Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дұрыс Бэлла апай.doc

— 352.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

1.Орфографиялық дағды  туралы жалпы түсінік.............................................

1.1.Орфографияны оқытудың  дидактикалық және методикалық мәселелері....

1.2.Орфографияны оқытуда  грамматикалық ереженің ролі...........................

2.Сөздердің дұрыс жазылуына  байланысты орфографиялық материалдар......

2.1.Орфографиялық жаттығуларды  орындату....................................................

2.2.Жаттығу материалдарын  іріктеу........................................................................

2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................

2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................

2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы  емлелік қателерді түзету әдістері..

3.Кейбір дыбыс құрылыстарының  орфографиядағы көріністері......................

3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................

Қорытынды...........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Қазіргі заман талабына сай оқыту үрдістері де өзгеруде. Осыған орай мектептердің оқу сапасын жақсартуда әр-түрлі технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Осы орайда балаларды әріп үйретуге, жазуға төселдірудің де өзіндік ерекшеліктері бар екендігін есте ұстанған жөн болар еді. Бастауыш сыныпта жазу үрдісін меңгерту, оқушының алдында тұрған күрделі де қиындығы мол білім жолын ашады. Сондықтан, мұғалім әріптерді жазуға үйреткенде еріксіз жаңа технологиялық тәсілдерге сүйенуіне тура келеді. Әрі заман ағымына сәйкес, жаңа үрдістен қалмауға, жаңадан оқытудың тиімді жолдарын пайдаланудың да маңыздылығы бар екендігі шындық. 

  "Жазу әрекеті"-әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.

Көптеген  ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Әдіскер болса,ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып,сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді.Бұл салады ғалымдар кімді оқытатынын:оларды неге үйрету керектігін:не үшін,не мақсатпен және қалай оқыту қажеттігін қарастырады.Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы оқытудың жолдарын табу,яғни қалай оқытсақ,ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу,оны практикалық жағынан дәлелдеп,теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету. Жазу сабақтарының мақсаты –балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы ». Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі(элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары,сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келді. Шын мәнісінде,әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер арқылы ғана баланы жазба тілде үйретуге болмайтындығына көзіміз жетті.

Бұл жөнінде профессор Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек»десе, Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек»-дей келіп,әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына жатпайтындығы  туралы:»….тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды,оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Ғалымдардың « жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек », жазба тіл дағдысына үйрену қажет» деп отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл.Себебі,онда рухани-адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Сондықтан жұмысты дұрыс,сауатты атқаруға бірден үйрету керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.

Зерттеу әдіcі - Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау, жинақтау және жұмысты орындау барысында әңгімелесу,салыстыру,байқау т.б. әдіс-тәсілдері пайдаланылады.

Зерттеу нысаны-балалардың қазақ тілі сабағында сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты-бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда сауатты жазу дағдысын қалыптастыру арқылы тиянақты білім беру,олардың ынта-жігерін арттыру,пәнге  қызығушылығын қалыптастыру.Жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту,сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау,талдау және тиімді түрлерін негіздеу,ұсыныс  жасау.

Зерттеу міндеті: жазу сабақтарының мақсатын,қойылатын талаптарын зерделеп,сабақ кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді,жұмыс түрлерін көрсету;

-оқушыларды сауатты жазуға  үйретудің әдістемелік жолдарын,жұмыс  түрлерін,мысалдарын көрсетіп, оқушылардың  грамматика мен емле бойынша  білімдерін бағалау және жіберген  қателермен жұмыс істеудің практикалық  жолдарын баяндау;

-үлгілі сабақ жоспары  негізінде тәжірибелік сынақ  жүргізу;

-жазбаша тілін дамытудың  ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;

-жазу тілін дамытудың  әдістемесін жасау.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік

 

         Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түсті,функционалдық стильдері сараланып,әрқайсысы өзінің белгілерімен айқындалды,қоғамға қызмет етуінің  ауызша да ,жазбаша да түрі жанданды.    

   Білімді жүйелі игеру әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға байланысты.Білім алуға негізделген әрекет қандай да бір икемділіктің,кей жағдайда дағдының болуын қалайды.Оқытудағы білім мен дағды байланысының дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Ол әр пәннің өзіне тән ерекшелігімен сараланады.

     Бұл күнде адамдар айтайын деген ойын бір-біріне  ауызша,жазба түрде жеткізу үшін сол халық пайдаланып отырған жазу (жазу деген терминнің графика,әліпби деген балама синонимдері бар) түрімен қоса белгілі бір жазу тәртібі,яғни нормалары болуы керек.Ол тәртіптер хатқа түсіп реттелген болуы да мүмкін,тіпті ереже түрінде хатталмай-ақ,бірінен бірі оқып,көріп дегендей жаза беретін болуы да мүмкін.Дегенмен ұлттық жазба әдеби тілдің дұрыс сауатты жазу қағидалары түзіліп, хатқа түскен нормаларды көрсетуі шарт.Ұлттық тілдің емле нормалары көпшілікке ортақ әрі міндетті сипатта болуы және шарт.

    Емле заңдылықтары да - тілдің өзі сияқты,өмірмен тығыз байланысты болып,әрдайым даму,жаңару үстінде көрінетін құбылыс.Қазіргі таңдағы мәдени тіршілігіміздің басты талабы-жазу таңбаларының (графиканың ) тілдің  дыбыс жүйесіне сай түсіп,көпшіліктің пайдаланылуына қолайлы болуы және сол таңбалармен сауатты жазу үшін емле ережелерінің дұрыс түзілуі.Ол емле қағидалары,әрине белгілі бір принциптерді ұстанған,теориялық негіздерге сүйенген болуы шарт [1,181б].

      Орфоргафиялық  дағды-күрделі процесс.Ол-жазу,сөздің  дыбыстық құрамын талдай білу,грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану,оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды.Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа  көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін.

    Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырады.Бірақ үнемі олай бола бермейді.Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса,онда жеке жаттығулармен шектеліп қалуға болмайды.Егер оқушыға шығарма жаздыру қажет болса,онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.

  Жазу  дағдысының  психологиялық  негізі  мидың   үлкен  жарты  шар  қабығындағы   анализатор  ұштарының   бір-бірімен  күрделі  байланысқа  түсуі,   екінші  сигнал   системасының  жинақталып,  бір  арнаға  бағытталуы  болып  табылады.   Жазу     тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.   Ал  ауызша  сөйлеу   есіту-  кинестезиялық  нерв  байланыстары   арқылы  өтеді.         Жазу  тілі  ауызша  сөйлеуден   кейін  шықты,   сондықтан  да  ол  үнемі  ауыз  тілге   сүйеніп  отырады. [2,64 б].       

     Орфографияға  байланысты жекелеген жұмыстар  оындату үшін,оқушылардың бар  назары сол әрекетке аударылады,яғни  жүргізілетін әрекет саналы орындалады.Ал оқушының назары оның творчествалық еңбегін қажет ететін басқа бір жаңа  мақсатқа жетуге аударылса(мысалы,өз ойын жазбаша баяндап беруге),онда бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан қалады да, оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа (шығармаға)шоғырландырылады.Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет автоматтандырылған,оқушы жазған шығармасында орфографиялық білім мен дағдысы берік болғандығын байқауға болады.Егер оқушы жазған шығармасында орфографиялық қате жіберген болса,онда бірінші әрекетке қайта оралып,орфографиялық жаттығулар орындауға тура келеді.

   Орфографиялық сауаттылық  диктант я шығарма жаздыру  арқылы есепке алынып жүр.Бұл  жерде ескертетін жағдай мынадай: диктант - оқушылар алдына ешқандай  жаңа мақсат қоймайтын таза  орфографиялық жұмыс,ал шығарма оқушылар алдында өз ойын жатық баяндап беру сияқты творчествалық талап қояды.Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың қаншалықты берік қалыптасқандығына  нақты көз жеткізу үшін шығарма (мазмұндама) жаздыруы тиімді.

    Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының ұқыпты байымдап алуы талап етіледі.Сонан кейін  барып жалпы түрде ойын қорытады.Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл-ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады.

     Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты.Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық,орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады.Қайталау арқылы  оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады.Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстаркциялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу,ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар[3,145 б].

   Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен шектелмейді, сонымен қоса ақыл-ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі. Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары болып табылады.

         Әрекеттерді орындаудың амалы мен тәсілін білу қимылдық дағдысы сияқты саналылық дағдының да пайда болуында маңызды роль атқарады. Қимыл дағдысы дегеннен біз жай қимылдардан бастап (жүру, жүгіру т.б.) күрделі қимылдарды (дене шынықтыру, спорт) орындау амалын түсінеміз. Саналық дағды анализ, синтез, абстракқиялау, нақтылау т.б. жұмыс жүйелерін қамтиды.

         Күрделі ақыл-ой қызметі арқылы қалыптасатын орфографиялық дағдыны игерудің қиындығы тек ереже немесе грамматикалық ұғымды білмеушілікте ғана емес, қайта ережені жазу практикасында қолдана алмаушылықта. Орфографиялық ережені жақсы білетін оқушының жзазуда сол ережеге байланысты қате жіберетіндігі белгілі. Бул оқушының өз білімін іс жүзіәнде қолдана білмейтіндігін көрсетеді. Ережені практикада пайдалану үшін орфограмманы танып, оларды грамматикалық жағынан топтастыру, қандай ережеге лайықты екендігін аңғарту қажет. Бұл үшін ойдың аналитикалық - синтетикалық күрделі жұмыс істеуіне тура келеді[4,136б].

Бастауыш  сынып  оқушылары   орфографияны   игере  отырып,   сауатты  жазуға    дағдылану   барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас    жасау  мүмкіндігіне   ие  болады,  яғни   өзінің  сөйлеуін   және  таным  мүмкіндіктерін   жетілдіре  береді,   жеке  басының  жалпы  даму  деңгейі   жоғары     дәрежеге  көтере  береді.   Міне,   жазуға   үйренудің   басты  маңызының   өзі  анықталады.          Жазбаша  сөйлеудің  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,   жазбаша  сөйлеудің   қабылдаушыға   әсер  ететіндей   қосымша  құралдары  жоқ;  ол  бүкіл  оқушы    қауымға  арналады;   онда  автордың  эмоциясы   мен  сезімі,  толқуы  мен   мұңаюы,  қуанышы,  реніші  т.б.с.с.  бәрі  сол  арқылы  жеткізіледі;   жазу  тілін  қабылдау  қиялдың  жұмысын  талап  етеді  т.с..с.          Бұл  айтылғандар   бастауыш  сынып   оқушыларының    жазу  тілін   дамыту  мәселесінің   күрделі  екендігін   көрсетеді,   яғни   балалардың   жазу  тілін   дамыту   үшін  алдымен   оларды  жазудың     өзіне  дағдыландырып  алу  керек.  Жазу  дағдысының   бастамасы  әріптің  әрбір    бөлігін  (таяқша,   дөңгелек,  қосу   сызықтары)   сызып,   жүргізу   арқылы  жаттықтырылады. Бұл  кезеңде  бала  басымен,   бүкіл  денесімен  жоғары  көтеріліп,    төмен  еңкейіп,   екі  жағына  қисайып,    неше  түрлі  қозғалыстар  жасайды. Алайда  мұғалім   тиімді    жаттығулар   ұйымдастырса,    көп  ұзамай,   бірте-бірте   бастапқы  қозғалыстарын   жинақтап,   азайта  түседі. Жаттығу үстінде белгілі бір әріпті жазу үшін қай әлементтерді пайдалану керектігін түсінеді де, тұтас әріпті жазуға дағдыланады. Бірнеше әріпті жаза алатын болғаннан кейін, екі немес үш әріптен құралатын сөз жазуға дағдыланады. Осылай әріп саны көп сөздерді жазуға әрекеттенеді. Ал  кейін   әріп  бөліктерін   аса  күш  салмай-ақ   қосып  жаза  алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде  жазу   қимылдары  автоматталып,    әуелі   әріптерді,   сонан   соң   тұтас  сөздерді   де   кідіріссіз   жаза  алады. Дей   тұрғанымен   балалар  жазуға   лезде-ақ    дағдыланады   деудің  жөні  жоқ.  Себебі   олардың   кейбіреулері   бір,    тіпті   екі  жылға  дейін   жазу  дағдысын  толық   меңгеріп   кете алмайды.Мұндай  балалармен    жеке  жұмыс  ұйымдастырылады.

Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері