Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:34, реферат

Краткое описание


Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gumanizm.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

Көптеген мессиандық идеялар, яғни адамзатты құтқару идеясы белгілеріне коммунизм идеясы да жатады. Олар әр индивидтың құндылықтарды жеке таңдау еркіндігін белгілемейді, оларда жеке адам дербестігіне орын жоқ. Маркс коммунизм еркіндікке жол ашатын қоғам болу керек десе де, мұндай қоғамға апаратын жол ешқандай еркіндік жолы емес. Бұл қоғам оның ойынша тарихи қажеттілік ретінде ерте ме кеш пе тууы тиіс. Маркс теориясы бойынша, тарих табиғатта болатын жағдайлар сияқты табиғи-тарихи процесс. Бұл тарихтың негізгі деңгейлері жыл маусымдары қалай туса, солай пайда болады. Жеке

адамдардың, сондай-ақ барлық қоғамның еркіндігі тарих қозғалысын тану мен осы процесті өз ырқына сай реттеуден тұрады.

Өз дүниетанымының ғылымилығы мен дінге қарсы бағытталғандығына, өзінің негізгі принциптері мен қорытындыларына және өз атеизмі мен теистік белгісінің, әлеуметтік доктринасының жоқтығына қарамастан анық таза сеніммен жүру мүмкін екен.

Басқа діндер сияқты кеңестік идеология да тоталитарлық ұмтылысты  жақтады, көбінесе әр индивидтің жүрегінен тұманды болашаққа деген ұмтылыстан басқа ойдың бәрін шығарып тастауға тырысты. Оған бүгінгі өмір, бүгінгі ұрпақ жаңа адамдар өсіп шығатын топырақ, материал ғана. Қазіргі кез, өткен уақыт тек қандай қызмет атқара алатындығымен ғана құнды. Нағыз құндылықты тек болашақ қана бере алады. Бірақ бұл болашаққа (коммунизм) қаншалықты жақындасаң соншалықты алыстай береді. Анығырақ айтқанда, қандай болашақ болмасын іске асқан кезде өзінің құндылығын жоғалтады, өмір мәні болудан қалады.

Егер Маркс қоғамдық дамудың  бастапқы алғышарты ретінде тірі индивидтерді алса, кеңестік идеологияда  қоғамдық болмыс адамдардың санасын  анықтайды деген материалистік  көзқарасты жақтайды. Басқаша айтқанда, индивидтер белгілі бір қоғамдық жағдайдың, яғни қоғамдық болмыстың негізі. Егер біріншісінде, адамдар өзіндік тарих-ты жасаушы десе, екіншісінде, олар тек табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырылатын тарихтың жемісі деп қарастырады. Маркс осы екі ерекше жағдайды біріктіре алмады

Бұл екінші материалистік  жағдай болғандықтан және коммунистік  қоғам құру практикасының негізінде  жатқандықтан, ең алдымен жаңа өмірлік  мәні, жаңа дүниетанымы бар адам пайда болатын жаңа қоғамның материалдық-техникалық негізін құру қажет болды. Маркстік тұжырымдамаға сай адамдардың барлық рухани әлемі бар болғаны экономикалық негіздің, қондырманың бейнесі ғана.

 

 

Қорытынды

 

Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді.

Гуманизм ең алдымен адамның  адамдығын білдіреді: адамдарға  деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық  сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар  арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..’«Гуманизм»  ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Есім Ғ. Сана болмысы.  (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алма-

ты: Ғылым, 1996. – 208 б.

2. Роттердамский Э. Философские произведения. – М.: Наука, 1986. – 703 с.

3. Роттердамский Э. Похвала глупости. – М.: Литера Нова, 2009. – 416 с.

4. Монтень М. Опыты. Эссе. – М.: Эксмо, 2007. – 944 с.

5. Әбішев Қ. Алғы сөз // Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық.

«Жаңа дәуірдегі француз философиясы». – Алматы: Жазушы, 2006. – 7-том. –

560 б.

6. Кант И. Наблюдения над чувством прекрасного и возвышенного //

Соч. в 6 т. – М.: Мысль, 1964. – Т.2. – 510 с.

7. Бисенбаев Ф.К. Нравственно-правовые основания социальной поли-

тики // Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы  свободы. – Ал-

маты: Компьютерно-издательский центр Института философии и  политоло-

гии МОН РК, 2007. – 470 с.

8. Кант И. Критика практического разума //Соч. в 6 т. - М.: Мысль, 1966.

- Т.3. – 799 с.

9. Сейтахметов Н.К. Нравственный смысл германского идеализма. –

Алматы: «Искандер», 2007. – 334 с.

10. Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2-ое изд. – М.: Государственное издатель-

ство политической литературы, 1955. – Т. 3. – 651 с.

11. К. Маркс и Ф. Энгельс. Из ранних произведений. – М.: Госполитиздат,

 


Информация о работе Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері