Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі  – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке  кіру;

2) мемлекеттік қызметшілерді  аттестациялау;

3) қызметті ауыстыру;

4) қызметті атқару кезінде  берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

5) мемлекеттік қызметшінің  жауаптылығы;

6) мемлекеттік қызметтің  тоқтатылуы.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда  жүзеге асырылады

3.Конституцияның  заңдық қасиеттері

Конституцияны түрлі негіздермен  жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша  қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен  жаппай дауыс беру немесе арнаулы  конституциялық іс-шаралар арқылы, болмаса Парламентпен қабылданады.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстан мемлекетінің бірінші  Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық  мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің  тәуелсіздігін қамтамасыз етудің  кепілі болып табылатын тарихи  ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде  жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 жылы 30 тамызда республикалық  референдум өткізу (бүкіл халықтық  дауыс беру) жолымен Конституция  қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық  реформалар нәтижесінде екі рет  өзгертулер мен толықтырулар  енгізілді. Алғашқысы 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында  болды.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік  биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік  құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған  күн демалыс, мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп  жарияланды. 

Конституцияның ең жоғарғы  заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл  аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін  көрсетеді. Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздегі тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан  халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.

Жаңа Ата Заңды құқықтық мемлекеттің қалыптасқан бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты  еркіндігі, идеологиялық және саяси  әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен  бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық  қозғалыстар бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық  амалдар, экономикалық қатынастардың  қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде  ұзақ жылдарға бейімделіп тұжырымдалған.

ҚР-ның Конституциясы барлық заң салдарының негізі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.                         

Бірнеше ғасырлар бұрын ру-тайпаға  бөлініп, қоғамдасып өмір сүрген адамдардың да өз тәртіптері мен жазылмаған заңдарының болғандығы тарихтан мәлім. Өткен ғасырлардың  данышпандары өздерінің шешендік, білгірлік  қасиеттерімен елеулі орнын қалдыра  білді. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, арада қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес Одағы тарағаннан кейін, екі  жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің он екінші сайланған тоғызыншы  сессиясында еліміздің тұңғыш Конституциясы  қабылданды. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізілуі  мемлекетіміздің өркендегенінің белгісі.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында  Конституциямыздың тарихы негіз  болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткізгенін байқаймыз. Конституцияға  сәйкес, қос палаталы Парламент еліміздің  заң шығарушы билігін иеленді. Конституция  оған ел бюджетін бекітуге, оның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында  тұрақты есеп береді. Әрине жоғары жақтың құрылымдық кестесімен қатар, атқарушы билік жүйесін реттеу және тиімділігін  арттыруға бағытталған мәселе де аз емес. Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл билік пен халықты біртұтас етуге сеп, сондай-ақ, әкімшілік реформаларды тереңдетуге негіз жасады.

Қазақстан халқының тәуелсіздікті  ту етіп, қабылдаған Конституциясы  қазір қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілік сипатқа ие болды. Конституциялық құрылысты  бекітуде алдымызда күрделі  әрі  жауапты міндет тұрғанын ұмытуға  болмайды. Ол – мемлекетімізді мемлекеттік  билік пен басқарудың барлық жүйесін  жан-жақты нығайту қажеттілігі. Әрбір  Қазақстан Республикасының азаматы  болашағы зор мемлекетіміздің дамуына  өз үлестерін қосулары тиіс екенін түсіну керек.

 

БИЛЕТ  № 28

1.Құқық  нормасы түсінігі және құрылымы

Қоғамдағы көптеген негізгі  құрал – әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың  өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады. Әлеуметтік нормалардың  негізгі түрі ретінде құқық нормасы  – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған  және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез –  құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың  маңызды түрі – құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын  иемдене отырып, олар мемлекетпен  ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын  арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың  үлгісі ерекше болады. Құқықтық норма  бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған  әрекет тәртібі. Құқықтық норма –  әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін  анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.

Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың  бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста  зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен  құрылымдық бөліктерін жан – жақты  қарастыру. Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде  мынадай міндеттер қойылады:

- құқық нормасының түсінігін  анықтау;

- құқық нормасының мәні  мен маңызын қарастыру;

- құқық нормасын жіктеу;

- құқық нормасының құрылымын  талдау;

- құқық нормасының элементтерін  зерттеу;

2.Табиғатты  пайдалану құқығы

Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып  табылады: иелену құқығы,пайдалану  құқығы,билік ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат  объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат  объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген  мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат  объектілерініңзаңдық мәртебесі мен  заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы  қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып  табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға  тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

- меншік құқығын беру;

- еншік құқығын басқаға  беру;

- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1. мемлекеттік органдардың  актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген  өзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат  объектілерін басқа ададарға  иеліктен шығаруы;

2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар  танылады: бірінші кезекте мемлекеттің  өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының  «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы»  заңында «табиғи ресурстарды  пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды  пайдалануы» деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды  иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғи ресурстарды пайдалану  табиғатты жалпы және арнайы пайдалану  тәртібімен жүзеге асырылады.

Табиғатты жалпы пайдалану  – бұл адамдардың күнделікті өмірі  мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық  қажеттіктерін табиғат объектілері  есебінен тегін қанағаттандыру.

Табиғатты арнайы пайдалану  – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар заңды  және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды  тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық  бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар тұрақты  және уақытша болып екіге бөлінеді.

Тұрақтысы- бұл табиғатты  пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.

Уақытша- мұнда табиғат  пайдалану құқығы белгілі бір  мерзіммен шектеледі.

3.ҚР  бюджет жүйесі

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген  түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік  құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік  сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық  және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс  көздерінің болуы және оның пайдаланылуын  айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің  құрылымы екі деңгейлі — республикалық  бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы  саясатының қажетті шарты болып  табылады. Қазақстан Республикасында  әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері  оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі  Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен  толықтырулар туралы заңдармен айқындалады.

Бюджеттің пайда болуы  мемлекеттің дамуы мен оның қаржы  ресурстарына деген сұранысының  артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының  ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.

Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды  айналымға қосудан түсетін табыстардан  және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің  және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі  бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне  мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан  түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал  нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.

Мемлекеттік бюджетте жалпы  ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы  тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген  шамадан  асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдаржаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз  қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның  өршуіне және халықтың тұрмыстық  деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің  парламентке ұсынған заң жобаларын  алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап  отырады.

 

Бюджет жүйесі дегеніміз  экономикалық қатынастар мен заңды  нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан  Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының  Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

 Бюджет құрылысы - бұл  бюджет жүйесін құрудың кағидаттары,  оның буындарының өзара байланысының  ұйымдық нысандары.

    Бюджет жүйесінің  құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық  құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік  мемлекеттерде бюджет жүйесі  үш буыннан тұрады: мемлекеттік  бюджет немесе федералдық бюджет  немесе мемлекеттің орталық бюджеті;  федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің  (ландтардың), Канадада - провинциялардың,  Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"