Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

2.Ұжымдық  еңбек шарттары

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ  арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы  жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.

3.Азаматтық  құқықтарды қорғау тәсілдері

Азаматтық құқықтарды қорғау арнайы қарастырылған заңнамалық бұзылған тікелей заңды немесе нақты тұлғалар әрекетімен жүзеге асуы мүмкін, қорғау деп оның жеке және мүліктік құқықтары  мен мүдделерін қорғауға бағытталған, заңнамамен тиым салынбаған нақты немесе заңды сипаттағы әрекеттерінің басқаларымен салыстыру бойынша – бұл қорғау азаматтық құқықты қорғауды жүзеге өзге де қорғау. Сонымен қатар осы тәсілді (өзін -өзі қорғау) үшін құқықтың бұзылуы немесе оның бұзылуының (қауіптілігіне) мүмкіндіктері кесу сипаты мен мазмұнына сәйкес келетін шараларды қолдану. Құқыққа өкілетті субъект басқа тараптардың заңды шараларын ғана пайдалануға құқылы. Өзін -өзі қорғау шараларын аса қажеттілік жағдайында қолдану мүмкін, бұл құқық иесінің өзін қорқытатын қауіптік ретінде түсіндіріледі, егер де  бұл  өзге д егер зиян келтірілсе, онда ол, ережеге сай, өтеуге жатады.


Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"