Салық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 11:14, реферат

Краткое описание

Алым (заң) — мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлемдер,олардан алынатын ақша (алымдар).
Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Алымдар және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Салықтың белгілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Алымдардың салықтан айырмашылығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салық түсінігі.docx

— 39.82 Кб (Скачать документ)

Жоспары

 

 

КІРІСПЕ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1. Алымдар және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. Салықтың белгілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Алымдардың салықтан  айырмашылығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Алым (заң) — мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлемдер,олардан алынатын ақша (алымдар).

 

Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді.

Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі. 
Жергілікті бюджеттерге еептелетін алымдарды төлеу көбінесе каржылық аспектілерді де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдерді және тіркеулерді, объектінің, қызметтің және т.б. белгілі бір халін белгілеуді ресімдеумен байланыстыларды да қоса, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді. 
Тіркеу алымдары - уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс- әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті төлемдері. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (тіркеу органдары) жүзеге асырады. Олар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдын 20 сынан кешіктірмей өзінің орналасқан орны бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді. 
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеу іс- әрекеттерін олардың мүдделеріне жүргізетін жеке және заңи тұлғалар алым төлеушілері болып табылады. 
Тіркеу алымдары мынадай іс-әрекетерді: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ак қайта тіркегені; дара кәсіпкерлерді; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды; жылжымалы мүлік кепілін және кеменін немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын; радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды; көлік құралдарын, сондай-ак оларды қайта тіркегені; дәрілік заттарды,сондай-ақ оларды қайта тіркегені; туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық келісімшарттарды, сондай-ак оларды қайта тіркегені; мерзімді баспа басылымын және акпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені және тіркеу іс-эрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған операциялар каржылық қатынастардан кәдуілгі тауар-ақшалай қатынастарға түрленіп отырған рыноктық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің фискалдық және тарифтік-бағалық сипатының үйлесуі өте-мөте өрістеді. Мұндай ақылы қызметтердің шеңбері, мысалы Жол полициясының алымдарын, өлшем мен өлшеуіш приборларды тексергені және таңбалағаны үшін алымдарды, баска бірқатарларын кіріктіреді. 
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып есептеледі. Қаралып отырған төлемдердің катарында ресурстар үшін төлем ақылар бөлініп көрсетіледі: жер учаскелерін пайдаланғаны; қоршаған ортаға эмиссия; жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны; орманды пайдаланғаны; жануарлар дүниесін пайдаланғаны; ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайданганы үшін төлемақылар. 
Мысалы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жер салығына қарағанда) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады (жер учаскелерін бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға беруді шығарып тастағанда). Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады. 
Мемлекеттік баж төленетін кызметтердің тізбесі тым кең және ол Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлемелер бойынша мыналардан: сотка берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан (шағымдардан), сот бұйрғын шығару туралы және бірқатар басқа арыздардан, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін (дубликаттарын) қайтадан беру туралы арыздардан; азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға оларды тіркеу туралы анықтамалар мен куәліктер бергені және азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруга және калпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін; Қазақстан Республикаеының азаматтығын алуга, азаматтықты қалпына келтіруге немесе оны тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін; нотариаттық іс-эрекеттер жасағаны үшін, сондай-ак нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін; тұрғылықты жерін тіркегені үшін; жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін; Қазақстан Республикасына келүге немесе шетелге шығуга байланысты іс-эрекеттер жасағаны үшін; зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңдық мәні бар іс-әрекеттер және басқа іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері қолданылады,олар айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алына отырып есептеледі. 
Мысалы, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін баска міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді, ол:

азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;

азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерін құрайды.

Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы тиісті жергілікті бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлемдік құжаттар беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкімет төлем шлюз» арқылы берілген төлем туралы чек). 
Мемлекеттік баж банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді және уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) қркаттарды берген жері бойынша есепке жазылады. Төленген мемлекеттік баж салық заңнамасында белгіленген жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады. Қазақстан Республикасының шеқарасынан тысқары жерде және оның аумағында атқарылған консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін мемлекеттік баж түрі консулдыц алым алынады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін консулдық алымның ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлерін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізге алына отырып белгіленеді. 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігі консулдық алымдардың базалық мөлшерлемелері шегінде шетелдік мекемелер үшін нақты мөлшерлеменін. мөлшерін белгілеуге құқылы. 
Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы аумағында төлеу Ұлттық банк алымды төлеу сәтіне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі. Заңи және жеке тұлғалардың алымдары,баждары және өзге төлемдері бойынша төлеушілердің жеке санаттарына да,сонымен бірге белгілі бір іс-әрекет жасалған кезде де әр алуан жеңілдіктер белгіленген. Жеңілдіктер бұл төлемдерді төлеуден ішінара немесе толық босату түрінде белгіленеді.[1]

Салық кодексімен белгіленген алымдар 

Тіркеу алымдары

Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдармен келесі  тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде  алатын бір жолғы міндетті төлемдер:

1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлік  кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар  мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) жоғарыда аталған тіркеу  іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын  құжаттың телнұсқасын бергені  үшін алынады.

Алым төлеушілер болып тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар табылады.       

 Алым ставкалары салық  кодексінің 456 бабымен белгіленіп, тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  айлық есептік көрсеткіш (бұдан  әрі – АЕК) мөлшеріне есептеледі.

Алымдарды төлеуден босату салық кодексінің 457 бабымен белгіленген.  

 Алымдардың сомалары  белгiленген ставкалар бойынша  есептеледi және салық салу объектісінің  тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге  дейiн төленедi.

Алымдарды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.

Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша  аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейiн салық органдары жүргізеді. 

 

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН

ЖҮРГЕНІ  ҮШІН АЛЫМ

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым): 

1) халықаралық қатынастарда  жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды  жүзеге асыратын отандық автокөлiк  құралдарының Қазақстан Республикасының  аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда  жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды  жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк  құралдарының Қазақстан Республикасының  аумағына келуi (кетуi), Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  транзитi; 

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және  шетелдiк автокөлiк құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағымен  жүруi; 

4)   концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi,  егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

4. Көлік саласындағы уәкілетті  мемлекеттік органдар ай сайын  есепті айдан кейінгі айдың 20-нан  кешіктірмей өзінің орналасқан  жері бойынша салық органдарына  уәкілетті орган белгілеген нысан  бойынша алым төлеушілер мен  салық салу объектілері туралы  ақпарат береді.       

 Алым ставкалары тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  айлық есептік көрсеткіш (бұдан  әрі – АЕК) мөлшері негізге  алына отырып, мынадай мөлшерлерде  белгіленеді жәге салық кодексінің 461 бабымен белгіленген.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.

АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ  

 

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.       

 Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым  алу объектiсi болып табылады.

Салық кодексінің 465 бабының 2 тармағында көрсетілген сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi. 

Алым төлеу  алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.

Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.  

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.

Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді. 

Информация о работе Салық түсінігі