Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:27, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

zara diplomka.doc

— 1.59 Мб (Скачать документ)

Б-тобын дамуға ресми  көмек құрайды (ДРК). ДРК мемлекетке үкімет аралық деңгейде беріледі, сондай-ақ ол техникалық және қаржылай болып  екі формаға бөлінеді. Техникалық көмек қызметтерді алуан түрлі  салаларды беруді білдіреді. Олар: оқыту, кеңес беру, жабдық сатып алу. Мұндай техникалық көмек екі түрде беріледі: бірі – көмек алушы елге техникалық көмекті өтемсіз етіп беруді көздейтін грант болса, екіншісі – техникалық көмекті жиілік, жеделдік және қайтымдылық шартымен беруді көздейтін – қарыз-қаражаты. ДРК-ң қаржылай көмегі төмен балансын, тауарлардың күрделі импортын қолдауға және ең алдымен әлеуметтік-экономикалық міндеттердің қорына қажетті инвестициялық жобалар.[5]

Шетел капиталының отандық  экономиканың дамуына катысуы тікелей инвестициялау жолымен де және несие беру жолымен де бола береді. ҚР-ң сыртқы экономикалық байланыс туралы заңдарына сәйкес тікелей инвестицияларға шетелде фирмаларды, бөлімшелер мен кәсіпорындарды құру, шетелдік кәсіпорындардың капиталындағы қатысу үлесін сатып алу, өзінің шетелде қатысу үлесі бар кәсіпорындар мен фирмаларына несие беру. Сонымен бірге тікелей шетел инвестициясының өндіріске салынатынын капиталдық салымдардың көзі ғана емес, сондай-ақ оның технологиялардың транфертін, ноу-хауды, менеджмент пен маркетингтің алдыңғы қатарлы әдістерін қамтамасыз етіп ұлттық экономиканың дүние жүзілік шаруашылыққа тиімді кіргізуіне жағдай жасайтынын да ескертуіміз керек. Шетел инвестицияларының артықшылығы мынада: ол салынған қаражаттың белгілі бір уақытта үстеме пайызбен қайтарылуын көздемейді, ол тек салалардан түсетін табыстың төленуін көздейді. Қолайлы инвестициялық ахуал мен пайдалылықтың жеткілікті нормасына қол жеткізудің шарты болған жағдайда түскен пайда Қазақстан экономикасына қайта инвестициялануы мүмкін. Қолданыстағы шетел капиталының импорты елдің төлем балансындағы кері сальдоның артуына тікелей әсер етпейді.

Ағымдағы тактикалық міндеттерді шешу үшін (мәселен республиканың  ішкі рыногын молықтыру үшін) сырттан  келетін қарыз-қаражат пайдалануға болатын, ал стратегиялық міндеттерді шешу үшін – яғни түбегейлі нарықтың өзгерістерімен өнеркәсіптің құрылымын қайта қалыптастыру үшін ТШИ-ні тарту оңды болатынын әрқашан да еске сақтау қажет, дәлірек айтар болсақ шетелдік инвестордың пайда мақсатымен кәсіпкерліктің немесе қандай да бір өзге қызметке жұмсайтын мүлкін немесе зияткерлік қызметтің барлық түрін пайдаланып қалу қажет.

ҚР-на тікелей шетел  инвестициясын тартудың негізгі  формалары мыналар болып табылады: біріккен кәсіпорындар немесе шетел  инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорындар. Олардың өсуі 1990 жылдан байқала бастады. Қазіргі уақытта ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша олардың саны екі мыңнан асты. Біріккен кәсіпорындардың көпшілігі мұнай газ саласында (18%) және ауыл шаруашылығында (9%) жұмыс істеуде.

Капиталды жұмсаудың  объектісі – елдегі меншікке ие болу үшін үлестік пайларды, акцияларды және өзге де құнды қағаздарды салып  өну жолымен жүзеге асырылатын қаржылық инвестициялар акционерлік капиталдың 10%-дан кемін құрғандықтан инвесторларға кәсіпорынның қызметін толық бақылауға алауына немесе оларға иелік етуге құқық бермейді.

Акцияларды сату мемлекет үшін тиімді, себебі ол сыртқы қарыздарды өтеу үшін пайдаланылатын валюталық  қаражаттарды алуға да және де халық  шаруашылығының басым салаларына жұмсалатыны аса тиімді. Капиталдың салымдары қаржыландыруға да пайдалан береді. Қоржындық инвестициялар ҚР экономикасында жетекші орынға ие болуы тиіс еді, алайда қазіргі уақытта шетел инвесторларын капиталды жұмсаудың бұл формасы аса қызықтырмайды. Бұл көбіне салыстырмалы түрде қызығушылықтың өте төмендігінің болуына байланысты.

Жалға алу немесе концессия, дәлірек айтар болсақ, ұзақ мерзімге жалға алу шартымен шетелдік кәсіпкерге шаруашылық қызметтің алуан түрлі  түрлерін жүзеге асыруға құқық  беру. Қазіргі кезде Қазақстанда концессиялар дамыған жоқ, сонымен бірге Республикада «концессиялар туралы» заңда жұмыс істемейді.

Қазақстан Республикасындағы  қоржындық инвестициялардың маңыздылығының рөлін ерекше атап өткен жөн. Дамушы елге қоржындық инвестицияларды екі жолмен тартуға болады:

  • мемлекетпен ірі ұлттық кәсіпорындардың құнды қағаздардың (мемлекеттік облигациялар, корпоративті құнды қағаздар) эмитенттері ретінде әлемдік құнды қағаздар рыногына шығуы.
  • инвестициялық мақсатта шетел капиталын құнды қағаздардың ішкі ұлттық рыногына тарту.

Бірінші жағдайда шетел  инвестициялары қарыз алушы елдің  құнды қағаздарына инвестиция түріне жүзеге асырылады. Эмиссия мен инвестиция халықаралық құнды қағаздар рыногында  жүзеге асырылады. Құнды қағаздарға тартылатын инвестициялар облигациялар мен акцияларға және коммерциялық қағаздарға салынатын инвестициялардан тұрады. Олардың ішінде ең маңызды орынды облигатциялық рыноктар алады. Ол шетел облигацияларының рыногы және еурооблигациялар рыногы болып екіге бөлінеді.[6]

Шетел облигациялар рыногы – бұл жергілікті инвесторлардың қаражатын тарту мақсатында облигациялардың  ұлттық рыногында ірі банк құрылымдары  арқылы шетелдік қарыз берушілер  тарапынан шығатын құнды қағаздар рыногы. Шетел облигацияларын шығару АҚШ-тың, Швейцарияның, Жапонияның және Германияның ұлттық қор рыноктарында шоғырланған.

Еурооблигациялар рыногы тұрақты түрде кеңейе отырып қаржы  ресурстарын тартудың көзі ретінде 1964 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еурооблигациялардың  ерекшелігі – ол оның шетел валютасымен айқындалатын атаулы және нарықтың бағасы болып табылады. Шетелдік займдарға қарағанда еуро займдар бірнеше елдің рыноктарында сатылады. Олар 5 жылдан 40 жылға дейінгі мерзімге шығарылады.

Қоржындық инвестицияларды  тартудың екінші жолы – ол шетел инвестициялары отандық қор рыногына тарту. Бұл шетел капиталын тартудың мүмкіндігі зор жолы болып табылады.

Қоржындық инвестицияларды  тартудың тағы да бір жолы – шетел  инвестицияларын отандық рынокқа  тарту.

Өкінішке орай, шетелдік инвестицияның мұндай формасын қолданысқа енбей отыр. Оның себебі – республика экономикасында қалыптасқан жағдайға тән жағымсыз факторлардың болуы салдарынан шетел инвестицияларын Қазақстанға «қоржындық» инвестицияларды салудың болашағы қызықтырмайды. 

Тікелей шетел инвестициялары мен БК-дан өзге шетел капиталының елге ағылып келуінің өзге де формалары бар, оған шетелдіктермен бірлесіп құрылған және шетел банктері арқылы ағылып келетін капитал да кіреді. Қазіргі уақытта мұндай банктер ҚР ұлттық банкінде тіркелген. Бұндай банктердің қатарына әсіресе «ABN AMRO Bank», «TEXAKA Bank», «Альфа банк» және т.б. жатады.

Әлемдік тәжірибеден инвестициялаудың өзге де формалары белгілі. Солардың ішінде соңғы 10 жылда елеулі түрде «өнеркәсіп инвестициялардың жаңа формалары» немесе инвестициялардың акционерлік емес формалары дамыды. Оларға лицензиялау (фирма ноу-хауды жалғыз шетелдік лицензиятқа сататын лицензиялаудың ерекше түрі, және ноу-хаудың бір қатар шетелдік әріптестерге сатылатын ерекше емес түрі), лизинг, франчайзинг, бірлесіп өндіру, субмердігерлік, зауыттарды толық салып беру жатады.

Бүгінгі таңда Қазақстан  экономикасының негізгі инвесторлары АҚШ-тың, Азияның, Еуропаның компаниялары болып табылады. Егер де олардың  жүзеге асырып жатқан жобаларының инвестициялық  сиымдылығын ескеретін болсақ, онда ол заңды болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан көптеген елдермен тармақталған экономикалық байланыстарды орнатты, алайда оның дүние жүзі шаруашылығындағы рөлі әлі айқындалмаған. Ел экономикасын белсенді түрде өзгертуде, ал бұл осы процесте өз көрініс таппай қоймайды.

Нарықтық қатынастарға өтуде меншік қатынастарын қайта  құру маңызды роль ойнайды. Жаңа меншік иелері өндірістің ұлғайып жаңаруына  тек инвестицияларды салып қана қоймай, сонымен бірге олар маркетинг  пен менеджмент дағдыларын және инвестицияларды ергізеді деп күтілуде. Сонымен бірге мынаны атап өту қажет: жыл сайын ҚР-да негізгі өндіріс құрал-жабдықтарының тек 1,2 – 1,5%-ы ғана жаңартылса АҚШ-та, Жапонияда, Германияда бұл көрсеткіш 6-8%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, республикада 150 ірі кәсіпорын тоқтап тұр, және де 8000-дай кәсіпорын банкроттық пен санкциялау рәсіміне тартылған. Тоқтап қалудың негізгі себебі – айналым қаржының жетіспеушілігі. Олардың жетіспеушілігі, жабдықтарды өз уақытында жаңартуда қиындықтарды туғызады. 2007 жылдың мәліметі бойынша Қазақстанда 2,8 трлн. теңгені құрайтын құрал-жабдықтар бар. Олардың 30%-дан астамы тозған, яғни негізгі құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру үшін 7 млрд доллар қаражат қажет. Негізгі құрал-жабдықтардың бөлінуінің қалыптасқан құрылымын тау-кен өнеркәсібінің негізгі капиталындағы инвестициялық белсенділік айқындап берді, мұндағы инвестицияның үлесі 15%-ға, ал қызмет көрсетуші және тауар өндіруші салалардың үлесі төмендеп кетті. Индустрия және сауда министрлігінің мәліметі бойынша, салалар бойынша және де аймақтар бойынша да біркелкі емес жағдайдың қалыптасуының себебі. Инвестицияларды біркелкі емес және жеткіліксіз түрде тарту болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды белсенді түрде жаңарту минералды-шикізат ресурстар өндірілетін аймақтар мен облыстарда жүргізілуде. Негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудағы артта қалушылық экономикалық қызмет түрлері бойынша өндеуші өнеркәсіп, электр энергиясын өндіріп тарату, сер мен газ, көлік және құрылыс саласында байқалуда. Қазақстанда шетел компаниялармен, мемлекеттік меншікті иелену, содаң соң келесіде оларды жекешелендіруге құқық беру шартын жасасу түріндегі шаруашылық жүргізудің осындай формасы қолданыла бастады. Шетел инвесторлары жекешелендіру мен тек тендерлік механизм арқылы жүргізілетін әртүрлі кәсіпорындардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін сатып алуға қызығушылық танытуда. Дәл осындай жолмен «Қарметкомбинат» және Балқаш тау-кен металлургиялық комбинаты жекешелендірілді. Бұдан бұрын айтқандай, шетелдіктердің қатысуымен біріккен кәсіпорындарды құру ісі де кең етек алды. Қазақстанда біріккен кәсіпорындар мен шетелдік кәсіпорындар 1990 жылдан бастап құрыла бастады. Қазіргі уақытқа дейін олардың саны шамамен 2700 біріккен кәсіпорындарды құрайды. Шетелдік компаниялардың инвестициялық қызметінің дамуында бірнеше кезенді атап көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде (1991-1993) шағын  жарғылық қоры бар, негізінен сауда-делдалдық  қызмет саласында біріккен кәсіпорындарды құру етек алды. Шағын және жаппай жекешелендіру, экономикалық қайта құру бағдарламалары шетелдік қатысумен ірі кәсіпорындардың пайда болуына септігін тигізді, мәселен 1993 жылы Филипп Морристің қатысуымен құрылған «Тобако компани» АҚ-ы осындай кәсіпорын болып табылады.

Екінші кезеңде (1993-1995) экономиканы ырықтандырудың нәтижесінде шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасының түйінді салаларына қол жеткізуіне мүмкіндік туды.

Шетелдік капиталды  тартудың үшінші кезеңінде (1995 жылдан осы уақытқа дейін) ең ірі кәсіпорындардың  жекелеген жобалары бойынша жекешелендіру, шетелдік фирмаларға акциялардың мемлекеттік пакетін сату жолға қойылды.

Әдетте шетел инвестициялары жоғары технологиялы инновациялық жобаларға  тартылмайды, олар негізінен экономиканың өндіруші саласында шоғырланған. Соңғы  жылдарды шетел капиталының мұнай-газ саласындағы үлесі едәуір болып, ол 35-тен 35,6%-ды құрады.

Шетел инвестициясының  салалық құрылымы шикізат ресурстары мен өнімдерін экспорттаушы және бірінші кезекте тұтыну сұранысына қарай есептелген технологияны импорттаушы ел ретіндегі Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі шынайы жағдайын елеулі түрде бейнелейді. Сонымен бірге инвестициялардың салалы құрылымы бірінші кезекте шетелдік инвестициялардың қандай категориясы аса үлкен қауіп-қатерге қарамастан тікелей инвестицияларды салуға дайын екендігін көрсетеді. Оларға жататындар:

Қазақстанға салынатын  қаржы-қаражатты оның ресурстарына қол жеткізудің және оның ішкі рыногына енудің тәсілі ретінде қарастыратын аса ірі трансұлттық компаниялар;

ҚР-на аса жоғарғы пайдалылығымен және аса көп күрделі шығындарды талап етпейтін жекелеген табылардың жедел қайтарымы мен тартылатын орта және ұсақ шетел капиталы ең алдымен саудада, құрылыста және қызмет көрсету саласында шоғырланған.

Шетелдік капиталдың көмегімен табысты түрде жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру, тауар, қызмет көрсету, жұмыс күші рыногының осылардың бәрін қоса алғандағы сыйымдылығы кеңейтіп, осы арқылы экономиканың қайта өрлеуіне септігін тигізер еді.

Акциялар мен кәсіпорындарды сатып алу арқылы шетелдік инвесторлар тоқтап тұрған қуаты бар өндірісті бастапқы капиталмен қамтамасыз етуге қабілетті. Шетелдік инвестициялар еліміздің экономикалық өрлеуінің маңызды факторлары болар еді, алайда бұған инвестициялардың жеткіліксіз көлемі кедергі келтіруде.

 

    1.   Қазақстандағы шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеудің механизмдері мен құралдары

 

Мемлекеттік механизмнің  мақсаты – шетел инвестицияларын  мемлекеттің өз ішінде реттеудің  тиімділігін арттыру болып табылады. Жалпылама жағдайда, мемлекеттік  реттеудің механизмі заңнамалық және ұйымдастыру механизмдерінен тұрады. Мемлекеттік механизм шетелдік капитал мен инвестицияларды тарту мен пайдаланудың ұлттық тұжырымдамасын жасап шығуға негізделуі тиіс. Шетел капиталы мен инвестицияларына қатысты мемлекеттік саясаттың қағидаларына басқа, тұжырымдама бағдарламасың іс-шаралар мен оның орындалуын бақылаудан тұруы тиіс.

Мәселен сырттан қарыз  алу бағдарламасының (халықаралық, мемлекеттік, банк кредиттері) пайдаланудың көлемі формалары, бағыттары секілді  бөлімдері болуы тиіс. Міндетті бағыт ретінде, тек төтенше импорт пен төлем балансын реттеу мақсаттары үшін, валюталық ресурстарды тарту ғана болуы мүмкін.

Заңнамалық механизм шетел инвестицияларының ағылып келуі мен мемлекет пен шетел  инвесторларының арасындағы өзара  қатынасын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жиынтығын білдіреді. Мұндай заңдар жүйесінде ерекше роль 1994ж. №266-шы «Шетел инвестициялары туралы» деп аталатын жалпылама реттеуші  Заңға және экономикалық қатынастарды реттейтін заңдарға (салық, кедендік, сақтандыру және т.с.с. заңдар) жатады.

 Заңнамалық механизм  мынадай келесі қағидаларға бағынуы  тиіс:

              1. Түсіндірудің бір мағыналығы қағидасы. Елдің шетелдік инвестициялар мен капиталға қатысты заңдары анық, нақтылы және тиянақты болуы тиіс.
              2. Үйлесімділік пен қарама-қайшылықсыздық қағидасы. Әрине қандай да бір экономикалық заңдарды реттейтін көптеген заңдар, шатасу мен бір-бірімен үйлеспеушілікке ұрындыруы мүмкін. Бұл мағынада олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін, экономикалық ведомстволарға, министрліктерге банктер мен ұйымдарға сырттан берілетін көмекті үйлестіру мәселесімен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының мұқият сараптамалық бағалауды жүргізген абзал.
              3. Жергілікті және шетел инвесторларының жағдайларының тең болу қағидасы. Тікелей шетел инвестицияларына қатысты заңдарды жасап     шығу барысында жергілікті инвесторлармен салыстырғанда шетелдік инвесторға қолайлы жағдайды барынша болдырмауға тырысу қажет.
              4. Даму қағидасы әлемдегі, макро эко ахуалдың өзгеруін ескере отырып, заңнамалық механизм әрдайым дамып отыруы тиіс. Шетелдік капиталды тартуды реттеудің заңнамалық жүйесі,бірін-бірі толықтырып отыратын заңдардан тұрады. Бұл заңдарға – Ата Заң – Конституция азаматтық заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары мен жер туралы, жер қойнауы мен оны пайдалану туралы,мұнай, банктер мен банк қызметі туралы, сақтандыру туралы, кедендік және салықтық заңдар мен өзге де нормативті актілерде кіреді.

Информация о работе Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері