Инвестициялық жоба түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КIРIСПЕ.doc

— 1.47 Мб (Скачать документ)

Инвестициялау ресурстарын  іздестіруде қайта өңдеуге және өндірістік мақсатқа пайдалануға арналған пайдалы қазбабайлық немесе табиғи ресурстардың болуы негізгі шарт болып табылады.Сондай-ақ,бұл сатыда сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін демографиялық,әлеуметтік және экономикалық факторлар да есепке алынады.Жобаны инвестициялау мүмкіндігін іздестіру импортқа орын ауыстыратын өнімдер көлемі,сондай-ақ экспорттық маңызы бар тауарлар мен қызметтер көлемі талданады.

Кез келген инвестициялық  жоба алдын ала дайындалып,жоба жасауды  аяқтағаннан кейін қаржыландыруды талап етеді.Жобаны қаржыланндыру  барысында жобаға қажетті әр түрлі  ресурстар бойынша жобаға қатысушылар оларға өзара келісімшартпен келісімдер жасайды.Инвестициялық жобаны іске асырудың бұл кезеңінде маркетингтік зерттеулер жасау,сонымен қатар кадрлардың немесе мамандардың біліктілігін арттырумен байланысты маңызды мәселелер қарастырылады.

Инвестициялық жобаны жасаудың үшінші кезеңі бұл іске асырылған жобаның нәтижесінде пайда болады. Жаңа  объектіні, оның тапсырушысына кілтін беруден бастай отырып, оны қабылдау және қосу шаралары және тағы сол сияқты жұмыстар атқарылады.

Сондай-ақ,бұл  кезеңде пайдаланылатын бұл объектінің құрал-жабдықтарын айырбастау және инновациялауға байланысты мәселелер  қамтылады. [7,230б] 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Инвестициялық жобаның жіктелуі

 

 

Инвестиция – бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды қолдану.

ҚР «Инвестициялар туралы»  Заңда (8.01.2003 ж.) инвестицияның мынандай анықтамасы берілген инвестиция – барлық мүлік түрлері (жеке қолдануға берілген таурлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік әрекет үшін пайдаланатын белгіленген активтердің ұлғайтылуы.

Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.

Тұтынушылық инвестициялар  – бұл ұзақ мерзімді пайдаланылатын қозғалмайтын мүлікті немесе тауарларды сатып алу. Инвестициялаудың объектісі  ретіндегі қозғалмайтын мүлік мынадан  тұрады: жеке қозғалмайтын мүлік (бір отбасына арналған коттедждер, кондоминиумдар, пайда әкелетеін қозғалмайтын мүлік); жалға берілетін қозғалмайтын мүлік; сату үшін алынған қозғалмайтын мүлік (жер учаскелері және арнаулы белгіленген құрылыстар, яғни жанар-жағармай станциялары, шіркеу ғимараттары және т.с.с.).

Ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларға кіріс әкелетеін мүліктік құндылықтар жатады (мысалы: алтын бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат және т.с.с.).

Экономикалық инвестициялар  – кіріс алу үшін тауарлар өндірісімен және қызмет көрсетумен байланысты болатын қаражатты нақты активтерге салу. [8,291-305бб]

Пайда табу мақсатында құнды  қағаздарға инвестициялау қаржылық инвестиция деп аталады.

Инвестициялардың мақсатына  қарай екі түрі бар:

1) капиталды құрайтын

2) интеллектуалды

Капиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емес активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.

Интеллектуалды инвестициялар – мамандарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.

Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:

1) мелекеттік инвестициялар

2) жеке инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар  бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде  алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге инвестицияның  кең таралған түрлері:

1) шетелдік инвестициялар

2) ұлттық инвестициялар

Мұндай бөлінудің негізгі  – инвестицияның инвестордың  елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады. Инвестициялық  жобалар келесі белгілері бойынша былай  жіктеледі:

 

 Кесте 1 - Инвестициялық жобалар сыныптамасы [9,345б]

Инвестиициялық  қатынастарды реттеу.

Инвестициялық қатынастарды мемлекет реттей отырып, инвестициялық  әрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен әдістерін қолданады. Мемлекет инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы басқарады.

Инвестициялық мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігі белгіленген:

-   тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестиция аумағында; кенді пайдалану аумағында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру аумағында; қаржылық және несие саясатын жүргізу аумағында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аумағында жүзеге асырылады.

- инвестициялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру.

Инвестициялық жоба – алға қойылған мақсатқа  (оң нәтижеге) қол жеткізуді сипаттайтын ой, іс, қызмет пен шаралардың жиынтығы, оны жүзеге асырудың кезектілігі мен осы шараларды сипаттайтын ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық, инженерлік-техникалық, экономикалық және қаржылық құжаттардың жүйесі.

Инвестициялар секілді  капитал салу объектілеріне байланысты  инвестициялық жобалар да  қаржылық және нақты инвестициялық жобаларға бөлінеді. Қаржылық инвестициялық жобалар қаржылық активтерге қаражат салуды көздесе, нақты инвестициялық жобалар материалдық өндіріске бағытталған ұзақ мерзімдік салымдармен байланысты.

Ешбір жоба мәңгілік емес, сол себепті оның басталу мен аяқталу сәттерінің болуы да міндетті.  Инвестициялық жоба ойының пайда болуы мен оның аяқталуы арасындағы мерзім – жобаның өмірлік циклі деп аталады. Нақты инвестициялық жобалардың өмірлік циклі бірнеше кезеңді қамтиды: инвестициялау  алдындағы кезең, инвестициялау кезеңі, жобаны пайдалану кезеңі және жобаның жойылу кезеңі. [10,29-32бб]

Инвестициялау алдындағы кезеңде  инвестициялық ой, жоба қалыптастырылады,  оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері талданады, жобаның техникалық–экономикалық тиімділігі негізделеді. Инвестициялық ойдың негізін қанағаттандырылмаған сұраныс, кәсіпкердің жеке бастамасы, артық ресурстардың болуы, қоғам мен экономикалық ортадағы өзгерістер, әлеуметтік-саяси өзгерістер қалауы мүмкін. Одан кейін инвестициялық ойды жүзеге асырудың мүмкіншіліктері: қажетті инвестиция көлемі, потенциалды сұраныс көлемі, баға, бәсекелестік орта, инвестициялық климат, техникалық мүмкіндіктер, институционалдық орта, шығын мен нәтиженің қатынасы, тәуекел деңгейі бағаланады.          

 Инвестициялау  кезеңінде  күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге, техника мен технология жеткізуге келісім–шарттар дайындалады, өндірістік қуатқа, өндірістік қорларға т.б. қажеттіліктерге инвестиция бөлінеді, құрылыс жұмыстарын жүргізу мен өндірістік қуаттарды іске қосу  кестесі нақтыланады, шикізат пен материалдар жеткізуге келісім–шарттар жасалады, қажетті персонал таңдалады, өндірілетін өнімді өткізу бойынша келісім-шарттар дайындалады. Бұл кезеңнің шешуші міндеті – өндірістік қуат объектілерін бекітілген кестеге сәйкес іске қосу. 

Жобаны пайдалану  кезеңі – жобаның өмірлік циклінің ең ұзақ сатысы. Бұл кезеңде жоспарланған құрылыс жұмыстары қабылданып алынады, техника мен технологиялық жабдықтар іске қосылады. Осы кезең барысында жоспарланған нәтижелер қалыптасады, жобаны жүзеге асыруды жалғастыру не оны тоқтатудың мақсаттылығын анықтау үшін алынған нәтижелерге бағалау жүргізіледі. Инвестициялау алдындағы кезеңде жобаны жүзеге асырудың барлық сәттерін толықтай болжау мүмкін болмауына байланысты, осы кезеңде жобаға жекелеген  өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жобаны жүзеге асыру барысында ескірген құрал жабдықты айырбастау, өндірісті кеңейту, инновациялар енгізу жұмыстары жалғастырылады.

Жобаның өмірлік циклінің соңғы жобаның жойылу кезеңі де үлкен маңызға ие және ол міндетті түрде инвестициялық бағдарламаларда ескерілуі тиіс. Бұл кезең барысында негізгі үш міндет шешіледі. Біріншіден, аяқталған не тоқтатылған жобаның теріс салдарлары (негізінен, экологиялық сипаттағы салдарлар) жойылуы тиіс. Жобаның  сипаты мен көлеміне қарай бұл міндетті шешу қомақты қаржылық шығынға алып келуі мүмкін, сол себепті ол шығындар мүмкіндігінше инвестициялау алдындағы кезеңде  ескерілуі тиіс. Екіншіден, аяқталған жобамен байланысты болған айналыс капиталын, бос қалған өндірістік қуаттарды басқа бағытта пайдалануды шешу қажет. Үшіншіден, аяқталған жобаның нәтижесі мен жоспарланған нәтижеге салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Оның негізінде жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде орын алған позитивті және негативті жайттар, олардың себептері мен салдарлары анықталады. [11]

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің  келесі белгісі – инвестициялау  мерзімі. Аталған белгі бойынша  инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың  меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп  көрсетуге болады.  Жеке инвестициялар  жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың  капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады. [12,23-33бб]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау

 

 

Қазақстан Республикасы  экономикасының дамуы  отандық  және     шет  елдік инвестициялардың   тартылумен  тығыз  байланысты болып  келеді. Инвестицияларды  әр түрлі  қаржы  құралдарын  шығара  отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде  қолға алынды. Оған елдегі қолайлы  инвестициялық   климат өз әсерін тигізуде.  Инвестиция негізінен  екі бағытта  тартылады: бірінші  бағыт несие алу  арқылы, ал екінші  бағыт  бағалы қағаздар  шығарып  сату арқылы.  Инвестициялық  жобаларды  дайындай отырып ссудалық    қаражаттарды биснеске  тарту соңғы  жылдары  Қазақстан банктерінде қолға  алына бастады. Мұндай  инвестициялық  жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз  алушыға  қажетті  сома әрбір аяқталған  жұмыстан кейін  беріледі.  Инвестициялық  жобалар негізінде несие алу  барысында кепіл мүлікті талап  етілмейді. Инвестициялық құралдардың  арасындағы жобалар      арқылы  несие алу экономиканың нағыз  секторларын  дамытуда  болашақта   негізгі   құрал  болатыны  сөзсіз.

Жобалық несиелеу – бұл  халақаралық  және  отандық  тәжірибеде  қолданылатын  несиелеудің жаңа  нысаны болып  табылады   және  оның дәстүрлі  банктік  несиелеудің  мынандай артықшылықтарын   атап  айтуға  болады:

- инвестициялаудың  стратегиясын  дайындау;

- инвестициялаудың  белгілі-бір  уақытша аясын белгілеу;

- инвестициялық  приоритетті  анықтау;

- баламалы  нұсқаларды  қарастыру;

- инвестицияның  жүзеге асыру  жоспарын дайындау;

- бір уақытта  бірнеше  көздер  арқылы қаржыландыра алу.

Дұрыс  қолданылған инвестициялық  жоба  жалпы ресурстар  көздерін

ұтымды  пайдалану  есебінен  экономикадағы  ресурс  тапшылығын  азайта  алады. Алайда,  жобалық  әдістің өзіне  тән кемшіліктері  де  бар. Ең  алдымен,    бұл   болжаудағы,  есептеулердегі  мүмкін    болатын     қателер, сонымен қатар   нарықтағы  әр түрлі  өзгерістер,  инфляция  құбылмалығы,  заңдардың  өзгеруі  сияқты  түрлі факторлар  әсері  жобалық  әдістің  тартымдылығына  тежеу болады.  Сонымен қатар, қарыз алушыға  тән  жобалық  несиелеудің мынандай  жағымсыз жақтары  көрініс  береді:

Информация о работе Инвестициялық жоба түсінігі