Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дұрыс Бэлла апай.doc

— 352.50 Кб (Скачать документ)

    Творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыстың түріне аяқталмаған жұмыстарды жалғастыру, реферат, баяндама, реқензиялар жазу, шағын зерттеулер жүргізу жатады. Мектеп оқушыларының творчестволык жұмыстарын археологиялық, диалектологиялық әкскурсияларға қатысуды да қосуга болады. Оқушылар әкспедиция қорытындысы туралы шағын көлемді ғылыми есеп береді. Әкспедиция материалдары негізінде шағын сюжетті әңгіме жазу, оқулықта берілген иллюстрақиялар, қосымша материалдар бойынша, жекелеген мәдени ескерткіштер бойынша шығарма жазу да творчестволық жұмыс болып саналады. 
Оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыс түрлерін, жалпы алғанда, былайша санамалауға болады:

  1. Оқушылар жан-жақты да дәлелді жауап беретіндей сұрақ қою.
  2. 2.Оқушылар саналы түрде және салыстыра, қарама-қарсы 
    материалды келтіре отырып, қорытынды жасайтындай тапсырма беру.

3.Ережеге байланысты мысалдар ойлап тауып, оны практикада 
пайдалану қабілетін аңғарып отыру.

4.Күрделі тақырыптарды өздігінен жүйелейтіндей тапсырмалар ұсыну.

5.Грамматикалық басты-басты тапсырмаларды орынды пайдаланатындай аралас тапсырмалар беру.

6.Программаның белгілі тарауы бойынша алған білімдерін толық 
пайдалана отырып, өздігінен орындайтын тапсырма беру.

7.Практикалық сипатты тапсырмалар орындату.

8.Бір тапсырманы бірнеше нұсқада орындауды талап ету.

9.Творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауды тапсыру.

 

10. Мазмұндама және шығарма материалдарын алдын ала игеріп, 
ойын еркін баяндауға төселдіру т.б.

   Сонымен, оқушылардың тіл байлықтарының, сөз қорларының молайып, ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстардың түрлері көп. Бұның кейбір үлгілерін

     «V - VIII класс оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар» атты еңбектен қарауға болады.

 
 
 
2.5 Оқушылардың  жазба жұмыстарындағы емлелік  қателерді түзету 
                                                              әдістері

 

     Оқушылардың  жазу жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

    Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Мұғалімдер оқушылардьщ орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды қолдану керек:

  1. Мұғалім барлык қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі 
    тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсетуі керек.
  2. Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялык шартты 
    белгілерді қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуы тиіс.Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушылардың қателерінтізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесеқатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналылықпентүзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесеіне бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.
  3. Емлелік қателерді түзеткен кезде мұғалім әр оқушының 
    психологиялық және жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық 
    сауаттылық дәрежесін еске алуы қажет. Бұл жағдай қателерді түзетудің 
    дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
  4. Емлелік қателерді түзеткен кезде орфографиялық катенің 
    ерекшелігін еске алу керек.
  5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі 
    тиіс. Түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге 
    жеткізілуі, оның іскерліі ін, қабілеттілігін арттыруға көмектесуі тиіс.
  6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға белгілі бағыт 
    көрсететіндей болуы тиіс.
  7. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушылардың 
    орфографияны түсінуге деген белсенділігін арттыруы керек. Жұмыстың 
    табысты болуы көп жағдайда осыған байланысты.
  8. 8.Мұғалім емлелік қателерді түзетуде жеңілден ауырға, белгіліден 
    белгісізге бірте-бірте өту принциптерін сақтауы керек[28,212 б].

        Қорыта келгенде, оқушылардың емлелік қателерін түзету тәсілдері мынадай болуы тиіс:

Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы: калхоз, енбек, сех, бүгүн, қүлұн, мазмын.

Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ, ыстанқия, минута, газета.

Үшінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы:  Еге білсең, уақытта, жерде, суда жетеді.

Мұндай тәсілдердің кейбір артықшылығын атап көрсету керек. 
       Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздерді жазылуында кате жібермейтіндей есіне сақтайды, оның сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп, оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады.       Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана қоймайды, кей уақытта сөздің мазмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігін де айқындайды. 
  Бесінші тәсіл. Бүкіл қате морфеманың астын сызу. Мысалы: айтпайяк (айтпай-ақ), алтақ (алты-ақ), башшылық (басшылық).

Бұл тәсілдің басқа тәсілден айырмашылығ бар, мұнда оқушылар өздерінің емлелік қателерінің дұрыс еместігін сөз тұлғасымен салыстырып, талдау жасаумен байланыстырады. Ал оқушы әсіресе сөз құрамын білмегендіктен көп қате жіберетіндіғі мәлім, олай болса, бұл тәсілдің орфографияны меңгеру үшін зор маңызы бар.

      Екінші жағынан, бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық талдау жасауды үйренуіне де көмектеседі. Мысалы, оқушы қате жазылған басшылық (башшылық)деген сөзді талдаған кезде, оған грамматикалық талдау жасап, сөз тұлғасына ажыратады. Сөйтіп, ол әлгі сөзді қате жазғанда, нені шатастырғанын саналы түрде түсіне білетін болады.

Мектеп тәжірибесінде бүкіл қате морфеманың астын сызу тәсілін — мақсатқа ең қысқа жолмен жеткзетін таңдаулы тәсілдердің бірі деп білу керек. 
Алтыншы тәсіл. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу. Мысалы: сембеді (сенбеді), Дәстір (дәстүр).

Жетінші тәсіл. Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен әріптің астын сызу. Мысалы: қүлүн (құлын), мазмын (мазмұн), ақшыбар (ақшұбар). 
Сегізінші тәсіл. Қате жіберілген сөздің астын түгелдей сызу. Мысалы: аты адам (атты адам), ойн (ойын), айлану (айналу), бүхара (бұқара), әжептәуір (әжептеуір).

Мұғалім бұл тәсілді оқушы сөз не әріп тастап кеткен кезде немесе оларды артық жазған кезде қолданады. 

Тоғызыншы тәсіл. Сөздердің астын сызбай-ақ, дәптерлердің шетіне шартты белгі қою. Бұл тәсілді 5-6 кластарда ғана қолданып қоймай, сонымен қатар төменгі кластарда да қате аз болған жағдайда қолдануға болады. Қойылатын шартты белгі оқушыларға түсінікті болуы керек.

     Көптеген мұғалімдердің бұл тәсілді қолданбайтындығын, оны балалар үшін қиын деп есептейтінін байқап жүрміз. Ал кейбір мұғалімдер мұндай белгі қою тәсілін қоддағанда, оны дұрыс қоймайды, сондықтан оқушылар ол белгілерді түсінбейді. Мұның өзі жұмысқа үлкен зиянын тигізеді. Бұл жерде ескеретін мәселе оқушылардың дәптерлеріне мұғалімнің жасайтын түзетулері мен ескертулері Тұр жағынан балаларға айқын көрінетіндей қызыл не жасыл түсті сиямен жазылуы керек. Мәселен, емле қатесі үшін екі сызық (-), бірге жазылуға тиісті сөздерді айшықпен тізбектеу (II), бөлек жазылуға тиісті сөздерді теріс түсірілген (!) белгімен бөлу, түсініксіз сөздердің түсына сүрау (?) қою т.б. осы сияқты шартты белгілерді пайдалануға болады. 

Оныншы тәсіл. Дәптердің шетіне қате кеткен айтылуы үқсас, емлесі басқаша сөздерді жазып көрсету. Мысалы: Қазір жаз ба? Сен кітапқа жазба. Сен меніқ аяғымды баспа! Мынау бас па?

Он бірінші тәсіл. Дәптердің шетіне қате жазылған кейбір емлесі қиын, жазылуында әлі де болса тұрақтылық жоқ сөздерді жазып көрсету. Мысалы: нысап (ынсап емес), жирену (жиіркену емес), жаздыгүні (жаздыкүні емес). 
Он екінші тәсіл. Жергілікті жердегі халық тілінің ерекшелігіне байланысты, солардың айтуынша жіберілген қатенің астын иректеп ( ) сызып көрсету керек. Мысалы: мұрша (мұрса), дүз (жүз), Тұрмыш (Тұрмыс), одар (олар) т.б. 
    Бұл тәсілдің мақсаты балаларды әдеби нормада сөйлеуге үйрету және әдеби көркем жазуға баулу болып табылады. Ол үшін дәптердің соңғы екі-үш беті қара қарындашпен ортасынан сызылып, екіге бөлінеді. Оның сол жағында жергілікті жердің халқы айтатын жергілікті сөз - диалект, ал оң жағына халықтың әдеби тіл нормасында айтылатын сөздер жазылуы керек. Бұл, біріншіден, халық тіліндегі түрлі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды білудің өте маңызды жолы болып есептеледі.

Он үшінші тәсіл. Емлелік қателердің астын сызып, дәптердің шетіне қате жіберген ережені оқушылардың өздері анықтауға көмектесетіндей сүрау қойылады. Мысалы: Ол бүрылган жоқ. Ар жагындагы біреуге беталды ащайлайды (қалай?). Асан алыс жол жүруге бет алды (не істейді?). Ол шалқасынанжыгылды (қалай?). Ол шалқасынан өтіп барады (қайдан?). 
Он төртінші тәсіл. Қате жазылған сөздің үстінен арнаулы белгі қою. Бү_л — орфографиялық сөздіктен қажетті сөзді табу керектігін білдіреді. Мұндай арнаулы белгі мынандай болады; «сөздік».

Сонымен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді мұғалім іскерлікпен, орфографиялық қателердің сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланып жұмыс жүргізсе, сауатты жазуға үйрететіні сөзсіз. 
Мұғалімнің бір ғана тәсілді пайдалануы жеткіліксіз. Ыңғайына қарай барлық тәсілдерді қолданғаны жөн. жапа-тармағай тәсілдердің бәрін қатар қолданғаннан да мұғалім үтпайды. Керісінше, бір тәсілден екінші тәсілге бірте-бірте көшіп отырған жөн. Осылай еткенде ғана оқушыларды өз ісіне ұқыптылыкпен қарауға үйрете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        3.КЕЙБІР ДЫБЫС ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ ОРФОГРАФИЯДАҒЫ

                                                  КӨРІНІСТЕРІ  

 

      Тілдегі  дыбыстық өзгерістер әр қилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне әсер-ықпалын тигізіп отыратындықтан, әртүрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық құрамы жаңғырып отырады. Дыбыс құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар. Олардың орфографиядағы көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда елене бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөздердің жазылуы әртүрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде (1963) тепкі, текпі, тепкіршек - текпіршек варианттары берілген де, шапқыла-шақпыла тәрізді варианттың шақпыла нұсқасы берілмеген. 

      Әдетте  сөз ішіндегі дыбыстардың өзара  орын алмасуы метатеза деп аталады. Метатеза (гр. metathesis- ауыстыру)- сөзде дыбыстың не буынның орын ауыстыруы. Ол тарихи метатеза (өкпе-өпке, қакпан-қапқан), кірме сһхдердегі метатеза (құтпан- құптан), диалект (жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария- дайра, қолбақ- қолғап) деп бөлінеді. Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны танусүшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай- күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады [29,509Б]. Мысалы:, кақпак-капқақ, қакпа-қапқа. Тіліміздегі кейбір сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер т.б.) пайда болуын, әртүрлі жазылуын метатезамен байланысты қарауға болады. Мысалы, ләкпе – ләпке варианттары метатеза арқылы пайда болған. «Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келді. Әр күні әр ләкпеден алуан ұсақ-түйек алды. Алушысы жоқ болып қаңырап Тұрған ләкпешілерге әңгіме керек» (М. Әуезов. Қилы заман). 
    Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі туынды түбірлерде ұшырайды: тепкі-кекпі, тебрен-тербе т.б.

       Метатеза  құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы артық нәрсе деп сыңар жақ қарауға болмайды. Метатеза ұшыраған сөздердің тіл қолданысында алатын орны әр қилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай топтарға бөлуге болады. 

      1. Метатезаға  ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек бір ғана вариант түрінде орныты. Мысалы: қақпан, қақпақ, қақпа, өкпе, т.б. Бұлар синхрония тұрғысынан қапқан, қапқақ, қапқа, өпке делініп, әуелдегі күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, бастапқы түрі әсбәб (араб сөзі). Малақай сөзінің «маңлай» диалектизмімен метатезалық байланыста екендігін әтимология жасай отырып айқындауға болады. Салыстырыңыз: малақай (Замахшари. Мукаддимат) < маңқалай > мақалай> қазақша малақай. Малақай сөзі маңдай, маңлай, маңқа атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал.

      Метатезалық  варианттар мағыналық жақтан  сараланып дербес сөзге айналған: уақ (уақыт) -ауық (бірауық), демеу (етістік)- медеу (зат есім), тебірен (әсерлен) —тербе — (шайқа), айнал-(су буға айналады) — айлан-(айланып - толғану).

       Ш мен қ дыбыстарының орын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы дауыстыларының алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде Балқаш сөзі гидроном ретінде ғана емес, әсіресе байырғы әдебиет өкілдері шығармаларында, аға буын тілінде, жалпы есім мәнінде жұмсалады. Балқаш, балшық (балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. Балшық «лай», «батпақ» деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» дегенді аңғартады: Балқашын орып мал жеген Аралас үйрек, аз жеген (Қашаган Күржіманүлы) 
   Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады:ұүшпақ - жұмақ. Қазақ тілін де жұмақ стильдік жақтан бейтарап, ұшпак көбіне сөйлеу тіліне тән. Сондай-ақ тыпыр етпе - тырп етпе; үлпіл-лүпіл, шықырлату-қышырлату параллельдерінің әмоционалдық, семантикалық реңкі бірдей емес.

      Метатезалық  варианттардың барлығы бірдей  мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан байқауға болады: 
 
          Айналсоқта-айналқоста жыпқыл-жықпыл 
 
          Алпарыс-арпалыс кежеге-кегеже 
 
          әлеуетті-әулетті кәпкір-кәкпір 
 
          әпке-әкпе                                                                              күбжеңде-күжбеңде

 
          әпкел-әкпел  күдері-көдіре 
 
          әпкіш-әкпіш құптан-қүтпан 
 
           бастығырыл-бастырығыл қақсит-қасқит 
 
           бопса-боспа қыруар-қырауыр 
 
           былжыра-жылбыра мегзе-мезге 
 
           дария-дайра моқал-молақ 
 
          долана-донала нысап-ынсап 
 
          дорба-добра сыпатта-ыспатта 
 
         дөрекі-дөкір шуалшын-шылаушын 
 
         жалаңаш-жаңалаш шыбжалақта-шыжбалақта 
 
           жалау-аужал шыбжыңда-шыжбыңда 
     XI ғасырда М.Қашқари "Диуани лұғат- ат түрік" атты зерттеуінде түркі тайпалары тілінде қ мен ч; ғ мен д; ш мен н; ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішіндеметатезалық өзгерістерге түсетінін көрсеткен. мысалы, қарлығаш- қарғылач, қоңсы- қошны, жаңбыр- йағмур. Түркі тілдеріндегі метатеза құбылысын В.В Радлов зерттеді. Ол дыбыс тіркестерінің орын алмастыру түрлерін көрсетті:

Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері