Жаңа дәуірдегі гуманистік дүниетанымның көріністері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:34, реферат
Краткое описание
Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті.
Прикрепленные файлы: 1 файл
gumanizm.docx
— 66.52 Кб (Скачать документ)Еуропалық гуманизм туралы әдебиеттер саны жағынан өте көп, бірақ олардың барлығы жеке ойшылдардың дүниетанымын зерттеумен шектеледі.Гуманизмді объективті құбылыс ретінде қарастыратын еңбектер өте аз. Гуманизмнің дүниетанымы мен идеологиясы еуропалық өркениеттің сипатын анықтағаны белгілі.
Гуманистердің тұлғаның бақытқа деген құқығы, еркін дамуы және өзін-өзі толығымен іске асыруы адамның игілігін мемлекеттің және басқа да әлеуметтік институттардың дамуының критерийі ретінде қарастыруы өте маңызды. Осыдан Гольбах, Гельвеций, Дидро сияқты философтардың теңдік, әділеттілік, адамдық сияқты принциптері адамдар арасындағы қатынастың нормасы және негізі болды. Бірақ индустриалды қоғамның идеологиясының негізіне енген индивидуалистік концепция адамның еркіндігіне жол көрсетсе де, демократия,
еркіндік және адам құқығы арасында қайшылықты да тереңдетті.
Бұл идеологияның қалыптасуы кезінде (XVII ғ. – XIX ғ. басы) еркін тұлға мен қоғамның қызығушылығын біріктіру қажеттілігін негіздеуге біраз қадамдар жасалды. Канттың гуманизмнің мәні адамды мақсат ретінде мойындау, еш уақытта ол басқа адам үшін құрал болмауы тиіс деген қорытындысы либералды және индустриалды қоғамда көптеген еркін адамдардың капиталды өндірудің құралына айналуына кедергі бола алмады.
Индустриализмнің, капиталистік нарықтық қатынастардың қалыптасуы жеке адамның еркіндігін, құқығын талап ететін демократиялық саяси жүйелердің пайда болуымен қатар жүрді.
Жалпы гуманизмнің қалыптасуының себептерін қарастыра келе, ендігі кезекте кейбір гуманист ойшылдардың тұжырымдамаларын жеке-жеке қарастыруды жөн көрдік.
Қайта өрлеу дәуірінің «екінші» және «үшінші» толқынының ең негізгі фигуралары Эразм Роттердамский (1469–1538) және Мишель де Монтень (1533–1592) болды.
2.1.Қайта өрлеу дәуірінің «екінші» және «үшінші» толқынының фигуралары
Эразм Роттердамский, Петрарка, Бокаччо сияқты, онтологиялық мәселелермен айналысқан жоқ. Ол былай деп жазды: «Все эти архидурацкие тонкости делаются еще глупее благодаря множеству на-правлений, существующих среди схоластов, так что легче выбраться из лабиринта, чем из сетей реалистов, номиналистов, томистов, альбертистов, оккамистов, скоттистов и прочих» [2, 38 б.]. Ортағасырлық философиялық әдіске қарсы ойшыл сократтық майевтика принципін қойды. Оған мына сөздері дәлел: «Сократ философияны аспаннан жерге түсірді. Мен оны тіпті ойынға дейін, үстел басындағы әңгімелерге дейін төмендеттім...» [2, 59 б.].
Эразм үшін ойын философиямен айналысудың ең жақсы принципі. Оның ойынша, философтар, университеттің кафедрасынан сөйлей отырып, философия ойынын ойнайды, ал гуманистер «ойнай отырып – философиямен айналысады», сондықтан ақиқатты тануда шынайы биіктерге жетеді.
Эразмның философиясында әлемді, табиғатты және адамды аскетикалық түрде жоққа шығару және кінәлау жоқ. Әлем, Эразм бойынша, игі және тамаша болып жаратылған. Игі және тамаша болып адам да жаратылған. Христостың ерлігі Адамзаттың күнәсін мойнына алуында. Христос – Адам-Құдай адамдық натураны қайта тудырды. Адам көрінетін әлемнің нағыз және шынайы мәні.
Эразмның философиясында табиғат құдайлық алғашқы бастаумен бірігіп кетеді. «Біздің әлемімізді аңдаудан тамаша көрініс болар ма екен? Кім табиғатты ана емес, өгей шеше деп атаса, Табиғатты ғана емес, оны жаратқан күшті ренжітеді, егер тіпті «табиғат» деген ұғым мүмкін болса», – дейді Эразм «Эпикурейц» деген шығармасында [3, 96 б.]. Құдайды Табиғаттан бөліп қарастыруға деген күмәннің тууы, Табиғатты құдайландыру дегенді білдіреді. Эразмның философиясының гуманистік рухы этиканы онтология тұрғысынан негіздеумен байланысты.
Ал Мишель де Монтень болса, маманданған ғалым, философ болған жоқ, ол маманданған гуманист те болған жоқ. Ол әдеби шығармашылығын өзінің тікелей ісі деп қарастырған жоқ.
Монтеньнің «Тәжірибелер» деген шығармасы – оның замандастарына, XVI ғасырдың аяғы, XVII ғасырдың басындағы гуманитарлық ойға әсерін тигізген үлкен туынды. Ол өз шығармасын ғылыми трактат ретінде қарастырған жоқ, нақты адамның әлем, өмір, Құдай, Адам туралы еркін пайымдаулары ретінде қарастырды. Бұл кітаптың шынайы тақырыбы – Монтеньнің өзі, оның тұлғасы, оның ойлары, оның өмір туралы түсінігі. «Басқалар Адамды жасайды, мен тек ол туралы айтамын», – дейді Монтень [4, 386 б.]. «Прослеживать извилистые
тропы нашего духа, проникать в темные глубины его, подмечать в нем те или иные из бесконечных его малейших движений – дело весьма нелегкое, гораздо более трудное, чем может показаться с первого взгляда… Вот уже несколько лет, как все мои помыслы устремлены на меня самого, как я изучают и проверяют только самого себя, а если я и изучают что-нибудь другое, то лишь для того, чтобы неожиданно,
в какой-то момент приложить это к себе или, вернее, вложить это в
себя». [4, 465 б.].
Монтень өзін ежелгі грекиялық скептицизмнің ізбасары санады. Ол
сенімнің зердеден жоғарылығын теріске шығарды. Сонымен қатар, ол адам зердесінің шектеулілігі туралы айтады. Ол былай деп жазады: «Но не дерзость ли со стороны философии утверждать, будто самые великие деяния людей, приближающие их к божеству, совершаются ими тогда, когда они выходят из себя и находятся в состоянии исступления или безумия, лишившись разума или усыпив его, мы становимся лучше? Исступление и сон являются двумя естественными путями, которые ведут нас в обитель богов и позволяют предвидеть судьбы грядущего… Забавная вещь!». Басқа жерде былай деп жазады: «Наше бодрствование более нелепо, чем сон. Наша мудрость менее мудра, чем безумие. Наши фантазии стоят больше, чем наши рассуждения» [4, 472 б.].
Адам зердесінің «қараңғылығының, надандығының» дәлелі Монтень үшін дінді толығымен теріске шығару болып табылады: дінді ақылмен де, ақылсыз да дәлелдеуге келмейді, өйткені кез-келген дәлелдеу адамның зердесімен байланысты, ол адам танымының бірден-бір құралы. Монтеннің скептицизмі адам білімінің негіздерін тексеруге бағытталған. Ол адамның зердесін аяусыз талдайды, ол өзіне өзі бағытталған талдау.
Монтеньнің скептицизмі кездейсоқ емес. Адамның зердесі – Петрарка, Лоренцо Валла, Манетти бойынша, Адамды Адам-Құдай деңгейіне дейін көтереді, ол – Адамды болмыстың құндылықтық иерархиясынан шығарып тастайды, ол зерделі аналогиялық негіздерден айырады. Жоғары көтерілген адамдық зерде өзіне өзі бағытталады және өз болмысына негіз таба алмайды. Гуманистік антропоцентризм «барлық заттардың өлшемін» іздеу ретіндегі скептицизмге келеді.
Адам зердесінің шектеулілігін көрсеткен Монтень, ренессанстық антропоцентризмді терістейді.
Монтеньнің
Адам, Монтень үшін, Табиғаттың бір бөлігінен басқа ештеңе емес. Ол жасаушы-Құдайдың ерекше рахымына ие бола алмайды. Құдайдың жеке адам тұрмақ, бүкіл адамзаттың тағдырында жұмысы жоқ. Адамның «өзін-өзі Құдайға теңейді, өзіне құдайлық қабілеттіліктерді әлеуметтік-мәдени негіздер
таңады, өзін басқа жаратылыстардан бөліп, жануарлардың, өзінің бауырластарының, қабілеттерін төмендетеді» [4, 459 б.].
Осы өмірде иерархияның ешқандай құндылығы жоқ: «ай астындағы
әлемде барлығы бір заңға бағынады және бірдей тағдырға ие» [4, 266 б.].
Адамның еркін ырқын Монтень, танылған қажеттілік ретінде анықтайды. Ол былай деп түсіндіреді: «Почетнее быть вынужденным действовать по естественной и неизбежной необходимости – и это ближе к божеству – чем действовать по случайной и безрассудной свободе; да и гораздо спокойнее предоставить бразды нашего поведения не нам, а природе» [4, 248 б.].
Монтеньнің құдайы әлемнен тысқары, Табиғаттан тыс. Ол – табиғаттан жоғары бастау. Гуманист Адамды құдайға теңеуді тек теріске шығарып қана қойған жоқ, ол Құдайды адамдандыруды да қабылдамады: «Что может быть нелепее, чем желать представить себе бога с помощью наших уподоблений и догадок; или пытаться под-чинить его и мир нашим законам и мерить их нашими силами; или пользоваться в применении к божеству той крупицей способностей, которые ему угодно было уделить человеческой природе; или желать низвести его на землю и сделать столь же тленным и жалким, как мы
сами, только потому, что мы не в состоянии простереть своих взоров до его светлого престола» [4, 354 б.].
Құдайдың бұл жерде болып жатқан нәрселерге қатысы жоқ, ол адамдардың тіршілігіне де араласпайды. Құдайдың мақсаты – әлемнің тіршілігін қамтамасыз ету, ал әлем ары қарай өзі, құдайдың бекіткен заңдарымен жеке дамиды: «Оның қолы барлығын тең дәрежедегі қаттылықпен басқарады. Біздің мүдделеріміздің мұндайда ешқандай мағынасы жоқ, біздің ырықтарымыз бен бағаларымыз оған әсер етпейді де» [4, 358 б.].
Ең соңында Монтень үшін «Құдай» және «табиғи бастау» – синонимдер. «Табиғатты құдай ретінде түсіну» мен «Құдайды адамдандыру» Монтеньді онтологиялық мәселеден саналы түрде гносеологиялық мәселелерге көшуге, әлемнің мистикалық бастауынан бас тартуына әкелді. Монтень философиясындағы әлем механикалық сипатта. Егер ғажайыптар бар болса, ол әлемнің қасиеті емес, ол біздің табиғатты жеткіліксіз білмегеніміздің салдары деп есептеді ойшыл.
Мишель де Монтеньнің философиясы
ренессанстық гуманизмнің құлдырауын,
кейінгі Ренессанстағы
Жаңа дәуірдегі қалыптасқан дүниетанымның ерекшелігі адамдардың рухани құндылықтарының сипатымен байланысты. «Ол құндылық – адам дүниеде не үшін өмір сүру керек деген сауалға белгілі бір жауап, әр адамның алдына қоятын міндеттерінің ақырғы мақсаты, өмір кешудің белгілі бір жолы», – дейді Қ. Әбішев [5, 5 б.]. Яғни, Жаңа дәуірде адам үшін құнды нәрсе осы өмірде, оның тағдыры, бақыты, мәртебесі, құқығы өз қолында, оның өзінің жігері мен біліміне байланысты екендігі бұл дүниетанымның ерекшелігін көрсетеді. «Жаңа дәуірдегі үлкен өзгерістің ішкі өзегі – дүниеге соның бір туындысы ғана емес, оның жасампаз күші ретінде қатынас жасау, жер бетіндегі
осы жарық дүниені жетілдіру, өзгерту. О дүниенің құны төмендеген. Адам енді әлемнің кіндігі, түп мақсаты өзі деп қарайтындай» [5, 6 б.]. Яғни, адам субъект ретінде жаңа деңгейге көтерілді. Осыған байланысты оның өзіне, басқаға қатынасының сипаты өзгерді, «жеке адамның дербестілігі мен субъектілігінен, әрине, оның еркіндігі, құқықтары мен міндеттері туындайды» [5, 7 б.].
2.2. Иммануи́л Канттің гуманизмі
Біз Жаңа дәуірдегі көптеген философтарың ішінен неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, философия тарихында «Коперниктік төңкеріс» жасаған Канттың гуманистік идеяларына тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, ұлы философтардың ішінде Иммануил Кант ойшыл-гуманист ретінде ерекше орынға ие. Оның философиясы жаңашылдық рухымен, ақиқаттың терең негіздерін іздеумен, қайырымдылық пен әдемілікті танумен ерекшеленеді, адам мен қоғамға шынайы қызметті көрсетеді.
И. Кант философиясының барлық басты сұрақтарын адамға әкеліп тірейді. Адам деген не және не үшін жаратылған – бұл оның философиясының мәселелік тірегі. Ол адамның абыройлылығы идеясын қабылдап, оны қорғап, дамытқан және кеңейтілген философиялық концепцияға айнадырған философтардың қатарына жатады.И. Кантттың дүниетанымына Ж.Ж. Руссоның гуманистік идеясы үлкен әсерін тигізді. Руссо ерекше күшпен жеке тұлғаның абыройын құрметтеуге шақырған философ. И. Кант Руссоның соңынан Жаңа
дәуірдің мәдени тарихындағы гуманистік үрдіс қарқынымен жүреді. Бірақ И. Кант барлық сұрақтар бойынша Руссомен келісе бермейді. Ол өркениет әкелген қайшылықтарды жеңудің басты жолы ретіндегі адамның және қоғамның «табиғи күйге» қайта оралуы туралы Руссоның идеясын қабылдамайды. Руссо адамды, өзінің адамгершілігі мен шынайылығын сақтап қалу үшін, табиғатқа жақын болуға, өркениеттен қашуға шақырды. Кант үшін, керісінше, адамдағы өркениеттілік, рухани жетілу, мәдениеттілік, қоғамның мәдениетін қабылдап, бойына сіңіру арқылы өзінің адамгершілік әлемін қалыптастыру басты мақсат.
Кант үшін қоғамдық, өркениетті адам маңызды.
И. Кант қоғамдағы көптеген
аурулар сол өркениеттің
Ж.-Ж. Руссоның философиясын жақтаушылардың қағидаларының құндылығы адамдар табиғатпен, оның ішінде өз табиғатымен үйлесімдікте, келісімде өмір сүруі керек. Табиғатқа жақын болу – жай ғана үндеу емес, ол адам мен қоғамның өмір сүретін ортасын жақсарту, экологиясын сақтаудың қажеттілігінен туған мәселе, ол мәселенің қойылуы Руссоның көзқарасымен байланысты. Ол өркениет тек табиғатқа ғана емес, адамның өзіне де негативті әсерін тигізгенін атап көрсетеді.
Осыған байланысты И. Кант былай деп жазды: «Если говорят о счастье дикаря, то это не для того, чтобы вернуться в леса, а лишь для того, чтобы знать, что пришлось потерять в одном отношении, приобретая в другом; чтобы наслаждаясь богатством общественной жизни, не слишком предаваться неестественным и приносящим несчастья склонностям, присущим такой жизни, и чтобы оставаясь цивилизованным человеком быть верным природе» [6, 199 б.].
И. Кант «Адам тарихының мүмкін болатын бастауы туралы» деген еңбегінде өркениет адамның қолына адам болу үшін құрал берді деген қорытындыға келеді. Өркениетсіз ол жануарлар әлемінен, жабайылықтан арылмас еді. Адам өзінде жануарлықты жеңе отырып, адамдық өмірдің және адамдық қылықтардың ережелерін орната отырып, адам болды.