Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)
  1. Құзғындар таласы боп кеткен айла-тәсілдің сойыл-шоқпары етпек болды Базаралыны.(М.Ә)
  2. Бай үйіне былтыр кіре алмаған, жасқаншақ, жыртық балалар мен олардың тамағын ұрлап ішіп отырған Шөпіш танылды.(М.Ә)
  3. Қауғамен су тартқызып алдырып, дәмін татып көрді, беті-қолдарын жуды.(Ә.К)
  4. Жаңа ғана жан-жағынан сығып тұрған тас құрсауға да, қалтарыс-қалтарыстан қарақшыдай аңдып тұрған көлеңкеге де, құдықтың аузындағы саңылау жарықтың бірте-бірте өлеусіреп бара жатқанына да, сыртта топырақ шығарып тұрған жігіттердің үсті-үстіне арқанды жұлқылағандарына да - ештеңеге де елең еткен жоқ.(Ә.К)

Осы секілді сөйлемдегі көптік жалғаулы сөзді көптік жалғауынсыз қолдансақ, сөйлемде еш өзгеріс байқалмайтынын көруге болады:

  1. Құзғын таласы боп кеткен айла-тәсілдің сойыл-шоқпары етпек болды Базаралыны.(М.Ә)
  2. Бай үйіне былтыр кіре алмаған, жасқаншақ, жыртық бала мен олардың тамағын ұрлап ішіп отырған Шөпіш танылды.(М.Ә)
  3. Қауғамен су тартқызып алдырып, дәмін татып көрді, беті-қолын жуды.(Ә.К)
  4. Жаңа ғана жан-жағынан сығып тұрған тас құрсауға да, қалтарыс-қалтарыстан қарақшыдай аңдып тұрған көлеңкеге де, құдықтың аузындағы саңылау жарықтың бірте-бірте өлеусіреп бара жатқанына да, сыртта топырақ шығарып тұрған жігіттердің үсті-үстіне арқанды жұлқылағанына да - ештеңеге де елең еткен жоқ.(Ә.К)

Жоғарыда берілген сөйлемдер көптік –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының сөйлемдегі негізгі қызметі сөз түрлендірушілік қызмет екенін дәелдей түседі.

Сонымен қатар көптік жалғауының тағы бір ерекше қызметін айтуға болады. Қ.Жұбанов  қазақ тіліндегі -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының көмекші сөздер  қызметін атқаратынын айтқан болатын[15,332]. Бірақ бұл ерекшеліктер адам есіміне жалғанған -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларында жақсы байқалады. Мысалы:

  1. Бұлар: Оразбай, Жиреншелер салқын қабақпен қарсы алған Құнанбай ауылының жастары.(М.Ә)
  2. Құнанбайлар болса емде жатып, «келді» дегенді естігенде, шынымен жаман ойласы.(М.Ә)
  3. Жалғыз қабат қонақ Базаралы үлкен ілтипат жасаған жырға Оразбайлар тоқтау сала алмады.(М.Ә)
  4. Ішкі Россия жерінде, орыста да сан Құнанбай, Тәкежандар иттен де көп, бықып жатады екен ғой.(М.Ә)

Жоғаырда берілген сөйлемдерде адам есіміне жалғанған көптік жалғауын «және тағы басқалар» формасында да қолдануға болады:

  1. Бұлар: Оразбай, Жиренше және тағы басқалар салқын қабақпен қарсы алған Құнанбай ауылының жастары.(М.Ә)
  2. Құнанбай және тағы басқалар болса емде жатып, «келді» дегенді естігенде, шынымен жаман ойласы.(М.Ә)
  3. Жалғыз қабат қонақ Базаралы үлкен ілтипат жасаған жырға Оразбай және тағы басқалар тоқтау сала алмады.(М.Ә)
  4. Ішкі Россия жерінде, орыста да сан Құнанбай, Тәкежан және тағы басқалар иттен де көп, бықып жатады екен ғой.(М.Ә)

Жоғарыда берілген сөйлемдер қазақ тіліндегі көптік жалғаудың тағы бір қызметі ашыла түседі, яғни оның адам есімдеріне жалғанғанда көмекші сөз ретінде қолданыла алатындығы байқалады.

Құралай Күдерина «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы» деген еңбегінде  -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшаларының негізгі қызметі ретінде «сөз ұластырушылық» қызметі бар деп көрсетеді. «Көптік жалғаудың ұластырғыштық қызметін ағылшын, орыс тіліндегі сөздерді біріктіретін екпін қызметімен салыстыруға болады» дейді. Бұл ұластырушылық қызметті «жануартану, өсімдіктану туыс атау терминдерінің жиынтық ұғымын бір формаға түсіруде –лар қосымшасы «маманды» деуге бүгінде толық негіз бар» деп, оған мынадай терминдерді береді: ағашкеміргіштер, бауыраяқтылар, ашатұяқтылар, желбезектыныстылар, қосмекенділер, қосқанаттылар, балыққоректілер, тамыраяқтылар және т.б.[10,92].

Жоғарыда берілген мысалдардың қазақ тіліндегі  -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының термин жасауға қатысатын байқаймыз.

Жоғарыда берілген мәселелер де –лар формасын таза сөзбен сөзді байланыстырушы қосымшалар қатарына жатқызуға болмайтынын дәлелдей түседі.

Яғни, бұл жайттар, қазақ тіліндегі -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларын тек «жалғау» деген сөздің аясында қарастыру дұрыс емес екендігін аңғартады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Көптік жалғаудың  сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі

 

Тіліміздің грамматикалық құрылысында көптік жалғаудың алатын орны зор екені мәлім.

Мектеп грамматикаларында, кейінгі шыққан оқулықтардың көбінде  -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер форалары жалғаулардың қатарында қарасытырлып жүргені белгілі. Яғни сөзбен сөзді  байланыстырушы қосымшалардың бірі деп танылған. Алдыңғы тараушамызда бұл форманың сөз түрлендіріушілік қызметі басым екенін айтқан болатынбыз.

Қазақ тілінде көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады: сен-дер бала-сың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар), сіз-дер ағасыздар (барып-сыздар), сен-дердің барғы-ларың келмейді, сіздердің көргі-леріңіз келеді, т.б. Бұл сияқты жіктелу сен баласың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар) немесе сендер бала-сың (келді-ң, барған-сың), сіз аға-сыздар (барып-сыздар) немесе сіз-дер аға-сыз (барып-сыз), т.б болып қолданылмайды. Бұнда алдыңғы сөз (жіктеу есімдігі) көптік тұлғада тұрса, екінші жіктелген сөз (есім я етістік) де көптік формада қолданылады. Сондай-ақ  бірінші жақтағы көптік тұлғадағы жіктік жалғаулар –қ, -к және –мыз, -міз, -быз, -біз –пыз, -піз 1 жақтағы көптік мағына білдіретін жіктеу есімдігімен, яғни біз сөзімен әрі жақтық, әрі көптік мәнде қиысып жұмсалады. Осы мысалдардан көрінгенде (зат есімге жалғанғанда), сол затқа көптік мән үстейді де, сөз байланыстырғыштық қызметі бірінші және екінші жақта предикаттық қатынасқа түскен сөздер ғана байқалады. Бұл жағынан келгенде көптік жалғау тәуелдік, септік, септік, жіктік жалғаулармен бір қатарда тұра алмайды, жалғау болып аталуы шартты деп ұғу керек.

Белгілі ғалым Ы.Маманов өз еңбегінде реляциялық қосымшалар арқылы қайшы байланысатын сөз тіркесінің үшінші түріне көптік формасының грамматикалық көрсеткіші арқылы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) байланысатын сөздерді жатқызады. Мұндай тіркестің құрамындағы сөздердің алдыңғы сыңары екінші жақ жіктеу есімдігінің көптік формасында қолданып, баяндауыш қызметінде жұмсалады да, есім сөздер мен етістіктен болған баяндауыштарымен қиыса байланысады. Сендер студенсіңдер. Сіздер алтаусыздар. Сендер келіңдер. Сіздер осындасыздар. Бұл тіркестер әрі жақ, әрі көптік форма арқылы қиыса байланысқан. Егер тіркестің бір сыңарынан көптік жалғауын түсіріп айтса, олардың арасындағы грамматикалық байланыс үзіледі. Сен студенсіңдер немесе сіздер келдіңіз деп айтылмайды[14,151].

Өз еңбегінде Б.Момынова: «Көптік жалғау деп аталғанымен жалғаулар сияқты сөз байланыстырушылық қызметте де, форма тудырушы жұрнақ қызметінде де жүреді. Әсіресе форма тудырушылық қызметі көптік мән тудырғанда анық байқалады.

Гүлдер жайқалып тұр, құстар сайрады мысалдарында жекелік түрде айтқанда да сөйлемнің мағынасы өзгермейді, сөздердің байланысы да өзгеріске ұшырамайды.

Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық қызметі І,ІІ  жақ жіктік жалғауымен көптік жалғауы қабаттасып келгенде айқын көрінеді:

Біз балалармыз; Сендер келдіңдер; Олардың айтқылары келмейді. 

Көптік форманың грамматикалық көрсеткіші -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер реляциялық қосымшаға жатқанымен, ол қазақ  тілінде әрқашан сөз арасын байланыстыру қызметін атқара бермейді.

Көптік жалғау сөйлемнің бастауыш қызметінде жұмсалған екінші жақ жіктеу есімдігінің көпше түрін баяндауыш мүшемен қиысу арқылы қайшы байланыстырады. Сендер сауыншысыңдар. Сіздер білесіздер. [5,33]

 Енді осы форманың  сөз бен сөзді байланыстырудағы  қызметіне тоқталып көрелік:

- Сендер одан да ана Қаршығаға барыңдар.(М.Ә)

деген сөйлемдегі барыңдар сөзінің -дар көптік жалғауын алып тастасақ, сөз бен сөздің байланыспай қалатынын көруге болады.

Бұл сөйлемде көптік форма екінші жақтағы жіктік жалғауымен қабаттасып тұрғанын көреміз.

Сендер барыңдар формасын сендер барың

түрінде қолдана алмаймыз.

 Сол сияқты осындай  жағдайды екінші жақтың сыпайы  түріне байланысты айтуға болады.

Егер бұл қолданысты алып тастасақ, ойдың толық аяқталмай қолданғандығын әрі бір-бірімен толық байланыспай тұрғандығы бірден байқалады.

Жалпы жоғарыда берілген мысалдардан мынадай екі ерекшелікті байқауға болады:

    • -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер  қосымшалары етістік формаларының түрленуіне қатысады.
    • Көптік форма екінші жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде сөз бен сөзді байланыстыруға қатысатынын көріп отырмыз.

Бұл ерекшелік шартты рай, жедел өткен шақ, көсемше, есімше формасының жіктелуінде де байқалады. Мысалы:

сендер  жүрсеңдер – сендер жүрсең  -  сен жүрсеңдер

сіздер жүрсеңіздер – сіздер жүрсеңіз -  сіз жүрсеңіздер

 

сендер бардыңдар – сендер бардың – сен бардыңдар

сіздер бардыңыздар – сіздер бардың – сіз бардыңыздар

 

сендер барасыңдар – сендер барасың – сен барасыңдар

сіздер барасыздар – сіздер барасыз – сіз барасыздар

 

Жоғарыда берілген жіктелу үлгісінен көптік жалғаудың ІІ жақтағы жіктік жалғаумен қабаттаса келгенде тек сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқаратынын аңғартамыз.

Көптік формаларының сөйлем ішінде қолданылу ерекшелікгіне көңіл бөліп көрелік:

  • Жай шаруаларыңды бағып, тыныш тұра беріңдер! – деді де, өзі Жұмабайды ертіп, Байқошқар суының басына кеп қонған Күнкенің ауылына кетті.(М.Ә)

 

  • Белді бекем бу, түге! – деп өзгелерге де әмір бұйрық сияқты сөз тастап, ақыл қосыңдар одан да! (М.Ә)

 

  • Тосып алып, одан әрі бірге тартыңдар! – деді. (М.Ә)

 

  • Мына түрлерiңмен бiр-бiрiңдi өлтiресiңдер ғой. Мен болмасам, шынымен төбелесесiңдер ме?(Т.С)

 

Жоғарыда келтірілген мысалдардағы беріңдер, қосыңдар, тартыңдар, төбелесесіңдер деген сөздердегі көптік жалғауды алып тастасақ, берілген ойдың бір-бірімен байланыспай қалатын көреміз.

 

  • Жай шаруаларыңды бағып, тыныш тұра берің! – деді де, өзі Жұмабайды ертіп, Байқошқар суының басына кеп қонған Күнкенің ауылына кетті.(М.Ә)

 

  • Белді бекем бу, түге! – деп өзгелерге де әмір бұйрық сияқты сөз тастап, - ақыл қосың одан да! (М.Ә)

 

  • Тосып алып, одан әрі бірге тартың! – деді. (М.Ә)

 

  • Мына түрлерiңмен бiр-бiрiңдi өлтiресiңдер ғой. Мен болмасам, шынымен төбелесесiң ме?(Т.С)

 

Жоғарыда берілген мысалдардан -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер  формаларының сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің бар екенін аңғартады.  Әрине, бұл ерекшелік барлық жағдайда сақтала бермейтінін жоғарыда белгіленген мысалдар дәлелдей түседі.

Жалпы қазақ тіліндегі көптік формаларын жалғау мен жұрнақ ортасындағы аралық категория деп қарасытырсақ, біраз дау туғызып жүрген мәселелердің шешімі табылар деп ойлаймыз.

Бұндай қорытындыға келуіміздің себебі, қазақ тіліндегі көптік форма барлық жағдайда сөз түрлендіру қызметін, барлық жағдайда терминжасау қызметін атқара бермейді. Сондықтан бірнеше қызметті бойына жинақтаған көптік формасын аралық категория деп береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Көптік жалғаудың  стилистикалық 

қызметі

 

Қазақ тіл білімінде көптік категория мен грамматикалық сан мөлшері категория да бар ма деген талас пікірлес кездеседі. Белгілі ғалым А.Айғабылов қазақ тіліндегі осындай ғылыми пікірлерді бір аранаға тоғыстырып «қазақ тілінде сан мөлшер категориясы» жоқ.

 -лар, -лер қосымшасы көптік білдіру мақсатында қолданылатын функциялық қосымшаға жатады деген ғылыми пікірге тоқтаған.

А.Айғабылов зат есімдердің –лар, -лер жалғауынсыз қолданып, көптік мағына беруін ғалымдардың әр түрлі түсінігіне тоқталып өтеді.

А.Ысқақов сөздердің көптік мағына беруіне лексикалық мағынап себеп болса, зат есімнің жалпы есім тобы түгел лексикалық тәсілге жатып кетеді.

Информация о работе Көптік жалғаулары