Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:34, реферат

Краткое описание


Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gumanizm.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

Өркениет адамдарды басқа адамдарды құрметтеуге, олардың қы-зығушылықтарын, қажеттіліктерін және құқыларын ескеруге үйретті. Канттың ойынша, адамдардың бойындағы тарихта болған, қазіргі кезде де бар көптеген кемшіліктерге қарамастан, адамдықты дамыту мен оны нығайту үрдісі басты болды. Сонымен қатар, Кант қоғамдағы адамдықтың екі негізгі қасиетін көрсетеді: біріншіден, адам, өзіндегі адамды құрметтей отырып, өзін адам етеді, екіншіден, басқа адамды құрметтей отырып, өзін құрметтейді. Бұл гуманист ретіндегі Канттың философиясындағы ең басты, терең және маңызды идеясы.

Гуманизм идеялары оның «Практикалық зердеге сын», «Әдет-ғұрып метафизикасының негізі» және т. б. этикалық еңбектерінде көрініс берді. И. Кант адамның адамгершіліктік қылықтары теориясын жасауына мүмкіндік беретін философиялық категорияларды енгізеді. Сонымен қатар ол «Таза зердеге сын» еңбегінде жасалған таным теориясына сүйенеді. Олар: адам ырқының максимасы, қылықтардың практикалық заңдары, тілекке қабілеттілік, қайырымды ырық, кесімді императив, адамдағы моральдық заң және т. б.

Адамның ырқының максимасы  – бұл субъективті қағидалар, оларды адам өзі анықтайды, оның тілектеріне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және бұл максималардың заңды  формаларына тәуелді, яғни, моральды заң. «Әркімнің өзінің индивидуалды құқықтары мен өзінің өмірлік  тағайындылығы өз-өзінен бола беретін нәрсе емес, ол әркімнің кез-келген жеке тұлғалық өзін іске асыруының универсалды алғышарты болатын шарттардың мүкіндігі екенін философ ретінде Кант түсінді. Ол алғышарттарға ең алдымен, адамдардың адамгершілік императивтері арқылы көрінетін, еркіндік заңдарымен өмір сүруге қабілеттілігін жатқызады. Ол императивтердің негізгі мағынасы мен мазмұнын былай тұжырымдауға болады: басқаның құқыларын құрметтей отырып қана біз өзіміздің жеке ұмтылыстарымыздың әлеуметтік тұрғыда орындалатынына сенімді бола аламыз; тек қана бір-біріміздің өмірімізге моральды түрде қатыса отырып, әрқайсысымыздың әлеуметтік құндылығымыздың мойындалатынына үміттене аламыз. Адамға адамгершілік тұрғысынан қойылатын талап «бар» нәрседен емес, «болуы керек», яғни күнделікті құбылыстардың арғы жағында тығылып жатқан адамның болмысының мәндік заңынан туады [7, 432 б.].

Тілекке қабілеттілікті И. Кант индикаторы рахаттанушылық болып табылатын сезімділік ретінде сипаттайды. Қанағаттану сезімі мен бақытты сезіну (гедонизм және эвдемонизм) – бұл адамның оны өзін сүйгіштік, жеке бақыты жағынан сипаттайтын жақсы өмірінің субъективті критерийі. Бірақ И. Кант адам жеке бақыт принципі бойынша ғана емес, оның зердесі кесімді императивтер түрінде тұжырымдайтын практикалық заңдар бойынша да өмір сүруі керек. Кесімді императивтер – бұл шартсыз және жалпы нұсқаулар, оны барлық адам қандай жағдайда болса да, тілектерінен тыс, орындауы тиіс. И. Кант кесімді императивті былай тұжырымдайды: «Поступай так, чтобы максима твоей воли всегда могла иметь также силу принципа всеобщего зако-

нодательства» [8, 347 б.]. Кесімді императив ең қарапайым адам үшін де түсінікті, адамда жоғары адамгершілік күш – ар-ұяттың бар екендігі сияқты, адамдағы моральды заң, «зерденің дауысы».

И. Кант бойынша адамгершілік сезіммен байланысты емес, ол толығымен  зерделі. Моральды сезім моральды заңға деген тек қызығушылық және құрмет болып табылады. Кесімді императив – тілекке қабілеттілікке бағынбайтын таза практикалық зерденің көрінісі. Адам өзінде адамгершіліктік зерденің бар екендігін борыштың нұсқауы ретінде сезінеді. Борыш кез-келген «сезімділіктен» жоғары, ол тілекке қабілеттіліктен басқа қайнар көзден алынады, тілек материясынан емес, таза практикалық зерде, кесімді императив формасын алады. Кесімді императив ретіндегі практикалық зерденің дауысы адамның еркіндігінен шығады. Адам, Кант бойынша, еркін, өмірде рахат іздеп

емес, борыш сезімі бойынша  өмір сүріп, әрекет жасайды.

Тек сол бағдар бойынша  ғана адам, табиғат механизмінен еркін, адамгершіліктік тұлға ретінде  көрінеді. Сонымен бірге адам қайырымды ырық білдіреді, ол зерде дауысын тыңдауға қабілеттілікті, оның өзіндегі моральды заңға құрметті сезінушілікті көрсетеді. Бұл практикалық зерденің ұстанымдарының және моральды заңның априорлығы.

Адам өз өмірі, қылықтары және іс-әрекеттері арқылы анықталады. Адам, гедонизм мен эвдемонизмді бағдар етіп алатын, өзінің жеке максимасынан борыш арқылы анықталатын жалпы адамгершіліктік заңдылыққа өте отырып, таңдауды өзі жасайды. Адамгершіліктің заңдарын шығарушы, И. Кант бойынша, құдай да, патша да емес, өздерінің таңдауы бар, ырықты және еркін, қарапайым адамдар. Осы орайда, біз Н.Қ. Сейтахметовтың адамгершілікке сезімділікті, адамның сезімдік табиғатын қарсы қоюы – Канттың адамгершілікті түсінуіндегі кемшілігі деген пікірімен келісеміз. Н.Қ. Сейтахметовтың ойынша: «Согласно такому взгляду развитие познания должно быть освобождено от подчиненности их гедонистическим склонностям людей. Но вместе с тем трансцендентальная структура разума не является онтологи-зированной чуждой для него организацией, она внутренним образом связана с человеком. Поэтому личностное развитие в нем и через него он склонен видеть как развертывающееся из собственного средоточия человека, а не как развитие надличностной реальности. Но в таком случае встает проблема разрешения противоположности чувственности и рассудка, ибо без этого разрешения в силу априорного основания дея-тельности личности, последняя не может быть понята как самоцель и самоопределение. Для преодоления внешней принудительности нравственных норм следовало как-то разрешить противоречие разума и чувственности» [9, 139 б.].

Сонымен қатар, Кант адамгершілік теориясына тілектер мен борыштың күресі ұғымын енгізді, ол біздіңше, адамның  рухын, оның өз өмірінде мұраттарды, гуманизмді, адамгершілікті, жоғары руханилықты бекітуге қабілеттілігін білдіреді. Адамгершілік салыстырмалы болмауы, жеке қызығушылықпен шектелмеуі керек, ол абсолютті, жал-пы, еркін болуы тиіс, олай болмаса, ол мүлдем жоқ деген сөз. «Практикалық зердеге сын» еңбегінде Кант былай деп жазады: «Две вещи наполняют душу всегда новым и все более сильным удивлением и благоговением, чем чаще и продолжительнее мы размышляем о них, – это звездное небо над мною и моральный закон во мне… Первое начинается с того места, которое я занимаю во внешнем, чувственно воспринимаемом мире… Второе начинается с моего невидимого Я, с моей личности и представляет меня в мире, который поистине бесконечен…» [8, 499 б.].

Иммануил Канттың философиясы  тез өзгеретін әлемді рухани тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді, ол адамдардың қылықтарына, қалыптасқан бұқаралық санаға әсер етуге бағытталған. И. Канттың ілімі гуманистік ілім болып табылады, онда терең этикалық мағына бар. Оның философиясының негізі адам мәселесі, адамның әлемдегі орны мәселесі. Кант оны философиялық тұрғыдан терең, жаңаша, адамның шынайы еркіндігі тұрғысынан шешті.

ХІХ ғасырдың ортасына қарай гуманистік идеалдар еуропалық руханилықта сыни талдауға түсті. Феодалдық құрылымдардың және абсолютизмнің құлдырауы жағдайында тұлғаның қоғамдағы жағдайы қайшылыққа толы болды. Көптеген адамдар нарықтық қатынастардан өздерін жалғыз, қорғанышсыз сезінді, адамды қорғайтын институттардың жоқтығынан үлкен өндірісте топталған, дәстүрлі қауымдық реттеуден, жеке меншігінен айырылған тұрғындардың маргинализациясы үдей түсті.

Біздің ойымызша, дәл осы  уақытта еуропалық гуманизм екіге  бөлініп кетті. Бір бағыт біртіндеп либералды идеологияның қалыптасуына алып келді. Онда эволюциялық процестер, реформизм, кәсіпкерлердің еркіндігі идеалы жақталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Карл Маркстің гуманистік  теориясы

 

Екінші бағыт қалыптасып келе жатқан марксизммен байланысты. Марксизм капиталистік дамуды сынады және басқа гуманистік мәдениеттің теориялық негізін қалады. Ең алдымен, бұл гуманистік ұстаным әлемді рационализм негізінде танудың мүмкіндігімен байланысты. Осыған адамдардың арасындағы қатынасты да өзгертуге бағытталған мақсатты әрекет негізделеді.

Ары қарай, бұл алғашқы  күнәһарлықтан құтқару емес, рационалды білім мен әрекеттің көмегімен әлемдік үйлесімді тәртіпті орнату мүмкіндігі туралы.

Марксизм адамның ең соңында  қажеттіліктер патшалығынан еркіндік патшалығына секіруге мән берді. Еркіндік, теңдік және бауырластық  идеалдары адам болмысының ежелгі және тұрақты құрылымдарына сүйенді. Дүниетанымдық ұстанымдардың архетиптілігі  еңбек пен капиталдың арасындағы қайшылық шешілген кезде, яғни нақты белгісіз уақытта орнайтын коммунизмнің, соңғы идеалдың белгісіздігімен түсіндіріледі. Бұл қайшылық антагонистік сипатта болды.

Марксизм «адам табиғатының» шынайылықтан алыс, тарихи емес, тек  биологиялық түр ретіндегі түсіндірмесін қабылдамады және оның ғылыми нақты-тарихи түсінігін бекітті: «...адамның мәні ... барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» [10, 3 б.]. Марксизм гуманизм мәселелеріне байланысты абстрактілі, таптықтан жоғары ұстанымдарды қабылдамады, Гуманизмнің жаңа – пролетарлық немесе социалистік – концепциясын ұсынды. Ол гуманизм өткеннің ең жақсы жетістіктерін өз бойына сіңірген. К. Маркс бірінші рет гуманизм идеалдарының іске асуының реалды жолдарын көрсетті. Ол жолды қоғамның дамуының ғылыми теориясымен, пролетариаттың революциялық қозғалысымен, коммунизм үшін күреспен байланыстырды.

Коммунизм жеке меншікті және адамның адамды қанауын, ұлттық езілуді  және нәсілдік дискриминацияны әлеуметтік антагонизмдер мен соғыстарды жояды, жатсынудың барлық формаларын жоғалтады, ғылым мен мәдениеттің барлық жетістіктерін адам қызметіне пайдалануға мүмкіндік жасайды, еркін адам тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін барлық материалды, әлеуметтік және рухани алғышарттарды жасайды деп сенді.

Коммунизмде еңбек өмір сүрудің құралынан бірінші өмірлік қажеттілікке айналады, ал қоғамның жоғары мақсаты адамның өзінің дамуы болып табылады. Сондықтан К. Маркс коммунизмді шынайы, практикалық гуманизм деп атады [11, 637 б.].

Коммунизмнің қарсыластары марксизмнің гуманистік сипатын  теріске шығарады, оны олар Маркстің материализмді негізге алғаны үшін, оған таптық күресті қосқаны үшін сынайды.

Маркстік дүниетаным –  революциялық-сыни және гуманистік дүниетаным. Маркстік гуманизм идеялары одан кейін В.И. Лениннің еңбектерінде жалғасын тапты. В.И. Ленин капитализмнің дамуындағы жаңа дәуірді, сол дәуірдегі революциялық процестерді, содан соң капитализмнен социализмге өту кезеңін зерттеді, кейін сол идеялар өмірге практикалық түрде ене бастады.

Социалистік гуманизм «жалпы адамды» уағыздайтын абстрактілі гуманизмге қарсы. Социалистік гуманизм адамның эксплуатацияның барлық түрінен босануын уағыздайды. Абстрактілі гуманизм идеялары аумағында екі тенденцияны бөліп көрсетуге болады. Бірінші жағынан, абстрактілі гуманизм қазіргі капитализмнің антигуманистік сипатын Гуманистік дүниетанымның мәдени-тарихи формалары жасыру үшін, социализмді сынау үшін, коммунизм дүниетанымымен күресу, социалистік гуманизмді фальсификациялау үшін пайдаланылады. Екінші жағынан, буржуазиялық қоғамда абстрактілі гуманизм

позициясында тұратын  топтар мен қабаттар бар, бірақ олар да капитализмге сыни көзқарасты ұстанады, бейбітшілік пен демократия үшін, адамзаттың болашағы үшін күреседі.

Империализм жүргізген екі  дүниежүзілік соғыс, адамды жек көрушілікке  негізделген фашизмнің теориясы мен практикасы, нәсілшілдіктің өршуі, милитраизм, қырғи қабақ соғыс, жаппай қарулану, әлемге төнген ядролық қауіп адамзаттың алдында гуманизм мәселелерін қояды. Бұл жерде импераилизмге қарсы және ол тудырған әлеуметтік зұлымдыққа қарсы шығатын абстрактілі гуманизм белгілі бір жағдайда революциялық социалистік гуманизммен бірге адамның шын мәніндегі бақыты үшін күреседі.

Марксизмнің гуманистік принципі «Барлығы адам үшін, адамның игілігі үшін» деп тұжырымдалғанымен, коммунистік идеал фикция, іске аспайтын идея болды, ол оның тоталитарлығында, оның индивидуалдық инициативаны қысып ұстауында. Коммунизм идеалдарын жүзеге асыру адамзат тарихында бірінші рет Қазан төңкерісінен кейін орнатылған Кеңес мемлекетінде қолға алынды.

Кеңестік қоғамның жалғыз идеологиясы болып, болашақтағы  коммунистік құрылымның экономикалық және басқа да алғышарттарын құрған марксистік ғылым біртіндеп қасиетті жазуға, ал оның негізін салушылар – жаңадан пайда болған пайғамбарларға айналды. Маркстің, Энгельстің, әсіресе Лениннің жазған еңбектерін сынау мүмкін болмады. Олар негізін салған идеялардан аз да болса ауытқу немесе тіпті жеке мәселелерге түсінік беру олардың тазалығына күпірлік қылып, қорлау және сол құрылымның қасиетті негіздеріне қастандық жасау болып есептелді. Сонымен бірге мұндай ауытқу соңында заң жүзінде үлкен қылмыс ретінде бекітіліп, оларға қарсы жоғарғы дәрежеде жаза қолданылды. Түрі өзгертілген, бұрмаланған марксизм кеңестік ресми идеологемада қандай да басқа ойға шыдамайтын, бірбеткей сенім белгілерін қабылдады.

 Бірбеткей сенім өз қағидаларын дәлелдеу мен негіздеуді талап етпейді. Кеңестік идеология болашақ қоғамдық құрылым – коммунизм жөнінде өзінің күмәнді сәуегейлігін негіздеумен қанағаттанды. Кеңестік империяның құлауы қарсаңында коммунизм идеясы утопиялық, яғни іске аспайтын идея екендігі анық болды. Коммунистік қоғам құру және оның ғылыми мазмұнын анықтау мәселесіне көптеген онжылдықтар ағымында, қаншама теориялық күш жұмсалғанына қарамастан жөнінде ешқандай айқындық болмады. Коммунизм КОКП тарихи съездерінде белгіленген іске асу уақыты асып кеткен жердегі жұмақ, қиял ретінде жоғалып кетті. Бұл идея көбінесе осы әлемде үлгілі мінез көрсеткендер баратын о дүние, жұмақ жайлы діни идеяларды еске түсіреді. Егер өзіңді осы дүниеде сондай үлгілі ұстасаң, яғни құлша ойлап, сезінетін болсаң коммунистік жұмаққа да жетуге болады деп есептелді.

Информация о работе Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері