«ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бижикеева Жансая өшірмендерші.docx

— 74.24 Кб (Скачать документ)

 Растрлық  кескіннің сапасы сол кескіннің  өлшеміне (тігінен және көлденең  орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

 Мұндай  типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық  редакторларда өңделеді. Растрлық  кескіндер векторлық кескіндерге  қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

 Растрлық  кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. 

 Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей  түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін  өзгертуге болады; нүктелерді қажет  болмаса ішінара алып тастауға  немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің  әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

 

 Кемшілігі:  растрлық кескін өлшемінің масштабын  өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

 Растрлық  кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

 Бірақ  бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте  жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

 Растрлық  графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды  жасап шығару үшін де жиі  қолдылады. Растрлық графикалық  редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

 

 Векторлық  кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

 Векторлық  графиканың басты артықшылығы  оған кескін сапасын жоғалтпай  өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге  және үлкейтуге болатындығы. Келесі  артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

 Векторлық  графикамен жұмыс істеуге арналған  программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

11. Интерактивті тақта құралдарын пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Интерактивті  құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

 Білім  берудегі интерактивті технология  – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын  білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті  құралдарды пайдаланудың тиімділігі.

Қазіргі уақытта  заманымызға сай қазіргі қоғамды  ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі  міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып табылады.

 Қарапайым  тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім  интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.

Интерактивті  тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.

Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Оқу материалдар  базасын жасау, қызметтестермен  жасаған материалдарды өз сабағымда  пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын  үнемдейді.

Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік  тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.

Интерактивті  тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.

Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық  нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.

Мұғалімдерге  тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.

Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған  болу керек, сонда ғана материалдар  жылдам түсіндіріледі.

Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру.

 Сабақ  үрдісінде пайдаланып жүрген  әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға  деген ынта-ықыласының, дағды мен  ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану

 Оқу –  тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

 Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда  интерактивті құралдарды қолдану  мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Интерактивті  тақта – дегеніміз не?

Интерактивті  тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы  арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам  – дегеніміз не?

Aктивті  қалам – бұл меңзерді басқару  құрылғысы және компьютер мен  тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwand указкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның  сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс  жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен” жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель)  үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал

проектор  болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция  немесе презентация кезінде аудиторияда  еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет  қарапайым тышқанның қызметін  атқара алады, презентация мен  конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

 

 

ACTIVote

ACTIVote тестілеу  жүйесі конференцияның барлық  қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше  берілген жауаптардың нұсқаларынан  желісіз радио пульттің батырмасын  басу әдісімен жауап беруге  мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен  ақпарат ACTIVboard қабылдайды және  де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана  отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында  флипчартта мәтіндік немесе графиктік  түрде тест сұрақтары кітапханада  сақталады да, тестің нәтижесін кесте  немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады

12. Флипчарт және флипчарт кескіні Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге  қажетті құралдардың барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,  объектілерге  сілтемелер   қоюға немесе объектілерді  бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

ACTIVstudio программасы іске қосылғанда  бірден компьютердің экранына  сәйкес келетін жаңа флипчарт  құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың  қолдануға дайын беті. Флипчарт     батырмасын басқаннан кейін ғана  іске қосылады. Бұл батырманы  ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс  жасауға қолданылады. 

Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды  ұйымдастыруға көмектеседіФлипчарт құралдар тақтасы  арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды  ұйымдастыруға көмектеседі Флипчарт құралдар тақтасынан  «Кітапхана ресурсы»

батырмасын басыңдар. Кітапхана  ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте мҚазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада  буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.

Информация о работе «ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары