«ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бижикеева Жансая өшірмендерші.docx

— 74.24 Кб (Скачать документ)

 • Бұл  тақтада жазылған мағлұматты  қарапайым тақта кескінімен салыстыру мүмкін емес, ол – түрлі-түсті, айқын.

 • Ол  күрделі ақпаратты түсінікті  етіп жеткізуде өте ыңғайлы құрал.

 • Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе,  тез арада түзетуге болады.

 • Сабақ  барысында ACTIVote тестілеу жүйесі  арқылы тест алу мүмкіндігін  кез келген уақытта қолдануға  болады.

 • ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның  жоғарғы бөлігіне қиындықсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 • Ұстазға сабағында көрнекілік құралдарды қолдану деңгейі артады.

    Сонымен қатар, интерактивті тақтаның  мектептің материалдық-техникалық базасына, ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Енді бір «жаңа заман тақтасының» жетістігі оның үш түрлі режимде жұмыс жасауы, яғни, ақ тақта режимі, «Офис» режимі және де үшінші режим – тақтаның      интерактивті режимдегі жұмысы.

 Сабақ  барысында өткен материалды қайталау  қажет, сондай кезде интерактивті  тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

 Міне, осындай  жаңа заман техникасының білім  жолындағы үлесін айта кете  отырып, ойды қорытындыласақ, жаңа  ғасырдың жетістігі білім сапасын арттырып, педагогиканың    енді бір жаңа қырын ашып, оқушылардың ой-қабілетін арттыратынына сенімдіміз. Бастысы сауатты түрде пайдаланып, еңбектің жемісті болуы.

 

ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы  арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

3. Интерактивті  тақтада мәтіндік ақпараттарды  енгізіп және оларды өңдеу іс әрекеттерін жазыңыз

 

4. Ақпараттандыру ғылым саласы  бойынша білім беруде ақпараттық технология құралдарының қолданылуы

. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

 

Оқытудың  ақпараттық технологиясы – білімді  жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық  іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

 

Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына  игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Білім беруді ақпараттандыру :

 

• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

• Білім  алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;

• Оқыту  үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

• Электрондық  білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға

Ақпараттық  – коммуникациялық технологиялар  артықшылықтар басым болды.

1. Мультимедиялық  мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық  немесе дикторлық дайындау, анимация  бейне клиптер, слайд шоу.

 

2. Жүйенің  басқару құрылымы – оқытушы  өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі  материалдық ұсынылыным, әртүрлі  аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .

3. Жүйенің  білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

 

Бұдан қол  жеткізетін жетістіктер:

 

1. Кроссворд,  кестелерді құру үшін дербес  компьютерді қолдану арқылы гром/қ  және лексикалық оқу маралдарын өңдеу.

2. Ағылшын  тіліндегі сөздерді сауатты жазу  мен көркемдеп безендіруді үйретеді.

3. Дербес  компьютерді пайдалану арқылы  оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.

4. Интернет  желісін пайдалану арқылы оқушылар  электрондық пошта арқылы оқушылар  хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын  еркін жеткізу.

 

Ақпараттық  –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

 

Ақпараттық  – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім  алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

 

Жедел дамып  отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

 

Ақпараттық  технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

- Оқушының  пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- Тынымдық  қабілетін қалыптастырады;

- Этнопедагогикалық  тәрбие береді;

- Оқушыны  шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының  уақытын үнемдейді;

- Оқулықтан  тыс, қосымша мәліметтер береді;

 

Ақпараттық  технологияның негізгі мақсаты  – қолданушыны керекті мәліметті  өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

 

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.

 

Қазіргі кезде  белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек

5. Ақпараттық технологиядағы онлайн  режимі 

Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің  мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай  білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.

 Ал ұстаздың  міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

 Ақпараттық  қоғамның негізгі талабы –оқушыларға  ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

 Сол себепті  тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.

 Ақпараттық  ортада жұмыс жасау үшін кез  келген педагог өз ойын жүйелі  түрде жеткізе алатындай, коммуникативті  және ақпараттық мәдениеті дамыған,  интерактивтік тақтаны пайдалана  алатын, Он-лайн режимінде жұмыс  жасау әдістерін меңгерген мұғалім  болуы тиіс.

 Сабақта  жаңа технология ретінде ақпараттық  технолгияны пайдалану сабақтың  тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына  оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.

 Мектепте  компьютерлік технологияны қолдану  оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

 Компьютер  оқушы үшін қоршаған әлемді  танудың табиғи құралы болып  табылады. Олай болса барлық сабақтарды  компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.

 

Оқытушы сабақты  дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

 Сабақта  жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:

 v ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

 v тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;

 v өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

 v өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;

 v дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;

 v пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;

 Жоғарыда  айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

 v мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;

 v сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;

 v білім мен тәрбиенің бірізділігі;

 v сабақтың жүйелілігі;

 v әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;

 v әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;

 v өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;

 v оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;

 v үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;

 v бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

 Ақпараттық  технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

 Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

 Ақпараттық  технологиялардың бірі — интерактивтік  тақта, мультимедиялық

 және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалім-

Информация о работе «ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары