Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 09:26, реферат

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңуі болды. Бірақ соғыс аяқталысымен, әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып, әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған, әрі күшейтілген еді, ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І Герман Федеративті Республикасының алғаш канцлері Конрад Аденауэрдың саяси билікке жету жолы.........................................................................................................................4
1.1Болашақ канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі.......................4
1.2 Конрад Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына ие болуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия...................................................................................................................5
ІІ Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр..................................................................................................................9
2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты..................................................9
2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия.................................................................................................................10
Қорытынды................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі........................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ. КОНРАД АДЕНАУЭР.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

ҚР БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр»

 

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: Д. А. Кабдушева

Қабылдаған: Ж. Ә. Каринбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2012ж.

 

Жоспар

Кіріспе............................................................................................................3

І Герман Федеративті Республикасының алғаш канцлері Конрад Аденауэрдың саяси билікке жету жолы.........................................................................................................................4

1.1Болашақ канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі.......................4

1.2 Конрад Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына ие болуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия...................................................................................................................5

ІІ  Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр..................................................................................................................9

2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты..................................................9

2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия.................................................................................................................10

Қорытынды................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі........................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

1949-1955 жж. арасында  Батыс Германия басынан өткерген  оқиғаларға сараптама жасар алдында  осы кезеңде  Европадағы және  жалпы бүкіл жер шарындағы  саяси даму аспектілерін зерттеп, ескеру қажеттілігін ұмытпауымыз қажет. Бұл Германияның, соның ішінде Батыс Германияның соғыстан кейінгі әлемде алатын орны мен рөлін анықтауда өз септігін тигізеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – ол антигитлерлік  коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңуі болды. Бірақ соғыс аяқталысымен, әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып, әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған, әрі күшейтілген еді, ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды. Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты. Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті. Көптеген елдердің қарапайым адамдары мен саясаткерлері жаңа дүниежүзілік соғысқа ену қаупінен қорқып, бейбітшілікті армандады. Бүкіл Жер шарында бейбітшілік, бірлік пен татуластық сақтауға деген құлшыныс орнайды.[5]

Бұл дәстүрлі жаңа халықаралық ахуал Батыс Германияның  жағдайына да өз ықпалын жүргізеді.

Герман Федеративті  Республикасының федералды канцлері Аденауэр билік басындағы 1949-1963 жылдар аралығында  өзі жеке басымен Германияда сол кезде жүргізіліп жатқан сыртқы және ішкі саясатына («канцлерлік демократия») орасан зор үлесін қосқан. Оның ең басты мақсаты бостандық пен бейбітшілік негізінде Германияның бірігуі еді.

Өзінің ұзын 91-жылдық өмірінде Аденауэр үш неміс мемлекеттерінің күйреуіне тап болады:  1918 жылы Вильгельм ІІ империясы (48 жыл бойы билікте болған ), 1933 ж. Веймар Республикасы (15 жыл өмір сүрген) және 1945ж. ұлттық «Мыңжылдық рейх» үкіметі (12 жыл билікте болған). 1949 Аденауэр ХХ ғасырдағы төртінші неміс мемлекеті— Герман Федеративті Республикасын құрады. Бұл мемлекет жарты ғасырдан артық билік басында және өзінің ізашарлары секілді тағдырды бастан кешірмейтініне ешбір күмән жоқ деп айтуға әбден болады. [4] Аденауэр және оның мұрагерлері өткен ғасырдың жартысынан артық бүкіл дүниежүзіне зор қауіп төндіруші ел ретінде белгілі болған немістерге тағылған таңбаны өз халқының бетінен жоя алды.  Қазіргі таңдағы Федеративті Республика европалық және әлемдік қауымдастықтардың құрметті және тең құқылы мүшесі, тұрғындарын жоғары өмір сапасымен қамтамасыз ететін Европадағы ең қуатты мемлекеттердің бірі болып табылады.

 

І Герман Федеративті Республикасының алғаш  канцлері Конрад Аденауэрдың саяси  билікке жету жолы

 

1.1Болашақ  канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі

 

Конрад Аденауэр, толық аты Конрад-Генрих-Йозеф, 1876 жылы 5 қаңтар күні Германияның ірі индустриалды орталығы Рейн облысының Кёльн қаласында дүниеге келген. Конрад Кёльн қалалық сотының хатшысы Иоганн-Конрад Аденауэр отбасында дүниеге келген. Отбасында үшінші бала болды, одан кейін екі қарындасы өмір есігін ашады. [3]

Әкесі Иоганн-Конрад Аденауэр өмірінде көп қиындықтарға тап болады, бірақ ешқашан мойымай, барлық қиыншылықтарға төтеп бере алады. «Бұл адам қатаң, онша сүйкімді емес, бірақ өте жауапкершіл және адал ниетті болған», - деп Аденауэрдың әкесіне оның әріптестерінің бірі баға береді. Иоганн өз отбасында да абсолютті «монарх» лауазымы қызметін атқарған. Жалақысы жоғары болмаған, ешқандай қосымша табыстар алмайтын, сондықтан әйелі мен бес баласын қамтамасыз ету қиынға соғады. Аденауэрдың әкесі отбасын қатаң тәртіппен ұстаған, еңбекке баулитын, жұмасына бірнеше рет отбасы шіркеуге баратын және әрдайым үйлерінде әр таңғы, түскі, кешкі астарын дұға оқудан бастайтын. Конрад Аденауэрдың өмірін зерттеушілер болашақ канцлердің сәби және жастық кездерінде тұлға болып қалыптасуына оның әкесі зор ықпалын тигізген деген бекем ойға келеді. Бірнеше мыңжылдықтар бойы, Конрадтың өз өліміне дейін бөлмесінде әкесінің суреті әрдайым ілініп тұратын. [2]

1885 жылы Конрад өзінің туған қаласындағы Қасиетті Апостолдар гимназиясына оқуға түседі.  Мектепте жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жақсы оқуға тырысқан,  тоғыз жыл бойы сыныптың ең күшті дегендердің алтылығына кіретін, бірақ ешқашан бірінші болмаған. [2]

1894 жылы гимназияны бітірісімен, Конрад университетке түсіп, оқуын жалғастырмайды. Себебі, сол кезде Конрадтың екі ағалары жоғары оқу орнында студент болып жүрген, үшінші баланы оқыту үшін отбасының ақшасы жетпейтін. Әкесі Конрадты Кельн қаласындағы сыйлы отбасылардың бірі Зелигмановтардың банк үйіне жұмысқа орналастырады. Алайда Конрад екі жұма ғана жұмыс істейді. Ол әкесінен оқуын әрі қарай жалғастыруға рұқсат алады. Екі жарым жыл ішінде Конрад бесжылдық оқу курсын өтеді және «жақсы» деген орташа бағамен «юстицияның кіші кеңесшісі» деген атақ иеленіп, Бонн университетін аяқтайды. Білімін одан әрі жетілдіруге қаражат жетпейді. «Мен күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр болдым, — деп кейін Аденауэр еске түсіреді. — Түнде қатты ұйқым келетін және ештене түсіне алмайтын жағдайларға дейін баратынмын. Басында ұйықтамау үшін кофе ішетінмін, бірақ тез арада кофе сатып алу үшін ақшам бітіп қалған. Сонда мен арзан әдіс тапқан едім — аяқ киімімді шешіп, аяғымды суық суға салатынмын. Ұйқым қашып, ары қарай оқи алатынмын». [2]

Бастапқы жылдары  Конрадтың мансапқа жету жолы сәтті өтпейді. Әскерге де қабылданбайды  — университетте Аденауэр созылмалы демікпемен ауырады, сол үшін қалған өмір бойы қиналған («ұйқымен күресудің арзан тәсілінің» тікелей қатысы да болған шығар). Сондықтан, жақсы мемлекеттік қызметке орналасуға екі жайт – әскерде борышын өтемегені және католик дінін ұстанғаны (әсіресе, халқының басым бөлігі протестанттар болып келген Пруссияға бұл мүлдем ұнамайтын) кедергі келтірген. [2]

Ешқандай жұмыс тәжірибесіз, ақшасыз, ешбіреудің көмегінсіз өзінің жеке адвокаттық машығын бастау мүмкін емес еді. Ұзақ төрт жылдар бойы –1897 жылдан 1901-ші жылға дейін Аденауэр әр түрлі соттар мен прокуратураларда стажер болып істейді. Осы жылдар бойы оған жалақы берілмеді және шын мәнісінде әкесінің мойнында отырды деуге болады. Ақырында 1901 жылы Конрадқа асессор атағын алу үшін емтиханға тапсыруға рұқсат беріледі де, ол емтиханда «орташа» деген баға алады (бұл католик үшін сол кезде әбден жақсы көрсеткіш болып табылады). Бірнеше айлар өткеннен кейін 1902 жылы 26 жастағы Аденауэр өмірінде алғаш жалақы төленетін жұмысқа – Кельн қаласының прокуратурасына қабылданады. Сол кезде ол Эмма Вейердан өзімен бірге тұрмыс құруды сұрайды. Эмма өз ризалығын білдіреді, алайда Эмманың ата-анасы қатаң қарсылықтарын танытады. Вейерлар отбасы қала ақсүйектеріне жататын. Олардың ойынша, қарапайым отбасынан щыққан, айына 100 марка ғана табыс алатын ұсақ прокуратура қызметшісінің Эмма үшін лайық жұп, жар болуы мүмкін емес еді. Дегенмен, бойжеткен Аденауэрдан басқа өзгелерге тұрмысқа шығуды қаламайтынын білдіргеннен кейін, ақырында Вейерлар өз ашуларын басады.  1904 жылы 26 қазан күні екі жұп некелерін қияды. [3]

 

1.2 Конрад  Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына  ие болуы; Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия

1906 жыл отыз жастағы Аденауэр үшін екіталай кезеңге айналады. 7 наурызда ол Кельн қаласының обер-бургомистрдің көмекшісі болып тағайындалады. Атағы зор болмағанына қарамастан, шын мәнісінде бұл өте жоғары қызмет еді — Аденауэр 12 қалалық министрлердің біріне айналады, салықтар салу және жинаумен айналысытын магистратты басқарады. Егер де прокуратурада ол жылына 1200 марка табатын болса, ендігі табысы 6000 марканы құрады. Бұл орынды жеңіп алғысы келгендердің саны өте көп болған, бірақ Аденауэр үшін  қалалық құрылтайдың 37 депутатынан  35-сі дауыс береді. Сайлауда жас заңгердің жеке қасиеттері ескерілмей, жиналысқа қатысушы екі басты фракциялар – Аденауэрді қолдаушы Каузеннің сөзі шешуші түйін атқаратын орталықтың католиктік Партиясы және жұбайы Эмманың туған ағасы Макс Вальраф басшылық еткен либералдар партиясы шешуші рөлді атқарды.   Орталық партиясы мен либералдар өз антогонизмдерін қоя тұрып, алғаш рет бір кандидатураны қолдайды. Салтанатты сайлаудан кейін үш күн өткесін Аденауэрдың әкесі қайтыс болар алдында соңғы аманатын айтып үлгереді – «Конрад, ұмытпа, сенің келесі мақсатын – обер-бургомистр болу». [4]

Конрад әкесінің тілегін орындау үшін бар күшін  жұмылдырады. Аденауэр өте көп жұмыс істейді — оның жұмыс күні таңғы 9-дан басталып, ең кемі кешкі 8-ге дейін, кейде түннің уағына дейін созылатын. Нәтижесі көп уақытты күттірмейді — келесі1907 жылы қалалық қаржы көп жылдардан бері алғаш рет дефицитсіз болып танылып, 1909 жылы 22 шілдеде Аденауэр обер-бургомистрдің бірінші көмекшісі болып тағайындалады. [4]

Аденауэр 1911 жылы жер учаскісін сатып алады да, үй салады. Үйіне анасы, қарындасы, жұбайы және үш баласы – Конрад, Макс және Мариямен қоныс тебеді. 1912 жылы Эмма күтпеген жерден обырмен ауырып қалады. Эмма көп бейнет көреді, 1916 жылы қазан айында 36 жасында дүниеден өтеді. [3]

Осыған дейін екі жыл  бұрын Бірінші дүниежүзілік соғыс  басталғаны бізге мәлім. Немістердің  басым көпшілігі, әсіресе, консервативті  бағыттағылар секілді Аденауэр да «немістер  мүдделерін қорғау», «немістердің күн астындағы өз орындарын алу құқығы» үшін жүрген соғысты қолдайды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана ол өзінің көзқарастарын мүлдем өзгертіп,  «Бірінші дүниежүзілік соғыс – жалпықоғамдық ақымақтылықтың жемісі» - деген ой білдіреді. Ал оған дейін Аденауэр «барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» қағидасына сүйеніп, аянбай еңбек етеді. Соғыс басталғаннан бірнеше айлар өтісімен, Германияда халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету бойынша қиындықтар туа бастайды. Азық-түлікті есепке алу және әділетті түрде аймақтар бойынша анықтау бойынша тиімді істер атқарумен қатар, Аденауэр құрамында мүлдем ет болмаған «кельн сосискасы» мен жүгері, арпа, күріштен тұратын «кельн нанына» «өмір сыйлағанымен» де белгілі. Ол жаңа піскен нанды сатуға тиым салады, адамдар аз тамақтану үшін тек екі күн тұрып қалған ескі нан сатылуы тиіс еді. [6]

Эмманың өлімінен жарты жыл  өткеннен кейін ол тағы бір бақытсыздыққа  ұшырайды, оның автокөлігі трамвайға  соғылады, жүргізуші сол жерде  мерт болады, ал Аденауэр мұрнын және бет  сүйектерін сындырып алады, төменгі жағы шығып кетеді, екі көзі де зақымданады. Аденауэр бірнеше операцияларды жасауға мәжбүр болады, осыдан кейін оның жақ сүйектері жоғарырақ орналасып, еріндері жұқаланып, иектері ұштарланып, бет бұлшықеттері қозғалғыштығын жоғалтады. Сол сәттен бастап оның беті мүлдем қозғалыссыз жағдайда қалады. [2]

1917 жылы тамыз айында Вальраф статс-секретарь лауазымын иеленіп, Берлин қаласына көшіп кетеді. 18 қыркүйекте 11 жыл өткеннен кейін Аденауэр әкесінің аманатын орындайды, Кельн қаласының обер-бургомистрі болып тағайындалады. 41 жасында Аденауэр Прусс патшалығының ең жас обер-бургомистрі болып атанады. Алып жатқан лауазымына орай Рейн ауданының заң шығарушы жиналыс құрамына және Прусс ландтаганың жоғарғы палатасына автоматты түрде енеді. [2]

1918 жылдың күз  айында Германияны соғыстан кейін  революциялар шарпып өтеді. Одақтастарының  репарациялауын түгел өтеу қажеттілігінен   Германия 1920-шы жылдардың басында аштық пен бағаның қатты құнсыздануын бастан кешірген. 1923 жылдың шілде айында доллар 4 миллиард марканы құрады, немістерге жалақы күніне екі рет – түсте және кешке берілді. Түскі мерзімде жалақы берілгеннен кейін адамдардың алған ақшаларын жұмсаулары үшін үзіліс жасалатын, кешке таман баға бір жарым есе өсуі мүмкін болды. [1] Осындай қиын-қыстау сәтте Аденауэр басшылығындағы Кельн Германияда ең күшті дерлік басқаруға ие болды деуге болады. Қала қиындықтарға төтеп беріп қана қоймай, гүлденіп, дамыды. Обер-бургомистр екі ірі жобаны жүзеге асырады: қала маңыңдағы бұзылған фортификацияланған құрылыстардың орнын жасылдандыру және теңіздік кемелер де тоқтай алатын өзен портын қайта салу ісін жүзеге асырады. Кельнде университеттің негізін қалануына септігін тигізеді. Осы жоғарғы оқу орнында сыйлы доктор лауазымына ие болады және содан бері «доктор Аденауэр» деп атанып жүрді. Екі рет — 1921 жылы және 1926 жылдары — Аденауэрға рейхканцлер қызметін ұсынады.  Екі рет те Аденауэр бас тартады. Себебі, біріншіден, ол Веймар республикасының саяси жүйесін мүлдем жақтамады. Аденауэр «Германияның жағдайын қалыпқа келтіру мақсатында диктаторлық өкілеттілікке ие үкіметті құру керек» - деген қағиданы ұстанды. Екіншіден, Веймар республикасы билік басындағы 15 жыл барысында 19 кабинет министрелері ауысқан, ал Аденауэр тек бірнеше айға ғана канцлер орнында бола алатынын және қызметінен айрылғаннан кейін Кельндағы обер-бургомистрдің орнына қайта оралу қиынға соғатынын өте жақсы түсінетін. [2]

Информация о работе Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр