Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

Көптік ұғымдардың сөзге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады. Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі  -ыз, (-із, -з) формасы, екінші  -қ, (-к) формасы, үшіншісі  -лар, (-лер, -дар, -дер, тар, -тер) формасы. Алғашқы аталған -ыз, (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде көне заманнан сақталған сөздерде ғана ұшырасады, оның мағынасы да, атқаратын қызметі де жоғарыдан өзгеше. Мысалы, жіктеу есімдінгінің бірінші жағы мен және біз, екінші жағы сен және сіз екені аян. Осы біз, сіз дегендердегі  -з (-із) формасы қазіргі кезде  өз алдына қолданылмайтын, өлі форма ретінде сақталып, тек біз, сіз, көз, егіз сияқтанған бірен-саран сөздерде ғана кездесіп, олардың бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл  -з, (-із, -з) формасы әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін  заттардың (дене мүшелердің) аттарына жалғанатын қосымша болған.

  • Ал, онымен төркіні бір болса да, қазақ тілінен одан мағынасы да, қызметі де басқа -з, (-із, -з) формасы бар. Бұл форма оңаша тәуелденудегі екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы: ат-ың-ыз, іс-ің-із), ортақ тәуелденудегі бірінші жаққа (мысалы, ат-ым-ыз),екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы, ат-ың-ыз, ат-тар,ың-ыз) қосылатын тірі форма ретінде қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл форма -з, (-із, -ыз) қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың екінші жағының жекеше және көпше түрлеріндегі сыпайы форманың көрсеткіші болып қызмет етеді. Мысалы, сіз бардыңыз, сіздер бардыңыздар; сіз жазсаңыз, сіздер жазсаңыздар.
  • Етістіктің ашық райдың жедел өткен шағының (мысалы, біз бардық, біз келдік), бұйрық райдың (біз барайық, біз келейік), шартты райдың көпше түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірінші жағына қосылатын жіктік жалғау әрқашан  -қ, -к болып келеді. Бұл форма да ( -қ, -к) ерте кезедегі көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болғанға ұқсайды.
  • Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар, (-лер, -дар, -дер, тар, -тер)  екені белгілі. Осы себептен бұл заңды түрде көптік жалғауы деп аталады. Бұл жалғау сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбысының әуеніне қарай өзгеріп,  -лар, -лер, -дар, -дер, тар, -тер формаларының бірінде жұмсалады[3,41].

Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ «көптік жалғау категориясы» деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған профессор С. Исаев «ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) сипаты көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өзі ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық  категория ұғымын тіпті жоққа шығарады»[7,59], - деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір-біріне қарама-қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С.Исаев «Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категрия числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады [8,67], - дей келіп, көптік категориясын осы еңбегінде «Сан-мөлшер (көптік) категориясы» деп атаған.

«Қазақ грамматикасында» (2002) «Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталытын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптьік мағына берудің негізгі жолы болғанмен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болудың бұдан басқа амал-тәсілдері бар[4,454]» - деп көрсетіліп, тек ғана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы – көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.

Көптік ұғымының ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:

а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:

- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн, т.б).

- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б).

- өсімдік аттары (арпа, бидай, сұлы, жусан т.б).

-адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілік т.б).

ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б.

Ал мұны С.Исаев «сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз [9,53]», - дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін  аналитикалық тәсіл деп атаған.

А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас, т.б.) көптік ұғым білдіреді деп есептеп, оны лексика-семантикалық тәсіл деп атаған [3, 41].

б) көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.

Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:

- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни Орхон-Енисей жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған – т қосымшасы бар. Бірақ бұл қосымша сол кездің өзінде «атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан-тарқат, тігін-тігіт секілді азын-аулық сөздердің құрамында кездескен [19, 88]».

- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін  - з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептелді. Бірақ бұл қосымшалар «әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған».

- І-жақ жіктік жалғау тұлғасы  -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептелді (біз болдық, келдік т.б.).

 - қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық формалар  -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.

Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шеберлікпен егіліпті.(Ғ.Мұстафин) Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына отырғызылаған ағаштарды жалпылап тұр. Немесе, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда кеп еріп еді.(М.Әуезов)

Мұндағы үлкен сын есімін –дер көптік жалғауы заттандырып, әрі оған көптік мағына үстеп тұр.

Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А.Ысқақов көптік жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін көрсеткен[3,43-46].

Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі – оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап «қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын» - дейді[8,69]. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып ... қарауытқан сай болды (Б.М). Зеректік, ойшылдық, сезімталдық – ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер (І.Е). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеріндегі –тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды - Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып...қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық – ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.

Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік  жалғаумен келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер т.б.

А.Қалыбаева да қосымшаларды үшке бөліп, туынды жұрнақ, сөз байланыстыратындарды жалғау деп, ал форма тудыратындарды жұрнақша деп бөлуді ұсынады да, жұрнақтар туынды түбір тудырса, жұрнақшалар туынды сөз немесе туынды сөз табын (мысалы, етістік) жасайды деп көрсетеді[4,185].

Бұл пікірлерден қосымшаларды жіктеуден, біріншіден, ұстанатын басты критерийміз қандай болмақ қосымшалардың қандай белгілерін негізге алуға тиістіміз деген мәселенің басы ашық емес екенін аңғарамыз.

Екіншіден, қосымшалардың білдіретін мағыналық мәні, қызметі, олардың өзіндік сипаты деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай сапырылысып кеткен.

Үшіншіден, қосымшаларды жіктеуде ең алдымен неге сүйену керек, олардың мағыналық ерекшеліктері негізге алынуы, негізі неде дегеннің басы ашылмай қалады.

Қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері арқылы ажыратылады. Міне, осыдан барып қосымшалардың басты белгілері мен негізгі сипаттары айқындалып, оларды жіктеуге нақты критерий туындайды. Осы жағынан келсек, қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-грамматикалық белгісі – мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болумен қатар (түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды, демек, өз бетімен жеке дара қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, вариантталып түбірге жалғанады) түбірге жалғану арқылы жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру немесе әр түрлі қосымша мағына үстеу болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі бір қызмет атқара алады. Сөйтіп, қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші басты қасиеті де, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады. Сондықтан қосымшаларды жіктегенде, олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа лексикалық мағына тудыра ма, жоқ түбірдің лексикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, тек қосымша грамматикалық мағына үстей ме  - осыған қарап қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қараған жөн.

Сөз тудыратын қосымшалар форма тудыратын қосымшалармен сөздің белгілі бір морфологиялық құрамды бөлшегі болып, морфема ретінде бір топ құрғанымен, олардан мағыналық, қызметтік жағынан мүлде өзгеше екенін баса айту керек. Сөз тудыратын қосымшалар өзі жалғанған түбірдің лексикалық мағынасын өзгертіп жіберіп, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөйтіп барып, сөз тудыру процесінің бір тәсілі ретінде грамматикалық мәннен гөрі лексика-семантикалық қасиетке ие болып, сөз тудыру қатарындағы белгілі бір үлгі ретінде өнімді – өнімсіздік, құнарлы – құнарсыздық сипатта көрініп отырады.

Форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз табының парадигмалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса, екінші жағынан, сол сөз табын, оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын осындай морфологиялық белгілері арқылы басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін грамматикалық тұлғалар жүйесі, яғни морфологиялық критерийдің негіз болатын, сөз табының грамматикалық сипатының басты көрінісі екенін ескеру қажет[4,186].

Сөйтіп, қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалар және форма тудырушы қосымшалар деп екі топқа бөлудің ғылыми да, практикалықта мәні бар. Өйткені, одан, бір жағынан, қосымшалардың басты грамматикалық қасиеттерін, мағыналық ерекшеліктерін айқындау арқылы олардың мәні мен қызметін, тілдік қабаттардан алатын орнын анықтаймыз, екіншіден соның негізігі сөз тудыру қатарының үлгісі ретінде лексикалық құбылыстың грамматикалық мәнін, олардың ара қатынасын ашамыз.

Жалғаудың басқа форма тудыратын қосымшалардан синткасистік қызметі жағынан үлкен айырмашылығы бар, яғни жалғаулар өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстей отырып, сөйлем ішінде сөз бен сөзді байланыстырып, олардың сөзге үстейтін грамматикалық мағыналары сол байланысқан сөздер арасындағы қатынастар негізінде айқындалып отырады. Мұндай қызметтік қасиеттер жалғаудан басқа форма тудыратын қосымшаларға тән емес.

Зат есімнің көптік категориясының көрсеткіші деп танылып жүрген –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасын жалғау деп қарау әлі де дау туғызып жүрген мәселелердің бірі. Егер жалғаудың сөйлемдегі негізгі қызметі сөз бен сөзді байланыстыру болса, бұл қасиет көптік жалғауларында барлық жағдайда көріне бермейтіні белгілі. Осы ерекшеліктеріне негіздей отырып, көптеген ғалымдар көптік жалғауын грамматикалық жұрнақтар қатарында беруді ұсынады. Бұл топта есімше, көсемше, рай, шақ формалары қарастырылады. Бұлар көбіне сөздің семантикасына қосымша грамматикалық мағына қосумен қатар, лексикалық мағынасына семантикалық реңкте қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақ тіліндегі көптік жалғаудың қызметі

2.1.Көптік жалғаудың мағыналық реңктері

 

Көптік мағынаны білдіретін -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары зат есімдерге, есімдіктерге, субстантивтенетін (зат есім қызметін атқаратын) өзге де сөз таптарына және етістіктің жіктелетін формаларының екінші жақтарына қосылып, көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма есебінде қызмет етеді.

Көптік жалғауының негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру: 

ауыл-дар, үй-лер, кітап-тар, адам-дар, доп-тар т.б.

Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқада мағыналық реңктерді, мәндерді білдіре алады.

Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғаудың қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқаға ұшырайды. Мұның:

-лар, -лер нұсқасы аяғы дауысты дыбыс пен  й, у, р дыбыстарына біткен сөздерге (балалар, үйлер, таулар, нарлар);

 -дар, -дер нұсқасы аяғы мұрын дыбыстары мен л, з, ж дауыссыздарының біріне біткен сөздерге (киімдер, қыздар);

 -тар, -тер нұсқасы аяғы қатаң дауыссыздар мен ұяң б, г дыбыстарына біткен сөздерге (қонақтар, арабтар, филологтар) жалғанады. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапқы лексикалық мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады[7,61].

Информация о работе Көптік жалғаулары