Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

      Қазақстан  Республикасында мынадай деңгейдегі  бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық  маңызы бар қала, астана бюджеті;  ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады  және дербес болып табылады

 

 

БИЛЕТ  № 29

1.ҚР  еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Еңбек құқығының нарығы жұмыс  істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану  мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.Еңбек құқының  пәнін  құрайтын  қоғамдық  қатынастардың  шеңбері  кең және неғұрлым күрделі. Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен  жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру  кезінде  пайда болған еңбек қатынастары  алады. Еңбек қатынасының негізгі  мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.Еңбек  құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен  сипатталады:

Ø      қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара  еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø      жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек  ұжымына  енгізіледі;

Ø      еңбек қатынастары  – жұмыскерді   жеке еңбек келісім  шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген  ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø      еңбек қатынасының  мазұмыны   жұмыскердің  қатаң  түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке  қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø      ұйымдастыру-басқару  қатынасы;

Ø      жұмысқа  алу бойынша қатынастар;

Ø      жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø      еңбек келіспеушілігін  қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар.

2. Еңбек құқының әдістері

      Еңбек құқының  қазіргі кездегі әдістері  төрт  негізгі  белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған   реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін  көрсетеді. Орталықтанған басқару   нормативтік-құқықтық  актілерді   қабылдау арқылы жүзеге асырылады,  онда еңбекке қатысудың ең  төменгі кепілдігі белгіленеді.  Оқшауланған  реттеулер  жекеленген  және  ұжымдық  еңбек келісім  шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау  арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және  императивтік  реттеу әдістерінің   бірлесуі. Келісімдік  реттеулер   еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру  арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы  мәселесін шешу барысында, еңбек  ақы төлеу жағдайын шешу барысында  т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері  болған жағдайда  көрінеді, оны  сақтау заң шығарушы үшін міндетті  болып саналады, алайда екі тарап  ешқандай санкция  қолданылудан  қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына  да болады.   Мұндай нормаға   бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің  императивтік әдісі  міндетті  түрде норманы  сақтаудың барлығымен  көрінеді.  Негізінен еңбекті  қорғаудың барлық  институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар  заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына  т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар  қояды. 

3. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге  қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі   функцияны  жүзеге асырады-  өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ  ұжымдық келісім шартқа отыру  кезінде, жеке еңбек келісім  шартына отыру барысында  және  ұжымдық  еңбек келіспеушілігі  кезінде  жұмыскердің мүддесін  қорғайды.

4. Жұмыскерлердің  еңбек  құқығын қорғау  әдістерінің өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші   еңбек  құқы-  ол кәсіподақтық  мекемелердің  әрекет ету негізінен  көрінеді. Сонымен қатар  арнайы  мекемелер мен  еңек  келіспеушілік  жағдайларын қарастаратын   әдістер  бар- ол  мекемелер келісім  коимссиясы, немесе  көтеріліс жасау  сияқты әдістер.

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір  тұтас (сала) негіз құрайтын,  неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да  одан да  құрылымдық бөлшекті  норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты  жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі  құралым бойынша  екі үлкен  – Негізгі және Ерекше бөлімге  бөлінеді.

4. Еңбек құқының   құқықтың  ұқсас салаларынан ерекшелігіЕңбек  құқына ұқсас құқық салалары  болып  азаматтық құқық, әкімшілік  құқы қоғамдық  қамтамасыз ету  құқықтары саналады. Азаматтық құқық  пәніне  еңбекке қатысты  қоғамдық  қатынастар кіреді, олар орнын  толтыру түрінде болады, келісім  шартқа негізделген. Оған  жалға  алу келісімі, тапсыру, авторлық  келісу т. б.  шарттарын орындаулар  жатады.  Алайда бұл қатынастар  мен  еңбек құқы пәніне кіретін   қатынастар арасында   олардың  әр салаларға жататынын көрсететін  біраз ерекшеліктері болады. Еңбек  қатынасының  пәні мен оның  мазұмыны еңбек процессінің өзі  болады және соның өзі  құқықтық  реттеуге жатады. Азаматтық құқықта   пәні ретінде соңғы қорытынды  болады.Еңбек құқына әкімшілік  құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет  институттары, оның пәні ретінде   мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару  қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі  ерекшелігі еңбек  қатынасы  екі жақтың  тең құқылығын көрсететін  жеке еңбек келісім шартына  отырудан басталса, мемлекеттік  қызмет сферасында  әкімшілік  акті негізінде  және лауазымға  тағайындау негізіндегі қатынастардан  көрінеді, бұл жерде қатаң түрде   билік ету бағындыру жүиесінде  көрінеді.Әлеуметтік қамтамасыз  ету құқынан  еңбек құқы  келесі белгілері бойынша ажыратылады-  қоғамдық  қатынастар әлеуметтік  қамтамасыз ету құқын реттеудің   пәні болып табылады, олар  азаматтардың  еңбекке емес   материалдық  жағдайын қамтамасыз ету құқын  талап ету кезінде туандайды,  әлеуметтік  қамтамсыз ету   құқы  азаматтарға еңбекті төлеу  қаржысынан емес әрбір жұмыс  берушіде болатын  бюджет қаржысы  есебінен ақша бөлуді қарастырады.   

2.Құқықбұзушылық  түсінігі және оның құрамы

ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық  – бұл  мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару  тәртібіне  қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).      

Әкімшілік құқық бұзушылық  ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл  болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты  бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік -  бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің,  азамататрдың мүдделеріне зиян  келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық,  мас күйінде  көлік құралдарын  басқару

2) құқыққа қайшылық –  құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді  жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның  істеген ісіне және оның салдарына  психикалық қатысын білдіреді.  Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп   деп тану үшін оның  ерік-жігерлік  және саналы көрініс екендігін  анықтау қажет, яғни саналы  ойлайтын адамның психикалық  қызметінің нәтижесі екендігін  анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл  іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық  деп танылады, егерде оны істегені  үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық  қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы  (массовость) - бұл егерде қандайда  болмасын іс-әрекетті істеудің  таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп  төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға  қорғалатын мәртебе  беруге  мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық  ережесін  бекітуге және   оны  бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке  тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

3.Ерлі-зайыптылардың  құқытары мен міндеттері

Ерлі зайыптылардың құқықтары  мен міндеттерінің туындауы

Ерлі-зайыптылардың құқықтары  мен міндеттері азаматтық хал  актілерін жазу органдарында некеге тұру (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік  тіркелген күннен бастап туындайды.

31-бап. Ерлі-зайыптылардың  отбасындағы теңдігі

1. Ерлі-зайыптылар тең  құқықтарды пайдаланады және  тең міндеттер атқарады.

2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы  қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты  жерді және тұратын жерді таңдауда  ерікті.

3. Ана, әке болу, балаларды  тәрбиелеу, оларға білім беру  мәселелері мен отбасы өмірінің  басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар  бірлесіп шешеді.

4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы  өз қатынастарын өзара сыйластық  және өзара көмек негізінде  құруға, отбасының игілігі мен  нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының  денсаулығына, өсіп-жетілуіне және  олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық  жасауға міндетті.

32-бап. Ерлі-зайыптылардың  тек таңдау құқығы

1. Некеге тұру кезінде  ерлі-зайыптылар өз тілектері  бойынша ортақ тек ретінде  өздерінің біреуінің тегін таңдап  алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы  өзінің некеге тұрғанға дейінгі  тегін сақтап қалады, не өз  тегіне екінші жұбайдың тегін  қосады.  Егер ерлі-зайыптылардың  біреуінің некеге тұрғанға дейінгі  тегі қосарлас болса, тектерді  қосуға жол берілмейді.

Некені (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік  тіркеу кезінде туған тектік тегін  өзгертетін жағдайда, бір ай ішінде азамат куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

Белгіленген мерзімді бұзғаны  үшін азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылады. 

2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің  тегін өзгертуі екінші жұбайдың  тегін міндетті түрде өзгертуіне  әкеп соқпайды.

3. Неке бұзылған жағдайда  ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға  немесе өздерінің некеге тұрғанға  дейінгі тегін қалпына келтіруге  құқылы.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды  режимі

33-бап. Ерлі-зайыптылар  мүлкінің заңды режимі ұғымы

1. Егер неке шартында  өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың  бірлескен ортақ меншігінің режимі  олардың мүлкінің заңды режимі  болып табылады.

2. Ерлі-зайыптылардың шаруа  (фермерлік) қожалығы мүшелерінің  бірлескен меншігі болып табылатын  мүлікті иелену, пайдалану және  оған билік ету құқығы Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен  белгіленеді.

34-бап. Ерлі-зайыптылардың  бірлескен ортақ меншігі

1. Ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезде жинаған  мүлік олардың бірлескен ортақ  меншігі болып табылады.

2. Ерлі-зайыптылардың некеде  тұрған кезде жинаған мүлкіне  (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне)  ерлі-зайыптылардың әрқайсысының  еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен  және санаткерлік қызмет нәтижелерінен  тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының бөлек мүлкінен  түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, жинақталған зейнетақы  қаражаты, сондай-ақ арнаулы нысаналы  мақсаты жоқ өзге де ақшалай  төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге  де зақымдануы салдарынан еңбек  қабілетін жоғалтуына және басқаларына  байланысты залалды өтеуге төленген  сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің  есебінен сатып алынған жылжымалы  және жылжымайтын мүліктер, бағалы  қағаздар, жарналар, салымдар, несие  мекемелеріне немесе өзге де  коммерциялық ұйымдарға салынған  капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар  некеде тұрған кезеңде тапқан  басқа да кез келген мүлік  ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

3. Ерлі-зайыптылардың ортақ  мүлікке құқығы некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезеңде үй шаруашылығын  жүргізуді, балаларды бағып-күтуді  жүзеге асырған немесе басқа  да дәлелді себептермен жеке  кірісі болмаған жұбайға да  тиесілі

 

 

БИЛЕТ  № 30

1.ҚР  қылмыстық құқығы

Қылмыстық құқық – іс әрекетінің жазаланушылық және қылмыстылығын  бекітетін заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқықтың пәні және әдісі. Қылмыстық құқық пәнінің әдісінің ерекшелігі және басқа құқық салаларының  әдісі мен пәндерінің айырмашылығы. Жеке тұлғанаң мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау-қылмыстық  заңды шығару немесе өзгерту ретінде. Қылмыстық заңның функциялары. Қылмыстық  заңның заңға сәйкес нормативтік  актілері алдындағы басымдылығы. Қылмыстың  түсінігі және әлеументтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың  анықтамасы. Қылмыс және тұлға, оның құқықтары  мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүдессіне қолсұғушылықтың  ең қауіптісі.  Қылмыстық жауаптылық және оның негізі. Қылмыстық жауаптылық-заңды  жауаптылықтың бір түрі. Қылмыстық  құқық ғылымындағы қылмыстық  жауаптылық мәселесі.  Қылмыстық  құқық бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі  туралы заң.Қылмыс объектісіің түрлері. Қылмыстың объективтік жағының  түсінігі және маңызы Қылмыстың объективті жағының белгілері. Қоғамға қауіпті  және құқықа қайшы әрекет.  Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасының қылмыстық  құқықтық маңызы. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері. Қылмыстың  субъективтік жағының түсінігі және маңызы.Қылмыстың субъективтік жағының  белгілері. Кінә - қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі.  Қылмыстық  құқық бойынша іс - әрекеттің қылмыстылығын  жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты. Қажетті қорғану. Аса қажеттілік. Қасақана қылмыс жасау  сатыларының түсінігі және түрлері. Қасақаналықты табу, оның жазаналушылығы. Қылмысқа қатысу ұғымы. Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің жоғарлығы. Қатысудың субъективтік және объективтік белгілері. Қатысу нысандарының заңды сипаттамасы.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"