Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 09:26, реферат

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңуі болды. Бірақ соғыс аяқталысымен, әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып, әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған, әрі күшейтілген еді, ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І Герман Федеративті Республикасының алғаш канцлері Конрад Аденауэрдың саяси билікке жету жолы.........................................................................................................................4
1.1Болашақ канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі.......................4
1.2 Конрад Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына ие болуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия...................................................................................................................5
ІІ Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр..................................................................................................................9
2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты..................................................9
2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия.................................................................................................................10
Қорытынды................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі........................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ. КОНРАД АДЕНАУЭР.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

Конрад Аденауэр 1963 жылы 15 қазанда 87 жасында қызметін босатады. «Уақиғаларға бай жүз жылғы неміс тарихы беттерінен біз алғаш рет билік басында ұзақ болған тұлғаның өз елін дәрменсіз жағдайда емес, керісінше, бейбітшілік пен келісім орнатқанына куәгер болып отырмыз», - деп Аденауэр биліктен кеткен күні бундестаг төрағасы Херстенмайер мәлімдейді. [2]

Қарт Конрад қызметін босатқаннан кейін тағы төрт жыл өмір сүреді және 1967 жылы 19 ақпанда Рендорфта қайтыс болады. Аденауэрдың мирасқорларының бірі канцлер Гельмут Коль: «Аденауэр қалыптастырғанды біз сақтап қана қоймай, өзі негізін қалаған христиан-демократиялық саясатының қағидаларын орындап, әрі қарай дамытуға мүдделіміз» - деген ой түйеді.  Ангела Меркель басшылығындағы Германияның жаңа үкіметі осы мүмкіндікке ие болады. [2]

 

 

 

 

Қорытынды

 

Конрад Аденауэр шын мәнісінде Батыс пен КСРО арасында әлдебір бірігушілік және келіссөздер жүргізулерге мүмкіндіктерін жою мақсатына негізделген және оқиғалардың барысы есебінен айыпталған саясатқа әлі де болса жармасатын «суық соғыстың» «ортодоксы» бейнесі сипатына ие.  

Германияның атланттық  одақтары әлемде бейбітшілікті сақтап қалу үшін ең маңызды мәнге ие мәселе бойынша әдеттегіден бетер ірі келеңсіздіктерге тап болған сәтте, аденауэрлық саясаттың дамуының құлдырау шегіне жеткен кезде деп те айтуға болады, «таң қаларлық» жағдай қалыптасады: Аденауэр өз кандидатурасын Герман Федеративті Республикасының президентіне ұсыну шешімін қабылдайды.   Бонн канцлерінің бұл шешіміне қатысты әр түрлі пікірлер айтылады. Алайда, Аденауэр өз шешімін өзгертіп, үкімет басшысы қызметінде қалу үшін республика президентіне кандидатурлығын алып тастайды. Аденауэр Эрхард кандидатурасын жақтаған Христиан-демократиялық одақтың еркіне қарсы өзі қалаған кандидатты канцлер етіп қоюға құзіреті болмайтынын ұғынған соң аталған әрекетке барады.

Канцлердың кейбір «драмалық күтпеген» әс-әрекеттерге баруы осындай іспеттес себептерге байланысты болған.

Өзінің саясатын қайта жандыру үшін Аденауэр көп  ойланбай өз беделіне және Батыс Германиядағы мәртебесіне зор нұқсан келтірушілік жағдайға да барады, өз партиясының бірлігін теңселткен терең дағдарысқа ұшыратады. Аденауэрдың ішкі саясаты Герман Федеративті Республикасының қазіргі конституциялық режимі әлі күнге шейін толықтай ығыстырылмаған күйге жеткен. Түпкілікті түрде оппозицияны биліктен ақырына дейін шеттетіп тастап және өз саясатын соңына дейін кедергісіз жүргізуге мүмкіндік алу үшін социал-демократиялық партияның билікке келуін болдырмау есебінде Аденауэр кез келген «демократияға» жол бермей, бірде бір парламенттік мекеменің қатысуыңсыз қызмет ете алатын авторитарлық режимді қажет етті.  

Конрад Аденауэрдың  саясаты түгелдей дерлік тап осындай  қисынды қатерге ие істің ақырына, шегіне алып келеді. Аденауэрдың саясаты ашық немесе жасырын диктатурлық сипат алған, дамудың ерте кезеңдерінің өзінде батысгермандық мемлекеттің құрылу сәтінен бастап орынды саясат арқасында Германия мемлекетінің Европамен интеграциялануы, НАТО-ға өтуі, жаңа неміс әскерінің құрылуы мен оның атомдық қару-жарақтармыен жабдықталуы қамтамасыз етілді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі:

  1. История Германии: учебное пособие : в 3 тт. / Под общ. ред. Б. Бонвеча, Ю. В. Галактионова. — М.: КДУ, 2008. Т. 2: От создания Германской империи до начала XXI века / А. М. Бетмакаев, Т. А. Бяликова, Ю. В. Галактионов, [и др.]; отв. ред. Ю. В. Галактионов, сост. науч.-справ, аппарата А. А. Мить.— М.: КДУ, 2008.  — 672 с: ил., [16] с: цв. ил. ISBN 978-5-98227-255-3 ISBN 978-5-98227-257-7 (T. 2). - http://militera.lib.ru/common/h_germany/index.html
  2. http://zn.ua/SOCIETY/konrad_adenauer_otets_novoy_germanii-45649.html
  3. http://znamus.ru/page/adenauer
  4. http://www.peoples.ru/state/king/germany/adenauer/
  5. http://www.de-web.ru/article/view/Germanija_vo_Vtoroj_mirovoj.html
  6. http://germaniya.net/istoriya-germanii/istoriya-germanii-v-xx-veke.html
  7. http: //www.sozdik.kz

 

 


Информация о работе Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр