Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыс құрамының факультативтік нышандары дегеніміз бұл заң  шығарушының кейбір қылмыс құрамын  сипаттау үшін қолданатын белгілері  болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, ниет, мақсат, қылмыс заты, арнайы субъект, қылмыс зардабы, себептік байланыс.

Егер факультативтік белгі  сол немесе басқа бір құрамда  атап көрсетілсе, онда ол өзінің мәні жағынан  осы құрамның қажетті міндетті белгісіне  айналады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі – мүлікті ашықтан-ашық алу, осы  қылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қылмыстық құқықтық жаза тағайындалғанда  ғана ескеріледі. Мысалы, қызметкердің құжаттарды қолдан жасауы қылмысын саралауда  оның қандай тәсілмен, қандай құралмен жасағаны есепке алынбайды. Бірақ қолданылған  тәсіл, мақсат жаза тағайындалғанда  ескеріледі. Қылмыс құрамының жалпы  түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы ерекше.

Қылмысты дұрыс саралау  үшін нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну керек. Осындай  әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының  жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын  қатесіз табудың аса қажетті  сатысы болып табылады.

Жекелеген қылмыс құрамының  мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды  жеңілдету, нақты істелген іс-әрекеттерді  дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілері  бойынша өзара бөлінуі мүмкін

3.Некені бұзу, тоқтату,  жарамсыз деп тану

Ерлі – зайыптылардың  жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған  білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің  не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады: ерінің қайтыс болуы; соттың ерлі – зайыптылардың  біреуін өлді деп жариялауы; некенің  бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері  қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың  біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында  қалған адам жаңадан некеге тұрғысы  келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың  бірін) өлді деп жариялау жөніндегі  шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын  жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу. Ерлі – зайыптылардың  көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің  тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың  біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда  – жұбайлардың біреуінің өтініші  бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың  біреуінің өтініші бойынша жүргізіле  береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет: АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі; кәмелетке  толмаған балаларының болмауы; бір  – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы. Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді  қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі  өтініш берілген күннен бастап бір  ай өткенде жүзеге асырылады. Бір  ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып  – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі  ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі –  зайыптылардың өзара келісімі бойынша  некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші  бойынша некенің бұзудың қарабайыр  оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ. Некені сот тәртібімен бұзу. Ол мынадай  жағдайларда іске асырылады: ерлі –  зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы; ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы; егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;  ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы. Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәс балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі. Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

 

БИЛЕТ  № 21

1.ҚР құқық қорғау  органдарының жүйесі

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

2.Жергілікті мемлекеттік  басқару

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады. Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа,Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, ҚХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағықұрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудыреформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Рубасылары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде

3.Мәмілелер түсінігі, түрлері

Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға  деген ниеті.Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтарданерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілердегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.

Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырыладыШарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:шартты жасау  еркіндігі;шартты жасауға итермелеуге  жол бермеу еркіндігі;жасалатын  шарттың түрін таңдау еркіндігі;тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

 

БИЛЕТ  № 22

1.ҚР сот билігі

Конституция, «Қазақстан Республикасындағы  соттар және сот мәртебесі туралы»  Жарлыққа сәйкес Республиканың сот  жүйесін Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрады.

Сот билігі органдары –  олардың құзыретіне: азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бас бостандығы мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңның, және өзге де Республиканың нормативтік  құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жатады.

Жергілікті соттарға:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, Жоғарғы сот);

2) аудандық (қалалық) соттар, бірлестіктің әскери соты (гарнизон, құрамалар, әскер) жатады.

Шартты түрде сот жүйесін  үш деңгейге бөлуге болады:

1) негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, әскердің әскери соты);

2) орташа (облыстық соттар, астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, әскердің әскери соты);

3) жоғарғы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).

Соттар қызметінің құқықтық негізі, негізгі ережелері, сот органдарының орны мен ролі, сот төрелігі принципі, сот билігінің тәуелсіздігі санаттары, соттарды тағайындау және босату тәртібі, қылмыстық қуғындалудан қорғау «Қазақстан Республикасының соттар және сот  мәртебесі туралы» негізгі заңында  мазмұндалған.

Қазақстан Республикасының  сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда , осы Конститутциялық  заңда, іс жүргізу және өзге  де заңдарда белгіленген, барлық  соттар мен судьялар үшін ортақ  және бірыңғай сот төрелігі  мен пинциптерімен; 2) сот билігін  барлық соттар үшін сот ісін  жүргізудің заңдарға белгіленген  бірыңғай нысандары арқылы жүзеге  асырумен; 3) Қазақстан Республикасының  барлық соттарының қолданыстағы  құқықты қолданумен; 4) заңдарда судьялардың  бірыңғай мәртебесін баянды етумен; 5) заңды күшіне енген сот актілерін  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында орындаудың міндеттілігімен; 6) барлық соттарды тек қана  Республикалық бюджет есебінен  қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.  Қазақстан Республикасындағы соттар  қызметінің тәртібін және судьялардың  мәртебесін белгілейтін заңдар. Қазақстан Республикасындағы сот  құрылысы мен судьялар мәртебесі  , сондай-ақ сот төрелігін іске  асыру тәртібі Қазақстан Республикасының  Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"