Этнопедагогика пәні туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2014 в 21:44, лекция

Краткое описание

Этнопедагогика - халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым, этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
«Этнос» («этнос» - гректің «тайпа», «халық», «ұлт» деген сөзінен шықан) және «педагогика» сияқты екі сөзден құралып, этнопедагоика деп аталатын бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі.
Этнопедагогика ғылымы жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан бастап ғылым ретінде зерттеліп, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

этнопедагогика.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

Этнопедагогика  пәні  туралы  түсінік 

 

Этнопедагогика   -  халықтың  тарихи   өмір   тәжірибелерін   жүйелеп  тұжырымдаған   ұлттық    тәлім-тәрбие   туралы  ғылым,  этникалық   қауым  педагогикасының   дамуын  зерттейтін  педагогикалық   білімдердің   жаңа   саласы.  

 «Этнос» («этнос»  - гректің   «тайпа», «халық»,   «ұлт»  деген  сөзінен шықан) және  «педагогика»   сияқты  екі сөзден   құралып,   этнопедагоика  деп  аталатын   бұл  ғылым -  жалпы  педагогика  ғылымдарының түп негізі. 

Этнопедагогика  ғылымы  жиырмасыншы  ғасырдың  60-жылдарынан   бастап  ғылым  ретінде  зерттеліп,  оның  ғылыми-теориялық  негіздері  айқындалды. 

Халық  педагогикасымен  ұзақ  жылдар   бойы  айналысып,  көптеген  ғылыми  еңбектер  жазған   чуваш  ғалымы  Геннадий   Никандрович  Волков  педагогикалық  әдебиеттерге   тұңғыш   рет   «этнопедагогика»  деген   ұғымды  енгізген.  

Этнопедагогика   ғылымының   негізгі материалы  - халық   педагогикасы,  ол – халықтың   мәдени  мұрасы,  ұлттық  тәлім-тәрбие  құралы. 

Зерттеу  объектісі -  халықтың   тәлім-тәрбие  жөніндегі   ұғым-түсініктері,  дәстүрлері,  тәжірибесі    болып  табылатын  ғылым  саласы  ретінде  пайда  болған   этнопедагогика   ұлттық  тәлім-тәрбиенің   қайнар  бастауынан   бастап,  осы  уақытқа дейінгі   болмысын анықтап,   оның  болашағын  белгілеп  беретін, одан  әрі  дамып,  кемелдене  беретін  ғылым.  

Этнопедагогика – белгілі бір халықтың   өзіне  тән  ерекшелігі   бар  дүниетанымдық,  тәрбиелік,  мәдени  мұрасы.       

 Халық  педагогикасы  дегеніміз  -  ұлттар  мен  ұлыстардың   әлденеше  ғасырға  созылған   ұрпақ  тәрбиесіндегі   ұлттық  салт-дәстүрлері  мен   мәдени  ойлау  үрдісінің  озық  үлгілерінің  жиынтығы.   Халық  педагогикасының  негізгі  түйіні  -  еңбек  тәрбиесін  және   өндірістік  білімді,  дағдыны,   шеберліктерді    жас  ұрпақтың бойына  дарытып,   адамгершілік,    имандылық   рухында  тәрбие  беру.   Ол -  ұлттың ұлт  болып    қалыптасуымен   бірге  туып,   бірге  дамып  келе  жатқан   тарихи  және  көне  үрдіс. 

Қоғамның  барлық  тарихи   даму  кезеңдерінде  халық  педагогикасы   жайлы  ұғымды  анықтау,  әр түрлі  ғылыми-педагогикалық  көзқарастарды  қалыптастыру  проблемаларына   көптеген  ғалымдар,  педагогтар   көңіл аударып,  құнды  пікірлер айтып,  ұрпақ  үшін  баға  жетпес  өмірлік  мұралар   қалдырыды.    Атап  айтсақ,  орыс  педагогтары  К.Д.Ушинский,  Н.К.Крупская,  А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов,  Г.С.Виноградов,  қазақтың  көрнекті  жаңашыл  педагогы  Ы.Алтынсарин,  қазақтың  асқан ақыны,  қазақ  тіліндегі  ең  алғашқы  педагогика   оқулығының  авторы  М.Жұмабаев  және т.б. 

Тәрбие  мәселесімен айналысқан  кейбір  ғалым-педагогтардың   зерттеу  мәліметтеріне  қарағанда  халық педагогикасы  жайлы   әр түрлі   ұғымдар  мен  көзқарастарды   байқауға  болдады.   Мысалға,   К.Д.Ушинский   әрбір   елде  халықтың  мүддесіне,  мұқтажына   сәйкес  өзіндік  білім   және  тәрбие  беру   жүйесінің  қажет екендігін  айтқан.  Ол  өзінің    педагогикалық  теориясында   тәрбиенің  ұлыстық   принципіне сүйеніп,   тәрбиенің  халықтық  идеясын  дәлелдеді.   Халық  дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын,  салт-санасын  жақсы  білген  ол:  «дерексіздік  идеяларға  сүйеніп  жазылған  ең  жақсы  тәрбие жүйесін,  халықтың   мол тәрбиесіне   негізделген   тәрбиеге   еш уақытта  тең   бола   алмайды» - деп  тұжырымдаған.[1]

Сондай-ақ  К.Д.Ушинский   халық пеадгогикасының  тәрбиелік  мәнін   өте  жоғары  бағалаған.   Оның  пікірі  бойынша   халық  - бірінші  тәрбиеші,  ал  халық  ертегілері -  халық педагогикасын   жасаудың   бірінші және жарқын  әрекеті.   

ХІХ  ғасырдың   алғашқы  жылдарынан   бастап  ғалымдар  халық педагогикасының   мәселеріне   өз  назарларын аудара  бастады.  Белгілі  этнограф,  әрі  педагог  Г.С Виноградов  өзінің  еңбегінде   халық педагогикасын   жеке  адамды  қалыптастыру   мақсатында   қолданылатын  дағдылар   мен  тәсілдердің,  білім  мен іскерліктің  жиынтығы  деп  сипаттайды.[2]

Оның  пікірі  бойынша   жасөспірімдерді  оқыту  және тәрбиелеу  мақсатында  халықтың  көзқарасын  қолданатын  құралдары  халық педагогикасы  деп атауға  болады,  өйткені,  халық  педагогикасы  халықтың  өмірлік  тәжірибесі.

Халықтық   педагогиканың   пайда  болуы,  дамуы,  қазіргі таңдағы  мәселелерін  жан-жақты   сөз  етіп,  оның  теориялық-методикалық   мәселелерін   анықтауға бағытталған   педагог-ғалымдарымыздың   еңбектерінің   маңызы  айтарлықтай.    Олар,  халықтық  педагогиканы  теория  жүзінде  танытқан  іргелі  педагог-ғалымдар:  Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов, Г.Н.Волков,  Я.Н.Ханбиков,  А.Э.Измаилов, М.Ф.Шабаева,  Е.Л.Христова   және т.б. 

Халық  педагогикасы  халықтардың  ғасырлар  бойы   ұрпақ  тәрбиелеу  тәсілдеріне  негізделген   тағылымдарының   бай  тәжірибесінің   эмприкалық  жиынтығы. 

Ал этнопедагогика   халық педагогикасының   ұрпақ  тәрбиелеудегі   тағылымдарын   ғылыми жүйеге  келтіріп  зерттейтін, оның  тәжірибеде  қолданудың  әдіс-тәсілдерін   теориялық  тұрғыда  сөз  ететін  ғылыми  педагогиканың   бір саласы. 

Этнопедагогиканың   білімділік  мәні   сонда – ол  халықтардың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік  құндылықтарын  ғылыми-теориялық негізде  айқындап,  өмірдегі   қолданылмалы   мән-мағынасын ашып  берді.  Ол  құндылықтар  -  халық  педагогикасы  мен  этнопедагогикалық ойлар тарихы. 

«Біз  тәрбие   ісінде  халықтың  тәжірибесіне  сүйенеміз» - деп  Аристотель  айтқандай,  жалпы  педагогиканың  түп  негізі   ұлттың   тәжірибесіне  байланысты   екені  белгілі. 

Этнопедагогика    халық  тәжірибесі  арқылы   тарихи  қалыптасқан   тәрбие құндылықтарын  жаңғырта, жаңаша  өмірмен  байланыстырып  пайдалану  жолдарын  айқындап  көрсетеді. 

 
Этнопедагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысы 

 

Этнопедагогика   өзінің  ішкі  құрылымымен  сан-салалы  ғылымның   басын  қосатын   аса  күрделі  білім   саласы.  Әсіресе  халық  педагогикасын  зерттеудің  теориялық  негізін   анықтауда   өз  саласындағы  жетістіктермен   қатар  өзімен    сабақтас,  әрі  тамырлас   ғылымдармен де  тығыз  байланысады.     

Өйткені,  жас ұрпақты жан-жақты  және  жарасымды  етіп   тәрбиелеу  үшін   этнопедагогика   басқа  ғылымдардың  нақты  мағлұматтарына  сүйенеді. Олардың  бірі  -  философия  ғылымы.  

Философия  табиғат пен  қоғам дамуының   жалпы  заңдарын,  түбегейлі  мәселелерін зерттейді,  өмір  шындығын  танып   білу  жөніндегі   көзқарастың   негізгі  жүйесі  болып табылады,   адамды  идеялық  сенімге,  айқын  түсіне   білушілікке   тәрбиелейді.   Философия   әр  түрлі  заттарды,  құбылыстарды,  оқиғаларды  терең   және  жан-жақты  зерттей  білуді талап етеді.   Сондықтан   ол басқа  ғылымдар  сияқты   этнопедагогиканы   диалектикалық  әдіспен   қаруландырады.   Кейбір  жалпы  мәселелер   философия мен  этнопедагогика  ғылымдарының   бірігіп  зерттеуін   қажет  етеді.  Оларға  тәрбиедегі  жұртшылықтың,  ортаның  және  тәрбиенің  рөлі  т.б.  жатады.  

Сонымен, этнопеадгогика  философиялық   білімдерді   басшылыққа  алып,   тәрбиенің  мәселелерін  шешуде   өзара байланыста  қызмет атқарады. 

Философия  тарауларындағы  «халықтық  мәдениет»,  «дәстүрлі  мәдениет»  жөніндегі  көзқарастар   тәрбие қызметін   халықтық  мәдениеттің   маңызды  компоненттерінің  бірі ретінде  қарастыруы  бұл  ғылымдардың  тығыз  байланыстығын  көрсетеді. 

Этнопедагогика  қоғамдық,  гуманитарлық  және  психологиялық  ғылымдармен  қатар, диалектология, фольклористика,  этнология,  мәдениеттану,   мифология  сияқты  ғылмдармен де  өте тығыз байланысты.  Себебі,  бұлардың  қай-қайсысы   болсын,  этнос  табиғатын  ашуға  қызмет  етеді  және  олардың  зерттеу  нысаны  да  ортақ.  Мысалы,  диолектология   этностың  жергілікті  сөйлеу  ерекшелігін,  этнология,  фольклористика   және  мәдениеттану  этностың   әлденеше ғасырға  созылған    мәдени  даму  үрдісін,  заттық  және  рухани мәдениетін,  салт-дәстүрін  зерттесе,  мифология   этностың   дүниетанымын,  сенім-нанымын,  өзін  қоршаған ортаға  деген   көзқарасын зерттейді.   Олай  болса,  бұлардың  барлығы  да  тікелей  этносқа  қатысты,  бәрі  де  этностық  ерекшеліктерді   сипаттайды. 

Ұлттық   тәлім-тәрбиені  (этнопедагогиканы)    іске  асыратын  ұлттық  тіл (этнолингвистика)  екені,   ал оның  ұлттың   ішкі  жан  дүниесімен,  сана-сезіммен   байланысты  (этнопсихологиямен)   жүргізілетіні   белгілі.  

Этнопедагогика   тарих,  археология,  этнология  ғылымдарымен  қоса  этнопсихология  және фольклористика   ғылымдарының  қағидаларына  ерекше сүйенеді.

Этнопедагогиканың    оқыту әдістері 

 

Әрбір  ғылым  өзінің  дербес  әдіснамасын,  әдістерін  жасайды.  Сол  сияқты   этнопедагогиканың   да  өзіне тән  тәрбиелеу  және  оқыту  әдістері  бар.  Сонымен  қатар  этнопедагогика    педагогика  ғылымдары  жүйесінің   ажырамас  бөлшегі   бола  отыра,  өзінің   таным  объектісін   зерттеуде  педагогиканың  бүгінгі  жетістіктеріне  сүйененіп,   оның   материалдары  мен  әдістерін  пайдаланады.

Этнопедагогиканың  оқыту  әдістері: 

 

  

 

 

 СҰРАҚТАР 

 

1. Этнопедагогика  пәні,  оның  негізгі  мақсаты. 

2. Халықтық  педагогика  мен  этнопедагогика  арасында  қандай  айырмашылықтар бар?

3. Тәрбие  және  оқу  мәселелерін тиімді  жүргізу  үшін  этнопедагогика   қандай  ғылымдармен   тығыз  байланыста  болуы  қажет?

4. Этнопедагогиканың    оқыту әдістерін  сипаттаңыз.  

 

Фольклор – халық  тәрбиесінің  негізгі    көзі 

 

Белгілі бір халыктың дербес ұлт болып өмір сүруінің  басты белгісі - оның рухының өміршеңдігінде. Рухы   мықты  халық ешуақытта тарих бетінен өшпейді, жер бетінен жоғалмайды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының  сан  ғасырларға созылған  өткендегі тарнхы соның  айғағы. 

Халықтық рух ұғымының мағынасы кең. Оған ұлттық  дәстүр, дүниетаным, эстетикалық  талғам,  әдет-ғұрып,  салт-сана, тұрмыс-тіршілік,  ұлтық болмыс-бітім  т.б. жатады.            

 Халықтың рухы, оның жоғарыда аталған басты белгілері  қазақтың  ғасырлар  бойы  өзімен  бірге  келе  жатқан,  бүкіл болмыс-тіршілігінің,  рухани өмірінің айнасы болған фольклорында айрықша бейнеленген.  ХІХ  ғасырда  қазақ  фольклоры  туралы   алғаш  жүйелі  пікірлер айтқан  ғалым  әрі саяхатшылар  А.И. Левшин, А.Янушкевич, Ш.Уәлиханов,  Г.Н.Потанин, В.В.Радлов  біздің  фольклорымыздың  осы  жағына  ерекше  көңіл бөлген.  Олар  қазақ халқын  терең,  әрі  жан-жақты  түсіну  үшін  алдымен  оның  фольклорын  білуді,  оны  жинап бастыруды мақсат  еткен. 

Фольклор – синкреттік өнер.  Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театры, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып келеді.

Атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.

Неміс ғалымы  Кнафльдің анықтауынша, фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді. «Folk» - халық, «lore» - білім,  даналық мағынасын береді. Ағылшын ғалымы Томс та фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімді жинақтайтын термин дейді.           

 Фольклордың ерекшеліктері: фольклордың ұжымдық және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы. Фольклор шығармаларынан халықтың тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері, мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Қазақ фольклорының  образдары жанды,  әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклордың бас кейіпкерлері, көбіне, мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз, фольклор пессимизм дегенді білмейді. Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің негізін қалаған.

Фольклор – халқымыздың сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп, сақтаған асыл қазынасы,  ұрпаққа айтар өсиеті.  Фольклордың жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны ерекше. Ұлы  дала төсінде көшіп-қонып жүрген қазақ халқы өз мәдениетін қалыптастырып, тілі мен өнерін домбыра негізінде дамытып, әуен арқылы сөзін ширатып, қызғылықты тәрбие жолын ұстай білді. 

Халықтың   тұрмыс-тіршілікке    байланысты   жыраулар,  дарын иелері    әдеби  шығармалар  шығарып,  дәстүрлер  мен  салт-сананы  қалыптастыру  арқылы    тәлімдік   нұсқаларды  пайдаланып,  ұлттық  тәрбиенің     (этнопедагогиканың)   негізі  ретінде   өмір  тәжірибелерінен   алған асыл  дүниелерін   тәрбие  ісіне  жан-жақты  пайдалана   білді.  Баланың  бес  жасқа  дейінгі  кісілік  (тұлғалық)   негіздерін    қалыптастыруда   халық  сан  үйрету  үшін  санамақтарды,   тілін  ширату  үшін  жаңылтпаштарды,  намысын  ояту  үшін   мазақтамаларды,  ойын  дамыту  үшін   жұмбақтар  мен  мақал-мәтелдерді,  тақпақтарды  ойлап  шығарып,  тілашар   дәстүрін   дамытқан.

Халық  жас  ұрпақты  ерлікке,  бірлікке   тәрбиелеу  үшін   батырлық  жырларды  уағыздап,  оның  ғасырлар  бойы   қалыптасып,  дамуына   өз  үлесін қосып отырған.   Әлемшарлық  әдебиете    батырлық  жырлары  ең  мол   ел  -  қазақ  елі.  «Қобланды батыр»,  «Ер  Тарғын,  «Ер  Саин»    жырларынан  бастап   Қырымның  қырық батырын»  қамтитын   бұл  жанрдың  тәрбиелік     мәні  өте зор.     

         Халықтың  тұрмыс  тіршілігіне   байланысты  шығарылып,  ауыз  әдебиетінде   қалыптасқан  тұрмыс-салт   жырларының   (төрт  түлік  мал туралы,   беташар,  тойбастар,  қоштасу,  жоқтау, толғау  т.б.)    ұрпақ тәрбиесінеде  алар орны  ерекше.  Сондай-ақ   ауыз  әдебиетіндегі   ойын-өлеңдер,  өтірік  өлеңдер,   айтыс  өлеңдер,  термелер   мен   жыраулардың  өнегелік-өсиеттік жырлары   -  ұлттық  тәрбиенің    өзекті  көркем,  эстетикалық    құралдары  екендігі   белгілі. 

Информация о работе Этнопедагогика пәні туралы түсінік