Қытай каллиграфиясының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 07:45, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың басты сипаттамасы. Өзіміз күнделікті тұтынатын тауар- лардың сипаты жазылатын қағаздарда бейнеленген бедердің қытай жазуы екенін елдің бәрі де біледі.Бірақ онда не жазылғанын аңғара бермейсің.Бұл түсініксіз,кішкентай, төртбұрыш пішінді суреттердің әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.Олардың оқу әдістері, жазу тәртібі болады.Каллиграфия өнері- нің өзегінен пайда болған,Аспанасты елінің бір жарым миллиард тұрғыны- ның бір-бірімен ұғысуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі – осы иероглифтер. Иероглифтер – Қытайдың бай мәдениетінің түп негізі.Ие -роглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглиф жазу таңбасының не белгісінің атауы.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ.ҚЫТАЙ ЖАЗУЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ТАРИХЫ
Қытай жазуының пайда болу тарихы 8
Қытай жазба үлгілерінің қалыптасуы мен даму тенденциялары 12
Қытай жазуының даму кезеңдерi 15
1.2.1.Пиктографиялық кезең 15
1.2.2.Архаикалық (көне) кезең 16
1.2.3. Ежелгі кезең 17
1.2.4. Қазіргі кезең 19
1.4 ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы 24
Қытай жазу үлгісі мен бүгінгі Қытай жазуы
1.5 Қытай жазуының және иероглифтер құрылымының 28
ерекшелігі


II. ҚЫТАЙ КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ
ОРНЫ
2.1 Қытай каллиграфиясының ерекшелігі 37
2.2 Қытай каллиграфия өнеріндегі 4 құнды заттары 40
2.3 Графикалық сызықтар: көркем жазу тәсілі 47
2.4. Қытай мөрлері 49
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка.docx

— 807.13 Кб (Скачать документ)

Қытай жазуының табиғатына терең үңілсек, Чжау  дәуірінде-ақ сәйкес  сөздердің фонтикалық  принциптері  бойынша  қалыптасқанын  көруге болады. Иероглифтік  кілттердің  тізімі б.з  басында  қалыптасып, 214 белгі деп есептелінген. Олар  белгілі бір заттар  тобын  қарастырады: «ағаш», «жәндік», «адам», «от», «су» т.б.

            Сөздердің дыбысталуын  жазба белгілермен  беруге  талпынса да, Корея, Жапониядағы  сияқты  дыбыс  әліппесі қалыптаспаған. Бұған кедергі болған  Қытай тілінің  дыбыстық  тізгінінің  ерекшеліктері. Қытай  лексикасында  5000-дай сөз бар. Мұндағы әр буын  көп  мөлшердегі  сөзге сәйкес  келеді.

Қытайлықтардың әліпбилік  жазуға  көшудің  лингвистикалықтан  басқа  саяси және  әлеуметтік  себептері  де  болды.Б.з І мыңжылдығының  ортасында  жазба

                                                           29

тіл  таза  кітабиге  айналып, оны  жоғары жақ  бүгінгі  күнге дейін  дәріптеп  келеді.

        Қытай  иероглифтік жазуы бірнеше мыңдаған жылдар бұрын ойлап, шығарып, осы заманымызға дейін жеткізіп отырған, иероглифтік жазу. Басқа ежелгі өркениеттерде, таяу Шығыста, Орталық Америка, Оңтүстік Азия, Мысыр елдерінде кезінде болып, кейіннен жойылып, тек қана ежелгі мәдени ескерткіштері сақталып қалған. Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу болған. Қытай иероглифтері тігінен, жоғарыдан төмен қарай жазылады. Қытай   иероглифтік жазуында әр иероглиф бір дыбысты, бір буынды, бір сөзді, толық сөйлемді ал кейде толық мәтінді білдіреді. Жазылғанның  мағынасын жеткізу үшін иероглифті жазуда символдарды жазу  кезектілігін сақтау қажет. Бұл жазу әлемдегі ең қиын, әрі күрделі жазу. Соған қарамастан Қытайда б.з.б. І мың жылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған. Олар ені 1 сантиметр, ал ұзындығы 20 сантиметрден 40 сантиметрге дейінгі ағаш тақтайшаларға жазылыпты. Тақтайшалар тігінен жазуы бар, беті үстіне қарайтындай етіп, оңнан солға қарай реттеліп, жіппен тізілді. Қытай иероглифтерінің өзі де, оларды жазу технологиясы ең ежелгілердің бірі болып табылады. Қытай жазу әліппесін б.д.д. VI мыңжылдыққа жатқызады. Иероглифика - Қатый мәдениетінің ең арғы түп-төркіні және Қытайдағы барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін таратушы. Б.д.д. 221 жылы Қытайды біріктіруде аса көрнекті рөл атқарған император Цинь Шихуан әмірлік еткен кезде жазу әліппесін біріздендіру жүргізілді. Иероглифика өзінің көп ғасырлық тарихы ішінде бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады, әр дәуірде әр түрлі жаңа стильдер пайда болды, соның арқасында ең қолайлы әрі қатар қытай тілінің рухына сай иероглифтер жазудың эстетикалық стилі қалыптасты.

Қытай жазуы иероглифтік  жазудың бүгінгі күндегі ең дамыған  түрі болып есептеледі. Қазіргі қытай  тілі жазуында бір иероглиф белгілі  мағынасы бар, бір сөзді немесе сол  сөздің маңызды бөлшегін таңбалау үшін қолданылады. Фонетикалық заңдылықтар  бойынша бір қытай иероглифі  бір буынға тең, ал

                                                           30

буын қытай тілінде  морфологиялық мағынаға ие. Демек, әр буын бір сөздің немесе бір морфеманың дыбыстық қаңқасы болып табылады.Қытай иероглиф- тері адамзат тарихында адам санасынан туындаған шығармашылықтың үздік туындысы болып табылады. Қытай иероглифтері төртбұрыш пішінді, фонетикалық, пиктографиялық және семантикалық-функционалдық қызметке ие. Қытай тілінің ерекшелігі туралы жазудың өзі оңай емес. Өйткені бұл тіл өз бетімен үйренем дейтіндердің тілі емес. Басқа тілдегі сияқты не алфавиті, не қатып қалған грамматикалық тәртібі т.б. жоқ тіл үйренем десеңіз ерекше еңбекті қажет етеді. Ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланған. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі бір нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген. Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және орта ғасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік еректерліктері, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізі - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі қытайша "Эрья" деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу,

                                                           31

оларды оқудың, түсінудің  ережелері берілген.Сөздікті грамматикалық еңбек- тер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.

     Кейінгі кездерде  «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған көрінеді. Олардың барлығы да Қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды. Иерог -лифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиет тердегідей  грамматикалық катего- рия мәселелері сөз болмаған. Ғалымдар қытай лингвистикасының өзіндік ер -екшелігі, өзіндік дәстүрі де осында дегенді айтады.        

        Кез-келген жазу  белгiсі үш функцияға тән: графикалық, фонетикалық және  лексикалық.Негізінен каллиграфиялық  өнер берілген  жұмыста графи- калық функциямен  тығыз байланысты  болып табылады.Алайда  иероглифтің лексикалық  мағынасы  мен көркем  жазудың ерекше  байланысы болғанымен, бір-біріне  үстем  болып  келмейді.Ал  иероглифтің  фонетикалық  дыбыстауы  каллиграфиямен   мүлдем  ешқандай  қарым-қатынасы  жоқ.Берілген  жұмыста  көркем  өнерінің  түрі  ретінде  каллиграфия  мен  қытай  иероглифтерінің  пішіндері  арасындағы  ерекше  байланысы  қарастырылады.

          Көркем  өнердің  пайда  болуы   және  дамуы  үшін  қытай иероглифтер шартты  белгiлерінің ерекшелiктері және оның құрастыруының  қағидаттары сирек мүмкiндiк бердi.Бұны  астрономиялық  құбылыспен  салыстыруға  болады: ғаламда  миллиардтаған  жұлдыздардың  арасынан  тек  бiздiң  Жер адамды  қоса,тірі  организмдерге  өмір  сүруге  және  көбеюге  мүмкіндік  бере -тін, су мен  ауаға  ие.Осылайша  өмірге  қажетті  «ауа  мен  су»  каллиграфияға

да  қытай  иероглифтері  маңызды  болып  келеді.

        Қытай иероглифi ойдағы   немесе  нақты  жазылған  дербес  графикалық  белгідегі  шаршы  ретінде болып келеді. Санақ бойымен, ең әр түрлi тарихи кезеңдерiнде пайда болып қолданылған қытай  жазуында барлығы  90 мың

 шақты   иероглифтер  саналады,олардың ішінен  қазiргi тiлде ең  көп  жараты-                                                          

                                                            33

латыны 3500  иероглифтер.

        Қытайлықтар  қашықтықта  сөзді жеткізу және уақытта тиянақтау негізгі құралы  ретінде бөлек алынған мәтiнде  шамалығы  бірдей  болғанымен,пiшiн бойымен айтарлықтай   ерекшеленетін графикалық  белгілерді  қолданады.

Кішкентай  шаршы  кеңістігінде  пішіні  мен мазмұны  шексіз  иероглифтерді 

орналастыруға  үйрену   мақсатында, қытай  жазуын  қалыптастыруы  қанша -лықты ұшталған  жіктелуді талап еткенін  көзге  елестетіңіз.

         Қытай  иероглифтерінің  көбісі  он  және  одан  көп  санға  жететін  негізгі

сызықтардың  қисындасуынан  тұрады. Сызықтар қытай тілі иероглифінің пішінін орнықтыратын ең маңызды да, шешуші фактор болып есептеледі. Кез келген иероглифтердің толық жазылуы белгілі  бір сызықтардын санын құрайды. (3-сурет).

 

 

    3-сур.Барлық  сегіз сызықтан  тұратын көрнекі жазу   үлгісі 

     永yong иероглифі «мәңгі» деген  мағына  береді.

 

              Сызық – кез-келген иероглифтердің төменгі графикалық бөлігі және иероглифтің элементі. Жазу түрінде элементтердің төрт  түрі болып келеді немесе сызықтарын және олардың негізгі бір түрлері  және варианттары жө- нінде айтылады. Қызметіне  қарай  сызықтар  фонетикалық   жазудың  әріпте –

                                                           34

рімен  ұқсас  болып  келеді,бірақ  олар  арасында  еш  фонетикалық  байланыс 

шықпайды.Иероглифтің  ең  негізгі  8  сызықтары   бар: көлденең сызық, тік сызық, нүкте, солға қайырма, ілмек, оңға қайырма, өрлемелі сызық, сынық сызықтар.

          Іс-жүзінде  иероглиф  жазуда  әр  сызықтың  түрі  өзгеріске  ұшырауы  да мүмкін,одан  әрі  әр  түрлі  каллиграфиялық  стильдерде  сол  бір  сызық әр  түрлі графикалық  рәсімдеуге  ұшырайды.Кішкентай шаршы кеңістік- тегі  иероглиф  әдемі көрініп,әрі жеңіл анықталу  үшін,түрлі сандағы сызық-

тармен  және  қисындасу  амалдарымен  өзгеріп  тұру  қажет.Келесі   амалдар  белгілі: үстіңгі  мен  төменгі  сызықтардың  қисындасуы, элементтер  немесе  сол  мен  оң сызықтардың  қисындасуы,бір  сызықтың  қайталануы  немесе  ке- зектесуі,түрлі  сызықтардың  қатпарлануы,жақтаушалау  және  т.б.Алуан  түрлі   элементтер  мен  сызықтар- дың   қисындасуы,әр  иероглифті  ерекше, «бірегей  және  біртума»  қып  жасайды.

      Кез-келген сызық атаулының бәрі қытай жазуының пішінін жасай алмайды. Себебі, қытай иероглифінің саны қаншалықты көп болғанымен, ол өз пішінін келтіре алатын бірнеше түрлі сызықтан кұрамын табады. Яғни, олар нукте, көлденең сызық, тік сызық, оң көлбеу, сол сөлбеу, теріс көлбеу, сандықты ілмек секілді сегіз сызықтың қатысуымен жасалады. Әрине олардың қатысуы мен болғанда, белгілі сан тәртіп талабы болады. Демек, белгілі бір стандартты қытай иероглифі мәлім сандағы сызықтардан құралады. Мысалы, төрт, бес, алты, жеті сызықтан құралады. Егер осы иероглифтерде бір сызық кем немесе артық болса, ол ендігі жерде басқа иероглифке өзгереді немесе қате болып шығады. Сызықтарды кеміту немесе молайту жолымен жазылған иероглифтер дұрыс иероглифтер болып есептелмейді. Себебі: иероглифтер құрамындағы сызықтар санын дұрыс жазып, дұрыс санай білу, қытай жазуын үйренуге, сөздік ақтаруға және пайдалануға аса зор септігін тигізеді. Егер сызықтар санын жаз- ғанда, үйренгенде мән бермесеңіз, қытай жазуын үйрену, игеру барысында көптеген қиыншылықтарға кезігумен бірге өмірі қолтаңбаңыздың көркі кірмей,

                                                           35

әрі тез жаза алмай қаласыз.

          Сызықтар тәртібі қытай иероглифтеріндегі сызықтардың жазған кездегі рет тәртібі – сызық тәртібі деп аталады. Сызықты жазу тәртiбі әр иероглиф үшiн дара және белгiлi орнатылған ережелермен реттеледi. Кейбiр күрделi иероглифтерi үшiн екi және одан да көп  жалпы қойылған сызу ережесі көр- сетіледі. Сызықтарды жазудың өз тәртібі бар. Иероглифтiң белгілері тәртiпте жоғарыдан төменге, солдан оңға жазылады және орталыққа шеттегiден жазылу көрсетілген. Кейбір жағдайларда осы қағиданы қосымша түзеуге, кейде кейбiр

оның жағдайларын бұзуға тура келеді.

   Қытай жазуларының құрамындағы сызықтардың рет тәртібі негізінен:әуелі көлденең сызық, сосын тік сызық, әуелі оң көлбеу, сосын сол көлбеу, әуелі үсті, сосын асты, әуелі сол жағы, сосын оң жағы, әуелі сырты, сосын іші, әуелі ортасы, сосын екі шеті деген принциптер аралас қолданылады. Қытай жазбашылығында иероглифтер жоғарыдан төменге немесе солдан оңға қарай жазылады. Бастапқыда көлденең сызықтар содан соң тік, қайырмалы сызықтар. Бастапқыда қайырмалы солға, сосын қайырмалы оңға жазылады. Бастапқыда иероглифтердің сыртқы пішінін құрайтын сызықтар, содан соң ішкі сызықтар жазылады. Нобай астынан тұйықталатын сызық ең соңғы кезекке жазылады. Бастапқыда ортасында болатын тік сызықтар, содан кейін бүйірдегі сызықтар жазылады. Соңында оңнан солға нүкте жазылады. 5-сур               

       5-сур.永yong иероглифінің   жазу  ережесі

                                                                          36

            Жазу  ережелері  мен  фонетикалық  хатта  әріптердің  қосылуы  қытай

иероглификасының  заңдарынан  мүлдем  өзгеше  болып  келеді.Көп  жағдай- ларда  фонетикалық  хат  негізгі  иероглифтік  сызықтардан,20-30  әріптерге  сүйенеді,алайда  әріптер  негізінен  үш  графикалық  элементтерден: түзу  сызық, доға  және  нүктеден  тұрады.Әсіресе, сөз қосу  тәсілі  ерекшелінеді: фонетикалық  хатта  сөздегі  әріптер  мөлшер  шексіз,бір  жолға кез-кезiмен бiртiндеп  тәртіппен,жиірек  солдан  оңға  жазылады.Ал сөз  болатын  алуан  жүзді  және  таңқаларлықтай  қытай  иероглифінің  сиқыры, әр түрлi тәсiлдердi  құрастырудың  және  түрлі сызықтардың  қисындасу көмегімен  симметриямен, асимметриямен, тығыздықпен, биiктiктi өзгертудiң мүмкiндiгiнде  түрлендіру  болып табылады.

 

                              

      II.ҚЫТАЙ  КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ  ӘЛЕМ  МӘДЕНИЕТІНДЕГІ 

          АЛАТЫН  ОРНЫ

             2.1.Қытай  каллиграфиясының  ерекшелігі;

        Қытай  өнері  даналық  өмірлік  қағидалар мен  терең  философиялық

идеяларды  өз  бойына  сіңіре   білген  өзіндік  бет-бейнесін  бар  ерекше

мәдениеттің  бірі  болып  келеді.Қытай  халқының   мәдени  туындыларында

адамзатты  қоршаған   дүние  әсемдігі  мен  табиғат  үйлесімділігі  тамаша

көрініс  тапқан  болған.Басқаны  былай  қойғанда, қытайлықтардың   жазу

өнерінің  өзі  де  өте  әдемі  болып  келеді  және  бұл  өнерді  игеру  басқа  мә-

дениет  өкілдерінің  қолынан  келе  бермейді.Орта   ғасырларда  латын  жазуы

Еуропа  елдерінде  қандай  рөл  атқарса,қытай  иероглифтері  де  Шығыс  Азия  мемлекеттерінде  де  дәл  сондай  дәрежеге   көтерілді,вьетнамдықтар

Информация о работе Қытай каллиграфиясының ерекшелігі