақ тіл білімінде көптік категориясын арнайы зерттеген А.А.Данияров жекелік мағынасы мынадай үш түрлі лексика-грамматикалық жолмен жасалатындығын көссетеді: 1) семантикалық тәсіл: а) бір сөзімен мағыналас сөздер: біреу, бір өзі, жеке, оқшау, мен, сен т.б.; б) жалқы есімдер: Айжан, Құлагер, Қазақ педагогикалық қыздар инистуты, Азия т.б.; 2) морфологиялық тәсіл: жекеше түрдің І, ІІ, ІІІ жақ қосымшалары (балам, баласы, балаң, барамын, барасың, барады т.б).; 3) синтаксистік тәсіл: ел, мал, дүние, қой, шыбын т.б. контекске байланысты бірде жергілікті, бірде көптікті білдіреді, мысалы, қой қорада тұр – жекелік, колхозда қой бағады – көптік[17,216].

Ғалым көптік  категориясының білдіру тәсілдерін төмендегіше көрсетеді:

Семантикалық тәсіл: а) қалалардың, ұлттардың, рулардың аттары: найман, өзбек, қарауыл т.б.; ә) жан-жануар аттары: жылқы, сиыр, арыстан т.б.; жұп анатомиялық атаулар және жұп заттардың атаулары: көз, бүйрек, жең, құлақ, галош, етік т.б.; в) санауға келмейтін заттардың атаулары: құмырысқа, бидай, нан, ет, бұлт т.б.; г) жалпы мағынасы жинақтық болып келетін заттың атаулары: дүние, мал, ағаш, шөп, т.б.; д) сан есімдер: екі, он т.б.; е) жинақтық және жиынтық мығыналы есімідіктер: бүкіл, дүйім, бірнеше, бірталай, т.б.; ж) мөлшер, шамаға байланысты сөздер: сонша, қыруар, көп, бірқыдыру т.б.

Морфологиялық тәсіл:  -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер (кітаптар, үйлер т.б.)  -з (кітабымыз, үйіміз т.б.), -қ, -к (баралық, келелік т.б.), -с, -ыс, -іс (дағдарысты, көтерісті т.б.), -лас, -лес, -тас, -тес, -дас, -дес (отандас, сыныптас т.б.), -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (малды, қойлы т.б.), -қылы, -кіле, -ғыла, -гіле (ұрғыла, тепкіле т.б.), -ылда, -ілде (сыртылда, сартылда, бүлкілде), -ыра, -іре, -а, -е (сана, түне, т.б.), -сыз, -сіз (сансыз, есепсіз т.б.);

Синтаксистік тәсіл: 1) жеке сөздердің тіркесуі арқылы: үш қап бидай, барлық кітап, талай уақыт, соншама алтын, ел болып, жиналған халық; 2) синтагмада қайталама қос сөздер арқылы: ата-ана, мая-мая шөп, ет-мет, сатыр-сұтыр.  Осыны кесте түрінде ұсынсақ[11,61]:

                            Зат есімнің көптік категориясы

Көптік категориясының берілу жолдары

Тәсілдердің көрінісі

Морфологиялық тәсіл

  1. Сөзге: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғауларының жалғануы арқылы. Мысалы: балалар, кемелер, ағаштар, көліктер, ақындар, бөкендер т.б.
  2.    –з, (-ыз, -із, -қ) жұрнақтарынңы қосылуы арқылы.

Синтаксистік тәсіл

  1. Сөздердің қосарлануы арқылы жинақтау, топтау, жалпылау ұғымдарын айтылады. Мысалы: ата-ана, кәрі-жас, қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, т.б.
  2. Көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сөздері зат есімнің алдынан қолданылып көптік ұғымды білдіреді.

Лексикалық тәсіл

  1. Санауға жеке даралап есептеуге келмейтін зат атаулары. Мысалы: су, сүт, ұн, құм.
  2. Ру, халық, тайпа, ел аттары. Мысалы: қазақ, орыс, өзбек, тәжік.

 

А. Қалыбаева мен Н. Оралбай жекелік және көптік мағыналарды бір-біріне оппозиция категория ретінде санап, «Сандылық категориясының (категория числа) осы ішкі екі мағынасының бірі арнайы морфема арқылы беріледі, ол – көптік мағына, екіншісі – нөлдік морфема арқылы беріледі, ол – жекешелік», - деп қорытады.  Сандылық өте абстракты грамматикалық категория. Бұл категория заттың сандық белгісі туралы жалпы ұғымға негізделген, бірақ ол заттың нақты сан мағынасымен бір емес. Бұл екеуі екі түрлі мәселе. Нақтылы сандық мағына сан атауларынан тұратын лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы, бес, он, екі, отыз, т.б.

Сандық категориясы жекелік пен көптік мағыналырдың қарама-қарсылығынан құралған жалпы грамматикалық мағыналы грамматикалық категория. Бұл категорияның жекелік не кқптік мағынасын білдіретін тілдік бірліктері яғни көрсеткіштері бар, олар: жекелік мағынаны білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау. Сөйлемде нөлдік және көптік жалғаумен қолданылған зат есім сөздер сандылық категориясының тұлғасындағы сөздер болып саналады.  Мысалы, Мағжанның өлеңдерін аса құнттап жарыққа шығаратын Мағжаншылдар да бар.(Ж.А) осы сөйлемдегі сандылық категориясының жекелік тұлғасындағы сөз: Мағжан, жарыққа; көпше тұлғасындағы сөз: өлеңдерін, Мағжаншылдар, жекеше тұлғадағы Мағжан – кісі аты, кісі аты жеке адамға қатысты, сондықтан оның жекеше тұлғада   қолданылуы заңды; жарыққа сөзі заттанып, жарық дүниеге дегендегі сөйлемде қолданылмаған дүниеге сөзінің орнында тұр. Сондықтан жарық дүниенің жекеше екеніне орай, жарыққа сөзі сандылық категорияның жекелік нөлдік тұлғасында қолданылған.

Информация о работе Көптік жалғаулары