Этнопедагогика пәні туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2014 в 21:44, лекция

Краткое описание

Этнопедагогика - халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым, этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
«Этнос» («этнос» - гректің «тайпа», «халық», «ұлт» деген сөзінен шықан) және «педагогика» сияқты екі сөзден құралып, этнопедагоика деп аталатын бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі.
Этнопедагогика ғылымы жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан бастап ғылым ретінде зерттеліп, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

этнопедагогика.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түрік елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты опасыз бектер мен әміршілер билегені тарихтан жақсы мәлім. Бұл жайында Түрік қағанаты тұсында, яғни VIII ғасырда жазылған  «Күлтегін»  дастанында төмендегідей жыр жолдары бар:

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады,

Біліксіз қағандар отырған екен,

Жалтақ қағандар отырған екен

Міне, бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткен күндердің бірінде Қара қаған құрылтай шақырды. 

Сөйтіп, осы құрылтайда төніп келе  жатқан қытай қатері жөнінде айтылады.  Әйтсе де түріктер кешігіп қалған еді. Араға көп уақыт салмай-ақ өзара іштей айтысып-тартысып, қырық пышақ болып жатқан түрік еліне күтпеген жерден сан мыңдаған  қытай әскері басып кірді. Дайындықсыз жатқан түрік елі қапылыста қалды.

Міне, бұдан кейін не болғанын біз «Күлтегін» жырынан оқып білеміз.

Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағанатының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне кеп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағанатының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Осы қатерлі сәтті ақын Йоллығтегін өзінің Күлтегін батырға арнаған жыр жолдарында мейлінше айқын көрсеткен:

Түркі  халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айрылды;

Табғаш халқына бек ұлдары құл болды, 

Пәк қыздары күң болды  

Алайда тәкаппар, әрі ер жүрек түрік жұрты құлдықтың қорлығына көп шыдай алмады. Құлдықтан  гөрі өлімнін,  өзі артық деп білді:

Түркі халқы:

«Қырылайық, жойылайық», -  десті,

Ажалға жылжи  бастады,

Көкте түркі тәңірісі,

Түріктің қасиетті жері, суы былай депті:

«Түркі халқы жойылмасын», - дейді, -

«Ел болсын», - дейді.

Бұдан кейін арада елу жыл өтті. Түріктер өз азаттығы үшін тынымсыз елу жыл бойы күресті. Ақыры жеңіске  жетіп, өз алдына дербес, егеменді ел болды. Бірақ егемендікті сақтап қалу үшін түріктер тағы да жүздеген жылдар бойы азаттық күресін жүргізе берді.

Біз жоғарыда түрік елінің сан ғасырлық тарихын жыр еткен шежіре-дастаңцар туралы айттық. Бұл дастандар ғылым тілінде «Орхон жазба жәдігерліктері» деп аталады. Ал, біз жоғарыда жыр жолдарынан мысал келтірген дастан түрік елінің даңқты әскери қолбасшысы, Елтеріс қағанның кенже баласы Күлтегін батырдың (684-731) ерлік істеріне арнап жазылған. Бұл дастан жазылған үлкен құлпытас Күлтегін батыр зиратының басына қойылған. Сондай-ақ біз Күлтегін батырдың ағасы, түрік елінің көсемі Білге қаған және қағаннынң ақылгөй-кеңесшісі, данышпан Тоныкөк қарт туралы жазылған тарихи дастандар хақында айтып отырмыз.

Жоғарыда аталған екі дастан да, дәлірек айтсақ, олар жазылған құлпытастар бір кездегі Ұлы Түрік қағанатының астанасы орналасқан қазіргі Монғолиядағы Орхон өзені бойынан  -  Көкшың деген жерден табылған.

Сонымен, Білге қаған, Күлтегін батыржәне данышпан Тоныкөкке арналған бұл ескерткіштерді тапқан Сібірде айдауда жүрген швед офицері               И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г. Мессершмидт еді.  Бірақ бүдан сан ғасыр бұрын түріктер қолданған әріптердің қалай оқылатынын ешкім білмейтін болып шықты. Тасқа жазылған дастандардың мәтіні суретке түсіріліп дүние жүзінің осы саладағы ең атақты лингивист-мамандарына жіберілді. Ғалымдар әртүрлі болжам айтты. Біреулері оны көне фин жазуы десе, екіншілері ежелгі герман, үшіншілері скиф-славян яки монғол жазулары деген пікір айтып жатты.

Скандинавия елдерінің ғалымдары бұл ескерткіштер жазуын «рунь», яғни «руна» жазуы деп атап кетті. Бұл сөздің қазақша мағынасы  «сыры ашылмаған», «қүпия» деген ұғымды білдіреді. Сол себепті жоғарыда аталған дастандар тілші-мамандар арасында «руна жазуындағы  жәдігерліктер»  деп аталып кетті.

Ақыры 1893 жылы қарашанынң  25-і күні Дания Корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде  Вильгелм Томсен  (1842-1927)   әлемді дүр сілкіндірген ғылыми мәлімдеме  жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік»  деген сөздер  екен.

Дәл осы кезде академик В.В. Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты. Бұрын ғылыми қауымға белгісіз болып келген көне түркі әріптерімен  жазылғанОрхон  жәдігерліктерінің  мәтінін оқу, зерттеу және басқа тілдерге тәржіма жасау ісіне кезінде В.В.Томсен, В.В.Радлов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты ғалымдар мол үлес қосты.

Жуырда Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеп келе  жатқан білікті ғұламалар Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы»  деп аталатын кітапта  «Еуразия Ұлы Даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген,  мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тари-хын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп, өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған.

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 


Информация о работе Этнопедагогика пәні туралы түсінік