Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:34, реферат

Краткое описание


Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gumanizm.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Қайта өрлеу дәуірінде  Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс  ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері

 

Гуманизмнің философиялық бағыт, ілім ретінде пайда болуы ХІІІ ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басымен  байланысты. Ол кезде Батыс Еуропада адам өмірінің барлық аясында: философиялық ойда, әдебиетте, сурет өнерінде, ғылыми және діни аспектілерде, әлеуметтік-саяси көзқарастарда өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің маңызды болғаны соншалықты, ол кезеңді кейін Ренессанс, Қайта өрлеу дәуірі деп атады. 

Ренессанс термині (француз тілінде «renaissance» – қайта өрлеу) ХІХ ғасырда пайда болды. Бұл терминнің пайда болуы XIV–XVI ғасырларда антикалық мәдениетке деген қызығушылықтың пайда болуымен байланысты. Антикалық философия, антикалық діни-мистикалық ілімдер, антикалық әдебиет және бейнелеу өнері батысеуропалық халықтардың қызығушылығын тудырды. Сонымен бірге, ол кезеңде сол халықтардың өздерінің де мәдениеті жаңа қарқын ала бастады, ол бұрынғы христиандық мәдениетке қарама-қарсы мәдениеттің түрі десек те болады. Бұл туралы философ Ғ. Есімнің пікірі мынадай: «Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің мәні феодализмнен жаңа заманға өтерде антик мәдениетіне қайта оралумен анықталып отыр. Бұл, әрине, антик мәдениетін тек қайталап көшіру емес, оның өміршең гуманистік идеяларын жаңа дамып, өрбіп келе жатқан қоғамдық қатынастарға орай қолдану, антик гуманизмін феодализм идеологиясына қарсы қою. Сондықтан да бұл тенденцияны жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазияның қолдануы заңды еді. Бірақ буржуазия идеологтары Ренессанс идеяларын феодализмге қарсы рухани күш ретінде ғана пайдаланып қойған жоқ, олар өндіргіш күштер дамуы қажеттілігіне сай үйлесімді келетін қоғамдық сана формасы ретінде қабылдады. Бұл жерде басын ашып айтатын жай Ренессанстық сана екі қоғамдық сана, екі мәдени дамудың сабақтастығынан, нақтыласақ үйлесімдігінен туған. Олар антик дәуір санасы мен феодализмнен жаңа Заманға бет бұрған дәуірдің санасы еді» [1, 149 б.].

Жаңа дүниетанымның ерекшелігі сонда, Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары адам мәселесіне ортағасырлық христиандық теологтардан өзгеше көзқараспен қарай бастады. Жоғарыда қарастарған ортағасырлық христиандық философияда адам күнәһар жан, ол өзінің уақытша өмірінде мәңгі, рухани өмірге деген құқығын дәлелдеп өту мәселесін қарастырады. Сондықтан адам барлық іс-әрекетін, ақыл-ойын, барлық ойлау мен іс-әрекеттің ортасы болып табылатын, бір ғана Құдайға деген махаббатқа арнауы тиіс.

Ал XIII ғасырдың соңынан бастап, XIV ғасырдың басында философиялық ойдағы өзгеріс онда тұлғаның мәнінің басқаша түсінілуімен байланысты болды. Қайта өрлеу дәуірінің сипаты антропоцентристік болды, онда тұлға ойлаудың, танымның орталық мәселесіне айналды. Данте Алигьери өзінің шығармасы «Құдайлық комедиясында» адамды – ұлы ғажайып деп атады. Содан кейін де адамға деген қатынас оған ғажайып құбылыс ретінде, Әлемнің ортасы ретіндегі көзқараспен анықталады. Сондықтан, Қайта өрлеу дәуірінің девизі болып «Ұлы

ғажайып – ол адам» деген  кейінгі антикалық дәуірде, әсіресе, Гермес Гуманистік дүниетанымның мәдени-тарихи формалары Тримегисттің шығармаларынан орын алған рәміздік ұстаным болып табылады.

Орта ғасырға қарағанда  Қайта өрлеу дәуірінде адам тек рухани жағынан ғана емес, оның тәні, тәнінің сұлулығы да қызықтырды, яғни адам біртұтастықта қарастырылды. Оны біз Ренессанс дәуіріндегі өнерден көреміз. Ол кезеңдегі өнердің негізгі тақырыбы – антикалық идеалға сүйене отырып, адамның денесінің пропорциясын бейнелеу.

Адам мәселесін жаңаша қарастыру Құдайға деген қатынастың да өзгеруіне әкелді. Теоцентризмнің орнына антропоцентризм мен пантеизм келді.

Гуманистерді атеистер деп  қарастыру дұрыс емес. Олар сенімнің

қажеттілігін теріске  шығарған жоқ. Бірақ олардың көпшілігі  шіркеуге сыни көзқараспен қарады. Оның себебі де болды. Гуманистер римдік-католиктік шіркеудің Құдай ұғымын дұрыс түсіндіріп талдамайтындығын сынады. Сондықтан да осы кезеңде антиклерикалды көңіл-күйдің пайда болуы заңды нәрсе еді, ол сол кезеңдегі шығармаларда көрініс берді. Мысалы, Джованни Боккаччоның «Декамерон» шығармасында монахтардың, шіркеу қызметкерлерінің өмірін сатиралық түрде бейнелеу орын алған.

Тағы бір ерекше айтатын мәселе: гуманистер антикалық философияның танымдық әдістерін абсолют дәрежесіне көтерді, ал ғылыми білім мен дін теңестіріле бастады. Өйткені, гуманистердің ойынша, ғылым діннің жаңа негізі болуы керек. Сондықтан да гуманистер өздерінің назарын мистика мен магияға көп аударды. Олардың ойынша магия мен мистика Құдайлық ақиқатқа жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, антикалық мәдениетке деген қызығушылық, антикалық дәуірдің соңғы кезеңінде пайда болған мистикалық-діни ілімдерге де

қызығушылық тудырды. Магия  мен мистика ғылыми білімнің жоғарғы

формасы ретінде қабылданды. Тіпті адамды «ғажайып» деп анықтау-

дың өзінде мистикалық мағына жатқанын естен шығармау керек, ал

ғажайыпты тану мүмкін емес, оны тек сол күйінде қабылдау керек.

XIV ғасырда латын тіліне  Гермес Трисмегистің, Зороастрдың және Орфейдің шығармалары аударылды. Гуманистер оларды тарихта болған тұлғалар, Моисейдің замандастары деп есептеді. Көптеген Ренессанстық ойшылдардың пікірінше, Моисейге Құдай адамдық қоғамның заңдарын, ал Гермес Трисмегистке, Зороастрға және Орфейге белгілі бір діни-мистикалық тәсілдермен ғана ашылатын құпия ақиқатты берген. Сондықтан ежелгі мистиктердің шығармалары және мигиялық рәсімдерді өткізу Құдайлық құпияларға жақындауға мүмкіндік береді. Ол қарапайым христиандар үшін мүмкін емес нәрсе.Гуманистік дүниетаным: әлеуметтік-мәдени негіздер

Қайта өрлеу дәуірінде материалистік ілімдерге деген қызығушылық пайда болды. Олар Эпикур мен Тит Лукреций Кардың шығармашылығымен таныс болды. Мысалы Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары арасында Эпикурдың рахаттану туралы ілімі төңірегінде қызу айтыс жүріп жатты.

1462 жылы Флоренцияда Платон Академиясы пайда болды, онда платондық ілім қызығушылық тудырды. Марсилио Фичино ашқан бұл академия Қайта өрлеу дәуірінде гуманистік идеялардың пайда болуында үлкен рөл атқарды.

Марсилио Фичиноның шығармашылығында Батыс Еуропадағы гуманистік ойдың барлық формалары мен бағыттары тоғысты – философия, дін, әдебиет, магия (сиқыр). Ол өзінің шығармашылығы арқылы гуманистік идеалдар мистика мен магиялық ілімдер арқылы негізделуі тиіс, сонымен қатар Платонның философиясының көмегімен түсіндірілуі тиіс деген ұстанымды бекітті. Ең бастысы, ол біртұтас діни-философиялық концепцияны жасау керек деп есептеді. Ол концепция ежелгі мистиканы, Платонның философиясын, Қасиетті жазуды біріктіруі керек. Осындай логикаға сай, Фичиноның ойына «жалпы дін» концепциясы келді. Ол «дін» – гуманизм еді.

Осы ғасырларда Еуропада жаңа саяси және этикалық ілімдердің де негізі қалана бастады. Оларға да адамның Әлемнің орталық мәселесіне айналуы өз әсерін тигізді, сондықтан этикалық, саяси ілімдер Құдайлық идеалдан, жоғарғы идеалдардан өзгеше, жеке тұлғаның нақты адамның қызығушылығына негізделді. Бұл жерде Никколо Макиавелли, Эразм Роттердамский, Мишель де Монтеньнің шығармашылығы мысал бола алады.

Томас Мордың шығармаларында гуманизмнің қоғамдық-саяси идеалы қалыптасады. Оның «Утопиясы» – идеалды мемлекеттің, гуманизмнің бейнесі. Бұл идеалдың негізінде тек жеке меншікті жоққа шығарып, қоғамдық меншікті енгізу ғана емес, белгілі бір Құдай – Митра барда, дін де бар. Утопияда нақты діндер көп, олар ғылыммен шектесіп жатуы тиіс.

Сонымен, гуманизмнің мәдениеті  мен философиясы – бұл ірі, қарама-қайшылыққа толы, христиандық пен антикалық философияның, магияның, мистиканың араласуынан туған құбылыс. Осылайша әр түрлі діндердің, ғылым мен әдебиеттің, мистикалық ілімдердің, философияның бір-бірімен араласуынан болашақ батысеуропалық мәдениеттің негізі қаланды. Осындай ілім ғана дәстүрлі христиандық әлемге қатынасты өзгертуге, жеке тұлғаны Құдайға тең демесе де, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктеріне байланысты, ең бастысы, Гуманистік дүниетанымның мәдени-тарихи формалары өзінің еркіндігіне байланысты оған жақын жаратылыс деп жариялауы мүмкін еді. Басқаша айтсақ, адам «ұлы ғажайып» ретінде Құдай сияқты еркіндікке ие болуы керек болды.

Бұл жерде мына нәрсені естен шығармау қажет: гуманизм алғашында дін ретінде пайда болды. Онда табиғаттың құдайлық табиғатына сенім, еркін адамға деген сенім, адамның зердесіне деген сенім, ғылымның шетсіз мүмкіндіктеріне сенім, магия мен мистиканың күшіне деген сенім басты болды.

Яғни, пайда болған кезінде  гуманизм діни-философиялық ілім болды. Онда адамның құдайы орталық мәселе ретінде қарастырылды. Кейін гуманизмнің жоғарғы формасы ретінде атеизм пайда болғаны белгілі. Ғылым да сенім болып табылады: адамның қолынан бәрі келетіндігіне, оның танымының шексіз екендігіне, оның әлемді тани алатындығына, Әлемді Құдайдан жақсы басқара алатындығына деген сенім.

XVI–XIX ғасырлырдағы гуманизм батысеуропалық негізгі діни, философиялық, этикалық, саяси, экономикалық, эстетикалық ілімдердің методологиялық базасы болды. Мысалы, протестантизм, рационализм, эмпиризм, «табиғи құқық теориясы», ағартушылық, ағылшын саяси экономиясы, неміс классикалық философиясы, марксизм, позитивизм өз бастауын осы гуманизмнен алды десек болады. «Құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «капиталистік қоғам», «қазіргі батыстық өркениет» ұғымдарының пайда болуы да осы гуманизмнің салдары болып табылады.

Капитализммен күрескен ілімдердің барлығы гуманистік принципке негізделген. Мысалы, марксизм – радикалды гуманизмнің бір түрі. Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бұл гуманистік идеалдарға деген сенімсіздік пайда болды. Осыған байланысты екі үрдіс орын алды: бірінде адамның мүмкіндіктеріне, оның зердесінің күштілігіне деген сенім оптимистік көзқарастарды тудырды, екіншісінде адамның, ғылымның шексіз мүмкіндіктеріне деген сенімсіздік пессимистік көзқарастарды тудырды. Бұл үрдістер әр түрлі философиялық ілімдердің пайда болуының себебі болды.

Бірінші үрдістің қайнар көзі ғылым мен техниканың дамуында. Бұл кезде рационализм мен эмпиризм алға шықты. Оның аумағында Ағартушылық ретіндегі біртұтас философиялықF жүйе қалыптасты. Ол өз кезегінде материализм мен идеализмді тудырды. Зерденің күшіне деген сенім Фихте мен Гегельдің іліміне негіз болды. XIX ғасырда ағартушылық рационализм марксизмнің негізі болды. Кейін ХХ ғасырда неопозитивизм мен прагматизм содан бастау алды.

Бірақ ХІХ ғасырда батыстық өркениет көптеген күйзелістерге тап болды. Сондықтан да ойшылдардың көпшілігі қазіргі өркениетке сенімсіздікпен қарай бастады. Философияда XVIII ғасырда Дж. Беркли мен Д. Юмның ілімдері соған негіз болды. Иммануил Канттың сыни философиясы да осы бағытты дамытты. Ал ХІХ ғасырдағы өмір философиясы, экзистенциализм соның салдары десек болады. Мысалы, А. Шопенгауэрдің, С. Кьеркегордың, Ф. Ницшенің философиясы дәстүрлі философиялық және діни ілімдерге сыни көзқарасты дамытты. Олардың соншалықты негативті үрдісі адамдарда күмән тудырып,

көптеген ойшылдардың  өмірдің мәнсіздігі туралы ілімдерінің  негізін қалады.

Гуманизм феодалдық идеологиямен күрес кезінде қалыптасты. Гуманистер классикалық кезеңнің әдеби ескерткіштерін қайта жандандыра отырып, зайырлы мәдениет пен білімділікті уағыздады. Олар схоластикалық білімге зайырлы білімді, діни аскетизмге өмірдің рахатын, еркін дамитын тұлға идеалын қарсы қойды. XIV–XV ғасырларда гуманистік ойдың орталығы Италия болды. Мұндағы гуманистерге Ф. Петрарка, Дж. Боккаччо, Лоренцо Балла, Пико делла Мирандола, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджелоны жатқызамыз. Одан соң гуманизм басқа еуропалық елдерге тарады. Гуманизмнің таралуына көп үлес қосқан ойшылдардың қатарына М. Монтень, Ф. Рабле,

У. Шекспир, Ф. Бэкон, Л. Вивес, М. Сервантес, У. Гуттен, А. Дюрер, Эразм  Роттердамский және т. б. жатады.

Гуманизм пайда болып  келе жатқан капиталистік қатынастарды білдіреді. Кейін гуманизм буржуазиялық революция кезеңімен байланысты болды. Француз ағартушылары П. Гольбах, А. К. Гельвеций, Д. Дидро және басқалар гуманизмді материализммен, атеизммен байланыстырды. Гуманизмнің кейбір принциптері классикалық неміс философиясында қалыптасты. Мысалы, Иммануил Кант мәңгі әлем идеясын алға тартты, гуманизмнің мәні болып табылатын – адам басқа адам үшін тек қана мақсат, құрал емес деген тұжырымды ұсынды. Бірақ Кант бұл принциптердің орындалуын белгісіз болашаққа жүктеді.

Пайда болып келе жатқан капитализм жағдайындағы гуманистік көзқарастар жүйесі қоғамдық ойдың жетістігі болды. Ол іштей қайшылыққа толы болды, өйткені тұлғаның индивидуалистік тұжырымдамасына, адамның абстрактілі түсінігіне сүйенді. Бұл қайшылық капитализм бекіген кезде анық байқалды. Гуманизм идеалдарына қарама-қарсы, адам капиталдың өндірісінің құралына айналып, әлеуметтік күштер мен заңдардың билігіне бағынды. Жеке Гуманистік дүниетанымның мәдени-тарихи формалары меншіктің билігі мен еңбектің бөлінуі адам жаттануының көптеген түрлерін тудырды.

Жаңа дәуір гуманизмі адамның абыройын қорғау, оның еркіндігін және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарда адамдықтың сақталуын талап ететін ілім болды.

Информация о работе Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері