Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дұрыс Бэлла апай.doc

— 352.50 Кб (Скачать документ)

      Оқушылардың жазбаша тілін дамыту туралы пікірінің де елеулі маңызы бар. Ол – мұғалімдер алдында элементарлық практицизммен шұғылданбай, балаға әдеби тіл негіздерін үйретуді басты мақсат етіп қояды. Оқушыларға іс қағаздарын үйретуге де қарсы болған жоқ.

       Академик Буслаевтың методикалық көмекші құралы методиканың дамуында аса зор роль атқарады. Оның теория мен практиканың байланысы, баланың жас ерекшелігін ескеру, ана тілі сабақтарында көркем шығармалар текстерін пайдалану т.б. жөніндегі пікірлері бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Алайда, грамматиканы тек көркем шығарма текстеріне негіздей оқыту және ана тілін салысьырмалы-тарихи  жолмен оқыту жөніндегі пікірлері біздің заманымызға лайық келмейді.

      Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай  Алтынсарин қазақ балаларына жедел хат танытуға және қысқа уақыт мерзім ішінде орыс тілін білгізуге ерекше көңіл бөліп, оның тиімді жолын іздестірді және оны тапты да. Алғаш ашылған мектептегі өзінің мұғалімдік жұмысы және оқыту әдістері туралы ол былай деп жазды: «Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін; содан кейін заттың сынын көрсететін сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді олардың сынымен қосып, ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін.  Одан әрі етістік, жіктеу, септеу, орысша сөздерді, жынысқа бөлуді және есеп үйретемін. Осыдан кейін келіп самоучительден сөйлем аударып үйретемін»

[ 12, 48 бет]. Ыбырай Алтынсарин оқытуға ұсынылатын материалдары іріктеуде өте ұқыпты болды: баланың жас және ұлттық ерекшелігін, психологиясын, ақыл-ой өрісін, талғамын және олардың игеру қабілетін үнемі ескеріп отыруды  қадағалады. «Бірінші кітабымды Паульсон кітабының құрастырылу тәртібімен жазып шыққалы отырмын. Әрине, мұны қазақ балаларына лайықтап жазамын. Мысалдарды (басни)  енгізгім келмейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлейді деген сияқты нәрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін. Қазақ балаларына, меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектердің өзгерулері сияқты, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен, мүмкін болғанша, қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын» [1 3, 96 бет ].

   Ыбырай Алтынсарин берілген сабақты «балалар түсініп алғанға дейін, орынсыз ілгері озып кетуге болмайды» деп есептеді. Кітап оқуға оқушыларды ынталандырып, оқығандарын берік ұғып қалу үшін, мынадай тәсілдер ұсынады: «...оқушылармен бірге қайта-қайта оқып, ауызша әңгімелер өткізіп отыруды, әңгімені орыс тілінде, әрине, түсіндіре отырып, айқын өткізуді өте пайдалы деп білетінімді айта кету борышым деп білемін; бұл әңгімелердің аяғында оқушылардан оқығандарын қайталап сұрап отыру қажет. Мұндай әңгімелерді оқушылардың қызығып тыңдайтынын және жеңіл ұғып алатынын мен өз тәжірибемде көргенмін.

   Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай да білгізу әдістерін белгілеуге мұғалімнің  жауапкершілікпен қарау керектігін Алтынсарин баса көрсетеді: «Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсы деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақыл-парасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешліктер болатынына, ана тілінің  басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ  бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады», – деп отырып, бұл пікірін педагогикалық тұрғыдан былайша  жалғастыра түседі: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол – балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек; әрбір нәрсені де ықыласпен  түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек; мұндай сөздер оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жақпайды».

   Кеңес дәуірі педагогикасының методикалық негізі диалектикалық және тарихи материализм болып табылады, ал оқушылардың таным процесі туралы ілім негізінде маркстік-лениндік таным теориясы алынады. Бұлар тұтас алғанда, кеңес дәуірі педагогикасының, жеке алғанда кеңестік дидактиканың ғылымдық сипатын белгілейді [14, 99 б.].

                    1.Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.

 

Білім беру әдістеріне педагогика теориясында: «...Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысынқалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстыңмұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі» деген анықтама берілген.

Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім  мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын әлементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудің оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты. Әдіс – ілім, зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, уәждемелік қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді қолдана білудің маңызы зор.

А.Байтұрсынов өзінің "Қай әдіс жақсы" мақаласында: "Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды"- дей келіп, дыбыс әдісі мен тұтас сөзді әдістің қайсысы қазақ тіліне көбірек керек деген мәселені мысалдар келтіре отырып береді де, осы екеуінің біріншісі (дыбыс әдісі) жақсы деп қорытады. Сонымен бірге ғалым жалқылау және жалпылау әдісі туралы өз ойларын ортаға салады. Жалқылау әдісін (айырыңқы) қай елдер бірінші қолданғаны туралы мағлүмат береді [15,145 б].

"Жалқылаулы-жалпылау әдіс" мақаласында "Бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді"- дейді де, төмендегідей түрлеріне тоқталады: Шағын сөзді түрі; "Жазу-оқу" деген түрі; Дыбысты әдіс. Дыбысты әдістің өзін өз ішінен бес түрге бөледі: Балалармен әңгімелесу; Оқу үйретуге даярлайтын жұмыс; Сөзден дыбыстарды айырып шығару; Әріптермен таныстыру; Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу. А.Байтұрсынов 1927-1928 жылдары "Жаңа мектеп" журналында "Ана тілінің әдісі", "Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы" деген әдістеме мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялаған. Ғалым өзінің оқулықтарында "жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге" деген ұстанымды ұстана отырып, тұтас-сөз, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап ойын әдістерін қолданған.

        Оқыту әдістері сан алуан. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап,материалдың мазмұны мен көлеміне және  әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына орай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді.Бұл әрқашан мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де,әр кластағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі.Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқушыларға меңгертуде , әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін саралап,лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген мақұл[16,341 б]. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады.

 1) байқау әдісі,

2) баяндау әдісі,

 3) әңгімелесу әдісі,

 4) кітаппен жұмыс істеу әдісі,

5) жаттығу әдісі,

6) талдау-жинақтау әдісі,

7) салыстырмалы әдіс,

8)индукция-дедукция т.б.

    Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындылап, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді. 
    Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нүсқау Түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі бларлық сипатта кұрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары. 
   Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының сезімін оятады. 
   Баяндау әдісі басқа әдістер әлементтерімен үштастырылып отыруы тиімді. Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрақ-жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі кұрал пайдалану оқушының тікелей сезінуі және қабылдауын дамытады. 
    Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да, қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды түсіндіру мақсатында да үйымдастырып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде класқа сұрақтар беріп, оқушылардлың жауаптары арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесеу әдісі енгізіледі. 
  Оқушылар үшін әңгімелесу-коллективтік еңбек. Оқушыларды негізгі материалмен алдын-ала таныстыру, сұрақ-жауаптың логикалық жүйесін дұрыс белгілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты коллективті түрде қатыстыру, жауап беру кезінде оқушылардың иеркін сезінуі, мұғалімнің бағыттаушы ролі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып табылады. 
    Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы матералдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нүсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми- көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.

    Кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәрбиелік сипаты мол. Кітап оқу-оқушылардың ынтасы мен қабілетін арттырудың маңызды факторы. Оқу және оқығанын ұғынып түсіну бірден нәтижелі бола қаймайды. Бастауыш кластан бастап оқушылар оқылған тексін түсінуге үйретіледі. Оқуға ынтасы арта түскен оқушы кітапты көбірек оқи бастайыд, мәнерлеп оқуға төмселеді, оқығаннан түсінгендерін жазып үйренеді, бірте-бірте сөздіктер мен анықтамаларды, иллюстрияларды дұрыс пайдалан алады.

    Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялык білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функқияларға негізделеді. Ол - оқушылардың сезінуі мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу үстіне қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы тоқьтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге көмектеседі. 
  Талдау -жинақтау әдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың жекелеген әлементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру - талдау - жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу - талдау, ал бөлшектен бүтін құрау - жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау -жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.

     Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп отырған объектіге аударып, оны жақсы меңгеруге көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, алған білімін практикада саналы Тұрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды, оқушылардың сөздерді өз орнына қолдануын, тіл мәдениетін дамытады.

   Грамматикалық ереже немесе емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар арасында қандай ұқсастық немесе қандай айырмашылық бар екендігі ашылады. Сөйтье отырып, материал арамсындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғарылады.

Салыстырмалы әдісті әртүрлі спатта жүргізуге блады.

1. Сабақта орын алатын  ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша 
салыстыру екі түрлі мақсатты көздейді: а) үксастық белгілерін анықтау, ә) 
айырмашылық белгілерін анықтау.

Объектінің көлемі бойынша бІр ғана жолмен салыстырылатын жай салыстыру және әртүрлі жолмен салыстырлатын күрделі салыстыру әдісі жүргізіледі. 
2. Салыстыралтын объектілер сипатына қарай:

а)емле ережелері салыстырылады;

ә) сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырылады; 
б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырлады;

Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері