Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:27, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

zara diplomka.doc

— 1.59 Мб (Скачать документ)

1) өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын инвестициялар  заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады;

2) қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды;

3) материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi;

Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар  өзiнiң пайдалану аясы бойынша  келесiдей жiктелiнедi:

  • өндіріс  тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
  • өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi  
    тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
  • таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа              тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
  • жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды.

Экономикалық  түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа кәсiпкерлiк  қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда  бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге  танымалы мыналар:

Ссудалық капитал нысанындағы  инвестициялар - инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.

Кәсiпкерлiк нысанындағы  инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.

Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк  инвестициялар - бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.[3]

Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.

Сонымен қатар, инвестицияларды  меншiк нысанына байланысты келесiдей  түрде бөлiп қарайды:

    • Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
    • Жеке меншiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
    • Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.

     Жалпы  инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1-сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.

 


Сурет 1 – Инвестициялардың жіктемесі

 

     Инвестицияларды  анықтауда инвестициялардың тек  мазмұндық сипатына ғана көңіл  бөліп ғана қоймай, сонымен бірге  оның мақсатты бағыттылығын да  ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге кеткен бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа еңбектің  құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады,  яғни ақша капиталдарынан айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен  және капитал құрумен байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік формасының ауысу процесінде және  олардың осы мерзімдегі инвестициялық қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі  түрленулер тізбегін көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

 

1.2 Қазақстан Республикасы экономикасында  шетел инвестицияларының рөлі мен орны және оларды ынталандыру жолдары

 

Шетелдік капиталдың ұлттық экономиканың дамуына қатысуы  елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы мен дүние жүзілік  экономикалық кеңістікте капиталдың еркін  қозғалуының объективті заңдылықтарымен  астасын жатыр. Дүние жүзі экономикасының тарихы, әсіресе дамушы елдер экономикасының тарихы айқын түрде көрсеткендей, капиталдың импорты кейде олардың экономикалық өрлеуінің шешуші факторына айналады. ІЖӨ-ң өсімінің әрбір пайызына экономикалық өсім міндетін шешетін ел, өндірістік инвестицияларға ІЖӨ-ң 3%-дан кем емес бөлігін бөліп тұруы тиіс.

Егер де АҚШ, ГФР, Жапония, Франция, Ұлыбритания секілді өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық даму кезеңдерін жалдайтын болсақ, соңғы  ондаған жылдар бойы барлық жағдайларда  бұл елдердегі ең жоғарғы инвестициялық белсенділіктің кезеңдеріне экономикалық өрлеудің жоғарғы қарқынды кезеңдері сәйкес келіп отырған.

Инвестициялық белсенділіктің жоғарылауымен  соңғы кезеңнің әйгілі экономикалық құбылысы – Оңтүстік Корея, Тайван, Сингапур, Гонгонг секілді Азияның «жаңа индустриалды елдерінің» пайда болуымен байланысты. Инвестициялардың арқасында бұл елдерде қысқа мерзімнің ішінде, дүние жүзілік рыноктың өзгермелі жағдайына жедел түрде бейімделуге қабілетті, ірі, өсіңкі экспорттың мүмкіндіктері бар тұрақты экономикалық құрылымдар құрылып, экономиканың қазіргі заманғы ғылымға сыйымды салаларының кең майданды дамуға өтуі жүзеге асырылды. Өкінішке орай, инвестициялық фактор Қазақстан мен ТМД-ның өзге де елдерінің тұрақтануы мен экономикалық өрлеу бағдарламаларында лайықты көрінетін таба алмады. Бұл инвестицияның экономикадағы рөлін жеткілікті түрде бағалаумен және экономикадағы қаржы тұрақтылығы мен инфляцияның бәсеңдеуіне қол жеткізілгеннен кейін, кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өздігінен жандана бастады деген әдістемелік қателікпен түсіндіріледі.

Халықаралық капиталды  тартудың формалары мен принциптерінің алуан түрлілігі жағдайында дамушы елдер үшін капиталдың импорты әлеуметтік-экономикалық өсімді жеделдетудің қуатты катализаторына айналмақ. Әсіресе оны едәуір көп қаражатты талап ететін және де едәуір көп және кепілдемелі нәтиже бере алатын табиғи байлығы көп жерде пайдалану тиімді болмақ.

Әрине, дамушы елдер үшін инвестициялық дағдарыспен бірге ілесіп отыратын өзіндегі инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі шетел капиталының импорты мен инвестициясының осы проблеманы шешетін бірден-бір жалғыз мүмкіндік екенін білдіреді.

Бұған, экономикалық дағдарыс жағдайында ТМД елдерін инвестициялаудың өзге де көздеріне байланысты жағдайларға  шолу жасағанда көз жеткізуге болады.

Тиімсіз және бәсекеге қабілетсіз жоспарлы экономикадан табысқа салынатын  жоғарғы салықтармен бірге нарықтық экономикаға өтуді көздеген ақша-несие  саясаты, түскен табыстың инвестициялаудың маңызды көзі бола алмауына әкеліп соқты, себебі ол толығымен ағымдағы тұтынуға жіберілді. Бұған қоса ТМД елдерінің экономикасының үштен бір бөлігі залалды кәсіпорындардан тұрады, ол көптеген кәсіпорындардың бағаның өсуі себебінен өмір сүретінін ескерсек, бұл деңгей үштен екіге жетеді. Қазақстан үкіметі отандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейі жағдайында экономиканы құрылымдық тұрғыдан жаңартуды қаржыландыру үшін қаражат іздестіру мақсатында басым бағыт ретінде шетелдік капиталды тарту деп шешті. Осы басымдықты жүзеге асыру үшін бірінші кезектегі міндеттердің қатарында елге шетелдік капиталдың ағылып келуіне жағдай жасау жүзеге асырылып жатқан процеске тиісті кен ұлттық мүддеге бағыныштылық сипат беру, алдынғы орынға шығуы тиіс.

Қазақстан экономикасының дамуы айтарлықтай  дәрежеде елге инвестициялар тарту мен оларды рационалды түрде пайдалануға байланысты. Шетел капиталы Қазақстан экономикасын инвестициялаудың ең маңызды көзі болып табылады, себебі ол экономиканың құрылым қайта қалыптастыруға, ғылыми-техникалық мешеуліктен құтылуға, инновациялық процесстердің кеңейіп бастауына, жаңа нарықтық ұйымдық-экономикалық институттар мен нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына серпін беруге қабілетті. Шетел капиталының ұлттық экономиканың дамуына белсене қатысуы елдің халықаралық еңбек бөлінісі мен дүние жүзілік экономикалық кеңістікке капиталдық еркін қозғалысына қатысуының объективті заңдылықтармен астасып жатыр. Дүние жүзі экономикасының тарихи айқын көрсеткендей капиталдың импорты кейде олардың экономикалық өрлеуінің шешуші факторына айналады. Шетелдік капиталдың экономиканы көтерудегі мұндай рөлін Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриалды елдердің мысалынан көруге болады. Тек соның тікелеу қатысуымен ғана, бұл елдер импорты алмастырушы салалардың дамуы экспорттық мүмкіндіктерді құру мен ғылыми сыйымды салалардың дамуы секілді қазіргі заманғы индустриаландырудың классикалық үлгісі болып қалыптасқан кезеңінен жедел түрде өтті. Нәтижеде ғылыми сыйымды өнімдерді қоса алғандағы кейбір өнім түрлері бойынша бұл елдер дүние жүзі шаруашылығында алдыңғы шетке шықты. Шетел инвестициясы Индонезиада бұрын соңды болмаған көлемге жетті. Индонезия экономикасындағы бүкіл инвестицияны 22% шетел қаржысының үлесінде. Бразилия да өз дамуында шетел инвестициясына қарыздар. Шетелдік және біріккен кәсіпорындардың үлесіне өнеркәсіп өндірісінің машина жасау, металлургия, химия, мұнай химиясы секілді маңызды салаларының 30%-ы тиесілі. Сонымен бірге халықаралық капиталдың үлесі тек дамушы елдерде ғана емес сонымен бірге өнеркәсібі дамыған елдер де едәуір. Мысалы, АҚШ-та тікелей шетел инвестициясының жинақталған көлемі 1976ж. 30 млрд долларға жеткен болса, 90-шы жылдардың соңына қарай бұл көлем 20 есеге өсті.[4]

Қазақстан экономикасы үшін шетел  инвестициясының маңызы, тек халықаралық  рынокқа шығумен және жарқын болашақта  экономиканың салааралық құрылымын оңтайландырумен шектеліп қалмауы тиіс. Елдің территориясы өте үлкен, ал инфрақұрылым жеткілікті дамымаған, сондықтан, оны нығайтып, кейбір тұстарында қайта құру қажет. Алайда, шетел инвестициясының ең басты маңызы, шетел инвесторларының республиканың табиғи ресурстарын пайдаланудың есебінен адам мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды болуы тиіс. Осылайша, шетел капиталының келуіне мүдделі бола отырып, оның енуіне қолайлы жағдайларды жасай отырып, мемлекет осы саладағы көптеген мәселелерді реттеуі тиіс.

Экономиканы дамыту бойынша стратегиялық және тактикалық шаралардың кешенінде  инвестициялық процесті пәрменді ету, республикаға шетел инвесторларын  тарту маңызды роль ойнайды. Әрине, халықаралық капиталдың көмегінсіз, әсіресе соның ішінде кредиттерсіз, өзіндік ресурстық базада жүзеге асырылған экономикалық өрлеу ең тамаша болып табылады. Бәсекелі экономикалардың қалыптасу проблемасы бойынша дүние жүзіндегі ірі маман М.Портер айтқандай: «Кең көлемдегі шетел инвестициялары әдетте, сол елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру процесінің дұрыс жүрмейтіндігін білдіруде.

Елге келіп жатқан шетелдік күрделі салымдар сол елдің  бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету  проблемасын ешқашанда шешіп  бере алмайды».

Шетелдік капиталды  импорттаушы елдер, шетел инвестициясын  мынандай себептер бойынша тартуға  мүдделі: елдің экономикалық дамуын қаржыландыру үшін қаражаттың жалпылама  түрде жетіспеушілігі, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтерудің қажеттілігі, төлем балансының тапшылығын жеңу және т.б.

Орта және жоғары дамыған  елдер шетел капиталын, аймақтық құрылымды жетілдіру үшін, жаңа техника  мен технологияны алу үшін, бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін тартады.

Шетелдік капиталға  қатысты талғамалы саясатты бір  қатар орта дамушы елдер жүргізеді (Кувейт, Сауд Аравиясы, Сингапур). Бұл елдер тек экономиканың өсу қарқынына емес, технологияның белгілі бір саласының дамуына да мүдделі.

Көптеген мемлекеттер  шетел капиталын өз елінің экономикасына  екі жаққа да бірдей тиімділіктің негізінде, яғни өзара сауда-саяси инвестициялық шегіністердің шеңберінде тартады. Бұған мысал ретінде, Еуроодақтың өз ішінде капиталдың қозғалысын ырықтандыруды немесе Жапонияның Американдық инвестицияларға ымырасыздық танытумен салыстырғанда АҚШ-тың Жапон инвестициясына ымырашылдық танытуына байланысты АҚШ-тың Жапонияға наразылық білдіруін келтіруге болады.

Өзге мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық туралы келісім-шартты жасаса отырып немесе халықаралық  ұйымдарға кіре отырып келісім-шартқа қатысушылар ұлттық экономикаға шетел инвестициясының еркін түрде кіруіне жиі түрде жол беруге мәжбүр. Қазақстан үшін алғашқы екі себеп тән.

Елге әртүрлі жолдар немесе қаржы ағыны арқылы тартылатын шетел капиталы қолданылу мақсаттары, беру шарттары бойынша ерекшеленеді.

А-тобын әдетте бір  немесе бір топ объектімен (нысанмен) байланысты, тауарларды немесе қызметтерді  экспорттаушы елден сатып алу  шартымен берілген кредиттер ретінде  түсіндірілетін экспорттық кредиттер  құрайды. Олар екі негізгі формада  болады: технологияларды, жабдықтарды және т. б.3 жылдан астам уақытқа беру мақсатымен берілетін инвестициялық кредиттер, және дайын тұтыну тауарларды, сондай-ақ инвестициялық жобаларға байланбаған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізіп беру шартымен берілетін тауарлы кредиттер (3 жыл мерзімге дейін). Әлемдік практикада осы тектес экспорттық кредиттер әдетте жоғары дәрежелі банктердің кепілдемесімен беріледі. Алайда, саяси және экономикалық қауіп-қатері көп кездесетін өтпелі экономикасы бар елдерден экспорттаушылар жиі түрде үкіметтің кепілдемесін талап етеді.

Информация о работе Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері