«ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бижикеева Жансая өшірмендерші.docx

— 74.24 Кб (Скачать документ)

 дерге  баланы оқытуда бейне және  ойын бағдарламаларын тиімді  пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан  бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.

 Демонстрациялық  материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу

 оқушылардың  сөздік қорын да байытып, қажетті  мәліметтерді еске сақтауына  мүмкіндік береді және осы  тақырыпқа деген қызығушылығын  арттырады.

 Өзге  құралдардан компьютердің ерекшелігі  — оның қатысымдық құрал бола  білуі. Бұл — мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.

 Мысалы 8 сыныпта «Ішкі Бөкей ордасындағы 1836-1838жылдардағы шаруалар көтерілісін» өткен кезеңде көтеріліс басшылары туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.

 Осындай  жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.

10 сынып  оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан.

 «Алғашқы  адамдар өмірі» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.

 Мысалы:

 Электрондық  оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулық арқылы Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

 Электрондық  оқулықтарды пайдалану оқушылардың,  танымдық белсенділігін арттырып  қана қоймай, логикалық ойлау  жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен  еңбек етуіне жағдай жасайды.

 

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен  лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.

 Өз сабақтарымда  электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық  сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар.

(Ұлттық ақпараттандыру орталығы)

10сыныпта  «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде

 электорнды  оқулықтан үзінді алынып, анықтама  берілді.

 

«Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері»тақырыпшасы бойынша

 берілген  мәлімет, анықтамалар оқушылардың  таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді.

 Электронды  оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.

 Мысалы:

 

(Музыка  аспаптары туралы бейнефильм)

 Қорыта  айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

 v Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

 v Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

 v Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

 v Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

 v Тіл байлығын дамытады;

 v Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

 v Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

 v Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

 Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

 

6. Интерактивті тақтада графиктік ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау

 

7. Интерактивті тақта құралдарының атқаратын қызметі

Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін  білім беру саласында жүзеге асыру  бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің  бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан  қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

 

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

 

Білім берудің  негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар:

 

 

ü біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады;

 

ü екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;

 

ü үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді пайдалануға болады.

 

Оқыту үрдісін  компьютерлендіру мақсатында  интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.

 

Көптеген  жаңа технологиялармен қатар соңғы  кездері информатика пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

 

-мультимедия  (видео, аудио қондырғылары мен  теледидарды, электрондық оқулықтарды);

 

-компьютер  (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті  тақта

 

-интернет  және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

 

Ақпараттық  технологиялардың бірі – интерактивтік  тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.

 

Мысалы:   информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда студенттердің  қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады.

 

Жалпы  студенттердің  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

 

1. Студенттің  пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

 

2. Шығармашылық  қабілеттері артады.

 

3. Жылдам  ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

 

4.Студенттер  өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

 

5. Компьютерлік  сауатты болуға үйренеді.

 

Интерактивтік тақтасын қолдану барысында оқытушылар уақытты қалай үнемдейді?

 

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

 

Сабақта оқытушы  интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?

 

Интерактивті  тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда),  көптеген жетістіктері бар.

 

Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны падаланатын оқытушылар ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

 

Интерактивтік тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған.

 

Тағы да ойлау қажет емес. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.

 

 

Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық  нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.

 

Интерактивті  тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға  болады. Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.

 

Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағанда және тақырыпқа қажетті жерін бегілеудермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиетін мысалы географиядан, тарихтан, физика және т.б пандерден сабақ жүргізгенде ынғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суретін алуға болады  және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуга мүмкіншілік  бар.

 

Екінші режим- Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point–презентациясы болуы мүмкін. Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың рөлі ескерледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігін жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық  материалдарын жақсы даярлау қажет, ол үшін интерактивтік тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз.

 

Мысалы, Microsoft World құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжатта  тапсырмаларда қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларының немесе амалдарының дұрыс тізбегінің көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды  сурет  салу панелінің ‘төртбұрыш’ ”овал” обьектілерімен жасырамыз. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз.

 

Үшінші режим  –тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүгізуге өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы

 

құралдары құрылған құжатарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен  құрылған файлдарға, интернет бетерінен  сілтемелерді ұйымдастыруға береді. Объектідегі сілтеме  белгісі арқылы белгіленеді.

 

Сабақтың  бұл формасын өткізуде сол сияқты әртүрлі пәндерге арналған галерея қорларын  пайдаланған тиімді. Қордан алынған материалдарды оқытушы өзіне ыңғайлап өзгерте алады.

8. Интерактивті  тақтаның жұмыс істеуіне қолданылатын  бағдарламалардың түрлері 

 

9. ActivInspire программасының ерекшелігі

ActivInspire −  заманауи оқыту және үйрену  тәжірибесінің іргетасы. Сыныпта пайдалануға арналған бағдарлама оқытушыларға интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Сан алуан  арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасаңыз және оқуды бағалау тапсырмаларын оқушылармен, топтармен және барлық сыныппен қолдаңыз.

 

Әрбір жасқа бөлек интерфейсі бар ActivInspire бағдарламасы оқытушыларға Promethean Planet торабында қол жетімді қосымша қор көздер дүниесімен оқыту әрекеттері, құралдары, кескіндері, дыбыстары мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді.

 

Кеңейтілген қалам және сенсор (ActivBoard 500 Pro пайдаланушыларына  арналған) және жаңа математика теңдеуін өңдегіш мүмкіндігімен оқу мүмкіндіктерінің жаңа дүниесін ашыңыз.

10. PowerPoint презентациялық редакторында графикалық ақпараттарды енгізу әрекеттерін жазыңыз

Графикалық ақпаратты енгізу үшін сканерлерді, графикалық планшеттерді пайдаланады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты енгіеді, бейне тану бағдарламалары оны оқиды.

 

Барабандық  сканерлерде алғашқы материал өте  жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі.

 

Штрих сканері- код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған

 

Графикалық  планшеттер- көркемдік графикалық ақпаратты  енгнізге арналғанастрлық графикада  кескіндер түрлі-түсті нүктелердің  жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Информация о работе «ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары