Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:27, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

zara diplomka.doc

— 1.59 Мб (Скачать документ)

Заңнамалық механизмді нақтырақ қарастыру үшін осы заңнамалық механизмнің құрылымын келесі 2 суретте қарастырып көрейік.

 

 

Сурет 2 – Заңнамалық механизмнің құрылысы

 

Осы деңгейлерді мұқият қарастырайық. ҚР Конституциясында, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР-ғы құқықтар мен бостандықтарды пайдалана  алады сондай-ақ өзге де жағдайлар  Конституция мен заңдармен халықаралық келісімдермен қарастырылмаған болса олар азаматтар үшін белгіленген міндеттерді орындаулары тиіс» делінген.

Алайда мемлекетпен  шетел «инвесторының арасындағы қатынасты реттейтін басты заң», «Шетел инвестициялары туралы» заң  болып табылады. Заң шетел инвесторының қызметі үшін барынша қолайлы жағдайларды туғызуды, шетел инвестиция ұғымын барынша көбірек кепілдемелер мен мүмкіндіктерді беруді қарастырады. Заң шетел инвестицияларының кез-келген формасы мен осымен байланысты қызмет түрлерінің ұлттық инвесторларға берілген қолайлы жағдайдан келе емес жағдайда жүзеге асырылуын көздейді. Заң шетелдік инвесторларға ұлт меншігіне айналдыру мен экспроприацияланбайды, әрине, егер де ұлт меншігіне айналдыру мен экспроприациялау қоғамдық мүддеге сәйкес жүзеге асырылмаса. Егер де мұндай шара қолданылса шетел инвесторына нақты әрі тиімді өтемақы төленеді. Шетел инвесторлары инвестицияларды жүзеге асыру сәтінен бастап 10 жыл бойы заңдардың өзгеруін кепілдеме алған,және мемлекет кез-келген жағдайларда соның ішінде соғыс, үкімет пен мемлекеттік құрылыс ауысқан жағдайларда да, және де мемлекет кез-келген жағдайларда соның ішінде соғыс, үкімет пен мемлекеттік құрылыс ауысқан жағдайларда да, халықаралық төрелік соттың шешіміне бағына отырып, инвестор алдындағы мүліктік міндеттемелерін толық сақтайды. Сондай-ақ 2002ж. қабылданған ҚР салық кодексінде шетелдік инвесторларға мынандай жеңілдіктер қарастырылған: мүліктік заңды тұлғаның жарғылық қорына салым ретінде беру, сонымен бірге жарғылық қорға жарна ретінде алынған мүлікті қайтару, олар қосымша құнға салынатын салықтан босатылады (225 бап, 8, 9 пунктер).Облигацияларға немесе өзге де құнды қағаздарға салынатын инвестицияларда, мемлекеттік емес заңды тұлғалар (шетелдік инвесторлар) жеке тұлғаларға салынатын табыс салығынан босатылады. (91 бап, 1/4 пункт және 144 бап 1/5 пункт)

Тікелей инвестицияларды  тікелей қолдау экономиканың басым  салаларында жүзеге асырылады.

«Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы» заңның 7-ші бабына сәйкес, инвестиция бойынша уәкілетті органмен жасалған келісімшарттың негізінде инвесторға мынадай жеңілдіктер берілуі мүмкін:

Келісімшартты жасау  сәтінен бастап 5 жыл мерзімге дейін  жер салығы мен мүліктен салынатын  салықтан босату.

Салық салынатын табысты  алу сәтінен бастап, 5 жыл мерзімге дейін табыс салығын төлеуден босату, бірақ келісімшарт жасасқан сәттен бастап 8 жыл мерзімнен аспайтын; инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті жабдықтардың, шикізат пен материалдардың импортын баж (кеден бажы) салығынан толық немесе ішінара босату.

Жаңа салық кодексінде «Инвестициялық салық преференциялары» деп аталатын 5-ші бөлім бар. Осы  бөлімнің 138 статьясына сәйкес, инвестициялық  салық преференциялары корпорациялық  табыс салығы мен мүлікке салынатын  салық бойынша беріледі.

Преференциялар негізгі құрал-жабдықтарды инвестициялық жобасының шеңберінде пайдалануға қайта кіретін салық төлеушілерге беріледі. Корпорациялық салық бойынша берілетін преференциялар, салық төлеушіге пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтардың құнын тең үлестермен преференциялар мүлікке салынатын салықты төлеуден пайдалануға қайта енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар бойынша босатуды қарастырады. Преференциялардың мерзімі әрбір жекелеген жағдайларда инвестициялардың өтімділігінің көлемі мен мерзіміне байланысты айқындалады, алайда ол 5 жылдан аспауы тиіс.

Шетел банктерін елде жұмыс істеуге рұқсат беру шетел  инвестициясын тартуда маңызды  аспект болып табылады, себебі шетелдік инвесторлар солармен қатынас орнатып, әрі соларға сенуге бейім. Президенттің 31.08.95ж. шыққан «Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы шетелдік банктерге қатысты еншілес банктерге бірқатар талаптар мен шектеулерді белгілеп берді. ҚР резиденті емес болып табылатын банктің сол банктің өкілдігі: ҚР аумағында бір жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін еншілес банк ашу туралы Ұлттық банкке өтініш беруіне құқығы бар.

Шетелдіктердің қатысуымен банктерді құрғанда мынадай келесі талаптар орындалуы тиіс:

Шетелдіктердің қатысы бар банктердің тіркелген бүкіл  жарғылық қоры, Ұлттық банк тарапынан  рұқсат берілген кейбір жағдайлардан басқа, ҚР-ғы банктердің тіркелген қорларының бүкіл жиынтығының 25% - нан аспауы тиіс.

Бақылау кеңесінің бір адамнан кем емес мүшесі ҚР азаматы болуы тиіс.

Банк қаражаттың ішкі активтерін Ұлттық Банк белгілеген  мөлшер мен тәртіпте орналастыруға міндетті.

«Жер қойнауы мен  жер қойнауын пайдалану туралы»  Жарлықтың 68 бабында, әртүрлі төтенше  жағдайлар бола қалған жағдайда пайдалы  қазбаларды реквизициялаудың мүмкіндігі алдын ала қарастырылған. Мұндай жағдайда Қазақстан реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін өтемақы төлеуге немесе олардың құнын шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға әлемдік нарықтағы баға бойынша еркін өтімді валютамен төлеуге кепілдікке береді.

Ұйымдастыру механизмі  шетелдік капитал мен инвестицияны тарту мен пайдалану процесін ұйымдық басқарудың жүйесін білдіреді. Әдетте дамушы елдер, өз қызметінің осы саласын үйлестірумен шұғылданатын мемлекеттік органдар құрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, ұйымдастыру механизмі өз аясына тікелей шетел инвестиция түріндегі халықаралық кәсіпкерлікке тиесілі мәселелерді реттеуді қоспауы тиіс, және де бұл мағынада осы салада арнайы органдарды құру мақсатқа сәйкес болып табылмайды. Тікелей шетел инвестицияның көлемі мен қалаған бағыттары тек заңнамалық механизм арқылы реттелуі тиіс.

Керісінше, сырттан қарыз алу процестері (халықаралық, мемлекеттік және банктік кредиттер) оларды тарту мен пайдалануды қоса алғанда мемлекеттің мұқият назарында болуы тиіс, және де бұл жөнінде жоғарыда бірнеше рет айтылған болатын.

Реттеу жүйесіндегі капиталды  тарту мен пайдалану процесінде қызметшілердің жұмыс істеу әдісіне, менеджментке аса үлкен мән берілуі тиіс.

Мемлекеттік органдардағы инвестициялауға  көмектесуге, капитал мен инвестициялардың импортына жауапты адам өз әрекетін реактивті және проактивті деп аталатын әртүрлі екі амалдың негізінде құра алады.

Реактивті амал ақпараттық және ұйымдық  сипатта келіп түскен өтініштерге  жауап қатудан тұрады. Бұл жағдайда бастаманы ықтимал (потенциалды) инвестор көтереді. Өкінішке орай, іс жүзінде  осылай болып жатады. Ал проактивті амалды пайдалануда, яғни бастамашыл амалдан озатын амалды пайдалануда, бастама инвестициялық қызметке жәрдемдесуші тұлғаға жатады.

Міне осылайша, шетелдік капитал  мен инвестицияларды тарту мен  пайдалануды мемлекеттік реттеу мемлекеттің маңызды қызмет саласы болып табылады. Тек дұрыс экономикалық қағидалар мен бағдарламалық-концептуалдық негізге сүйенген халықаралық кредиттеу мен кәсіпкерлікті реттеу ғана, капитал мен инвестицияларды нашар дамыған экономикасы бар мемлекетті күйзеліске ұшыратудың құралына айналдырмай-ақ елдің экономикалық дамуына септігін тигізуге қабілетті.

ҚР-да қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының сыртқы істер министрлігі  жанындағы инвестициялар жөніндегі  комитет жұмыс істеуде. Оның алдына негізгі мақсат ретінде шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру міндеті қойылған.

Комитеттің негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмысын ұйымдастыру;
  • бекітілген инвесторлардың жүзеге асыратын инвестициялық жобаларын іске асыратын ҚР мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
  • әрбір инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құқықтар мен өкілеттіктерді беретін барлық келісім және рұқсатнама құжаттарын, лицензияларды, визалар мен өзге де құжаттарды алуды қамтамасыз ету;
  • инвесторлар тарапынан бекітілген олардың өздеріне алған міндеттемелерінің орындалуын бақылауды қоса алғандағы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға алу.

Мемлекеттік реттеудің  негізгі әдісі тендерлік әдіс болып табылады. Халықаралық капиталды  алған соң оны тиімді пайдалану, ұлттық және сыртқы мердігерлер арасында орналастыру мәселесі болып табылады. Әлемдік тәжірибеде ең тиімді және әсерлі әдіс ретінде құрал-жабдықтарды тендердің негізінде орналастыру болып табылады. Келісім-шарттарды үкіметаралық деңгейде де, жеке деңгейде де жасасу ең тиімді келісім шарттарын таңдап алуды ұйғарады. Инвесторларды осылайша таңдап алуға мүмкіндік беретін келісім-шарт алдындағы жұмыстың ұйымдастыру әдістері мен формасы конкурстық таңдау немесе тендер өткізу болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында тендерлер ресурстарды бөлудің ажырамас әдісіне айналады. Олар ресурстарды пайдаланудан үміткерлер, инвесторлар жайлы түсініктердің кеңеюі, конкурс нәтижесінде жобаның құнын барынша төмендету, ресурс иесінің пайдасының көбеюі немесе сенімсіз мердігермен жасалатын мәміледен келетін қауіп-қатердің төмендеуі секілді артықшылықтарға ие. Осылайша тендер қосымша валютаны,ресурстарды пайдаланудан экономикалық тиімділікке қол жеткізудің көзі бола алады.

Бүгінде тендерлер мәміле жасау үшін контрагенттерді таңдаудың, тапсырыстарды орналастыру мен келісім-шарттарды жасаудың басым формасына айналды. Тендерлер дамушы экономикасы бар ел үшін қарызгерлерді түпкілікті таңдап алудың әдісі ретінде міндетті болып табылады, олар шектеулі ресурсты барынша ықтималды өнімділікпен пайдалануға мүмкіндік береді. Шетелдік зерттеулердің нәтижелері бойынша, тендерлерді өткізудің нәтижесінде бағаның төмендеуі 40%-ға жетуі мүмкін. Халықаралық конкурстық сауда-саттықты басқарудың мәнмәтінінде өз мақсаты ретінде сауданың ықтимал мүшелеріне, қарыз алушының талаптары жайлы қажетті ақпаратты беруді, және оларды қажетті инвестицияларды беру конкурсына қатысудың тең мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуді көздейді. Саудаға арналған құжаттарда келісімшарттың түрі туралы нақты нұсқаулар, сондай-ақ оған қосуға сәйкес келетін ережелер болуы тиіс. Келісім шарттардың ең көп тараған түрлері жалпы сомадан келіп шығатын төлемдерді, немесе тауардың әрбірінің құнын, немесе алымдарды қоса алғандағы бағаны, немесе олардың құрамдасуын қарастырады. Келісімшарт көлемі мен айқын көрсетілген біліктілік талаптары, іріктеуден өтуге тілек білдірушілердің бәріне жіберілуі тиіс. Алдын-ала іріктеу аяқталған соң, одан өткендерге саудаға қатысу үшін құжаттар берілуі тиіс. Өтініштерді беру мүмкіндігі, осыған сәйкес критерийлерге жауап беретін сауда-саттыққа қатысушылардың бәріне берілуі тиіс. Сауда-саттыққа арналған құжаттарда, сауда-саттыққа ықтимал қатысушыға салымдарды жеткізіп беруге қатысты өз ұсыныстарын дайындап беруге мүмкіндік беретін қажетті барлық ақпараттар болуы тиіс. Бұл құжаттама сауда-саттыққа шақыру қағазынан, сауда-саттыққа қатысушыларға арналған нұсқаулардан, ұсыныстарды беру формасынан, келісімшарт формасынан,техникалық құжаттамадан және т.б. тұруы тиіс. Сауда-саттыққа арналған құжаттарда, қарызгердің барлық оферттерден бас тарту құқығы көрсетілуі тиіс. Жергілікті сауда-саттықтар мына жағдайларда капиталды жұмсаудың қолайлы әдісі болуы мүмкін: шетелдік қатысушылар сауда-саттыққа қызығушылық танытуы екіталай, себебі келісім-шарттың бағасы арзан, жұмыстар аймақ бойынша немесе уақыт бойынша шашыранды орналасқан; жұмыстар өте көп еңбекті талап етеді.

Шектеулі халықаралық сауда-саттықтар  негізінен жарнаманы жарияламай-ақ тікелей шақыру арқылы өткізілетін  халықаралық конкурстық сауда-саттықты білдіреді. Олар сатып алу көлемі онша көп емес, инвесторлардың шектеулі ғана саны болған жағдайларда ғана инвестициялаудың тиісті әдісі ретінде қызмет атқара алады.

Келісімшартты тікелей жасау мына жағдайларда жарамды әдіс бола алады:

  • банкке қолайлы тәртіпке сай жасалған қолда бар келісімшарт құрылысты жалғастыру немесе қосымша жұмыстар және капиталды жұмсау үшін ұзартылуы мүмк

Информация о работе Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері